kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Таңғажайып елінде

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мен осы сабағымды 7-9 сыныптар аралығында өткіздім

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Таңғажайып елінде»

Сабақтың тақырыбы: «Таңғажайып елінде»

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды ұжымдыққа, бір мақсатқа жету үшін аянбай еңбек етуге, өнерді сүюге, логикалық ойлау қабілеттін, интелектісін дамыту.

Таңғажайып елінде сайысына 7-9 оқушылары қатысады.

Осы сайысымызда әділ – қазылар алқасын таңдап алайық

1.___________________________________________

2.___________________________________________

3.___________________________________________

Әр жауап 3-4-5 деген балдармен бағаланады.

3 топқа бөлу

  1. Математика «Пифагор»

  2. Физика «Архимед»

  3. Информатика «Паскаль»

1.Таныстыру топтар өздерін таныстырып өтеді.

2.Математика еліне саяхатқа шығамыз

Математика елінде 5 турдан тұратын тапсырмалар беріледі.

1 тур. Кім тапқыр

2 тур. Кім жүйрік

3 тур. Кім білгір

4 тур. Кім алғыр

5 тур. Кім епті

1 тур. Кім тапқыр турында әр топқа 1-40 санына дейін сандарды 1 минут ішінде тез және рет-ретімен көрсету керек.

2 тур. Кім жүйрік туында логикалық есептер беріледі сол есептерді ойланып және нақты жауап беру керек.

«Пифагор» тобына

1.Мектептегі «Кенгуру» жарысында Айнаш басынан санағанда, соңынан санағанда да 50-ші нәтиже көрсетті. Жарысқа неше оқушы қатысты (100)

2.Клубта 35 қатар бар. Әрбір қатарда 40 орын бар. 730-шы орын қай қатарда? (19қатар)

«Паскаль» тобына

1.Айман жанұясында папасы, мамасы және ағасы бар. Сонымен қатар олардың үйінде бір ит, екі мысық, екі тоты құс және төрт алтын балық бар. Осы үйде тұрып жатқандардың бәрін есептегенде аяқтарының саны қанша? (24)

2. 5-ке, 6-ға, 7-ге бөлінгенде 1 қалдығын беретін ең үлкен үш таңбалы санды тап. (841)

«Архимед» тобына

1.1-ден 100-ге дейінгі натурал сандардың көбейтіндісі неше нөлмен аяқталады. (20)

2.Әрбір 3 минутта Ернар 8 шарды үрлеп толтырды. Әрбір оныншы шарды үрлеп болғанда жарылып жатса, 2 сағатта неше шар үрленіп дайын болады? (240)

3 тур. Кім білгір турында жұмбақтар жасырылады.

«Пифагор» тобына

Санға қосып, алсаң,

Сол санның өзі шығады.

Санды оған бөлуге болмайтынын

Математиктер ұғады.

Көп адамдар сол санға,

Шекесінен қараған.

Сан өсін қақ бөлуге,

Сол саныңыз жараған. (нөл)

«Паскаль» тобына

Бүтін сан, бөлшек сандар,

Барлығы да бар онда.

Бұл қандай сан айтыңдаршы,

Оң, теріс сан бәрі осында. (натурал сандар)

«Архимед» тобына

Бұлбұлдың екі құлақ,1 бас бар,

Салдырған сегіз жерден таңбасы бар.

Бұлбұлды жолға салып айдағанда,

Салатын неше түрлі жорғасы бар. (домбыра)

4 тур. Кім алғыр Математикалық ребустар беріледі. Әрбір әріппен бір цифрды белгілейді. Ұқсас әріптерді сол бірдей цифрменен белгілейді. Анықтаңызшы осы жазбаны.

  1. АВ*А=CCC 37*3=111

  2. МННН-ККК=M 1000-999=1

  3. БББ-БББ=А 555-555=0

5 тур. Кім епті турында логикалық есептер беріледі осы логикалық сұрақтарға ойланып және нақты жауап беріңіздер.

«Пифагор» тобына

1.Бірнеше үйрек ұшып келеді. Біреуі алдында, екеуі артында, екеуі алдында, біреуі артында, біреуі екеуінің арасында. Қанша үйрек ұшып келеді? (3 үйрек)

2. Ұшақ бір қаладан екінші қалаға 1 сағатта 30 минутта ұшты. Ал қайтарда 90 минут ұшты. Бұл қалай? (екеуі тең)

3.Термометр аяз болғасын – үш градус көрсетіп тұр. Осындайекі термометр неше градус көрсетеді? (3 градус)

«Паскаль» тобына

1.Бес майшам (свечья) жанып тұр, оның 2 сөндірсек, неше майшам қалады?

(3 майшам)

2. Жаңадан туылған негір баласының тісінің (цветі) түсі қандай болады?

(тісі болмайды)

3. Ұзындығы 10 метр жіпті әр бөлігі 2 метр болу үшін неше рет қию керек? (4 рет)

«Архимед» тобына

1.Сағат түнгі 10-да жауын жауып тұрса, 24 сағаттан кейін күннің жарқырап тұруы мүмкін бе? (мүмкін емес)

2. Сол жақтан оқысан да, оң жактан оқысан да бірдей сан қайсы? (қырық)

3. Екі адам шахматты 2 сағат ойнады. Бір адам неше сағат ойнайды? (2 сағат)

Біздің қонақтарымыз математика елінен шығып информатика елінде саяхатын жалғастырады.

Информатика елінде 5 турдан тұратын тапсырмалар беріледі.

1 тур. Кім тапқыр

2 тур. Кім жүйрік

3 тур. Кім білгір

4 тур. Кім алғыр

5 тур. Кім епті

1 тур. Кім тапқыр

Paint графикалық редакторында сурет салу.

«Пифагор» тобына тапсырма: Ракета салу.

«Паскаль « тобына тапсырма: Робот салу.

«Архимед» тобына тапсырма: Юла салу.

2 тур. Кім жүйрік

«Пифагор» тобына

1.Дисплей басқаша қалай аталады? Жауабы: Монитор

2. Компьютердің миы және ең негізгі элементі не? Жауабы: Микропроцессор

«Паскаль « тобына

1. «Информатика» сөзі қандай тілден алынған және қандай мағына береді? (Жауабы: Латынның «Informatio» -ақпарат дегенді білдіреді.

2. Ресейде есеп шот қай ғасырда пайда болды? (Жауабы: 16-17 ғасырда)

«Архимед» тобына

1. Өшірілген файлдар қайда сақталады? Себет

2. Әлемдегі ең алғашқы жас программист кім? (Жауабы: Блез Паскаль).

3 тур. Кім білгір

«Пифагор» тобына

Ұзынтұра жалқаубек,

Тұрмай ылғи жатады.

Қозғала қалса артынан,

Ешбір белгі қалмайды. (Бос орын пернесі)

«Паскаль « тобына

Ақпаратты қағаздағы

Компьютерге енгізеді,

Егер білсең айта қойшы,

Бұл қандай құрылғы (Сканер)

«Архимед» тобына

Биологияда бұл паразит,

Көзге зорға көрінер.

Информатикада өлшем бірлік,

Ақпараттарды ол өлшер. (Бит)

4 тур. Кім алғыр «Пифагор» тобына

«Рaint графикалық редакторының терезесін ашып, үйдің суретін салып, оны сақтап, терезені жабыңыз» 2 минут

«Паскаль»тобына «Word мәтіндік редакторының терезесін ашып, бір шумақ өлең жазып, оны сақтап, терезені жабыңыз» 2 минут

«Архимед» тобына

«Power Paint терезесін ашып, сурет қойып оның үстіне бір шумақ өлең енгізіп, оны сақтап, терезесін жабыңыз» 2 минут

5 тур. Кім епті Бұл кезеңде берілген суреттерден 10 айырмашылықты 1 минут ішінде табу қажет.

Біздің қонақтарымыз информатика елінен шығып физика елінде саяхатын жалғастырады.

Информатика елінде 5 турдан тұратын тапсырмалар беріледі.

1 тур. Кім тапқыр

2 тур. Кім жүйрік

3 тур. Кім білгір

4 тур. Кім алғыр

5 тур. Кім епті

1 тур. Кім тапқыр «Пифагор» тобына

№1 тәжірибе: Стаканның ¾ бөлігіне қайнатылған суық су құямыз, оған қант саламыз. Оған қою шай құямыз. Қою шай мен қайнатылған су неге араласпайды?

Жауабы: (тәтті сумен таза судың тығыздықтары бірдей емес. Сондықтан олардың арасында араласу қиындау.)

«Паскаль»тобына №2 тәжірибе: Минералды су, мейіз түйіршіктері, стакан берілген. Стаканға минералды суды құйып, оған мейіз түйіршіктерін саламыз. 1-3 минуттан соң, стакан ішіндегі мейіздердің қозғалғанын байқаймыз. Ол не себепті қозғалды?

( Жауабы: Себебі, минералды су газдалған. Газдалған судағы газ бөлшектері жоғары қарай көтеріледі. Сол кезде мейіздер қозғалысқа келеді)

«Архимед» тобына №3 тәжірибе: Суы бар стаканға жарты шай қасық сірке(уксус) қосып араластырыңдар. Сонан соң ерітіндіге жарты шай қасық сода салыңдар. Қандай құбылысты байқадыңдар?

Жауабы: (Температура артқан кезде молекулалардың ретсіз қозғалысын, үздіксіз қозғалысын осылай байқауға болады. Неғұрлым температура жоғарлаған сайын, молкулалар мен атомдардың жылдамдығы соғұрлым жылдам қозғалады)

2 тур. Кім жүйрік «Пифагор» тобына

Найзағай

Бұлтты аспанның жүзінде,

Найзағай неге ойнайды!

Байқап тұрсаң түбінде

Жаңбыр жаумай қоймайды.

Жауабы:

От ойнатқан бұлтты аcпан жүзінен,

Разряд - әр текті, зарядтардан түзілген.

Күркіреген көк те тынбай гүрілдеп

Ашылады күн шыққан соң күлімдеп

«Паскаль»тобына

Қайнау:

Отта тұрған шәйнекте,

Су неліктен қайнайды?

Бұрқ – сарқ етіп тездете

«Қайнадым» - деп тасиды

Жауабы: Қайнау – деген сұйықтың булануы,

Көріп жүрміз қайнаған судан мұны.

Қайнар кезде ызылдап, шу шығарар,

Көпіршіктің жарылысынан туған үні.

«Архимед» тобына

Дыбыс

Дыбыс қалай шығады?

Домбыраны тартқанда.

Бұралса дұрыс құлағы

Шырқалмай әуен жатқан ба!

Жауабы: Домбыраның дыбысын шығаратын

Қос ішектің ырғақты тербелісі,

Шанағы оның кәдімгідей резонатор

Ойлап тапқан бабаларымыз зерделесін

3 тур. Кім білгір «Пифагор» тобына

1. Қозғалысқа келтіріп

    Жылдамдығын береді

    Өлшемдерін қарасаң

    Ньютонға ол келеді  (күш)

2. 10.Өзі затты құрайды

    Теңесуге таразыны сұрайды (Масса)

«Паскаль»тобына

1. Аса қажет өмірге халық үшін

    Пайдаланамын күн сайын  жарық үшін (Ток)

2 . Мұз жарғыш жүзіп келеді

    Бауыры қызып келеді

    Абайла ойып түсер

    Ондайлар бұзық келер.  (үтік)

«Архимед» тобына

1. Тіршіліктің қамы үшін

      Жоқшылықты түзейді

      Егер іскер жан үшін

      Жоқшылықты тежейді. ( Жауабы: Жұмыс)

2.Құйрығы інге кірсе бетіөртенген.

    Ішегіне ішегі тисе қатер төнген.  

( Жауабы: Электр пеші)

4 тур. Кім алғыр Құралдардың атауы мен қызметін айту.

«Пифагор» тобына тапсырма: «Динамометр»

«Паскаль « тобына тапсырма: «Таразы»

«Архимед» тобына тапсырма: «Электроскоп»

5 тур. Кім епті Сәйкестендір

Fa=mg Спидометр

u=s/t Динамометр

Күштің өлшем

бірілігі Паскаль

Қысымның өлшем

бірілігі Ньютон

Күшті өлшейтін

құрал Жылдамдық

Дененің жылдамдығын

өлшейтін құрал Ауырлық күші

Қорытындылау: әділ – қазылар алқасы турлар бойынша ұпайларын айтады.
















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Математика

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 8 класс

Скачать
Таңғажайып елінде

Автор: Алиева Гульжанай Буртебаевна

Дата: 04.02.2019

Номер свидетельства: 498317

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(46) "Тіл дамыту. Ертегі елінде"
    ["seo_title"] => string(26) "tildamytuiertieghiielindie"
    ["file_id"] => string(6) "309347"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1458795145"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(47) "Астана - Еуразия ж?регінде"
    ["seo_title"] => string(30) "astana-ieuraziia-zhurieghindie"
    ["file_id"] => string(6) "324252"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1462382556"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(50) "«Ертегілер елінде қонақта»"
    ["seo_title"] => string(32) "iertieghilier_ielindie_k_onak_ta"
    ["file_id"] => string(6) "427713"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1504981641"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(72) "«Тарихы сырлы ертеңі,нұрлы ғажайып ел »"
    ["seo_title"] => string(44) "tarikhy_syrly_iertien_i_nu_rly_g_azhaiyp_iel"
    ["file_id"] => string(6) "408764"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1492008328"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(76) "открытый урок на тему:  "Ертегілер" елінде "
    ["seo_title"] => string(45) "otkrytyi-urok-na-tiemu-iertieghilier-ielindie"
    ["file_id"] => string(6) "171069"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1423638896"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства