Бұл сабақ жоспары 4 сынып оқушыларына арналған. Бұл сабақ жоспарында шамалар және оның бірілктері ьуралы берілген.
Просмотр содержимого документа
«Шамалар және өлшем бірліктері»
Тақырыбы: Шамалар, олардың өлшем бірліктері.
Мақсаты: шамалар туралы білімдерін пысықтау, олардың өлшем бірліктерімен амалдарды орындай білу дағдыларын жетілдіру; кеңістіктік танымды дамыту.
Түрі: аралас Әдісі: сұрақ-жауап,түсіндіру, өздігінен жұмыс істеу.
Көрнекілігі: кестелер, қосымша тапсырмалар жазылған үлестірмелер
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу,түгелдеу, оқушылардың зейінін сабаққа аудару .
ІІ. Үй жұмысын тексеру: № 2. (балалардың жазба жұмысын тексере отырып, жауабын салыстыру)
ІІІ. Ауызша сұрақтар бойынша сауалнама. .
Қандай шамаларды білесіңдер?
Ең кішісінен бастап, ұзындықтың өлшем бірліктерін ата.
Ең үлкенінен бастап, массаның өлшем бірліктерін ата.
Ғасырдан бастап, уақыттың өлшем бірліктерін ата.
2). Терме диктант. Соңынан өздерін өздері тексереді.
1 қатар – уақыт бірліктерін, 2 қатар – масса бірліктерін, 3 қатар – ұзындық бірліктерін жазып кесте құрып тақтаға іліп қойыңдар.
ІҮ. Мақсат қою кезеңі. Өлшем бірліктерімен амалдарды орындай білу дағдыларын жетілдіру
Ү. Жаңа сабақ: № 1.(ауызша). Сағаттардағы көрсетілген уақытты ата. (12 сағ 15 мин. 2
сағ 45 мин. 9 сағ 10 мин. т.с.с.
№ 2. жұптық жұмыс. Салыстыр.
9 ц 90 кг 200кг = 2 ц 1 ж. 345 күн 2 ж.
№ 3. Өздік жұмыс. Кестенің әр қатары бойынша есеп құрастыр және оларды шығар.
Ш: 14 ∙ 4 = 56 Ж: 56 г печеньенің жалпы массасы
Ш: 25 ∙ 6 = 150 Ж: 150 г ақ ірімшік жалпы массасы
№ 4. Есептің берілуін жазуды кесте түрінде жазуға болады.
1 адамды қабылдау | Адам саны | Жалпы уақыт |
20 мин | ? | ? сағ, 9-дан 12-ге дейін |
№ 5. Топтық жұмыс. Көрсетілген өлшем бірліктеріне өрнекте.
2 м 8 см = 208 см 72 дм = 7 м 2 дм 3 тәул. 6 сағ = 78 сағ. 95 мин =1 мин 35 с
ҮІ. Білімін тексеру.
Өз бетінше жұмыс. № 6. Кесінділердің ұзындықтарын өлше және жаз. 2). Қандай шамаларды білесіңдер?
Ү. Сабақты қорыту. Бүгінгі сабақтан не білдік?
ҮІ. Үйге тапсыру: № 7, 8. 9 бет. Бағалау.