Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6-бөлім Шытырман оқиғалы ойындар және команда құрушы ойындар. | Мектеп: № 11 о/м |
Мұғалімнің аты-жөні: Даулетов Саламат |
Сынып: Күні: | 7 " " сынып | Қатысқандар: | Қатыспағандар: |
|
Сабақ тақырыбы | Ойындар арқылы мәселелерді шешу дағдыларын жетілдіру |
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: | 7.2.8.8 түрлі қимыл-қозғалыс негіздерімен шарттастырылған рөлдерді қолдана білу |
Сабақ мақсаттары: | Барлық оқушылар орындай алады: Барлық оқушылар қозғалыс кеңістігінде толық топ ретінде қауіпсіз жұмыс істейді. |
Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Негізгі қимыл-қозғалыс жаттығуларының элементтерін біледі. |
Оқушылардың кейбірі орындай алады: Жаттығулардың толық техникалық әдіс тәсілдерін меңгере алады. |
Тілдік мақсат: | Кілт сөздер мен тіркестер. Лидер, көшбасшы,топпен әрекет жасау, шабуыл, тосқауыл, қорғаныс адал ойын, өзара әрекеттестік, жарыс кеңістікте бағдарлану командалық жұмыс тактика, стратегиялар доппен және допсыз қозғалу жүгіру, жылдамдықты, бағытты өзгерту дриблинг, пас, допты беру. Диалог / жазылымға арналған пайдалы сынып. Топ басшы болған кезде өздеріңді қалай сезінесіңдер? |
Диалог | Талқылауға арналған сұрақтар: Жүгірудегі қауіпсіздік деген не? Қауіпсіз құлау деген не? Неліктен екенін айта аласыңдар ма? Дене қыздыру жаттығуларының денсаулыққа пайдасы неде? Салқын ауады жаттығулардың тиімді жақтары? |
Рухани құндылықтар. Дағдылар АКТ қолдану. | Оқушыларды сын тұрғысынан ойлауға, сабақ кезінде бір-біріне деген әділдік, жауапкершілігін арттыру. Ойынның әдіс-тәсілдерін көрсету. |
Пәнаралық байланыс: | Биология пәнімен байланыс. Тынығу сәтіндегі тамыр соғысы, жұмыс тамыр соғысы, қалпына келу кезіндегі тамыр соғысы. Физика пәнімен байланыс. Допты беру, допты қабылдау, допты жүргізу кезінде орын алады. |
Жоспар |
Сабақтың жоспарланған уақыт: | Жоспарланған іс-әрекет: | Ресурстар: |
Белсенді оқыту: Сабақтың басы: 7 мин | 1-"Тілек шоғы" шаттық шеңбері. Оқушылар шеңбер болып қол ұстасып тұрады. Әр-бір оқушы жанындағыға жылы лебізін білдіреді. Оқушыларды сапқа тұрғызу, сәлемдесу, рапорт беру. Қолайлы орта тұғызу. Оқушылар сапта тұрып, бастаушыдан бастап кезек-кезек бір-бірімен амандасады. Сабақтың мақсатына шығу. Осында оқушылар үш топқа бөлініп пазл құрастырады, шыққан пазл арқылы сабақтың тақырыбына шығады. Сап қайта құрастырылып саптық жаттығулар басталады: бір орында: оңға, солға, кері бұрылу. Жүгіру: спортзалында орташа жылдамдықпен 2 минут жүгіруі арқылы басталады. Болған соң, қалпына келтіру жаттығулары басталады. | Спорт алаңы Кең бос кеңістік.Мұғалім үшін ысқырық, секундомер. |
Сабақтың ортасы: 13мин 10 мин | Қауіпсіздік ережесі туралы толық түсінік. Қорғаныс қозғалыс әрекеттері: 1) Қорғаушы тұрысы: а) орташа тұрыс; в) жоғарғы тұрыс; с) төменгі тұрыс; 2) Жекелей қорғаныс жаттығулары: а) допсыз қорғаныс; в) доппен қорғаныс; 3) Допқа тосқауыл қою: а) тұрған жерден; в) секіріп; Тапсырма. Оқушылар екі топқа бөлініп тапсырмаларды орындайды. Мұнда допты қорғаныста ойнау әдістерін үйренеді, қарсылас команданың добын қағып алыу, тосқауыл қою әдістері. Мұнда оқушылар 2 топ құрайды. Бірінші топ доппен әрекет жасайды, ал екінші топ қорғаныста ойнайды. Әр топқа ортақ мақсат, соңғы нәтиже допқа тосқауыл қою, допты қарсыластан тартып алу мақсаты қойылады. Осында оқушылар топ ішінде бір-бірімен ақылдасып, стратегияны ойластырады және оны тәжірибеде жасап көреді. Әр бір топтың ойыншысы өз рольін дұрыс орындауға тиіс. Осы тапсырманы орындаған кезде оқушылар бір-бірін топ ішінде жест арқылы бағалайды Екі жақты ойын. Оқушылар командаларға бөлініп, барлық ережелерді сақтап ойнайды. | Ысқырық, секундомер, таяқшалар, жалауша, доптар, кедергілер. |
Саралау: 5 мин | Сабақта уақытты ұтымды пайдалана отырып деңгейлік тапсырмалар кешенін құрамын. Қабілетті оқушыларға тапсырманы күрделендіріп, әлсіздеу оқушыларға жеңілдетілген тапсырмалармен жүктеймін. | |
Сабақтың соңы: 5 мин | Жаңа материалды бекіту. Қателерді жою мақсатында кері байланыс алу. Сабақ қорытындысын шығару. Оқушылардың оқу мақсатына жетудегі жетістіктерін талдау және бағалау. Тыныс алу жаттығуларын орындап, | Сабақты қорытындылау. |
Топтарға бөлініп, топта баскетбол ойынындағы қорғаныста ойнау әдісін көрсетіңіз. Қорғаныс түрлерін көрсетуде ойыншының қызметін, допқа тосқауыл қоюын, яғни рөлді дұрыс орындауына мән беріңіз.
- қимыл-қозғалыс түрлері арқылы қорғаныста ойнайды.