3.Практикалық тапсырма. 10минут Топтық жұмыс Сыныптағы оқушыларды үш топқа бөліп, әр топқа әртүрлі жиекті ыдыстар таратылады және слайтағы тапсырма ұсынылады. Оқушылар практикалық тапсырманы орындап, әр топ өз нәтижелерімен бөліседі. Қорытындылайды. Әр топ бір-бірлерін басбармақ арқылы бағалайды. 4. Теориялық бөлім: 2минут Бекіту тапсырмалары/Жұптық жұмыс/10минут Берілген тапсырмаларды оқушылылар жұппен орындайды. Дұрыс жауап арқылы бірінші жұп келесі жұпты бағалайды. Оқулықпен жұмыс: 10минут Деңгейлік тапсырмалар А-тобы №202 Жер экваторының радиусы 6378 км, жер экваторының ұзындығын табыңдар. №203 Сағаттың минуттық тілінің ұшы 1сағатта ұзындығы 31,4 см шеңбер сызады. Сағаттың минуттық тілінің ұзындығы неше сантиметр? № 206 Велосипед доңғалағының диаметрі 60см, Велосипед доңғалағы 5 айналым жасағанда қанша жерге барады? № 207 Гүл егілген гүлзардың дөңгелек жиегінің ұзындығы 18,84 м, гульзардың радиусын табыңдар. В-тобы № 209 1) Шеңбердің ұзындығы 84 см доңғалақ 35 айналым жасағанда баратын қашықтықты өтіп шығу үшін шеңберінің ұзындығы 98 см доңғалық неше айналым жасайды? 2) Радиусы 60см бірінші доңғалақ 40 айналым жасағанда баратын қашықтықта екінші доңғалақтың радиусының ұзындығы неше сантиметр? С-тобы № 218 Автомашинаның доңғалағының радиусы 37,5 см. Тас жолда жүріп бара жатқан автомашинаның доңғалағы 1минутта 400 айналым жасайды. Автомашина сағатына неше километр жылдамдықпен жүріп барады? |