“ МАТЕМАТИКА – КЕРЕМЕТ ӘЛЕМ” АТТЫ ЗИЯТКЕРЛІК САЙЫС
Білімділік : Оқушылардың математикаға қызығушылығын, ынтасын, зейінін арттыру, алған білімдерін тереңдету. Дамытушылық: Ой-өрісін кеңейту, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, ұжымшылдық қабілеттін дамыту. Тәрбиелік : Окушыларды ұжымшылдыққа, жолдастыққа, алғырлыққа, белсенділікке тәрбиелеу. Мақсаты:
І топ сұрақ
Төменде берілген сөздердің авторларын табыңыз:
1. «Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін математика, сондықтан да оны оқу керек». 2. «Математиктердің өзіне тән тілі бар, ол формула».
ІІ топ сұрақ
Төменде берілген сөздердің авторын табыңыз:
1.«Арифметика – математиканың, ал математика – барлық ғылымдардың патшасы» 2.«Лобачевскийді үш нәрсе данышпандылыққа жетқізді, олар: дарын, жігер және еңбек».
Викториналық сұрақтар. (Жауап нақты, тез болу керек)
І топ сұрақ
Столдың төрт бұрышы бар. Егер бір бұрышты кесіп тастаса, неше бұрыш қалады? 2. Сағат тілі тәулігіне неше рет тік бұрыш жасайды? 3. Мектепке келе жатқан 5 балаға қарсы жолда тағы 4 бала жолықты. Мектепке неше бала барды? 4. Екі адам 4 сағат шахмат ойнады. Олардың әрқайсысы неше сағат ойнады? 5. Төрт пен бестің арасында қандай таңба қойылғанда 4-тен артық, 5-тен кем сан шығады?
ІІ топ сұрақ
1. Жанұяда 2 ұл және әр ұлдың 2 әпкесі, 1әкесі бар. Әр қыздың бір анасы бар. Жанұяда барлығы қанша адам бар? 2. Ұшақ Семейден Алматыға дейін 1 сағат 20 минут ұшады, ал кері қарай 80 минут ұшады. Бұл айырмашылықты қалай түсінесің? 3. Кім барлық тілде сөйлейді? 4. Қандай жолмен еш уақытта адам жүрмейді? 5. 4 ұл да неше саусақ бар?
Логикалық тренажер.
І топқа:
Бес бірлікпен жүз санын жазыңдар? Жасы жүзге келген бір қарт болыпты. Бүкіл өмір бойы ол өзінің туған күнін тек 25 рет қана атап өтіпті. Бұлай болуы мүмкін бе? Екі санның қосындысы 8-ге , көбейтіндісі 15-ке, айырмасы 2-ге тең. Олар қандай сандар? Бөлмеде 4 мысық отыр. Әр мысықтың алдында 3 мысық отыр. Бөлмеде барлығы неше мысық отыр? Жанұяда 3 ұл бар. Әр ұлдың 1 әкесі бар. Жанұяда неше бала бар?
ІІ топқа
Ең үлкен уақыт өлшем бірлігі. Үйдегі екі әкені және екі баланы Ұлы Жеңістің мейрамымен құттықтау үшін қалампыр гүлінің 9 талын сатып алды. Оларды қалай тең бөлуге болады? Жанұяда 3 ұл бар. Әр ұлдың 1 әкесі бар. Жанұяда неше бала бар? 1 жұмыртқаны қайнатуға 3 минут кетсе, 5 жұмыртқаны қайнатуға неше минут керек? Екі аяғымен түрегеп тұрған адамның салмағы 50кг, бір аяғымен тұрған адамның салмағы неше кг? Адамның он қолында неше саусақ бар?
“ Ой сергіту” сайысы (жұмбақ шешу)
І топ сұрақ
Дүкеннен мен сабын алдым, Керек ол бізге ауадай,
Айтыңдаршы, бұл қандай сан,
Жан-жағыңа қарамай?
Оның және қабын алдым,
Екі дәптер, бір қарындаш,
Тіс ысқышты тағы да алдым.
Есептеші сонда бәрі
Қанша болды, қолда бары?
Жолында жоқ түзу сызық,
Басы да жоқ аяғы.
Бір айналым баяғы.
Ол не?
ІІ топ
Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да, Ұзындығы жазылып тұр бойында.
Барлығы да бар онда.
Бұл қандай сан ай тыңдаршы.
\Оң, теріс сан бәрі осында.
Көбейтуден тұрады.
Егер оны ықшамдасаң
Қандай атау болады.
Қандай тәтті жесе алма,
Бесеуінде жеп қойсам,
Қалады онда неше алма.
Математика – адам үшін, адам – математика үшін жаралған!
Математиканы білмейсің, дұрыс өмір сүрмейсің!
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА
РАХМЕТ!!!