Қандай шамаларды тура пропорционал шамалар деп атайды?
Қандай шамаларды кері пропорционал шамалар деп атайды?
Масштаб дегеніміз не?
Шеңбер дегеніміз не?
Дөңгелек дегеніміз не?
Шеңбердің радиусы дегеніміз не?
Шеңбердің диаметрі дегеніміз не?
Диаметр радиустан неше есе ұзын?
в) Жаңа білімді қалыптастыру
Шеңбердің ұзындығы мен дөңгелектің ауданын анықтағанда π -саны
маңызды және өте қажет. Бұл санды ежелгі грек математигі Пифагор ашқан болатын. Ол шеңбердің ұзындығын оның диаметрінен қанша есе үлкен екендігін көрсетеді:
Шеңбердің ұзындығын өлшеп табуға болады. Ол үшін алдарыңдағы дөңгелек шаблонның көмегімен тәжірибе жасап көз жеткізейік.
Практикалық тапсырма
Шаблонның жиегін жіппен айналдырып ора.
Жіптің ұзындығын сызғышпен өлше.
Шаблонның диаметррін сызғышпен өлше.
Шеңбердің ұзындығын оның диаметрінің ұзындығына бөліңдер. Оқушылардың шығарған бөліндісі бірдей болады. Кез келген дөңгелектің шеңберінің ұзындығының оның диаметрінің ұзындығына қатынасы тұрақты шама. Оны гректің π-әріпімен белгілейміз.
π –саны шектеусіз ондық бөлшек.
Есептеулерде мәні алынады = π бұдан С = π · D
егер D = 2 R онда С = 2 π R
шебердің ұзындығы π саны мен шеңбердің диаметрінің көбейтіндісіне тең.
1 есеп: D = 10 см. С — ? С = π · D
С = π · D =3,14 ·10 = 31,4 (см) Жауабы: 31,4 см.
2 есеп: R =15 см. С — ? С = 2 π · D
С = 2 · 3,14 · 15 = 94,2 (м) Жауабы: 94,2 м.
Шеңбердің ұзындығын, дөңгелектің ауданын анықтағанда π — саны маңызды және өте қажет. Бұл санды ежелгі грек математигі Пифагор ашқан болатын.
Ол шеңбер ұзындығын оның диаметрінен неше есе үлкен екенін көрсетеді.
Дөңгелектің ауданы
Көптеген зерттеулердің көмегімен дөңгелектің ауданы қабырғасы дөңгелектің радиусындай квадраттың ауданынан π-есе артық екені дәлелденген.
S = π R2 Дөңгелектің ауданы оның радиусының квадраты мен π – дің көбейтіндісіне тең.
3 есеп: Берілгені: R = 5 см. Шешуі: S = π R2
Табу керек; S
S = 3,14 · 5 2 = 3,14 · 25 = 78,5 м 2 Ж: 78,5 м 2
Шар: Глобус, ойын добы, ядро т.б. шар деп аталатын фигура. Шардың беті Сфера деп аталады. «Сфера» грек сөзі. Қазақша «Доп» дегенді білдіреді. Шардың центрі арқылы өтіп, сфераның екі нүктесін қосатын кесінді шардың (сфераның) диаметрі деп аталады. Шардың қимасы дөңгелек болады. Сфераны жазықтықпен қиғандағы қимасы шеңбер болады. Жер шар тәріздес. Суреттерін салу с/к глобус, сфера, шар, доп.