Просмотр содержимого документа
«"Математика-ғылымдар патшасы"»
Глубокое ауданы
«Переваловка орта мектебі»КММ
Математика-ғылымдар патшасы
Сыныптан тыс сайыс сабағы
8-10-сыныптар
Өткізген:Бикенова Н.Б.
2017 жыл
Сабақтың тақырыбы:«Математика – ғылымдар патшасы»
Сабақтың түрі:Сыныптан тыс математикалық сайыс сабағы
Сабақтың мақсаты:
Оқушының ойлау қабілетін,тапқырлығын,жылдамдығын арттыру;
Ой-өрісін кеңейтуге дағдыландыру
Математикалық сұрақтарға мәдени түрде жауап беру,қарым-қатынасты дамыту;
Сабақтың жоспары:
Ұйымдастыру
Үй тапсырмасы
Білімділік сайысы
Зеректілік сайысы
«Жалғасын тап»
Математикалық терминдер сайысы
Бәйге
«Ойлан,тап!»
Капитандар сайысы
10.Қорытынды
Жүргізуші:
Армысыздар осында жиналғандар
Сіздерді қызықтырар небір сыр бар
Рұқсат берсе біздерге көрермендер
Кешімізді басталық қатысушылар
Ешқайсысы онсыз өмір сүре алмас
Өмірдегі құбылыстарды ол болмаса біле алмас
«Бекзадасы,әрі қызметшісі» бәрінің
Математикамен жоқ ешкімде талас
Құрметті ұстаздар мен оқушылар,бүгінгі білімді жастарды анықтайтын,білімге деген қызығушылығын арттыратын 8,9,10-сыныптар арасында өткізілетін «Математика-ғылымдар патшасы» атты математикалық кешімізге қош келіпсіздер!
Математика сырлары
Қызықтырды біздерді
Ойынға бірге қатысуға
Шақырамыз сіздерді,-
Дей отырып,сайыскерлеріміздің бүгіггі білімі мен өнеріне баға беретін әділқазылар алқасымен таныстырып өтейін:
-
-
1.Үй тапсырмасы
Әр топ өздерінің аттарын,эмблемаларын,ұрандарын айтып таныстырады
Әр топ тапсырмаларды орындағанша көрермендермен ойын ойнаймыз.(1 – 20-ға дейінгі сандарды 30 секунд ішінде табу керек)
3.
-Ойланайық азырақ
Уақытыңды үнемдеп
Кім шығады кәнеки
Жауабын мен білем деп,- деп келесі турымыз «Зеректілік»
Плакатқа 24 түрлі суреттер салынған.Сол суреттерге 30 секунд қарап алып,1 минут ішінде қай топ көп суретті еске сақтап жазады.
4.
-Басталық ақыл-ойдың дара кешін
Халайық сіздер бізге жақын келші
Математика ғылымына ұмтылғандар
Сен егер кім екенін білгің келсе,- дегендей келесі кезекте «Жалғасын тап» сайысымыз.
1.Жетіге келгенше,(жерден жеті таяқ жерсің)
2.Қырықта қылаң,(елуде елес)
3.Болар бала,(жеті жастан бас болар)
4.Мың досың болса да,(біреуі жетпей тұрады)
5.Отыз күн ойын,(қырық күн тойы)
6.Он мың сөздің түйінін,(он сөзбен шеш)
7.Екі тілді адам,(екі адам)
8.Бір күндік жолға шықсаң,(үш күндік азық ал)
9.Отыз күн оразаның,(бір күн айты бар)
10.Жүзден біреу шешен,(мыңнан біреу көсем)
5.Математикалық терминдер сайысы
Бұл сайыста барлық топқа бірдей бір математикалық термин беріледі.Сөз қай әріппен аяқталса,келесі сөз сол әріппен басталуы керек.1 минут уақыт беріледі.Қай топ көп жазса,ұпай саны көп болады.
6.
-2030-дың бағдарлы биігі
Білімнің еншісі мұны әркім біледі
Сондықтан,достар-ау дарынды қайрайық
Алынбас қамал жоқ шындайық жігерді
Әр топқа 10 сұрақтан қойылады.Егер топ мүшелері білмесе,қол көтеріп басқа топ жауап беруге болады.
7.
Ойнайық,ойлайық та ойнайық
Қатардан артта қалып қоймайық
Белсенді болайық ортада
Уақытты тектен-текке жоймайық,- деп келесі кезекті «Ойлан,тап!» сайысына берейік.
Математикалық амалдарды орындай отырып,берілген есептің қатесін тауып алу керек.
8.
Білмеймін деп қысылма
Талабың болса бойыңда
Өнерлінің ырысы
Жарқырап жатыр жолында
Ендігі соңғы сайысымыз топ басшыларына арналады «Математиканың қажеті бар,қажеті жоқ» пікір сайысы.