Жаңаны ашу. (Ұ.)№1 тапсырма Жаңаны ашу үшін оқушылар шахмат тақтасының шаршыларын санау бойынша тәжірибелік жұмыс орындайды. Алдымен оқушылар санау әдістерін ұсынады. Өз нұсқаларын ұсынады. Оқушыларға сұрақ қою. Қосудың көмегімен санаудың нәтижесін жүргізуге бола ма? (Болады, 8+8+8+8+8+8+8+8= 64 ш.) 2.Көбейтудің көмегімен ше?(Болады) Қандай бірдей екі көбейткішті пайдаланасың? ( 8х8=64 ш.) Көбейту кестесіндегі көбейту жағдайларынан бірдей көбейткіштер алынады. 8+8+8+8+8+8+8+8= 64 ш.) ( 8х8=64 ш.) 82=64 Ұқсастығы: Екеуі де өрнек. Айырмашылығы: Бірінші өрнек қосынды, ал екінші өрнек көбейтінді. Көбейту амалының мағынасы бірдей қосылғыштардың қосындысы негізінде түсіндіріледі. Келесі тапсырма пысықтау үшін орындалады.Оқушылар слайдтағы суреттерді бірдей көбейткіштер түрінде жазу керек. 4+4+4+4=16 4х4=16 Бұдан кейін оқушылар бұл жазбаны санның квадратымен алмастыруға болатыны туралы шешім шығарады және жазады. 42=16 Бірдей екі көбейткіштің көбейтіндісі сол санның квадраты деп аталады. "Шапалақ ұру"арқылы бағалау. Жауап берген оқушыны қалған оқушылар шапалақ соғу арқылы бағалайды. (Ж.)№2 тапсырма орындалады. Жеке жұмыс. 4 минут) № 2. а) Қай сандарды бірдей екі көбейткіш түрінде жазуға болады?Оқушыларға парақтар үлестіріледі, соған бірдей екі санның көбейткіштерін жазады.
Берілген сандардың ішінен бірдей екі көбейткішпен алмастыруға болатындарын жазу. Бұдан кейін оқушылар бұл жазбаны санның квадратымен алмастыруға болатыны туралы шешім шығарады және 2 санының жазбаларын қарайды. 36,81,64,9,16,49,25. ә)Көбейтіндіні көбейткіштердің квадратына ауыстыру. 3х3 6х6 8х8 9х9 7х7 5х5 2х2 Түсіндіре отырып алғашқы бекіту. №3 Тапсырма (5 минут) Сандардың квадраты нешеге тең екенін жаз. а) Жұп сандарының ретін өсу ретіне қарай жаз. ә) Тақ сандарының ретін кему ретіне қарай жаз. | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 1 | 1 | | | | | | | | | | 2 | | 4 | | | | | | | | | 3 | | | 9 | | | | | | | | 4 | | | | 16 | | | | | | | 5 | | | | | 25 | | | | | | 6 | | | | | | 36 | | | | | 7 | | | | | | | 49 | | | | 8 | | | | | | | | 64 | | | 9 | | | | | | | | | 81 | | 10 | | | | | | | | | | 100 | Өздік жұмыс Дәптерден формативті бағалауға арналған есепті шығару: санның квадратын бірдей екі көбейткіштің көбейтіндісі ретінде көрсет. Есепте. Ары қарай үлгі бойынша өзін-өзі тексереді. 12=1х1=1 32=3х3=6 52=5х5=25 22=2х2=4 42=4х4=16 62=6х6=36 72=7х7=4 9 82=8х8=64 92=9х9=81 Жетістік критерийін қанатбелгімен белгілеу . Мен: Сергіту сәті Белсендіру. "Велосипед шынжыры" (Т.)Оқушылар тақта алдына жиналып, әр топ шеңберге бөлініп, велосипед шынжырын құрайды. Белгі бойынша оңға қарай бір қадаммен жылжып отырады. Оқушылар жылжып алдына келген әр оқушыға көбейту кестесінен сұрақ қояды. Оқушылар жауап беріп, тагы бір қадам жылжып, келесі оқушыға барады.Оның орнына артындағы оқушы келеді. Ескерту: оқушылар барлығы бірге бір қадам жылжып отырады. сонда шынжыр бір қалыпты айналып тұрады. "Отшашу" арқылы бағалау Оқушылар орындарынан тұрып,еңкейген қалпында төменнен бастап жайлап шапалақ ұрады, біртіндеп жоғары қарай шапалақ дауысын күшейте отырып, ең соңында шапалақты қатты-қатты соғады. №4 Кел, ойнайық ! Үйдің нөмерін тап. Сандардың квадратын бірдей екі көбейткіштің көбейтіндісіне ауыстырып, оларды есепте. ()-10 = 70 = 139 =121
()+220 = 401 1*() =149
с
|