Просмотр содержимого документа
«Математика ғажайып әлем»
Тақырыбы: Математика ғажайып әлем
Мақсаты: Есептеу дағдыларын дамыту барысында қоршаған орта, әсіресе басқа планеталар жайында білімдерін толықтыру, Математикаға деген қызығушылығын ояту, оқушылардың шығармашылық, интеллектуалдық қабілеттерін арттыру.
Көрнекілігі: жеке карточкалар, ғарыш картасы, кесте, сөзжұмбақ,
мақал-мәтел
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
-сыныптармен таныстыру;
- Тақырып пен мақсатты хабарлау;
Оқушыларды топтарға бөлу.
ІІ. Психологиялық дайындық
Есептеуге жүйрік болсаң жасыңнан,
Математикаға орын берсең басыңнан
Барлық ғылым саған үйір болады.
Досың солар табылатын қасыңнан-дегендей қазір бізде математика сабағы. Бүгінгі сабағымыз бұрынғыдан ерекше , себебі бұл ғарышқа саяхат сабағы.
ІІІ. Ой қозғау.
Ғарыш дегенде ойымызға не келеді?
ғарышкер, әлем, байқоңыр, планета, кеме,жұлдыз
(кеме құрастыру)
Ғарышқа саяхат жасау ұшу үшін ең алдымен бізге кеме құрастырып алу керек. Ендеше логикалық тапсырмалараға жауап берейік. Әр жауапқа 1 ұпай
Көшеде төрт қыз Әйгерім, Динара, Гүлсім және Назерке әңгімелесіп тұр. Жасыл көйлектегі қыз (Әйгерім мен Динара емес) көк көйлектегі қыз бен Назеркенің арасында тұр. Ақ көйлекті қыз қызыл көйлекті қыз бен Динараның арасында тұр. Қыздардың әрқайсысы қандай көйлек киген?
Киноға билет алу үшін Нұрлан, Мақсат, Қанат, Омар және Асан кезекте тұр. Нұрланның билетті Мақсаттан бұрын, бірақ Асаннан кейін алатыны белгілі: Қанат пен Асан қатар тұрған жоқ, ал Омар Асанмен, Нұрланмен, Қанатпен қатар тұрған жоқ . кім кімнен кейін тұр?
Үш дос: Әуез, Елнар және Мырзатай бір сыныпта оқиды. Олардың біреуі мектептен үйіне автобуспен, біреуі – трамваймен және біреуі троллейбуспен қатынайды. Бір күні сабақтан соң Әуез досын автобуспен аялдамасына дейін шығарып салды. Қастарынан бтроллейбус өтіп бара жатқанда, үшінші досы терезеден: «Елнар, сен мектепке дәптеріңді ұмытып кетіпсің!» - деп айқалайды. Кім үйіне немен барады?
Бір мектепте үш дос: дәрігер, мұғалім, ақын. Олардың фамилиялары: Боранбаев, Имашев, Саматов. Дәрігердің інісі де қарынэдасы да жоқ, ол достарының ішіндегі ең кішісі. Саматов мұғалімнен үлкен және Боранбаевтың қарындасына үйленген. Дәрігердің, мұғалімнің, ақынның фамилияларын атаңдар.
Бөтелкеде,сақанда, құмырада және банкіде сүт, лимонад, квас және су бар. Су мен сүт бөтелкеде емес екендігі белгілі, лимонад құйылған ыдыс құмыра мен квас құйылған ыдыстың арасында тұр, банкідегі лимонад та, су да емес. Сұйықтардың әрқайсысы қандай ыдысқа құйылған?
Жауаптары
1. Әйгерім – ақ, Динара – көк, Гүлсім – жасыл, Назерке – қызыл көйлекте.
4. Имашев – дәрігер, Боранбаев – мұғалім, Саматов – ақын.
5. Сүт – құмырада, лимонад – бөтелкеде, квас – банкіде, су – стаканда .
ҮІ. Зерттеу обьектісі
Күн жүйесі. Әр планетаның тапсырмасы бар. Ол үшін сендер білімдеріңді ортаға салуларың керек. Содан кейін зерттеу нәтижесін шығаруға болады.
Күн жүйесінің тапсырмасы: Алгебралық тапсырма
А денгей әр тапсырмаға 1 ұпай
б
функциясының графигін салыңдар.
В денгей әр тапсырмаға 2 ұпай
Өрнектің мәнін табыңдар.
Функцияның анықталу облысын табыңдар.
С денгей әр тапсырмаға 3 ұпайдан
Теңдеуді шешіңдер
Қабырғалары 5а және 8а болатын екі шаршы берілген. Ауданы берілген екі шаршының аудандарының қосындысына тең болатын үшінші шаршының қабырғасының ұзындығын табыңдар.
Күн жүйесі жайында мәлімет. Айтылады.
Күн-9 ірі планетадан тұрады. К.н бір қарағанда тегіс дөңгелек тәрізді. Бірақ үлкейген сайын оның лаулап жанып тұрған газды шар екенін білеміз. Күн сәулесінсіз және жылуынсыз біздің планета жүйеміз қараңғы және суық болар еді, ал жер бетінде тіршілік болмас еді. Күн мен Жердің ара қашықтығы 150млн.км. Күннің диаметрі 1, 400000 км. Күн Жерден соншалықты алыс оған дейін реактивті самалетпен ұшу 17 жылға созылар еді.
Ү. «Кім тапқыр» ойыны. Келесі планетаның тапсырмасы:
Теңдік тура болатындай етіп амалдар таңбасын және жақшаларды қой.
77777 = 147
88888 =95
99+99 =198
55555=20
Жауаптары
77+77-7 = 147
(88+8)- (8:8) =95
99+99 =198
(5х5) х (5:5)-5=20
Меркурий-бұл Күнге ең жақын және ең кіші планета. Ол өз білігінен толық бір рет 88 күнде айналады. Оның массасы Жердің массасынан 20 есе аз. Меркурий планетасында атмосфера жоқ. Ол Күнге өте жақын орналасқандықтан оның күндізгі температурасы 500о С, ал, түнде ол 1800С дейін суыиды.
ҮІ. Келесі Марс планетасының тапсырмасы.
Әртүрлі тәсілмен шығар:
Марс планетасна экспедиция ұйымдастыру үшін ғарышкерлерге 1 жылға 1 адамға 350 кг оттегі, 3т су және 390 кг тағам қажет екен. Біздің экипаж құрамына 1 жылға қанша оттегі, тағам және су қажет екенін есептеп шығар.
І. (350+3000+390)х6=22т 440кг
ІІ. 350 х 6 +3000х6 +390х6=22440кг=22т 440кг
2) Күннен Плутонға дейінгі 5 912 100 км-ді өту үшін Күн сәулесі 300 000 км/с жылдамдықпен қанша уақыт жұмсайды?
5912100 : 300000= 19707
Марс- Жер планетасына көршілес орналасқан. Ол ең суық тасты планета. Ол жерден көлемі бойынша 2 есе, массасы бойынша 9 есе кіші. Оны бетін қызғылт татты шаң басқан.
VIIБой сергіту сәті. Қызықты есептер.
1. Жеті ағайынды ұлдың 1-1-ден қарындасы бар. Жанұяда барлығы неше адам бар? (8)
2. Екі қайың өсіп тұр, әр ағашта 2 бұтақ, әр бұтақта 2 алмұрт өсіп тұр. Барлығы неше алмұрт? (қайыңда алмұрт өспейді)
3. Өзінен-өзі айналып тұратын бір алып шарды ешкім де тоқтата алмайды. Ол қандай шар? (жер шары)
4. Екі адам тоғыз құмалақ ойының 2 сағ ойнады. Әрқайсысы неше сағат ойнады? (2 сағат)
5. Мен үштаңбалы саннан екі таңбалы санды азайтқанда 1 қалды. Азайғыш пен азайтқышты тап. (100-99)
6. Қандай санның қосындысы мен көбейтіндісі өзара тең? 2х2 2+2
7. Қандай сан оңынан да солынан да бірдей оқылады? (қырық)
8. Барша тіршілік дүниесі үшін теңдесі жоқ жомарт планетаның аты? (жер)
9. Алма ағашта 10 алма, ал теректе 2-і артық. Барлығы қанша алма? (10)
10. 1 кг мақта ауыр ма, 1 кг темір ауыр ма? (бірдей)
Венера- Шолпан Күннен 2-ші болып орналасқан. Ол ең жарық планета. Көлемі және салмағы бойынша Жер планетасына ұқсас. Оның атмосферасы тығыз және улы. Ауа- райы бір қалыпты, өзгермейді. Үнемі күкірт-қышқыл жаңбыры жауып тұрады. Өз білігінен 240 тәулікте толық бір рет айналып шығады.
VIII Жұппен жұмыс Юпитер планетасы туралы мәлімет.
Юпитер-Күн жүйесінің ең ірі планетасы. Ол Жерден 10 есе үлкен. Күннен алыс қашықтықта болғандықтан ондағы температура 1400С жетеді. Өз білігінен тез, яғни 10 сағатта бір рет айналып өтеді. Юпитер Күн сияқты газдан тұрады. Желдің жылдамдығы 100 км/сағ.
Трапеция орта сызығы..............................................................................................
Трпеция орта сызығы табандарына паралелль және......................................
Сатурн-көлемі бойынша Күн жүйесінің екінші планетасы. Басқалардан ашық түсті дөңгелекпен қоршалғанымен ерекшеленеді. Ол да Юпитер тәрізді өз білігінен 10 сағатта толық бір рет айналады және газдан тұрады.
X «Кім шапшаң» ойыны. Келесі планетаның тапсырмасы.
Байырғы есептер
«Балық» есебі. Балықтың ұзындығы 30 қарыс. Басының тұрқы кұйрығының ұзындығына тең. Егер басы екі есе ұзарса, онда басы мен құйрығының ұзындығының қосындысы қара кесек етінің ұзындығына тең болар еді. Балық басының құйрығының және қара етінің ұзындығын табу керек. Балық жеген тоқ болар, әл-дермені жоқ болар. Балық торсылдағы не үшін керек?
Жауабы. 6 қарыс. Шешуі. Балық басының ұзындығын құйрығына тең деп, екеуінің қосындысын 2х десек, есептің бірінші шарты бойынша, балықтың қара кесек еті 30-2х болады. Есептің кейінгі шарты бойынша 2х+х. Демек, 30-2х=2х+х. Бұдан х=6 (қарыс) Қарыс бас бармақ пен шынашықтың керіп ұстаған арасы.
« Қыңырдың жасы » есебі. Есепке құмар бір кісі қыңырдан жасың нешеде?- деп сұрапты. Сонда ол: - Менің 3 жылдан кейінгі жасымды үш еселесеңіз, содан соң 3 жыл бұрынғы жасымды үш еселеңіз. Алғашқы көбейтіндіден соңғы нәтижені шегеріңіз. Сонда менің жасымды табасыз. Ол кісі нешеде? Жетесінде жоқ, Жете сыйламайды. Жауабы. Жасы 18-де. Шешуі. Қыңырдың қазіргі жасын х деп алайық, сонда есеп шарты бойынша 3*(х+3)-3*(х-3)=Зх+9-Зх+9=18. Тексеруі. 18+3=21; 18-3=15; 21*3-3*15=63-45=18.
Уран- мұзды планета, Күнге дейінгі ара қашықтығы 2871 км. Өз білігінен 84 жылда 1 рет толық айналады. Шолпан тәрізді тіл сағаты сияқты емес қарама-қарсы бағытта айналады. Температурасы 1290 С, себебі ол жылу мен жарықты Жерден 370 есе аз алады.
XI Дұрыс жауапты таңда. теңдеуді шешіп, сәйкесін тап
Нептун деген сөз шығады.
Жауаптары
1;-1
2;-2
Жауаптары
т
п
Нептун- ірі планеталардың бірі. Өз білігінен тез айналады, яғни 16 сағ. Бұл мұзды, қара-көк шар. Үстіңгі қабатында түрлі бағытта өте үлкен жылдамдықпен жылжитын бұлттар бар. Желдің жылдамдығы 1000км/сағ.. Күннен жылу Жерден 900 есе аз алады.
XI Сөзжұмбақ.
Тігінен:
1. Жердің өз білігінен толық бір рет айналу уақыты (тәулік)
2. Жердің Күнді бір рет толық айналып шығу уақыты? (жыл)
3. Жер серігі? (ай)
Көлдененінен
1. Ең жарық жұлдыз? (Темірқазық)
2. Жердің кішірейтілген моделі (глобус)
3. Глобус бетінің 4/1 бөлігін алып жатқан не? (су)
4. Күнге ең жақын планета? (Меркурий)
5. Адамдар тіршілік ететін планета (Жер)
6. Қазақстандық тұңғыш ғарышкер (Әубәкіров)
Плутон- Жерге қарағанда Күннен 40 есе алыс. Көлемі айдан, жерден кіші. Бұл планета 1930 жылы ашылды. Оның диаметрі 2400 км.
XII Логикалық тапсырмалар.
Жер планетасы- бұл ерекше планета. Ол біздің үйіміз. Онда ауа бар және су көп. Бұл барлық тіршіліктің негізі. Жер тіршілік бар жалғыз планета.
10 литрлік бөшкеде су бар және 7 литрлік, 2 литрлік бос ыдыстар бар. Екі ыдысқа 5 литрден суды қалай тең бөлуге болады?
Шешімі: 10-7=3 7-2=5 2+3=5
Тоғыз литрлік және төрт литрлік екі ыдыс берілген. Осы ыдыстардың көмегімен бактан алты литр суды қалай алуға болады? (суды бакқа қайта құюға болады)
Шешімі: 9-4-4=1 9-4=5 5+1=6
. 3. 3728954106 санының цифрларынан 3 цифрді өшіріп және қалған цифрлардың орнын сақтап, ең кіші санды табыңыз. Шешімі:3,7,9 деген цифрларды алып тастасақ. 2854106 шығады.
1-ден 81-ге дейінгі барлық натурал сандардың көбейтіндісі қандай цифрға аяқталады? Шешімі: 0-ге, себебі кез келген санды 0 цифрымен аяқталатын санға көбейткенде, 0-ге аяқталатын сан шығады.
Қорытынды.
Бағалау. «Бүгінгі сабақтан қандай әсер алдым?»
Не ұнады?
Бүгінгі сабақта менің қолымнан не келді?
Ой қозғау сұрақтарына жауап беру сәті
«Кеме құрастыру» бөлімі
Кім тапқыр?
І топтың
Меркурий планетасының тапсырмаларын орындау сәтінен