ІІІ. Алдымен қайда баратынымызды білу үшін жұмбақты тыңдап ойланыңдар. Бұл қандай жануар?
Бұл орманды мекендейтін жабайы жануар. Оның қорегі жаңғақ, саңырауқұлақтар мен түрлі тәттілер болып табылады. Жүні түрлі түсті болады: ақ, қоңыр, қызғылт сары. (тиін)
— Қонаққа баратын болғасын біз тиінге сыйға не апарамыз? Ол қай үйде тұрады, нешінші нөмірде?
Тиіннің тапсырмасы: 10 дейін тура және кері санау.
12345678910 10987654321
ІV. Бұл тапсырманы дұрыс орындадындар, жарайсыңдар
Сапарымызды жалғастырайық. Келесі үйдің иесін табу үшін жұмбақты шешіндер.
Қалқиған ұзын құлағы, Елеңдеп қорқып тұрады. (қоян)
Ол нешінші үйде тұрады? (2)
Қоянға сыйға не тартамыз? Ол нені жақсы көреді? (сәбізді)
Қоян қандай жануар? Сендер не білесіңдер?
Қоянның тапсырмасы: өрнектердің мәнін табу. (Карточкалар беріледі)
4-2= 4+1= 3+2= 1+2=
2-1= 5-1= 5-2= 3+1=
Жақсы, балалар, мына тапсырма да орындалды.
V. Келесі үйдің иесін табу үшін, мұқият тыңдап,ойланып табындар
Оның үсті тікенді, бауыры ақ, аяқтары қысқа болады. Бірақ өте тез жүгіреді. Ол жәндіктермен, саңырауқұлақпен, жеміс- жидекпен қоректенеді. (кірпі)
Кірпі нешінші үйде тұрады? Оған сыйға не апаруға болады? Кірпі туралы не білесіңдер?
Кірпінің тапсырмасы:5 санның құрамын қайталау. (карточкалар беріледі) Кірпіге саңырауқұлақтарды ыдыстарға бөліп салуға көмектесіңдер.
Жарайсыңдар, балалар, кірпі көмек көрсеткендерін үшін өте риза болды.
Сергіту сәті.
VІ. Келесі үйдің иесін табу үшін мына жұмбақты шешіп көріндер
Өзі айлакер және қу, Жүрген жері айғай-шу. (түлкі)
Түлкі нешінші үйде тұрады? Ол жөнінде не білесіңдер? Ол нені жақсы көреді? Оған не апаруға болады? (балық)
Түлкінің тапсырмасы:
Дәптерімізді ашып, бүгінгі күнді жазайық. Көркем жазу минуты 5 жазамыз.
Математикалық диктант.
1. Бір қолыңда неше саусақ. 2. Біп аптада неше күн бар? 3. 7 мен 9-дың арасында қандай сан? 4. Өзбек алфавитінде қанша әріп бар? 5. 1 жылда неше мезгіл бар? 6. 10-ның алдында қандай сан? 7. Ең үлкен 1 таңбалы сан? 10. Ең кіші 1 таңбалы сан?
Кітаппен жұмыс
1 есеп
4+1= 0+5=
3+2= 5+0=
VІІ. Келесі үй иесін жұмбақ арқылы анықтаймыз
Тәтті көрсе бас салар, Айнымайды баладан. Үп-үлкен болып жасқанар, Кіп-кішкене арадан. (аю)
Аю нешінші үйде тұрады? Ол жөнінде не білесіңдер? Аю нені жақсы көреді? Оған не апарамыз? (жидек)
VІІІ. Орманды қасқыр аралап жүр екен. Ол туралы не білесіңдер?
Қасқыр да сендерге тапсырманы дайындады: сандарды салыстыру керек.
2 есеп
4 см * 5 см 0*5 2*5 5 см * 4 см 5*5 5*4
ІХ. Орманда тағы да бір үй бар екен, оның иесі жоқ. Бірақ ол бізге өз тапсырмасын жазып қалдырып кетіпті. Логикалық ойын. Кітаппен жұмыс
Х. Қорыту
-Балалар бүгін біз қай санмен таныстық?
-Бес саны туралы не білеміз?
Бес парыз, бес қару, бес жұлдыз
Бес асыл, бес дұшпан, Бес нәрседен қашық бол, Адам болам десеңіз. Өсек, өтірік, мақтаншақ, Еріншек, бекер мал шашпақ- Бес дұшпанын, білсеңіз Талап, еңбек, терең ой, Қанағат, рақым, ойлап қой- Бес асыл іс, көнсеңіз. - Жақсы, балалар, 5 саны туралы да біраз нәрсе біледі екенбіз.
Енді сабағымызды қорыту үшін Тест тапсырмасын орындаймыз.