Просмотр содержимого документа
«Ондық бөлшектерді қосу және азайту»
Айсаева Мухаббат Ансаровна
Математика пәні мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: «Ондық бөлшектерді қосу және азайту» Математика 5 сынып Сабақ түрі: ойын элементтері бар сабақ Сабақтың мақсаты: а) ондық бөлшектерді қосу және азайту ережелерін, жай бөлшектерді ондық бөлшекке айналдыруды және керісінше ондық бөлшектерді жай бөлшекке айналдыру ережелерін қайталау,тақырып бойынша оқушылардың деңгейін анықтау; б) теориялық білімін практикада қолдануын, логикалық ой – өрісін, есте сақтай қабілетін, математикалық сауаттылығын дамыту; в) оқушыларды орындап отырған жұмыстың нәтижесіне деген жауапкершілікке тәрбиелеу; Сабақтың типі: қайталау сабағы. Көрнекілік: интерактивті тақта, тапсырма салынған конверттер, бағалау парақтары.
Сабақтың жүру барысы.
I. ¦йымдастыру.
II. Білім тексеру кезеңі:
І бөлім. «Сергіту». Ауызша тапсырма.
1) Бөлшектерді оқы:
1,2; 1; 3,02; 4,012; 0,0005; 4.
2) Ондық бөлшектерді жай бөлшектерге айналдыр:
0,5; 0,8; 3,2; 4,6.
3) Бөлшектерді салыстыр:
3,5 және 3,8 7,3 және 7,28 3,04 және 3,009
4) Амалдарды орындаңыз:
0,2+0,7 1,5-0,3 2+0,2 1,2+0,8 1-0,3
5) Теңдік орындалатындай етіп үтірлерді қойыңыз:
52+18=7 736-336=4
(Слайд 3)
ІІ бөлім. Жұптасып жұмыс жасау.
Әрбір жұп бір конверттен алады..
Ондық бөлшектерді өсу ретімен орналастырыңыз:
3,4; 3,28; 2,9; 1,003; 1,009
3,24; 32,28; 31,9; 4,003; 2,003
12,8; 12,42; 11,003; 2,003; 12
17,23; 16,8; 15,08; 16,008; 16,0032
0,92; 0,804; 0,523; 0,42; 0,008
ІІІ бөлім.Есте сақтау қабілетін анықтауға тапсырма. Дәл тап!
(Слайд 4.)
Бір минуттың ішінде кестедегі бөлщектерді есте сақтап, айтып берулеріңіз керек. Дұрыстап қарап алыңыздар! Басталды!
1,01
1,02
1,03
10,1
10,2
10,3
10,11
10,12
10,13
(Экрандағы слайд уақытша жабылып, бір минуттан кейін қайта ашылады)
Жауап парақтарыңызға өздеріңізден жинайған ұпай сандарыңызды белгілеп отырыңыздар.