Білім беру саласы: Образовательная область: Educational area: «Таным»
ОҚҰ түрі: Вид ОУД: Type of OAM: ҚМҰҚ
Тақырыбы: Тема: Subject:«4 саны мен белгісі»
Мақсаты: Цель: Goal: Екі топ заттарды салыстыру 4-ке дейін санау. 4 сан белгісімен таныстыру. Заттардың санын 4 жеткізіп- 4 сан белгісімен белгілеу.Заттардың саны оның көлеміне және орналасуына байланысты емес екені туралы түсініктерін қалыптастыру.Тіктөртбұрыш туралы түсініктерін қайталау.
Балаларға қазір таң атып шыққанына назарын аударту.
Ойлануға ұсыну:
Бүгін қандай күн?таңертең күн қандай?таза ауа,жарық болады
Таңертең қайда келеміз?
Күндіз біз не істейміз?
Основная часть: Негізгі бөлім:
Сурет бойынша 4 санының пайда болуын түсіндіру.
-Аквариумде 3 балық болды, тағы бір балық әкеліп қостық. Неше балық болды? 3+1=4.Бүгін біз 4 санымен танысамыз.
4 санын көрсетіп, тура және кері санау. 4-тің алдындағы сан ұғымын түсіндіру.
-3қоянның қасына тағы да бір қоян келіп қосылды. Неше қоян болды? 3+1=4. Төрт қоянның біреуі қашып кетті, нешеуі қалды?
4-1=3.
-Ал, балалар қояндар нені жақсы көреді?
-Сәбізді.
Сәбіздерді пайдаланып 4 санының пайда болуы мен 4-тің алдындағы сан ұғымы қайталанылады.
-Қане, бәріміз төрт таяқша санап шығарайық.
Таяқшалар арқылы 4 таяқшадан әр түрлі пішіндер құрастырайық.
-Пішіндер неге ұқсайды балалар?
-шаршыға, «ш» дыбысына.
-4 саны неге ұқсайды?
- төңкерілген орындыққа.
-Ал балалар, осы жөніндегі тақпақты тыңдап көрелікші.
Іздегендер табады,
Зер салса егер мынаған.
Тура «4» боп қалады,
Орындықтар құлаған.
Дәптермен жұмыс:
Үзік сызықтарды бастырып, 4 цифрын жаздыру.
Сергіту сәті:
1,2,3- ал кәнеки ұш,
4,5,6,7- мынау ауыл шеті.
8,9,10- ал, кәнеки қон!
Тақтамен жұмыс:
Тақтадағы суреттер бойынша заттың атын атап, санау.
4балық, 4 ат, 4 доп.
«4» санына байланысты түсініктер беру:
4 түлік мал (атап өту), 4 жыл мезгілі (атап өту), шаршының
4 қабырғасы, машинаның 4 дөңгелегі, т.б.
4 санының құрамын дөңгелектер арқылы толықтыру.
4 санына байланысты есептер шығару.
3қоянға 1 қоянды қосқанда 4 қоян болады.
2 түлкіге 2 түлкіні қосқанда 4 түлкі болады.
1 кірпіге 3 кірпіні қосқанда 4 кірпі болады.
-Қане балалар, қарындаштың тапсырмасын орындайық.
Төрт түрлі- түсті қарындашымызды шығарайық. Қандай түстер екенін атап өтейікші.
-Көк, қызыл, сары және жасыл.
Тиісті түспен шаршыларды ретімен бояу.
Ойын: «Өз орныңды тап»
Шарты:балаларға 0ден 4ке дейінгі кеспе сандарды омырауларына тағамыз. Ретсіз араласып тұрады. Балалар ретимен қатарға тұруы керек, қатардағы орнын атауы керек.