Пән атауы: | Математика |
Сыныбы: | 6 «А» |
Күні: | 10.02.2016 ж. |
Сабақтың тақырыбы: | Сан аралықтарының қиылысуы және бірігуі |
Құзіреттілікті қалыптастырудағы сабақтың мақсат-міндеттері: А) ақпараттық құзіреттілік | Санды теңсіздіктердің қасиеттерін қолдана отырып, сан аралықтарын координаталық түзу бойынша кескіндеуді үйрету. Сан аралықтарының қиылысуын және бірігулерін координаталық түзуде кескіндей отырып табуды түсіндіру. |
Б) коммуникативтік құзіреттілік | Сан аралықтары туралы білімдерін жетілдіру, есте сақтау және ойлау қабілеттерін дамыту. Шығармашылық іс әрекеттерін қалыптастыру. |
В) проблеманы құзіреттілік | Координаталық түзу көмегімен жұмыс істеуге үйрету. Ұқыптылыққа, тиянақтылыққа және іскерлікке баулу. |
Сабақ типі: | Жаңа білімді меңгерту |
Сабақта қолданылатын технологиялар: | Түсіндірмелі-иллюстративті, сұрақ-жауап, топпен жұмыс |
Көрнекілік | Плакаттар |
Пәнаралық байланыс: | Бейнелеу |
Принциптері | |
Сабақ барысы: | Оқытушы іс-әрекеті | Оқушы іс-әрекеті | Күтілетін нәтижелер |
І. Ұйымдастыру кезеңі: | - Амандасу, сынып тізімін тексеру; - Оқушылардың назарын сабаққа аудару; - Оқу құралдарының дайындығын тексеру; | - Мұғаліммен амандасу; - Сабаққа зейінін аудару; - Кезекшілік міндетін атқару; | Сабаққа даярлық ұйымдастырып, оқушылардың зейінін аудару. |
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі: | №999. Мына қос теңсіздіктің шешімдерінің жиынын координаталық түзуде кескіндеп, сан аралығын белгілеп көрсетіңдер: 1) – 4,5≤х≤2
-4,5 2 [- 4,5; 2] 2) – 8
-8 3 (-8; 3] №1002. Сан аралықтарын координаталық түзуде кескіндеп, теңсіздікпен жазыңдар: 1) Бас нүктесінің координатасы 3 –ке тең сәулені кескіндеңдер. Осындай неше сәулені кескіндеуге болады? 2) – 5 тен 2 –ге дейінгі интервалды; 3) – 1 ден 6 –ға дейінгі кесіндіні. | Үйге берілген тапсырмаға ауызша жауап береді. Оқушылардың жауаптарын тыңдай отырып, салыстырып, талдайды; | Үй тапсырмасын дұрыс орындап келуі және және сол тапсырма бойынша туындаған сұрақтарына мұғаілмнен жауап алуы. |
ІII. Жаңа білімді меңгерту кезеңі: | Сан аралықтарының қиылысуы А сан аралығына да, В сан аралығына да тиісті сандардан ғана тұратын А∩В аралығын А және В сан аралықтарының қиылысуы деп атайды. Мысал. (- ∞; 3] және [- 4; +∞) сан аралықтарының қиылысу аралығын табайық. Шешуі. Координаталық түзуде (- ∞; 3] және [- 4; +∞) сан аралықтарын кескіндейік. 3 - 4 [ - 4; 3] аралығындағы сандар жиыны (- ∞; 3] сан аралығында да, [- 4; +∞) сан аралығына да тиісті. Демек, [ - 4; 3] сан аралығы (- ∞; 3] және [- 4; +∞) сан аралықтарының қиылысуы. Жазылуы: (- ∞; 3] ∩ [- 4; +∞)= =[ - 4; 3] Жауабы: [ - 4; 3] Сан аралықтарының бірігуі А және В сан аралықтарының кем дегенде біреуіне тиісті сандардан ғана тұратын АUВ аралығын А және В сан аралықтарының бірігуі деп атайды. Мысал. [ - 2; 7] және [ 4; 11] сан аралықтарының бірігуін табайық. Шешуі. Координаталық түзуде [ - 2; 7] және [ 4; 11] сан аралықтарын кескіндейік. -2 7
4 11 [ - 2; 11] аралығындағы сандар жиыны [ - 2; 7] және [ 4; 11] сан аралықтарының біреуіне немесе осы сандар аралықтарының екеуіне де тиісті. Демек, [ - 2; 11] сан аралығы [ - 2; 7] және [ 4; 11] сан аралықтарының бірігуі болып табылады. Жазылуы: [ - 2; 7] U[ 4; 11] = =[ - 2; 11] Жауабы: [ - 2; 11] Сан аралықтарының бірігуі әрқашанда сан аралығы бола бермейді. Сан аралықтарының қиылысуын (бірігуін) табу үшін: Берілген сан аралықтарын координаталық түзуде кескіндеу керек; Берілген сан аралықтарының барлығына (кем дегенде біреуіне) тиісті сандар жиынының аралығын табу керек; Сан аралықтарының қиылысуын (бірігуін) сан аралықтарының белгіленуімен жазу керек. | Мұғалімнің айтқанын зейіндерін қойып тыңдау. Жаңа тақырыпты тыңдап түсінген соң, ережелер мен анықтамаларды және мысалдарын дәптерлеріне түсіріп отыру. Осы материал бойынша кітапта берілген есептерді шығару. | Жаңа материал бойынша оқушыларға толық ақпарат берілуі және оны оқушылардың толық меңгеруі. |
IV. Жаңа білімді бекіту кезеңі, есептер шығару: | Есептердің дұрыс шығарулуын қадағалау: №1010 (ауызша) №1011; №1012; №1013 есептердің дұрыс шығарылғанын қадағалау | №1010. Мына сан аралығына тиісті ең үлкен бүтін санды табыңдар: 1)[-8;3]; 2) (-7;0); 3) (-∞;-4]; 4) [-1;19). №1011. 6.19 – суретте кескінделген сан аралықтарының қиылысуын жаз. №1012. Координаталық түзуді пайдаланып, сан аралықтарының бірігуін табыңдар: 1) (-12;8], [5;11) 2) (-∞;-3), [-5; 4) 3) [2; +∞), (7;+∞) 4) (-2;3], [6; 10) 5) [-7; -1], [-3; 7] 6) (-∞; 1), (-4; 10) №1013. Мына сан аралықтарында жататын ең үлкен бүтін санды және ең кіші бүтін санды жазыңдар: 1) [-13; 4]U(-1; 15) 2) (-9; 5]∩[-4;12) | Алған білімдерін пайдаланып, есептер шығарады сұрақтарға шапшаң әрі дұрыс жауап береді. |
V. Қорытындылау кезеңі: | Топпен жұмыс Сатылай кешенді талдаңдар: 1)[-3;1] және [-1;3] сан аралықтарының бірігуін тап 2)[1;5] және [3;7) сан аралықтарының қилысуын тап [-3;1] U [-1;3] = [-3; 3] [1;5] ∩ [3;7) =[3;5] Сатылай кешенді талдау: 1.аталуы 2.оқылуы 3.координаталық түзуде кескінделуі 4.теңсіздік түрінде жазылуы 5.аралыққа тиісті бүтін сандар 6. аралыққа тиісті ең үлкен бүтін сан 7. аралыққа тиісті ең кіші бүтін сан
| [-3;1]U[-1;3] = [-3;3] [1;5] ∩ [3;7) =[3;5] | Оқушылардың жаңа материалды қаншалықты деңгейде түсінгендіктерін анықтау. |
VI. Үйге тапсырма беру кезеңі: | Үй тапсырмасы оқушыларға түсіндіріліп берілді. №1014 №1015 | Үйге берілген есептерді жазып алу. | Ұсынылған ақпараттан қойылған міндеттерді шешуге қажеттісін бөліп алады, бүгінгі алған білімдерін қолданады. |
VІІ. Бағалау | Сабаққа белсене қатысқан оқушылар бағаланады. | Оқушылар бағаларын күнделіктеріне қойдырады. | Оқушылар бағаланады. Сабақ өз мақсатына жетті. |