Просмотр содержимого документа
«Озы? болса?, ойлап к?р!»
Апталық ашық шара 5 сынып
Математика пәнінен сайыс сабақ
Тақырыбы: Озық болсаң, ойлап көр!
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушылардың ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын, оқуға ынтасын арттыру. Дамытушылық: Ұйымдастырушылық қабілетін дамыту. Тәрбиелік: Оқушыларды ұйымшылдыққа, нақты пәнге қызығушылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу. Көрнекілігі: Безендірілген зал, нақыл сөздер, карточкалық тапсырмалар, логикалық есептер, әр топқа даярланған үстел. Түрі: Топтық сайыс сағаты. Типі: Ойын түрінде
Қолданылған нақыл сөздер: 1. Арифметика математиканың, ал математика ғылымдардың патшасы.
(К. Гаусс) 2. Ақыл - ойды тәртіпке келтіретін математика. (М. В. Ломоносов) 3. Математика – барлық ғылымдардың тұңғышы және оларға пайдалы да, қажет те. (Р. Бэкон)
Жоспары: 1. Топтың өзін таныстыруы, амандасу рәсімі
2. Сұрақ – жауап. 10 сұрақ оқылады. ( әр жауап 1 ұпаймен бағаланады )
7. Қорытынды. Жүргізуші: Қайырлы күн қадірменді көрермендер! «Озық ойлы оқушы » сайысына қош келдіңіздер. Бүгінгі сайыс топтық сайыс түрінде өтеді. Ортаға «Жас математиктер», «Болашақ», «Тапқырлар» , «Зерде» топтарын шақырамыз. Математика сырлары, Қызықтырды біздерді. Ойынға бірге қатысуға, Шақырамыз сіздерді, – дей отырып сайыс керлеріміздің білімі мен баға беретін әділ қазылар алқасын таныстырамыз.
Әділқазы алқасы:
Кенжебаева А.Т., Аманбаева А.М., Мұсаханова Г.Ч.,
Бүгінгі кештің жоспары таныстырылады.
I .Топтың өзін таныстыруы, амандасу рәсімі
І топ «Жас математиктер», тобы. Ұраны: Жарыс десе жанамыз, Бүгінгі күн жарыста алғырлықпен аламыз. Сәлемдесуі: Қиындықтан сірәда біз қашпаймыз, Алғырлық пен тапқырлықты ұштаймыз. Қияларға самғап ұшқан құстаймыз, Шегінбейміз жеңістерге бастаймыз.
ІІ топ. « Зерде » 5 б .
Ұраны: Білікті бірді жығар. Білімді мыңды жығар. Сәлемдесуі: Біз дайынбыз бұл сайысқа достарым, Көрсетеміз бізде қандай күш барын. Алға қойға мақсатымыз бір екен. Сәтті болсын сапарымыз әрдайым.
І І І топ «Тапқырлар» 5в Ұраны: Біріміз бәріміз үшін
Бәріміз біріміз үшін
Сәлемдесуі: Сәтті болсын сапарымыз әрдайым.
Білімменен қаруланған тобымыз.
Көрсетеміз бізде қандай күш барын.
Шегінбейміз жеңістерге бастаймыз.
ІV топ «Болашақ» 5 г
Ұраны: Қандай сынақ болса дағы беріспе, Әрқашанда үміткерміз жеңіске. Сәлемдесуі: Армандарға қол созумен келеміз, Өмір теңіз жүзіп келеді кемеміз. Білімменен қаруланған тобымыз, Қарсыласты қалай да біз жеңеміз.
II . Сұрақ – жауап. 10 сұрақ оқылады. ( әр жауап 1 ұпаймен бағаланады )
1. Жай бөлшектерді қосу деп ... 2. Жай бөлшектерді көбейту үшін ...
3. Санның бөлігін табу деген не ?
4. Жай бөлшектерді бөлу деген не ?
5. Бөлігі бойынша санды табу үшін ...
6. Бұрыс бөлшек деп ...
7. Өзара кері сандар деп ...
8. Аликвоттық бөлшектер деп ...
9. Ондық бөлшектер деп ...
10. Жай сандар деп.
III. Логикалық тапсырмалар . ( 5 тапсырма әрқайсысы 2 ұпаймен бағаланады )
6,5,4,3,2,1 сандарын қолданып, 12 санын шығарып ал.
1метр 1 дециметрден неше сантиметр артық?
Қазақстан тәуелсіздігін 1991 жылы алды. Қазір 2015 жыл. 1991 – 2015 сандарының арасында ( осы сандарды қоса алғанда ) неше жай сан бар?
( Ж : 1993, 1997, 1999, 2003, 2011 ) Жауабы : 5
Бөлменің төрт қабырғасына 10 орындықты үш – үштен келетіндей етіп орналастыр
IV. Шырпымен ойын.
«Шаян» суреті бейнеленген 3 шырпыны жылжыту арқылы төмен қозғау
7. Жанкүйерлермен сайыс ( викториналық сұрақтар ), логикалық есептер слайдта.
Сағаттың ¼ -і неге тең? 15 минут
1 кг судың көлемі неге тең? 1 литр
Үш алманы екі әкесі мен екі баласы қалай бөліп алады? (егер ата, әке, бала болса)
Кері сандардың көбейтіндісі нешеге тең? 1
Ең кіші жай санды атаңыз 2
Білгенің артық болмас!
Оның есімімен аталатын дарынды балаларға арналған мектептің оқушылары математикадан өтетін халықаралық, әлемдік олимпиадаларда талай мәрте топ жарып, қазақ халқының мәртебесі мен осы Алаштың алып тұлғасының ажарлы есімін асқақтатып жүр. Осы қазақтан шыққан тұңғыш доктор-математик кім?
Орынбек Ахметбекұлы Жәутіков (1911 – 1989 ж)
Оның есімімен бас қаламыз Алматыда Қазақ Мемлекеттік политехникалық университеті аталған, ол-Қазақ ғылым академиясының тұңғыш президентi, қазақша - «Алгебра» оқулығының ең алғашқы авторы.
Қаныш Имантайұлы Сәтпаев (1899 – 1964 ж)
Ол – Семей мемлекеттік педагогикалық институтының физика-математика факулте- тінің деканы, физика-математика ғылым-дарының кандидаты, доцент, 2010 жылдың 30-желтоқсанында арайлы Алаш еліндегі айымдар (әйел заты) арасынан «математика ғылымдарының докторы» атағын тұңғыш болып иеленген батыр патшайым.