Сабақ жоспары
Оқу ісінің меңгерушісі:_______________
Пәні: МатематикаСыныбы: 2 «Ж»Күні: 02.09.2013
Тақырыбы: 0-ден 10-ға дейінгі сандар. Толық ондықтар. Жүз
Сабақтың мақсаты мен міндеттері :
Білімділік: 10-ға дейінгі сандарды, ондықтар мен жүз сандарын еске түсіру, ондық, жүздік ұғымдары жайлы білімдерін тереңдету.
Дамытушылық: оқушылардың ақыл-ойын, ой-өрісін,ауызша есептей алу дағдысын дамыту, өзіндік көзқарасын қалыптастыру, ізденімпаздыққа баулу; пәнге деген қызығушылығын,белсенділігін арттыру.
Тәрбиелік: өз бетімен жұмыс жасай отырып, басқаның ойын тыңдай білуге,ұйымшылдыққа,әдептілікке, туған елін, жерін құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру
Көрнекілігі: сандардың үлгісі
Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі:
Психологиялық дайындық. Оқу құралдарын дайындату, оқушылар назарын сабаққа аудару.
2Үй тапсырмасын тексеру:
1. Онға дейін тура және кері санау.
2. Оқушылардың бір-бірлеріне арналған өрнектерін ауызша шығару.
3.Жаңа сабақ:
Математикалық диктант.
50, 60,9,12,15,100,3,6,17,90
«Ойлан, тап!» ойыны.
1.Жасырын санды тап:
2 + * = 9 2+*=10 2+*=8 2+*=7
2.Бір таңбалы және екі таңбалы сандарды атау.
Сурет бойынша жұмыс.
3.Кестені пайдаланып, өрнектер құрастырып, оны шығару.
4.Берілген өрнектерді уақытпен шығару, оқушылардың есеп шығару шапшаңдығын анықтау.
б)Дәптермен жұмыс:
№5 есепті шартын оқып, түсініп алу, шартын құрастыру.
Осы есепке кері есептер құрастырамыз.
№6 Есептің берілгенін толықтырып, оны шығару.
Сергіту сәті.
4.Бекіту:
Мынандай тапсырма орындату.
15= онд. бірл.
50= онд. бірл.
90= онд. бірл.
76= онд. бірл.
13= онд. бірл.
19= онд. бірл.
22= онд. бірл.
5.Үйге тапсырма беру:
Үйге 5 - беттегі 7 - тапсырма салыстыруды орындау.
6.Бағалау:
-Сабаққа белсене араласып отырған оқушылардың білімін бағалау.