Просмотр содержимого документа
«"Жас математиктер" атты сыныптан тыс шара»
Тақырыбы: Жас математиктер
Мерзімі:
Қатысатын сыныптар: 6-9 сынып Мақсаты: Оқушылардың бұл сайысқа өз еркімен қатысуы, өз білімдерін көрсете білуін, есептерді алдын ала тараудан берілген есептерді ізденіспен бірігіп шығаруы, талдап шешуі. Топпен жұмыс істеуін арттыру, логикалық қабілетінің дамуын, пәнге деген қызығушылығын арттыру. Шығармашылық қабілетін дамыту. Көрнекілік: цитаталар жазылған плакаттар,грамоталар, тақта, бор, шырпымен жұмыс плакаты. Математикалық шайқас төрт кезеңнен тұрады, екі топтан 10 оқушы қатысуы керек. Алдын ала әділқазылар алқасы сайланады. Сахна: «Жас математиктер» және тағы әдемі жазылған цитаталармен әшекейленеді. Жүргізушінің сөзі: Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар! Босқа қарап тұрмаңыздар, Математикадан басталады Математикалық шайқас Көргендерге де армандар Көрмегендер де армандар Қызықтан тыс қалмаңдар! Математика туын көтеріп Жар салайық әлемге! Көрмегендер көріңдер Естімегендер естіңдер Шақырамыз бәріңізді Математиканың кешіне Жиналыңдар сайысқа Кешігіп одан қалмаңдар Қымбатты жас білім сүйгіш достар! Сіздерді бүгінгі математикадан басталатын «Жас математиктер» интеллектуалық ойынын тамашалауға шақырамын.
Сайысты бастамас бұрын оқушыларды ортаға шақырып шаттық шеңбер құрамын және «Мен саған тілеймін» атты психологиялық ахуал тудыру мақсатында оқушыларға бір біріне тілек айтқызамын. Одан кейін оқушылар тақтада магнитпен жапсырылған түрлі түсті таңдайды. Ол қағаздардың кейбіреуінде фигура , кейбіреуінде формула жазылған. Соған сәйкес оқушылар екі топқа бөлінеді: «Формулалар» командасы және «Фигуралар» командасы болып.
Бағдарлама: 1. Шаттық шеңбер 2. Миға шабуыл 3. Сиқырлы сіріңке 4. Ойлан, тап 5. Мен суретшімін 6. Формулалар сөйлейді
Әділ – қазылар алқасымен танысу. Оқу ісінің меңгерушісі – Ұзақбаева Жақсыгүл Бекбергенқызы Орыс тілі пәні ұстазы – Сагиева Улболсын Муратовна
Топ басшылары әділқазылар алдына келіп жребий кезегін анықтайды. Әр топ өз кезегін анықтаған соң , әділқазылар алдына ұпай қойылатын қағаз таратылады. Сонымен , команданы таныстыру 1-ші «Фигуралар» тобына сөз береміз 2-ші «Формулалар» тобы
Жүргізуші:
Мінеки залда тыныштық Естілмейді дыбыс түк Мұны біз қоштаймыз Капитандар сайысын бастаймыз. Капитандар ортаға шығады бір біріне сұрақ қояды.
«Миға шабуыл» сайысы
«Фигуралар» тобына сұрақтар 1. Үшбұрыштың бұрыштарының қосындысы 2. Қарсы катеттің гипотенузаға қатынасы 3. а-ны в-ға бөлгендегі нәтиже 4. Виет теоремасын тұжырымда 5. Дискриминанттың формуласы 6. 1т темір ауыр ма 1т мақта ауыр ма? 7. Sin 45 мәні
«Формулалар» тобына сұрақтар 1. Іргелес катеттің гипотенузасы қатынасы 2. Тікбұрыштың ауданын табу формуласы 3. Sin 30 (1\2) 4. Арифметикалық прогрессияның алғашқы n мүшесінің формулары 5. Тең бүйірлі үшбұрыштың төбесіндегі бұрыш 80 табандары (50) 6. a-ны в – ға көбейткенде нәтиже 7. Дискриминант 0-ге тең, неше түбір
Жүргізуші: - Көрермен! Жиналған бұл тамашаға - Құр қарап тым отыру жарасама ма? - Туыс, досқа, кластас – танысқа емес - Соқ қолыңды білімді жас талапқа! Әкесі де ұлдарының білімдісін қорғайды Жо – жоқ оның бөлгені емес Бар болғаны білім қусаң қуанады, қолдайды..
Ендігі сайысымыз «Сиқырлы сіріңке» сайысы деп аталады.
Бір шырпы қозғау арқылы теңдікті теңестір
Жауабы:
Екі шырпыны қозғау арқылы теңестір
Жауабы:
Бір шырпыны қозғау арқылы теңдікті теңестір
Жауабы:
4)Бір шырпыны қозғау арқылы теңдікті теңестір. Екі жауабы да болуы мүмкін
5)
Ойлан. Тап!
Фигуралар тобына
Формулалар тобына
Оқушылар ойланып, жауабын тапқанша көрермендерге де тапсырма беремін
Мына суретте неше айырмашылық бар?
«Мен суретшімін» сайысы
Бұл сайыста оқушылар өздерінің таңдап алынған карточкасындағы нүктелерді тақтада алдын ала дайындалып тұрған координаталық жазықтыққа белгілеу арқылы сурет шығарулары керек.