Мерекеге сай әсем безендірілген залға екі бала кіріп, қоңырау соғады.
1б: Сыңғыр, сыңғыр қоңырау
Қоңыраудың шақырған
Тәтті әуені ән думан
Білім алған бақшадан
2б: Біз көңілді балдырған
Шақырады мектепке
Білім алған бақшадан
Біз көңілді балдырған
Шақырады мектепке
Сыңғырлаған қоңырау!
Жург: Бізге сыйлап сыңғырлаған күлкіңді
Сәбилерім жүздеріңде нұр тұнды
Бізден ұшып, қанат қағып есейдіңдер
Өздеріңмен қоштасатын күн туды
Бізден ұшып талмай қанат қағындар
Жүректерден арман отын жағындар
Жақсы оқып алтын ұя мектепте
Бұл өмірден бақыт жолын табыңдар
Бәріңді де сәбиім деп сүйетін
Өздеріңді сағынып біз жүрейік
Құтты болсын қадамдарың аттаған
Біз сендерге сәтті сапар тілейік!
Ортамызға балабақшасының түлектерін шақырамыз! Көшеметтеп қарсы алыңыздар! Қол ұстасқан балалар залға кіріп, музыка әуенімен ишарат білдіреді.( Жүргізуші әр баланы таныстырады)
3б: Балабақша бесігім,
Тағы бір той жасайық.
Ашып мектеп есігін,
Өзіңмен қоштасайық.
4б: Талай қызық той өткіздік,
Бірақ орны бөлекше,
Бақшамызбен қоштасатын,
Бүгінгі той ерекше.
5б: Мектепке ертең барамыз,
Оқимыз, сауық құрамыз.
Қашық та болмас арамыз,
Сіздерге келіп тұрамыз.
6б: Балабақша қош енді,
Әркез аман бол деймін.
Әкем менен шешемді,
Ертіп енді келмеймін.
7б: Сезімді туған баламыз,
Оянды ақыл санамыз.
Адамдықтың бастауын,
Өзіңнен алып барамын.
8б: Балабақшам сүйікті,
Ән салдыртты, билетті,
Шынықтырып денеңді
Шымыр болуға үйретті.
9б: Тәрбие берген ұямыз,
Тәртіпті бала боламыз.
Қоштасып балабақшамен,
Біріншіге барамыз.
10б: Қызық күндер өткіздік,
Балабақша бағында,
Көп оқыдық, көп білдік,
Ел мен Отан жайында.
11б: Оқимыз, білім аламыз
Болашақ жолын ашамыз
Бақшамызды қимай
Қоштасу әнін саламыз
ӘН «КОШТАСУ ВАЛЬСЫ».
ВАЛЬС « АСТАНА »
Балалар орындарына отырады.
Ж: Міне балалар, сендер көптен күткен қимастыға мен қуанышы
бірдей мерекелерің басталып та кетті. Сендерді осы күндеріңмен құттықтауды сәбилер тобының балалары келіп тұр екен. Бәріміз ду қол шапалақтап оларды қарсы алайық.
Залға көңілді музыка әуенімен кіші тобының балалары кіреді.
1 бала: Сендермен бірге өстік біз,
Көп жақсы нәрсе үйрендік.
Шығарып сап мектепке
Құттықтауға біз келдік
2 бала: Амал қанша бұл анық,
Қоштасатын кез келді,
Ойыншықтар мұңайып
Іздейді-ау енді сендерді.
3 бала: Өздеріңді олар да,
Сағынады біліңдер
Бізбен бірге ойнауға,
Келіп-кетіп жүріңдер
4 бала: Өздеріңді ұмытпай,
Есімізге аламыз.
Ұмытпас деп ұясын,
«Балабақша» әнін саламыз.
Ән: «Балабақша багында»
Даярлық топтың баласы кішкентай балалардың жанына келіп:
Бірге ойнап, бір жүрген
Күндеріңді қимаймыз
Естелік болсын біздерден
Ойыншықтар сыйлаймыз
-деп, сыйлықтарын береді. Сәбилер ризашылықтарын білдіріп, залдан шығып кетеді.
Ж: Балалар, бүгін сендердің ойыншыктарын да көңілсіз. Сендерді қимайды. Бірақ сендер олармен қоштасып, мектеп табалдырығын аттап, оқушы атанасындар. Олармен коштаса отырып, ән арнайық.
ӘН « ҚУЫРШАҒЫМ, МЕНІҢ »
Ж: Құрметті қонақтар, таяуда ғана алдымыздағы бүлдіршіндер осы өмірге тәй-тәй басып, ылдырлап келіп еді. Жақында ғана біздің балабақшаның есігін ашқан еді. Бірақ уақыт зымырап өтеді- балаларымыз өсіп қалды,
Балабақшада сендер бір- бірімен достасып, бір топқа барып едіндер. Ал, ертеннен бастап сендердің жолдары жан-жаққа бөлінеді.
Балалар, бәріміз кілемге отырып, ойланайықшы, болашақта сендерді не күтеп тұр?
(балалар кілемнің ортасына жайғасып отырады)
12б: Мектеп деген Астанада өте көп
Арнайы, музыкалық, спорттық,
Алыста да, жақын да,
Бұған қалай таңғалмасқа?
Қай мектепке барсам ба екен?
Қайсысын таңдасам ба екен?
13б: Мен ойлаймын, мектеп институт тәрізді
Оған тек қана ақылды балаларды алады
Алады да, партаға отырғызып
Он бір жыл оқытады!
14б: Бізді нені үйретеді?
Біз көп нәрсе білеміз
Кітапты да бәріміз оқимыз!
15б: «Нені үйреткені» қалай?
Онда «Кім болуды» үйретеді!
16б: Ал мен бұрыннан білемін
Күндіз бақшада ұйықтамай, армандаймын
Атақты футболист болам ба деп?
17б: Ал мен – атақты әртіс боламын!
18б: Ал мен – «крутой» финансист!
19б: Мен ұшақты жүргізем
Ұшақта бас ұшқыш боламын!
20б: Ал мен капитан боламын
Теңіздерді шарлаймын
21б: Мен кім боларымды
әлі шешкен жоқпын
Ж: Балалар, егер алдына өздеріңнің мақсаттарын қойсандар, барлық армандарын, тілектерін орындалады. Сол кезде бір ғажайып болады, сендер ғажайыпқа сенесіңдер ме? Менімше бір арманымыз орындауға жақын сияқты...
(Әуен естіледі, залға Сиқыршы кіреді)
С: Қанша бала, қанша халық! Сәлеметсіңдер ме, құрметті қауым!
Мен мейірімді Сиқыршымын!
Ж: Балалар, қандай ғажап, бізге Сиқыршы дәл өзі келді! Сиқыршы- мырза, біздің бүлдіршіндеріміздің бүгін ерекше күн, бізде бүгін үлкен мереке.
С: Мереке дейсіңдер ме? Мерекені мен өте жақсы көремін.
Ал сендердің тойларында мен қандай көмек бере аламын?
Ж: Сиқыршы мырза, біздің кішкентай бүлдіршіндеріміздің армандарын орындай аласың ба? Олар өскенде кім боламыз дегенді армандап, осы ағаштың жапырағына өз арман-тілектерін жазды.
С: Дұрыс, бұл ағаш- жәй ағаш емес, бул сикырлы агаш, егер сендердің тілектерін бұл сикырлы ағашта тұрса, онда олар мүлдем орындалады. Қызық екен, қандай тілектерді сендер жаздындар?
Көруге болама?( бір парақты ағаштан алады, окиды) Мұнда
« аудармашы, тілші »-боламын деп біреуы жазыпты, ал қай тілден аудармақшы жазбапты? Балалар, сендер казак тілден басқа қандай тіл білесіндер? ( балалардын жауабы) Ал мен, өкінішке орай шетел тілдерді білмеймін.
Ж: Сиқыршы-мырза, біздін балалар сізді ағылшын шет тілімен таныстырғысы келед1
С: Кане, тындайык
АНГЛИЙСКИЙ БЛОК
С: Тағы б1р жапырақты көрейін...Бұл маман маған өте таныс. Мұнда «циркте жұмыс істеймін» деп жазган, біракта циркте көп маман бар, балалар көмектесіндер олар кандай: жонглер, сайкымазак, дұрыс, тағы: акробат, мен сиякты сикыршы бар, дрессировщик?
Ал маған өте ұнайтыны – гимнасттар!
ГИМНАСТИКАЛЫК ЭТЮД
С: « Тәрбиеші, ұстаз болғым келіп тұр» біреуы жазыпты, мына жапырақта да, мында да...Бұл керемет кызык маман шығар? Тәрбиеші балаларды тәрбиелейді, окытады, мейрімді болуға, ақылға үйретед1, тіпті балалармен бірге ойнайды да!
Ж: Сиқыршы-мырза, балалар жыл бойы көп нарсеге үйренді,
Білгендерін сізге қазір көрсетеді.
ЕСЕП ШЫҒАРУ
ӘН «ҮЙРЕТЕДІ МЕКТЕПТЕ»
ОЙЫН (ата-аналармен)
С: Мына кағазға біреу машинанын сүретін салыпты, сірә шофер болғысы келеді ғой деймін
Ж: Машина жургіземін деп қазір көбісі армандайды, тіпті атқа да отыруға қарсы емес
БИ «ТҰЛПАРЫМ »
С: Ал бұл маман маған өте ұнайды, мұнда «әрт1с боламын»деп біреуы жазған. Ал әртістер,шығындар, өнерлерін көрсетіндер
БИ, ӘН
С: Тағы бір жапырақ жұлайын...Ой! Мұнда « Президент» деген сөз жазылған. Президент деген ол елдің басшысы ғой! О, президент болу үшін көп нәрсе білу керек, мінезі да жақсы болу керек, барлығымен ұрыспай, тату жүру керек, әсересе шет ел адамдармен, соғыс болмау үш1н.
ӘН « АСТАНА – АҚ ОРДА »
С: Міне, біздің сиқырлы ағашта жапырақта қалмапты…
Енді сендердің жазған тілектерінді мен мына сиқырлы кұмыраға салайын, оны жақсылап жауып, 20 жыл өткен соң ашасындар, мен ойлаймын сендердің жазған армандарын мүлдем орындалады. Ал мына кұмыраны біз осы балабақшанын басшысына ________ ханымға сақтауға тапсырып етейік.
Ал, менім кететін уақытым болып қалыпты.
Сендерге тек қана жақсылық тілеймін, мектепте озақ болындар, ұстаздарды құрметтеп, алғашкы тәрбие берген апайларды ұмытпандар! Сау болыңыздар! (кетеді)
Мектепалды даярлық тобының балабақшамен қоштасу ертеңгілігі.
Зал әсем шарлармен, ойыншықтармен және жалаушалар ілініп әдемі безендірілген. Балалар залға «Айгөлек» музыкасымен билеп көңілді кіреді. Би біткен соң жарты шеңбер құрып тұрады.
Гимн: «Әнұран» орындалады.
Тәрбиеші: Қымбатты ата - аналар, балабақша қызметкерлері. Құрметті қонақтар, бүгін біз бірнеше жыл мәпелеп, күтіп тәрбиелеген бүлдіршіндерімізді ұямыздан ұшырып, мектепке шығарып салғалы отырмыз. Әрине бұл үлкен той, үлкен мереке.
Мектепалды даярлық тобының
«Ойыншықтарды қимаймыз -
бөбектерге сыйлаймыз» (хормен) атты ертеңгілігімізді бастаймыз.
Тәрбиеші:
Өтті қызық, көп күндер,
Алты жасқа жеттіңдер,
Барасыңдар мектепке
Бір белестен өттіңдер.
Өсті ақыл ойларың,
Өсті міне бойларың
Қуанышқа ортақпын,
Құтты болсын тойларың!
Ақерке:
Құрметті қонақтар, армысыздар
Бәріңіз де есен - сау бармысыздар,
Таусылмастай ағытып ой - арманның,
Ал достарым, қысылмастан сөйлегін.
Нұрдәурен:
Ақ тілекті ағытып бір тастайық,
Қоштасатын кешімізді бастайық
Жүздеріңнен көрем шаттық арайың
Болсын солай әр бір күнің, айың.
Хор: «Біздің балабақшамыз»
Би: Үнді биі «Зуби - зуби»
Мая:
Бұл қуаныш себебін,
Бізге қарап ұғыңдар,
Ер жетті деп бөбегім
Туған Отан қуансын,
Туған дала қуансын.
Дәурен:
Балабақша бесігім
Тағы бір той жасайық!
Ашып мектеп есігін
Өзіңмен қоштасайық!
Ұлан:
Қуанамыз, сыйлаймыз.
Қуаныштың мың гүлін.
Бақшамызбен қимай біз
Қоштасатын күн бүгін,
Ботақандай бөбек деп,
Еркелеткен ұл - қызын
Анамызды ерекше
Қуантамыз біз бүгін.
Ажар:
Талай қызық той өткіздік,
Бірақ орны ерекше,
Балабақшамызбен қоштасатын.
Бүгінгі той ерекше.
Ернұр:
Үлкендердей тап - таза
Жазамыз бормен тақтаға,
Үлгілі бала боламыз.
Жүретіндей мақтана.
Хор: «Біз мектепке барамыз»
Ойын: «Қармақ салу»
Айдос:
Бақша біздің панамыз,
Мектеп біздің анамыз,
Ұлағатты ұстаздан,
Оқып білім аламыз.
Иманмәди:
Тәрбие берген ұямыз,
Тәртіпті бала боламыз.
Қоштасып балабақшамен
Біріншіге барамыз.
Нұрбол:
Ана тілін ардақтап,
Ата салтын біз көрдік.
Сурет салып ән жазып
Оқып жазып үйрендік.
Сүйген өз қыз, өз ұлын
Бөбегім деп аянбай
Балабақшам өз үйім
Апай болды анамдай.
Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.