kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Сегіз ?ырлы, бір сырлы» зияткерлік сайыс

Нажмите, чтобы узнать подробности

«Сегіз ?ырлы, бір сырлы» зияткерлік сайыс. Математика ж?не информатика п?нінен зияткерлік сайыс. ?ызы?ты тапсырмалар. Сайыс 5 б?лімнен т?рады:

1-тур. «Суреттер с?йлейді»

2-тур. «Ма?ал – с?з м?йегі»

3-тур. «Тап?ырлар»

4-тур. «Кім жылдам?»

5-тур. «Ал?ырлар»

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Сегіз ?ырлы, бір сырлы» зияткерлік сайыс»

Астана қаласы

№58 мектеп-гимназия





















зияткерлік сайыс

(Математика және информатика)





Өткізгендер: Исмайлова К.С., Мәулітбекқызы А





«Сегіз қырлы, бір сырлы» зияткерлік сайыс

1-жүргізуші: Армысыздар,құрметті көрермендер,ұстаздар мен оқушылар!

1-жүргізуші: Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар, мектебімізде информатика , физика және математика апталығы өтіп жатқанын білесіздер,бүгін осы апталықтың салтанатына байланысты 10-сыныптар аралығында «Сегіз қырлы, бір сырлы» атты математика және информатика пәнінен зияткерлік сайыс өткізгелі отырмыз.

Сайысқа хош келдіңіздер!

1-жүргізуші:

Ойын толқын,айналған қатты ағысқа ,

Табылғандай танымда,жат дауыста.

Біреу озып келеді қатарынан,

Біреу қалып жатады асығыста.

1-жүргізуші:

Ойын толқын жатқанда асып,тасып,

Біреу мығым,біреулер шалыс басып.

Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,

Жеңседе жеңілседе қалма жасып.

Алдымен ойынға қатысушы талантты да дарынды оқушыларымызға қошемет көрсетіп ортаға шақырайық.(оқушылар ортаға шығады)

Әділқазы,алқасына бір сәлем.

Әділдікке бас иеді күллі әлем

Жүйрік озар сайыстарда неше бір

Сарапқа сал әділдікпен шеше біл.... дей келе бүгінгі сайысымызға қазылық жасайтын әділ қазылар алқасымен таныс болыңыздар!

Бүгінгі сайысымыз 5 турдан тұрады

1-тур. «Суреттер сөйлейді»

2-тур. «Мақал – сөз мәйегі»

3-тур. «Тапқырлар»

4-тур. «Кім жылдам?»

5-тур. «Алғырлар»


Құрметті көпшілік көрерменім,

Жақсылыққа әрдайым артқан сенім.

Ақжол тілеп үкілі үміттерге,

Таныстыру шартына кезек бердім.


Әр оқушы өз-өздерін таныстыр өтсе.


Жетілдіріп, кеңейтіп бұл асылды

Информатика озады бар ғасырды

Ой түйіндеп, жетелейді адамдарды

Әлі ашылар құпиялар сан- сан қырлы


Математика ермек емес балалық,
Математика – көрегендік даналық.
Математика құрметтеуге лайық
Кел достарым, мұны жақсы ұғайық!

Әр турда төмен ұпай жинаған оқушы сайыстан шығарылып отырады.

Бірінші турымызды бастаймыз. 1-тур « Суреттер сөйлейді». Экранда сандармен белгіленген ұяшықтар берілген, ұяшық нөмірін таңдап, астында жасырылған суретті табу керек және анықтама бере кету керек.Бағалау әр дұрыс жауап 5 балл. (экранға назар аударайық)


Келесі екінші турымызды бастаймыз «Мақал – сөздің мәйегі» деп аталды. ”Сөздің көркі -мақал” деген аталы сөз бар. Мақал-мәтелді көп біліп ,көп қолданатын адамдардың білімі де , ақылы да арта түседі. Олай болса сайысымызды бастайық. Экранда мақал-мәтелдер беріледі, сол мақал-мәтелдердің дұрыс нұсқасын табу керек.Әр дұрыс жауап 10 бал.

Математика ғылымдардың патшасы деп

Мойындатқан бар ғылым жер шарында

Сол қағида тағы да дәләлденбек

Бүгінгі кеш бағдарлы жоспарында

Келесі үшінші турымызды бастаймыз «Тапқырлар» сайысы. Бул турда экранда берілген ғалымдардың аттарын атау керек.Әр дұрыс жауап 10 бал.

Құтқарып  ауыр  бейнеттен

Техниканы  үйреткен

Роботтай –адамды

Тіл  бітіріп  сөйлеткен

Компьютер  емей  немене

Білмегенді  білдірген

Өлшеп  киім  кигізген

Барлық  істі  атқарып

Пайдасын  елге  тигізген

Компьютер  емей немене



Білімнің ұшқырлығын танып сен,

Асып тасып, асықпа қалыспа сен.

Уақыт деген зымырап өтіп жатыр,

Шапшаңдық бұл сайыста керек екен дей отырып « Кім жылдам?» турына кезек береміз.

Экрандағы сұрақтарға жауап беру керек. Әр сұрақта көрсетілген ұпай саны жалпы ұпай санына қосылады.

Шыңда тұрған шынардай арманы бар,

Білімдерін көрсетті ұл мен қыздар.

Ең соңғы айналымға келіп жеттік

Ойланып отырғанды таң қалдырар- деп ойынымыздың соңғы туры «Алғырлар»сайысына кезек береміз. Бұл турда оқушыларға математика және информатика пәні бойынша тапсырмалар беріледі.

Оқушылар ойын жинақтаймын дегенша көрермендер арасында ойын ұйымдастырайық.


Жеңістер мен жеңілістен тұратын,

Өмір күрес жеткізе ме мұратын.

Жеңбедім ,жеңілдім деп ренжімегін,

Қатысу да бір жеңіс , болсаң егер ұғатын.

Келешекте әлі талай сайыстар бар,

Өнерлерің шыңдалсын қалыспаңдар,

Өнерлілер көбейсін күннен –күнге,

Өмір күрес әлі талай жарыстырар.... дей келе сайысымызды аяқтаймыз.


Бағалау парағы


Оқушылар аты-жөні

Суреттер сөйлейді (5ұпай)

Мақал сөздің мәйегі 10(ұпай)

Тапқырлар (10 ұпай)

Кім жылдам?

Алғырлар

(15 ұпай)


Қорытынды ұпайы

1








2








3








4








5













Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 10 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
«Сегіз ?ырлы, бір сырлы» зияткерлік сайыс

Автор: М?улітбек?ызы Аяулым

Дата: 29.03.2016

Номер свидетельства: 311565


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства