kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Конференция по математике

Нажмите, чтобы узнать подробности

Материал для математической конференции, казахстанские математики.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Конференция по математике»

Конференция


Ғылыми конференцияның мақсаты: Оқушылардың бойына білімділік, дамытушылық, тәрбиелік бағытта тәлім беру мен қатар ауыл арасынан шыққан қазақ азаматтарының тұлғасымен таныстыру,олардың еңбекқорлығын, білімге деген құштарлығын, дарынын студенттерге үлгі ету.

Ғылыми конференцияның міндеттері:

-Оқушылардың қазақ халқынан шыққан атақты математиктер туралы білімдерін тереңдетіп, математикадан алған білімдерін жетілдіруге қызығушылықтарын арттыру;

-Оқушыларды ғылыми жоба жарыстарына араластыра отырып, жеке тұлғаны оқушыларға таныстыру;

-Оқушыларды өзін-өзі дамытуға, өз жұмыстарын дұрыс ұйымдастыруға, оқушылардың ойлау қабілетін дамыта отырып, шығармашылықпен еңбек етуге тәрбиелеу.

Ғылыми конференция

«Әлемді дүр сілкіндірген ауыл қазағы»

Ермеков Әлімхан Әбеуұлы (1891-1970) Жезқазған облысы, Ақтоғай ауданы, Беріктас деген жерде өмірге келді. Әкесі Әбеу халқына қадірлі, озық ойлы, орысша сауаты бар, өз дәуіріндегі зиялылардың бірі. Ол 1911 жылы қайтыс болған. Әлімхан 1899 жылы Қарқаралыдағы қалалық училищеге оқуға түседі. Мектепті үздік бітірген Әлімханды әкесі 1906 жылы Семейдегі ерлер гимназиясына әкеліп түсіреді. Оны Әлімхан 1912 жылы алтын медальмен бітірді де, осы жылы Том технологиялық институтының тау-кен факультетіне конкурссыз қабылданады. Бірақ оны түрлі жағдайларға байланысты 1923 жылы ғана бітірді. Зеректігі мен алғырлығы оған математиканы өз бетінше меңгеруге мүмкіндік берді. Математика ғылымы бойынша қазақтан шыққан тұңғыш профессор да атанды.

Университетте оқып жүргенде-ақ озық ойлы, орыстың белгілі саяхатшысы, Шоқын Уәлихановтың досы Г.Н.Потанинмен, орыс жазушылары В.Я.Шишковпен, В.М.Бахметьевпен, революционер Бауэрмен таныс болды. Олар Әлімханның саяси көзқарасының қалыптасуына ықпал етті. Алашорда басшылары Әлихан Бөкейханов, Халел Ғаббасовтармен пікірлес болды. Қазақ республикасын құру мен оның территориялық шекарасын белгілеуде зор еңбек сіңірген қоғам қайраткері ғана емес, жастарға білім беруге жан-тәнімен берілген ұлағатты ұстаз. 1921 жылы Ермеков туған жері Қарқаралыға келіп екі басқышты мектеп ашады. Қарқаралы – Ұлытау, Баян өлкесінің жастарына өнер-білім алуға ұйытқы болады. Қызыларай өңірінде бастауыш

мектептер ашты. Бұдан кейін әртүрлі жауапты қызметтерде болады. 1926 жылы Ташкентте тұңғыш қазақ педагогика институты ашылғанда, оған Ә.Ермеков алдырылып, математикадан сабақ бергізген институт ректоры Т.Жүргеновпен дос болады. Олар институтты Алматыға ауыстырады. Ол Қазақ Мемлекеттік университеті болып қайта құрылды. Бұдан кейін де бірнеше оқу орнының ашылуына себін тигізіп, онда математикадан сабақтар береді. 1935 жылы Қызылордадан көлемі 10 баспа табақ “Ұлы математика курсын” бастырып шығарды. Бұл – қазақ тілінде тұңғыш жазылған жоғары математика оқулығы. Қазіргі аналитикалық геометрияның, анықтауыштар теориясының көптеген атауларын Ә.Ермеков ұсынған. Кітабында бірінші рет эф, икс, вэ әріптерін пайдаланды. Бұл ойын ол 1930 жылдары Жаңа әліп отырымында талай айтқанды. 1935 және 1936 жылдары математикалық сөздерді де жинақтап, басып шығарды. 1992 жылы 10 сәуірде Қазақстан Ұлттық Ғылым Академиясында Ә.Ермековтың туғанына 100 жыл толғанына орай ғылыми конференция болып өтті. Онда профессор Дәулет Үмбетжанұлы “Ә.Ермековтың өмір жолы” атты кең көлемді баяндама жасады. Кейін ол Академия “Хабаршысына ” басылды. Сондай-ақ, осы жолдың авторы “Қазақтың ғылыми математикалық терминологиясының бастауында – профессор Ә.Ә.Ермеков” деген тақырыпта баяндама жасады.

Ә.Ермеков 1938 жылдың ақпанынан бастап 17 наурызына дейінгі аралықта Куйбышев қаласындағы жоспарлау институтының математика кафедрасының

меңгерушісі болып істеді. Жалақорлардың жазған бірнеше арызынан кейін, әскери трибунал Ә.Ермековты 10 жылға

түрмеге қамады. Одан 1947 жылдың басында босанды. 1947 жылдың 15 тамызынан Шымкент технологиялық институты математика кафедрасының меңгерушісі болып ұстаздығын

қайта жалғастырды. Қаламын қолына алып, терминология мәселесін қайта қозғады. Амал не, осы жылы түрмеге қамалып, одан 1955 жылы босанып, 1957 толық ақталды. Осыдан кейін ол Қарағандыға қоныс аударып, Қарағанды тау-кен институтында қызмет істеді. Математиканы білмейтіндерге екіден басқа баға қоймайтын турашыл азамат әйелі Рахила 1960 жылы қайтыс болды. Өз қолымен толтырған құжаттарында орыс, латын, ағылшын, француз, неміс және итальян тілдерінде еркін сөйлейтіндігін жазған. Мұны біз өз оқулығында берген түсініктемелерінен де байқаймыз. Ә.Ермековтың жалғыз ұлы Мағауия – профессор, геология-минерология ғылымының докторы, Қазақстан Ұлттық Ғылым Академиясының корреспондент мүшесі, ал қызы Раушан – инженер, Бакуде тұрады, ағасының баласы Мүсілім – ауылшаруашылық ғылымдарының докторы, Қазақстан ҰҒА корреспондент мүшесі, ал қарындасы Бопан ғылым кандидаты, доцент. С.Торайғыров “Таныстыру” деген ертеде шығарған бір өлеңінде Ә.Ермековты жақсы сипаттайды.

“Оқу және әдістемелік әдебиеттері жөніндегі Республикалық баспа кабинеті” проф. Әбеуұлы Әлімханның “Ұлы математика курсын ” 1955 жылы қайта басып шығарды.

Ақбергенов Ибатулла (1907-1938) – қазақ математигі, физика-математика ғылымдарының Қазақстаннан шыққан тұңғыш кандидаты. Шымкент облысының (қазірғі Оңтүстік Қазақстан облысының) Созақ ауданында туған. 1934 жылы Ташкенттегі Орта Азия университетінің физика-математика факультетін бітіріп, осы жылы Ленинградтың мемлекеттік университетіне аспирантураға түсті. Қырықыншы жылдардың орта тұсында қалыпты емес экстремумдық есептерді дүниежүзінде бірінші рет кейін академик атанған Л.В.Канторович қарастырғаны аян. Бұл есептер материалдарды пішу, станоктардың жұмыс уақытын тиімді пайдалану, жүкті тиімді тасу мәселелерімен байланысты болды. Математиктер арасындағы бірден-бір Нобельдік және Лениндік сыйлықтың жүлдегері Л.В.Канторовичпен бірге зерттеулер жүргізген И.Ақбергеновтың Фредгольм қатарын зерттеудегі ғылыми еңбектері Волгоград су электр станциясын салуда пацдаланылды. Волганы бөгегенде, оның табанына салынатын тіреулер қалай құйылса, мықты болады деген сұраулар құрылысшыларды да, математиктерді де, физиктерді де, су мамандарын да ойлантты. Оның жауабын И.Ақбергенов теориясын берді. Тіреу негіздері призматоид, түрі трапецоид болуы тиіс және ол кіші табанымен орналасуы қажет деді. Теорияның дұрыстығын бүгінгі күнге дейін қалтықсыз жұмыс істеп тұрған станция дәлелдейді. Сөйтіп, Ибатулла математика теориясын өмірмен байланыстырып, оның қолданыс аясын кеңейтіп, өзіне өшпес құлпытас орнатты. Мұндай ойға ол, жетекшісі Л.В.Канторовичпен бірге келді, өйткені бұл тұста ол Ленинградтың өндіріс құрылыстары инженерлер институтында да сабақ беретін.

И.Ақбергенов – математикалық съезге қатысушы тұңғыш қазақ. Ол съезде «Фредгольмнің 2-ретті интегралдық теңдеуін E.Nistory әдісімен жуықтап есептеуде кеткен

қателіктерді бағалау туралы» деген тақырыпта баяндама жасап, математиктер қауымынан қолдау тапты. Ол туралы «Труды 2-го Всесоюзного математического съезда» (1934) жинағынан оқуға болады. Мәселені тереңірек зерттеп, Л.В.Канторович және басқа да математиктердің оң қолдауын алғаннан кейін, Ибатулла екінші рет шынайы математик екендігін көрсетіп, баспа ретінде Шолпандай жарқ ете қалды. Оның айқын куәсі – осы, 1935 жылы жариялаған еңбегімен, Ленинградта жарық көрген авторефераты. «Фредгольмнің 2-ретті интегралдық теңдеуін жуықтап шешу және оның меншікті мәндерін анықтау» деп аталатын терең ойлы зерттеуі «Математикалық жинақтың» 42томының 679-697 беттерінде баяндалды. Сөйтіп ол халқының сенімін ақтап, 1935 жылы Ленинградта Л.В.Канторович жетекшілігімен «Интегралдық теңдеулердің екінші түрін шешу тәсілдері» деген тақырыпта диссертациясын қорғап шықты, физика-математика ғылымдарының кандидаты атанды. Бұл оны Совет Одағында математикалық жуықтап шешу және сандық тәсілдердің негізін қалаушылардың қатарына қосады. Ибатулла өзі оқыған университеттен байланысын үзбей, жерлестері Әлімхан Ермековпен, Райымжан Бөкейхановпен, Т.Н.Қараниязұлымен, ұстазы всеволод Романовскиймен талай сыр шертісті. Әсіресе Ленинград университетінің түлегі, Орта Азия университетінде қызмет істейтін, интегралдық теңдеулермен айналысып, сандық және жуықтап есептеу тәсіліне қызығатын, кейін Өзбек ССР

Ғылым академиясының корреспондент мүшесі атанған жерлесі Костямен (Аржанных Иван Семеновичпен) талай таласқа түскенде оған дес бермейтін. Неге десең, математикаға жүйрік, орысша мен немісшеге судай болатын.

Қазақ мемлекеттік университетінде математикалық анализден, Лобачевский геометриясынан дәрістер оқып, кафедра меңгерушісі болғанда Иван Семеновичке көз етіп,

«Фредгольмнің сызықтық интегралдық теңдеуін жуықтап шешу және оның меншікті мәндерін анықтау туралы» сапалы табысын Орта Азия мемлекеттік университетінің майталман математик профессорларымен жарыстыра жариялады. Оны біз «Труды Средне-Азиатского Университета, Математика (5), 16 (1937), 49» атты жинақтан оқыдық. Бұл оның математикадағы сүбелі үлесі еді. Тарих ирелеңі Ибатулланы қыршындай қиып кетті. Әйтпесе, әл-Фараби, әл-Жауһари, әл-Құсшы, әл-Бозжани, Дабыс Тайманов сынды жарық жұлдыздармен әлем тарихында тұрмасына кім кепілдік бере алады. Қырғын жылдары өзбектер оқығандарының мойнына қыл шылбыр салдырмаған. Біздер босақ ше?! Ақыры, әлдебір себептерден, Ибатулла да о дүниеге аттанды. Бұл Сәкен Сейфуллин сынды қазақтың ардагерлерін жұтқан барыс жылы еді. Ибатулла –мешін жылы туған. Осыдан да болар ол өз ойын ашық айтып, қызу қандылығымен, терең білімділігімен, ой алғырлығымен көзге түсетін. Онысы үшін Шымбай жігіті Бөлешов Ғұмар, темірлік Қаділев Алданыш, оралдық Бияшев Самат секілді студенттер аға тұтатын.

Жәутіков Орынбек Ахметбекұлы (1911-1989) – ғалым, физика-математика ғылымдарының докторы,профессор,

Қазақстан Ғылым академиясының академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылыми және техника қайраткері, Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының Қызыларай ауылында дүниеге келген. 1920-1930 жылдары ауылдық мектепте, кейіннен Қарқаралы қаласындағы мектепте оқыған. 1934 жылы Қазақ педагогикалық институтының (Абай атындағы

Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті) физика-математика факультетін үздік бітіріп, Ленинград мемлекеттік университетінің (Санкт-Петербор мемлекеттік университеті) аспирантурасын тамамдаған. 1934-1951 жылдар аралығында Қазақ педагогикалық институтында ассистент, аға оқытушы, доцент, декан, директордың ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары, кафедра меңгерушісі болған. 1945 жылы Қазақ КСР Ғылым академиясында Математика және механика секторы ашылып, кейіннен Математика және механика институты құрылған. О.Жәутіков 1945-1965 жылдар аралығында Қазақстан Ғылым академиясының Математика және механика секторында аға ғылыми қызметкер, сектор меңгерушісі, 1965-1969 жылдар аралығында Қазақстан Ғылым академиясының Математика және механика

институтының директорының орынбасары, зертхана

меңгерушісі, 1969-1989 жылдар аралығында Қазақстан Ғылым академиясы Президиумының мүшесі, Физика-математика ғылымдары бөлімшесінің академик-хатшысы қызметтерін атқарған. 1985-1989 жылдары Қазақстан Ғылым академиясының Математика және механика институтында зертхана меңгерушісі болған.

Негізгі ғылыми еңбектері қозғалыстың орнықтылық теориясына, математика, физика теңдеулеріне, дифференциалдық теңдеулердің шексіз жүйелеріне, теориялық және қолданбалы механикаға, математика тарихы мен оның методологиясына арналған.

О.Жәутіков – республикалық физика-математика мектебін ұйымдастырушылардың бірі. Бұл мектеп қазір Орынбек Жәутіковтің есімімен аталады. Ол республикамызда математик ғалымдарды дайындауда және математиканы насихаттауда көп еңбек сіңіріп, отандық математиктер мектебін қалыптастырды. 1958 жылы академик О.Жәутіков алғаш рет қазақ тілінде математикалық талдау туралы оқулығын шығарған. Ол 200 ден астам ғылыми еңбектердің, ғылыми-танымдық кітаптардың, методикалық жұмыстардың, көптеген оқулықтардың авторы. Белгілі ғалымдар А.Ляпуновтың, С.Ковалевскийдің, Н.Лобачевскийдің, С.Соболевтің, М.Лаврентьевтің, К.Персидскийдің, Қ.Сәтпаевтің, тағы басқалардың өмірі мен шығармашылық қызметтері туралы зерттеулерін ғылыми-танымдық кітаптары мен мақалала-рында жариялаған. Академик О.Жәутіков Кеңес Одағы мен шетелдерде өткен осы замандағы математика және механи-ка проблемаларына арналған көптеген съездер, конгрестер мен конференцияларға, симпозиумдарға қатысқан.

Орынбек Ахметбекұлы Алматы қаласында оқушылардың Кіші ғылыми академиясын ұйымдастырып, академияның көп жылдар бойы Құрметті президенті болды. О.Жәутіков математика ғылымын дамытуға және физика-математика білімдерін жетілдіруде зор үлес қосып, ғылыми-педагогикалық кадрларды

даярлағаны үшін Октябрь революциясы, 2 рет «Құрмет Белгісі» ордендерімен, көптеген медальдармен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының Құрмет грамоталарымен марапатталған.

Қазақстанның еңбек сіңірген ғылыми және техника қайраткері, Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының лауреаты академик-ғалым Орынбек Жәутіков 1989 жылы 16 мамыр күні қайтыс болды.

Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің қаулысымен академик-ғалым О.Жәутіковті мәңгі есте сақтау мақсатында Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебі мен Қарқаралы қаласындағы No1 орта мектебіне оның есімі берілген.

Әль-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінде үздік оқыған студенттерге арналып О.Жәутіков атындағы стипендия тағайындалған. Алматы қаласында ғалым О.Жәутіков тұрған үйдің қабырғасына мемориалдық тақта орнатылған.

Асан Дабысұлы Тайманов (1917-1989) – белгілі қазақ математигі, физика-математика ғылымдарының докторы (1961), Қазақ ССР ҒА-ның академигі (1962), Ұлы Отан соғысының ардагері. Ол Орал облысы, Орда ауданы, Бейсен ауылында туған. Он жастағы Асан мұғалім Ахметфаиз Тажетдиновтің көмегімен орда кеңшарындағы балалар үйіне орналастырылып, тәрбиеленеді. Кейін педагогикалық училищеге айналдырылған Сломихиндегі шаруа жастар мектебінде оқыды. Оны үздік бітіріп, 1933 жылы А.С.Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтына түсіп, оны бітіргеннен кейін математика кафедрасының кіші мұғалімдігіне қалдырылды. Осы мезгілде М.В.Ломоносов атындағы Москва мемлекеттік университеті механика-математика факультетінің сырттай оқыту бөліміне емтихан тапсырып, студент атанады. Оның үшінші курсын бітіргеннен кейін, 1938 жылы А.Д.Тайманов Ленин атындағы Москваның мемлекеттік педагогикалық институтының аспирантурасында 1941 жылға дейін оқыды. Оны екінші рет 1945-1947 жылдар арасында қайта оқыды. Аспирантурада алғашқы оқып жүрген кезде көрнекті математик, ірі педагог А.Я.Хинчин алғыр Асан Дабысұлына көңіл бөліп, ұлы математик болуына қамқорлық жасады. Осы жылдары орыстың атақты математиктері А.А.Ляпунов, П.С. Александров, Л.В.Келдыш, В.В.Степанов, М.Б.Бебутов, Ф.Р.Гантмахер және басқалар ұйымдастырған түрлі-түрлі ғылыми семинарларды қалт жібермей, ғылыми

талас пен талдаулардың ортасында болды. Өзі де түрлі

тақырыпта баяндамалар жасап, өз өресін де байқап, көрді. Енді ғана сенім мен беделге ие бола бергенде, ел дүрлігіп, қанды соғыс басталып-ақ кетті. Соғысты Пруссияда аяқтады.

- Біз Отанды қорғасақ, мені математика қорғады,- деп, қалжыңдайды күйеу баласына. Бұл сөзді мен 1981 жылы Қарағанды конференциясына қатысқан кезде, Қарқаралы тауының баурайында бәріміз бірге жүрген кезде естідім.

Соғыстан 1945 жылы оралғаннан кейін, А.Д.Тайманов аспирантураға қайта оралып, ұстаздарының семинарларына қатысты. П.С.Новиков, Л.В.Келдыш және А.А.Ляпуновтың жетекшілігімен топология мәселелерімен айналысып, іргелі-іргелі нәтижелер алды. Осы нәтижелер негізінде 1947 жылы «Байланыссыз жиындардың дерлік құраушылары» тақырыбында физика-математика ғылымдарының кандидаты дәрежесін алу үшін диссертациясын қорғады. Академик П.С.Александров бұл ғылыми жұмыстардағы табыстарды атай келіп, «математикадағы іргелі табыстардың бірі, әлі де қомақты зерттеулер күтеміз»,- деуі шын жараған тұлпардың басып қоя берумен бірдей еді.

Қазақстанның шақыруымен Асан Дабысұлы 1947 жылы Н.В.Гоголь атындағы Қызылорда педагогика институтына қызметке келді. Мұнда ол физика-математика факультетінде математика кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарды. Онда ол 1954 жылға дейін болды. Бұл кезде ол қалалық және облыстық алғашқы олимпиадалық олимпиадаларды өткізуді жолға қоя бастады. 1951 жылы ашық бейнелеулерде В – жиындардың кластарын сақтау жөніндегі неміс математигі Хаусдорф проблемасы бойынша зерттеулер тобын жүргізіп, ақтық нәтижелер алды. Тайманов теоремасына сүйенгендер бірінен соң бірі ірі табыстарға жетті. Соның негізінде дүниенің төрт бұрышына әйгілі Тайманов-Сент-Раймонд-Чобан теоремасы тұжырымдалды. Бұдан әрі Тайманов өз жаңалықтарымен жиі дүр сілкінтіп отырды. Жүйрік қаламы 1954 жылы жазбай, туған жерге сыймай, Шуя, Иванов жаққа кетіп қалды. Ол жақта қайта тұтанып, жалындап жанып, жалынымен дүниені орап алды. 1955-1960жылдар арасында 20 ғылыми еңбек жарық көрді. 1956 жыл. Бұл Асан Дабысұлы Таймановтың өміріне өзгеріс әкелген жыл. Мінбеде А.Д.Тайманов. Сырттай естігені болмаса, еңбектерін талайлары түсінбей, бастары қатқаны болмаса, өзімен жүзбе-жүз кездесіп отырғаны осы.

Кішкене ғана бойлы, қапсағай, терең ойлы көзді, қарапайым ғана киінген, шашын сәл ғана сол жағына тараған, сол көзі оң көзінен сәл үлкендеу, миығынан күліп тұрғандай белгісі болғанымен, ойы көзұшында жатқан адамды көргендер, Тайманов осы ма деп қалды. Күш атасын танымас деген осы. Міне, осы кездесуден кейін-ақ, өзінің ғылыми бағытын модельдер теориясына арнады. Өзінің айналысып жүрген дескриптивтік жиындар теориясының көзқарастарын модельдер теориясының талай проблемаларына пайдаланып, Таймановтық индуктивтік процесті ашты, Тайманов критерийін ашты. «Балаңды оқуға Ордаға бер, Ордаға бермесең молдаға бер» деген қанатты сөз Файз атайдың беделін көрсетпей ме?! Файз атадан кімдерді мақтаныш етесің? дегенде, ол: -Е, ондай шәкірттер көп қой, қайсы бірін айтарсыз, сонда да болса кейбіреулерін айтайын, – деді. Сонда Темір Мусин, Ахмедияр Құсайынов, Қарасай Сариев, Асан Тайманов, Ақырым Ыдырысов, Базарбай Жұманиязов деп шұбырта жөнелді. Атаса атағандай-ақ. Бәрі де ел мақтанышы. Бұл оқиға 1982 жылы болған еді.

1960 жыл да Асан Дабысұлына жайлы жыл болды. «Жоғары алгебра» мамандығы бойынша аға ғылыми қызметкер атағы берілді. Ондай атақ ілуде біреуге беріледі. Бұдан әргі Тайманов жолы СССР Ғылым Академиясының Сібір бөлімшесімен байланысты. Мұнда ол Математика институтында және Новосибирск университетінде қызмет істеді. Математика институтында 1968 жылға дейін жұмыс істеп, математика бойынша кадрларды даярлауда елеулі қызмет атқарды. Мәселен, оның ұсынысы бойынша университетте қазақ тобы ашылып, Қазақстан үшін көптеген мамандар даярлады. А.Д.Тайманов 1961жылы ғылым докторы болса, 1962 жылдан академик. 1968 жылы ол Алматыға шақырылды, бірақ ол 1970 жылы қайта Сібірге оралды. Асан Дабысұлы 107 ғылыми еңбек жазып, бірнеше ғылым докторы мен кандидаттарын даярлады. Асан Дабысұлы математикалық логикадан ұйымдастырылған он төрт халықаралық конгрестің жетекшісі болды. Мұндай құрметке дүниежүзінде бірде-бір математиктің қолы жетпеген. Ол математиктер бекзадасы. Өзінің ақтық тілегімен Москвада жерленген .

Аманов Төлеубай Ыдырысұлы (25.8.1923,Шығыс Қазақстан облысы Семей қалалық әкімдігі, Құрманқожа ауылы – 21.6.1978,Алматы қаласы) – физика-математика ғылымдарың докторы (1967), профессор (1969), Қазақстан Ғылым Академиясының корр. мүшесі (1972). 1940–42 ж. Семей пед. институтының студенті. 1943 ж. каңтарда соғысқа аттанып, 2-Украин майданында ауыр жарақат алған. 1944 ж. ақпанда Семейге оралып, сол жылы пед. институтты бітірген соң ұстаздық қызмет атқарды. 1950–53 ж. Мәскеуде КСРО Ғылым Академиясының Математика институтында аспирант, 1953–63 ж. Семей педагогика институтының проректоры және жоғары матем. кафедрасының меңгерушісі. 1969–70 ж. Қазақстан Ғылым Академиясының Математика және механика институты директорының орынбасары, ҚазМУ-да кафедра меңгерушісі, 1970 жылдан Математика және механика институтының директоры болды. Амановтың ғылыми-зерттеу еңбектерінде функционалдық кластарды іштестіру теориясы және оның қолданылатын мәселелері қарастырылған. Докторлық диссертациясында функциялардың 5В класының тұйық теориясын құрып, кейін сол класқа байланысты мәселелер туралы монография жазды. 50-ден астам ғылыми еңбектің авторы. Семей қаласының орталық көшелерінің бірі және ондағы №16 мектеп, туған ауылындағы орта мектеп және бір көше Аманов атымен аталады.

Қазақ ұлттық университетінің профессоры, физика-математика ғылымдарының докторы – Амангелді Ысқақұлы Омаровты жасы үлкен қазақ, орысына қарамай әріптес үлкен-кішісі , өз тұстастары жәй ғана Аман десе, біз сияқты оқушылар Аман ағай деп атаушы еді. Көп жылдар бойы қатар жүрсем де

ол кісіні ресми түрде «Амангелді Ысқақұлы» деп атайтын кісілер сирек болатын. Оның себебі – Аман ағайдың тұрған бойы бұрыннан қасында жүргенге де, жаңа ғана стажер немесе аспирант болып келген жасқа да бірдей жылылық сәулесін шашып тұратын қасиетінде болатын. Ол кісінің ғылым мен жоғары білім саласына сіңірген еңбегі туралы айтылып та, жазылып та жүр. Біз айтылған жайттардан қалыс қалды ма деген жайларға ғана тоқталайық. Енді Аман ағайдың ғалымдық және ұстаздық жолына аздаған шолу жасайық. Математика ғылымының негіздерінің бірі болып саналатын математикалық логика (қисындық жүйе) өз бастауларын адамдар қауымы қоршаған орта мен өз араларындағы қатынастарын бір жүйеге келтіруге тырысқан кезден бастау алады. Осы талпыныс қазақ қауымына да жат емес еді. Талай Европалық ғалымдар мен орыс зерттеушілерін таң қалдыратын қазақтардың ерекше математикаға қабілеттілігі еді. Бұл қабілет бостан-бос қазаққа тән болған жоқ.. Шынында мал баққан малшы мен түнгі қарауылдағы жылқышы өз қиялдарымен талай қиырды шарлап, әртүрлі шытырман оқиғаларға толы әлемге кетер еді. Сол қиялдар оларды әлемде теңдесі жоқ қиял-ғажайып ертегілер тудыруға және оларды негіздейтін қисындық жүйеге алып келді. Себебі осы ғажайып саяхатта елестеткен, ойлап тапқан оқиғаларын бір қисынға келтіру үшін, оған қалыптасқан берік қисындық жүйе қажет болды.

Осы қисындық жүйе кешегі ел бастаған көсемдер мен топ

бастаған шешендердің тұғыры болған еді. Яғни абстрактылы ойлау қабілеті мен математикалық логика ғылымы қазақ баласына әу бастан жат болмаған.Математикалық логика ғылымының, оның ішінде модельдер теориясының алғашқы зерттеулерін жүргізу үрдісі академик Асан Дабысұлы Таймановтың ғылымдағы жолымен тікелей байланысты. Академик А.И. Мальцевтің шақыруымен жаңа ғана ашылған Новосибирск университетінің профессоры болып орналасқан Асан Дабысұлы Тайманов өз айналасына қазақтың талантты жастарын топтастыра бастады. Солардың ең алғашқылары Назиф Хисамиев, Амангелді Омаров және Төленді Мұстафин ( ХОМ тобы) еді. Олардың барлығы осы саладағы ең перспективті, ең өзекті тақырыптар бойынша ғылыми зерттеулерді табысты жүргізді. Амангелді Ысқақұлының таңдаған тақырыбы тағайындалған қасиеттерге ие жаңа модельдерді құру үшін таптырмас құралдар болып саналатын модельдердің фильтрлік көбейтіндісі және ультрафильтрлік көбейтіндісі болатын. Ультракөбейтінділердің қасиеттері мен оларды қолдану үлгілері Амангелді Ысқақұлының кандидаттық диссертациясының тақырыбы болса, осы ұғымдарды кеңінен және тереңірек зерттеуге арналған формулалардың қасиеттері оның докторлық диссертациясына негіз болды. Бұл еңбектердің барлығы тек Одақ көлемінде ғана емес, осы салада айналысатын барлық әлем ғалымдарына белгілі болды. Амангелді Ысқақұлының осы зерттеулері аталған тақырып бойынша жүргізілген зерттеулердің негізгі нәтижелері қатарында саналады. Алдағы уақытта да осы тақырыптағы ізденістер А.Омаровтың нәтижелерін

қолданып, жаңа нәтижелерге негіз болатыны сөзсіз. А.Ы. Омаровтың ғылыми ізденістері оның айналасына әсер етпей тұра алмады. А.Ы. Омаров Қазақ ұлттық университетінде қызмет еткенде модельдер теориясына көптеген талантты жастарды тарта білді. Еңбектері осы саланың үздік жетістіктері болып саналатын және ғылыми әдебиеттерге енген қазақстандық ғалымдар өте көп. Олар ХОМ тобымен бірге «Қазақстан модельдер теориясының мектебі» ұғымын қалыптастырды. Бұл мектептің өкілдері ретінде белгілі ғалымдар: А.Т. Нұртазин, М.Г. Перетятькин, М.М. Ерімбетов, Қ. А. Мейрембеков, Б.Ы. Омаров және басқаларды айтуға болады. Осы талантты ғалымдар барлығы да А.Ы. Омаровтың ғылыми мектебінен өткен және өз зерттеулерін әлі күнге дейін табысты жалғастырып келеді және қазақ жастарының осы салада алдыңғы шепте көрінуіне аянбай тер төгуде.Осы күні мен «Егер Амангелді Ысқақұлы ғылым және қызмет саласында осындай жетістікке жетпесе, оның жұрт жадындағы бейнесі осындай жарқын болар ма еді?» -деп ойлаймын. Әрине одан титтей де кем болмас еді және тура осы салада зерттеу жүргізу оның тағдырына жазылған сияқты көрінеді. Себебі, Аман ағайдың елге ең қадірлі қасиеті оның ақкөңіл болмысы мен жас баладай жаңалыққа құштарлығында еді. Оның ашық-жарқындығы әріптестері мен оқушылары үшін таптырмас ортаны қалыптастыруға қызмет етті. Тіптен, математикадан алыс адамдар да ағайдың ақкөңіл мінезіне тәнті болатын. Бірде, ол кісінің қолынан белгілі жазушы Д. Исабековтың кітабын көрдім. Өзі орыс мектебінде оқыған кісінің қолында әр қазақ түсіне бермейтін психологиялық туындының қайдан жүргенін сұрасам, ол « Д. Исабеков бір отырыста сыйлады» – деді. Кітапты ашып қарасам – «Аузын

ашса жүрегі көрінетін Аман бауырыма» деп жазылыпты. Шынында осы сөз арналатын екі адам болса, бірі, біреу болса нақ өзі болатын еді Аман ағай. Ал екінші қасиеті туралы оның әріптестері жүздеп мысал келтіре алар еді. Бірде, Аман ағай жерден жеті қоян тапқандай кафедраға айқайлай сөйлеп, қуана қарқылдап күліп екпіндей кірді. Біз «ең кемінде Марсқа қазақ қонған шығар» – деп ойладық. Сөйтсек ол кісінің Мишасы, бізше Михаил Георгиевич (Перетятькин ) Морли проблемасын шешкен еді. Әрине, бұл үлкен жаңалық, қазақ ғылымы үшін елеулі табыс еді. Бірақ, дәл осылай Михаил Георгиевичтің өзі де қуанбаған шығар-ау.Өз басыма келсек, Аман ағайдың ақкөңілділігі мен жұмсақтығы мен сияқты еріншек оқушысына олжадай көрінуші еді. Сондықтан, кейде тапсырмаларды уақытында орындамай жүріп алатынбыз. Енді не жауап беремін деген күпті ойымыз, қайта кездескеніміздегі ол кісінің жарқын қабылдауынан кейін мүлде сейіліп кететін. Тоқсан алтыншы жылы Алматыға қайта көшіп келгенде аздап тұрмыстың ауырлығын көріп жүргенімді байқаған Аман ағай әрқашан жағдайымды сұрап отыратын, көмек қолы барлық уақытта дайын еді. Тіптен бірде «үйде ет жоқ» – деп байқамай айтып қалғаным бар. Ертеңіне Лида жеңгей екеуі үйіне шақырып, қысқа жететіндей өз соғымдарынан бөлісіп берді. Осы күні ойлаймын: «Өз оқушыларынан соғым жеген талай профессор болған шығар, әй, бірақ өз соғымын оқушысымен бөліскен Аман ағайдай профессор некен-саяқ болар» деп. Жүрген жері ашық-жарқын әзіл мен қуанышты көңіл күйден арылмайтын ұстазымыз мәңгі есімізде сақталады.

Назарбай Қыдырұлы Білиев – белгілі ғалым – математик, математикалық физиканың дифференциалдық теңдеулері мен функционалдық анализ салаларында маман, оның жалпыланған аналитикалық функциялар, математикалық физика теңдеулерінің шеттік есептері, функционалдық кеңістіктердегі ерекше интегралдық теңдеулер теориясына қосқан үлестері өте зор. Н.Қ.Білиев 1935 жылдың 15 қыркүйегінде Ақтөбе облысының Байғанин ауданы Жарқамыс поселкесінде қызметкер жанұясында дүниеге келген. 1952 жылы Жарқамыс орта мектебін бітірді. Ол мектептегі кезінде геолог болсам деп армандайтын, бірақ 10 класс үлкен өзгеріс әкелді. Сол жылы математика пәндерін мектепке жаңадан келген оқытушы Жақия Жүсібалиев жүргізді. Ол кісі Орал пединститутын бітірген, уақытында белгілі математик, Қазақ ССР-ы Ғылым академиясының академигі А.Д.Таймановпен бірге оқып, Москва аспирантурасына жолдама алыпты, бірақ жағдайы көтермегендіктен оқуын жалғастыра алмапты. Сол кісі Білиевтің математикалық мүмкіндіктерін аңғарып, оны бір жыл дайындап, соңында университеттің математика бөліміне түсуін талап етеді.

Н.Қ.Білиев 1952 жылы ҚазМУдің физика – математика факультетінің математика бөліміне оқуға түсті. Университетте оқып жүргенде профессор К.П.Персидскийдің, доценттер Х.И.Ибрашев, М.Я.Ятаев, Ш.М.Еникеев, Г.Н.Багаудиновтың дәрістерін ерекше

қабылдады. К.П.Персидскийдің басшылығымен

орнықтылық теориясы бойынша дипломдық жұмыс жазды.

1957 жылы Университетті өте жақсы бітіріп, ССРО Ғылым академиясының (Москвадағы) В.А.Стеклов атындағы Математика институтының (ҒА МИ) аспиран-турасына түсуге ұсыныс алды. Бірақ сол кезде жасы үлкейген, өзін бағып өсірген, аса қымбат сүйікті әжесі Баян Еділова алдындағы балалық парызын атқарып үлгерсем деген оймен Гурьев пединститутына (қазіргі Атырау университеті) жолдама алды. Ол кезде Гурьев пединститутында оқытушы кадрлар жетісіңкіремейтін еді, сондықтан 1960 жылға дейін оқытушы және аға оқытушы қызметтерін атқарып, математикалық пәндердің көбін қамтыды – аналитикалық және жоғарғы геометрия, нақты және комплекс шамалардың функциялары теориясы, дифференциалдық теңдеулер бойынша дәрістер оқып, басқа да жұмыстар істеді.

1960 жылы Н.Қ.Білиев Москваға барып ССРО ҒА МИ аспирантурасына түсті. Оның бірінші ғылыми жетекшісі физика – математика ғылымдарының кандидаты (көп ұзамай докторы) В.С.Виноградов болды. Ол ССРО Ғылым академиясының академигі И.Н.Векуаның оқушысы және онымен ғылыми байланыстағы адам болатын. Н.Қ.Білиев алғашқы ғылыми зерттеулерін эллиптикалық дифференциалдық теңдеулердің коэффициенттерінің ерекше нүктелерінің маңайындағы шешімдерінің қасиеттерін зерттеуден бастады. Мұндай ерекше нүктелерді теңдеудің түрін (эллиптикалық, гиперболалық т.б.) өзгертетін нүктелер ретінде де қарастыруға болады. Осындай ерекше нүктелердің маңайында бірінші ретті эллиптикалық теңдеулер жүйесінің аналитикалық шешімдерінің болуының қажетті және жеткілікті шарттарын алды. Қарастырылған ерекше нүктелердің маңайында қандай болмасын «жақсы» шешімдердің болуын күту қиын болатын. Сондықтан да, шешімдердің аналитикалық қасиеттерінің болуын дәлелдеу үлкен қиындық еді және ол ерекше тапқырлықпен қатар аса табандылықты талап етті.

Бұл нәтижелер, геометрияда беттер теориясында қолданыс табатын үзіліссіз шешімдердің болу шарттарын зерттеулерге бастама болды.

Н.Қ.Білиевтің осы нәтижелерін И.Н.Векуа өте жоғары бағалап, оларды Халықаралық конференцияда әдейі атады (I.N. Vekua. On one class of the elliptic systems with singularities. Preceeding of the international Conference on Analisis and Related Topics. Tokyo, April, 1969). Осы кездерден бастап И.Н.Векуамен тығыз творчестволық байланыс басталды.

Бұдан кейінгі зерттеулерінде де Н.Қ.Білиев – эллиптикалық теңдеулер шешімдерінің (топологиялық) «жақсы» қасиеттері теңдеулердің коэффициенттерінен гөрі олардың эллиптикалық табиғатымен көбірек байланысты – деген пікірді ұстады.

1965 жылы «Эллиптикалық жүйелердің түрін өзгертетін ерекше нүктелерінің маңайында аналитикалық шешімдерінің болуы туралы» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады. Сыртқы пікірді ССРО ҒАның Сібірлік бөлімінің Математика институты берді. Оппоненттері – физика–математика ғылымдарының докторлары Қ.Т.Ахмедов (Баку), В.Х. Харасакал (Алма-Ата).

Университеттік курстан белгілі болғандай бір комплекс айнымалының аналитикалық функцияларының теориясы дегеніміз – Коши – Риман жүйесінің теориясы. Ал соңғы жүйенің өзі И.Н.Векуа жалпыланған Коши – Риман (ЖК-Р) жүйесі деп атаған, коэффициенттері айнымалы эллиптикалық жүйенің дербес түрі.

ЖК-Р жүйесінің теориясын жасауға талпыныс ертедегі Бельтрамиде де болған. Өткен ғасырдың 30-шы жылдарының басында Т.Карлеман және Н.Теодореско ЖК-Р жүйесі шешімдерінің кейбір қасиеттерін эллиптикалық жүйелердің бір дербес түрлерінің шешімдерінен табуға болатынын көрсетті.

Тек қана 50-ші жылдардың басында ғана И.Н.Векуаның зерттеулерінің арқасында ғана коэффициенттері екі айнымалы шамалардан байланысты бірінші реттік дифференциалдық теңдеулердің эллиптикалық жүйелерінің қолданыстары мол толық теориясы жасалды. Ол жалпыланған аналитикалық функциялар (ЖАФ) теориясы деп аталып, – бүтін, , Соболев кеңістіктерінде тұрғызылды да, коэффициенттері z айнымалы шаманың түгел жазықтығында, класында жататын ЖК-Р жүйесінің (белгілі бір мағынада) жалпыланған шешімдерін қамтыды. Шенелген облыстар үшін бұл теорияға келу жолының бір түрі белгілі америкалық математик Л.Берсте бар.

1969 жылдың желтоқсанында Н.Қ.Білиевтің семинарда жасаған баяндамасынан кейін, оған И.Н.Векуа маңызды да жауапты ұсыныс жасады. Ол ұсыныс, ЖАФ теориясын әлі қарастырылмаған шеткі жағдайларға мағыналы жалғастыру мүмкіндігін (не мүмкінсіздігін) көрсету еді. Эллиптикалық жүйелердің класында жатқан барлық коэффициенттері үшін теорияның орынсыздығы белгілі еді, бірақ, көрсетілген кластардың, ЖАФ теориясы орынды болатын, меншікті ішкі кеңістіктері болуы мүмкін ғой. Міне осы жағдайды тексеру тапсырылып отыр.

Ол кезде Н.Қ.Білиев ССРО ҒАның академигі С.М.Никольскийдің оқушысы – институт директоры профессор Т.И.Аманов басқаратын лабораторияда аға ғылыми қызметкер болатын. Осындай байланыстардың нәтижесі болар, Н.Қ.Білиев мәселені Никольский – Бесов кеңістіктері шкаласында тексеруді жоспарлады. Бұл кеңістіктерде функциялардың қасиеттерін дәлірек көрсететін қағидалар бар болғанымен, олар әлі де болса айнымалы коэффициенттерлі дифференциалдық теңдеулерді зерттеуге бейімделмеген еді. Н.Қ.Білиев осындай зерттеулерге

қажетті мультипликаторлар туралы алғашқы мәліметтерді дәлелдеп, Векуа теориясы орынды болатындай кеңістіктердің параметрлерінің өзара байланыстарын тапты. Міне осы нәтижелерге И.Н.Векуаның институт директоры Т.И.Амановқа бағыттаған пікірінен үзінді келтірейік : «Тбилиси, 23.06. 1971. Бүгін семинарда жолдас Н.Қ.Білиевтің бізге өте ұнаған баяндамасын тыңдадық. Ол үзіліссіз шешімдері болатын эллиптикалық жүйелердің жаңа класын тапты деп есептеймін. Алынған нәтижелер сөзсіз жариялануы керек және осы бағыттағы зерттеулерді жалғастыру орынды…».

И.Н.Векуа қойған проблема Бесовтың В-кластары шкаласында толық шешімін тапты және ол шешім Соболев кеңістіктерінде берілген Векуа теориясын кеңейтті. Айта кету керек, ЖАФ класының кеңейтілуінің сәттілігі сонда, ол коэффициенттерінің жазық облыстарда интегралдану көрсеткіші болатын В-кеңістіктерінде жатқан дифференциалдық теңдеулердің жалпы жүйелерінің берілген мағынада жалпыланған шешімдерін түгел қамтиды және ондай шешімдердің ішінде интегралданбайтындары да бола тұра, олардың бәріне комплекс айнымалының аналитикалық функцияларының топологиялық қасиеттерінің маңыздылары тән (жалғыздық теоремалар, аргумент принципі т.б.). Көрсетілген эллиптикалық жүйелердің коэффициенттерін қамтитын В-кеңістіктері кеңістігіне кірмейді.

Н.Қ.Білиевтің осы алған нәтижелерінің математиканың әртүрлі салаларында өте маңызды қолданыстары бар. Мысалы, дербес туындылы дифференциалдық теңдеулердің, Риман-Гильберт жалпы есептерінің, түйіндестік және үзіліссіз дифференциалданатын Бельтрами гомеоморфизмі болып табылатын квазиконформдық бейнелеулер есептерінің классикалық шешімдерінің болу шарттары В-кластары тілінде дәлірек беріледі. Сингуляр интегралдық теңдеулер В-кластары тілінде үзіліссіз (Гельдерше болуы шарт емес) функциялар кеңістігінде Нетерше шешіледі. Бұл дағдыға енген іргелі мәселелерге де үлкен өзгеріс.

Дифференциалдық теңдеулер мен шенелген облыстардағы шеттік есептерге тиісті нәтижелер Н.Қ.Білиевтің 1980 жылы Москвада ССРО ҒА МИде қорғаған «Бөлшек кеңістіктерде

жазықтықта берілген бірінші ретті дифференциалдық теңдеулердің эллиптикалық жүйелері және шеттік есептер» атты докторлық диссертациясына кірді. Шет пікір жазған ССРО ҒАның Сібір бөлімінің математика институты, опоненттері – ССРО ҒАның мүше-корреспонденті А.В.Бицадзе, Украина ҒАның академигі И.И. Данилюк, физика- математика ғылымдарының докторы, МГУ профессоры , қазір Өзбекстан ҒАның академигі Ш.А.Алимов. Жалпыланған аналитикалық функциялардың функциялық қасиеттерінің тереңірек зерттелулері мына монографияда берілген: Блиев Н.К. «Обобщенные аналитические функции в дробных пространствах», Алма-Ата, «Наука», 1985.

Бұл монография шетел мамандарынан қызу қолдау тауып, ағылшын тілінде басылуға ұсынылды. Шенелмеген облыстарға тиісті нәтижелер ағылшын тіліндегі белгілі Халықаралық тізімдегі монографияда: Bliev N. «Generalized analytic functions in fractional Spaces» USA, Addison Wesley Lonqman inc., 1997.

Қазіргі уақытта Н.Қ.Білиевтің нәтижелерін мамандар толық қабылдады және алыс шет елдерде де кең қолданыс табуда, болашақта өсе түспек.

Н.Қ.Білиев және оның оқушыларында математикалық физиканың сызықты емес Шредингер, Кортевега-де Фриза, т.б. теңдеулерді солитон арқылы шешу нәтижелері де көрнекті орын алады. 1963 жылдан бастап Н.Қ.Білиевтің ғылыми қызметі Ұлттық ғылым академиясының Математика және механика институтымен (1965 жылға дейін Сектор) байланысты: 1963 жылдың қазанынан – кіші ғылыми қызметкер, 1966 жылдан – аға ғылыми қызметкер, 1978 жылдан – функционалдық анализ және функциялар теориясы лабораториясын басқарды, 1988 жылы сайлаудан өтіп Институт директоры болды, 2000 жылдан – құрметті директор және (қосымша жұмысы) негізгі ғылыми қызметкер.

1988 жылы директорлық эстафетаны ҚР ҰҒА академигі У.М.Султангазиннің қолынан алып, институттың ғылыми – ұйымдастыру жұмысына өзіне тән үлес қосты. Ол жылдар Совет үкіметінің ыдырауына байланысты қайта құру кезеңі қиындықтарына сәйкес келді. Дегенмен, барлық

мүмкіндіктер ұйымдастырылып, тыныш творчестволық атмосфера сақталды, институттың талантты жастары қолдау тапты, ғылыми қызметкерлердің алыс шетелдермен байланысына, Халықаралық ғылыми форумдарға қатынасуға мүмкін болған барлық жағдайлар жасалды. Бұл жұмыстар өз қорытындысын берді, Институт халықаралық деңгейі жөнінен алдыңғы қатарлы ұйымдардың бірі болды. 1995 жылы 11 ғылыми қызметкер СОРОС грантын, 3 ғылыми қызметкер INTAS грантын алды. Әртүрлі Халықаралық математикалық қоғамдардың стипендиаттары болды. 10 ғылыми қызметкер Халықаралық ғылыми ассоциациялардың мүшесі болды. Сол жылы Институт INTAS грантына ие болды. Бірнеше ғылыми қызметкерлердің монографиялары шет елдерде ағылшын тілінде басылды.

Н.Қ.Білиев көп уақытын педагогтік жұмысқа да бөлді, 1964 жылдан бастап Alma mater – ҚазМУде, қазіргі аль-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде қосымша жұмыста үзбей дәріс берді, 2000 жылдан бастап толық көшіп, функционалдық анализ және ықтималдықтар теориясы кафедрасында қызмет атқарады.

Ғылыми – ұйымдастырушылық және қоғамдық жұмыстарға да белсене қатынасады, Ұлттық ғылым академиясының

Известия, серия физико- математическая», аль – Фараби атындағы Мемлекеттік Ұлттық университетінің «Вестник»

журналдарының редколлегиясының, Білім және ғылым министрлігінің Математика институтының докторлық және кандидаттық диссертация кеңесінің мүшесі, 1999 – 2002 жылдары қосымша жұмыста Физика – математика бөлімшесінің академик – хатшысы болды, Республикалық Министрлер кабинетіндегі Терминкомның физика – математика секциясын басқарды, бірнеше кезең ЖАК-тың Президиумының, Мемлекеттік сыйлықтар Комитетінің, ҒА президиум мүшесі болды. ҚР энциклопедиясының редколлегия мүшесі, Өзбекстан ғылым академиясының Математика институтының, К.Жұбанов атындағы Ақтөбе университетінің диссертация кеңестерінің мүшесі болды. Алматы, Ақтөбе, Қарағанды, Семей қалаларында өткен Халықаралық ғылыми математика форумдарының ұйымдастырушысы, не ұйымдастырушыларының бірі болды.

Н.Қ.Білиев 120 аса ғылыми еңбектер жариялады, оның оқушыларының ішінде 18 ғылым кандидаты, өз оқушылары мен мектептері бар 3 ғылым докторы бар. Н.Қ.Білиевтің ғылыми қызметі танылуда, 1985 жылы профессорлық атақ алды, 1989 жылы Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының корреспондент – мүшесі болып сайланды, 1996 жылдан Ресей жаратылыс ғылымдарының академиясының академигі, 2004 жылдан Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының академигі. 1998 жылы «Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері» құрметті атағы берілді, 1999 жылы Халықаралық бірінші дәрежелі Хорезми сыйлығын алды.Ғылыми және қоғамдық қызметтері үшін Н.К.Білиев ҚазССР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен, Қазақстан Компартиясының Орталық Комитетінің, ҚазССР Министрлер Кеңесінің, Қазсовпрофтың, Қазақстан ЛКЖО Орталық Комитетінің СОКП XIX – партконференциясына арналған Құрмет грамотасымен, «Еңбек ардагері» және «Қазақстан Республикасының егемендігіне -10 жыл» медальдарымен марапатталды.

Н.Қ.Білиев көптеген Халықаралық ғылыми форумдарда баяндамалар жасады, олардың ішінде Математиктердің Халықаралық конгресі (15-23 тамыз 1983, Варшава, Польша), Математиктердің екінші европалық конгресі (21-27 шілде 1996, Будапешт, Венгрия), Европа математикалық қоғамының конференциясы (15-23 маусым 2004, Bedlewo, Польша), т.б. Әртүрлі делегациялар құрамында Дели, Бомбей, Хайдарабад, Мадрас (Индия), Пекин (Қытай), Сеул (Оңтүстік Корея), Стамбул, Анкара, Конья (Түркия), тағы басқа көптеген қалалар мен елдерде болды.

Н.Қ.Білиев математикадағы жаңа ойларын іске асыруға күш-қуатын әлі де жұмсайды.

Өтелбаев Мұхтарбай Өтелбайұлы- физика-математика ғылымының докторы (1978), профессор (1982), Қазақстан ҰҒА-ның академик (2003). Ол кісі 3.10.1942 жылы, Жамбыл облысы, Қордай ауданы , Қаракемер ауылында туыды. 1969 Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген.1973–2000 жылдары Қазақс- тан Ғылым Академиясы Қазақстан Ғылым aкадемиясының Математика және механика ғылым-зертттеу институтында, ҚазҰУ-да, Жамбыл педагогикалық институтында, Қараған-дыдағы Қолданбалы математика ғылымының зерттеу инсти-тутында, ҚазҰПУ-да ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айна-лысып, басшылық қызметтер атқарды.1993–1995 жылдары ҚР Министрлігі Кабинет жанындағы Ұлттық аэроғарыш агенттігінің аэрогидродинамика бөлімінің бастығы болды. 2000 жылдан Еуразия ұлттық университететінде ғылыми-зерттеу ортасының жетекшісі, Мәскеу мемлекеттік универ-ситетінің Қазақстандағы бөлімшесі директорының орынба-сары қызметін атқарады.Негізгі ғылыми еңбектері функцио-налдық анализ және оның қолданыстарына, дифференциал-дық операторлардың спектрлік теориясына, функционалдық кеңістік теориясына,есептеу математикасына, шекаралық есептердің жалпы теориясына арнал-ған. 160-тан астам ғы-лыми жарияланымның, оның ішінде 2 монографияның авто-ры.5 патенттің иегері. Шығармалары: Весовые функцио нальные пространства и спектр дифференциальных опера-торов,М., 1988; Қазіргі таңда Гумилев атын-дағы ЕҰУ-да және МГУ-дың Қазақстандағы филиалында қызмет етеді

Кәлменов Тынысбек физика-математика ғылымдарының докторы. 1946 жылы 6-сәуірде оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Ресейдің Новосибирск университетін 1969-жылы бітірген. 1973-жылы кандидаттық, 1983-жылы Мәскеу мемлекеттік университетінде докторлық диссертациясын қорғаған. 100 ден аса ғылыми мақаланың авторы. Дифференциялдық теңдеулер саласындағы жеткен жетістіктері әлем математиктерін мойындатқан.

1978-жылы Ленин комсомолы сыйлығының иегері.

1996-Қазақстан ғылымына сіңірген еңбегі үшін марапатталған.

1989- жылдан Қазақ ұлттық ғылым академиясының коо.мүшесі,

қазір ҚР БҒМ,Математика, информатика және механика институтының бас директоры.

Төменде ғалымның негізгі мақалалары мен жеткен жетістіктері:.

E-mail: [email protected] , [email protected]

Негізгі еңбектері:Kalmenov T. Sh. Kriterii edinstvennosti resheniya zadachi Darbu dlya odnogo vyrozhdayuschegosya giperbolicheskogo uravneniya // Differentsialnye uravneniya, 1971, t. 7, # 1.Kalmenov T. Sh. O spektre zadachi Trikomi dlya uravneniya Lavrenteva–Bitsadze // Differentsialnye uravneniya, 1977,t.13, # Kalmenov T. Sh. Bazarbekov A. B. Kriterii silnoi razreshimosti zadachi Trikomi dlya uravneniya Lavrenteva–Bitsadze v L_2 // Doklady AN SSSR, 1981, t. 261, # 2.

Нұрлан Темірғалиұлы Темірғалиев – математик, физика-математика ғылымдарының докторы (1991), профессор (1991), кафедра меңгерушісі (1992 жылдан). Ол Батыс Қазақстан облысы, Тайпақ ауданы орталығы Калмыковода қаңтардың 13-де өмірге келген. Әкесі Темірғали мен шешесі Айдай қарапайым адамдар. Әкесі бір кездерде колхозда есепші, бухгалтер болған. Ол кісі 82 жасында 1983 жылы қайтыс болса, шешесі Айдай 1909-1985 жылдары өмір сүрген. 1953 жылы Қостанай облысы, Қара-балық ауданына қарасты Бөрілі орта мектебінің бірінші класына барып, мұнда екі жыл оқығаннан кейін, Тайпаққа көшіп келіп, Калмыково үлгі орта мектебін алтын медаль-мен бітірді. Бұл 1964 жыл болатын. Осы жылы Алматы-дағы Қазақ мемлекеттік университетінің механика-матема-тика факультетіне оқуға түсіп, оны үздік бітіргеннен кейін В.А.Стеклов атындағы математикалық институт аспиранту-расында 1972 жылға дейін оқыды. Сол жылы Россия Ғылым Академиясының корреспондент мүшесі Петр Лавреньтевич Ульяновтың жетекшілігімен «Қатарлардың кейбір қасиеттері және енгізу теоремалары» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады. Сөйтіп, Москвадан Алматыға жолдама алып, аз ғана уақыт Қазақстан Ұлттық Ғылым Академиясында қызмет істеді де ұстаздық қызметке ауысты. Нұрлан 1974 жылдан үзбей әл-Фараби атындағы мемлекеттік университетте қызмет етіп келеді. Ол аға оқытушылыққа қабылданып, доцент, профессор атақтарына кір келтірмей, аялап келеді. Осы жылдар ішінде елу шақты ғылыми еңбек жазып, бес ғылым кандидатын даярлады. Қазір он аспирантқа жетекші.(1996 жыл). Оның докторлық диссертациясы «Об эффективности алгоритмов численного интегрирования и восстановления функций многих переменных» деп аталады. Оны жас ғалым Москвадағы Стеклов атындағы математикалық институтта қорғады. Сенімшілері: физика-математика ғылымдарының докторлары, профессорлар В.Н.Тепляков, М.М.Сктиганов, Н.А.Бобылевтар. Олар Нұрлан Темірғалиұлының дүниежүзі математиктерінің ширек ғасырдан бері шеше алмай келе жатқан проблеманы шешкендігін бір ауыздан мойындады. Бұл мәселемен орыс математигі Н.М.Коробуов, Қытай Ғылым Академиясының вице-президенті Хуа Ло-Кен, неміс математигі Э.Хлавка айналысқандығын көпшілікке паш ете отырып, Нұрлан Темірғалиұлы, бұл мәселені Америкада шығатын «Қазіргі математика» журналының сандық интегралдаудың өзекті мәселесі екендігін есептегенін, өзінің соны шешкендігін мақтан етеді. 1995 жылы Назарбай Блиев бастаған топ Сергей Михайлович Никольскийдің тоқсан жылдығын тойлауға келгенде, көпшілік алдында Қазақстан математикасының жетістіктерін атай келіп, Нұрлан Темірғалиұлын «ұлы математик» екендігін өз аузынан айтты.

Бұған Қазақстан математиктері де қуанады. Ғалымның нәтижелері есептеу математикасында қолданылатындығы оның өміршеңдігін дәлелдейді. Нұрлан Темірғалиев Қазақстандағы математикалық білімді жетілдіруге бар күш-жігерін салып, сол үшін күресуде. Ол ауық-ауық газет-журнал

беттерінде бұл туралы пікірін айтып, оны дәлелдеп жүр. Ол кейінгі жылдары кадрларды даярлау сапасы республика

бойынша төмендеп, оқу-құралдары жетіспей, оқыту мазмұнына бірыңғай талап қойылмайды деген өз дәлелдерін айтады. Математикалық білімді жақсартудың бір жолы ретінде ғалым үш томдық «Математикалық анализін» жазды. Оның бірінші томы 1987 жылы «Рауан» баспасынан, екінші томы «Ана тілі» баспасынан 1991жылы, үшінші томы «Білім» баспасынан 1996 жылы шықты. Бұлар математикалық анализден жазылған кейінгі жылдардағы қомақты еңбек. Онда дәстүрлік материалдар мен жаңа теориялар байланыстырыла, әдістемелік жағынан ұстамды жазылған оқулық. Математикалық терминологияны жасаудың халықаралық тәжірибесін қатаң ұстанған автор өз кемшілігін түзетуден қорықпайды. Адамгершілігі мол, қарапайым да әңгімешіл ғалым, ескі тарихты қазіргімен байланыстыруды жақтайды. Шәкірттеріне жағдай жасап, олардың хал жағдайын білгісі келіп, бірге жүреді.

Қазақ математигі-Серікжан Бадаев. Қазақ ұлттық университетінің профессоры. 1948-жылы 9-қарашада дүниеге келген. 1966-1971жылдары аралығында Ресейдің Новосібір мемлкекеттік университетін бітірген. 1971-1974 жылдары аталмыш университеттің аспиранты. 1978-жылы физика- математика ғылымдарының кандидаттығын “О верхних полурешетках вычисляемых нумераций” тақырыбында Новосібір мемлекеттік университетінде, 1996-жылы “Минимальные нумерации” тақырыбында докторлық диссертациясын Ресей ғылым академиясының Новосібірдегі бөлімшесінде қорғаған. 1997 жылдан бастап Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры. Негізгі зерттеу бағыты: Есептелімділік теориясы, Ершов иерархиясы және осы иерархиядағы есептелімділіктер және т.б Жүзге тарта мақаламен қазақша жазылған 3 кітаптың авторы. «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атанды.

Жеңіп алған гранттары :•INTAS-RFBR-97-139“Computabilityand Models”,1999-2002;• PICS “Kazakhstan-1841”, 2001;• INTAS-00-499 “Computability in Hierarchies and Topological Spaces”, 2001-2004;

•NSF Grant DMS-0075899 “Binational USA – Russia/Kazakhstan”, 2001-2005;

International project “Computational Prospects of Infinity”, Singapore, July 17-31, 2005;

• Грант МОН РК “Лучший преподаватель вуза” на 2006 год;

• Грант МОН РК “Лучший преподаватель вуза” на 2007 год;

• NSF Grant DMS-0554841 “Collaboration in Computability”,

Жұмаділдаев Асқар Серқұлұлы (25.2.1956 жылы туған, Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Шиелі кенті) – ғалым, физика-математика ғылымының докторы (1988), профессор (1990), Қазақстан ҰҒА-ның корреспондент мүшесі (1995). 1980 – 90 жылдары Математика және механика институтында (қазіргі Математика институты) кіші, аға, жетекші ғылыми қызметкер болды. 1990 жылдан сол институтта алгебра лабораториясының меңгерушісі. Жұмаділдаевтің негізгі ғылыми-зерттеу еңбектері Ли алгебрасының когомология теориясына арналған. Ол оң сипаттамалы Ли алгебрасының когомологиялары мен деформацияларын және олардың қолдануын зерттеген. Векторлық өріс алгебрасының бөлшектенбейтін кеңеюін есептеген. Ассоциативті емес алгебраның тепе-теңдіктерін тапты. Жұмаділдаев Германиядағы Гамбург (1986), Мюнхен (1995 – 96), Билефельд (1996 – 99) университеттерінің профессоры болып, Кэмбридж университетінің жанындағы Ньютон институтында (1997), А.Салам атындағы Халықаралық теориялық физика орталығында (Италия, 1998, 2001), Швеция корольдік Ғылым Академиясының Миттаг-Леффлер атындағы Математика институтында (1998 – 99), Фильдс атындағы Математика институтында (Канада, 2001) қызмет атқарып, лекциялар оқыған. Германияның, АҚШ-тың мемлекеттік стипендияларын, Швеция корольдік Ғылым Академиясының грантын алған. Ол – 12-сайланған Қаз КСР Жоғарғы Кеңесінің, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің депутаты болды.

Ғылыми дәрежелері:

1981 ж. – физика-математика ғылымдарының кандидаты (КСРО ғылым академиясының математика институты, Мәскеу)

1988ж. – физика – математика ғылымдарының докторы (КСРО ғылым академиясының математика институты, Ленинград бөлімі)

1990 ж. - Қазақ Ұлттық Университетінің профессоры

1995 ж. - ҚР ҰҒА-ның корреспондент мүшесі

2004 ж. - ҚР ҰҒА-ның академигі

Шетелден алған шақыртулары:

1995-1996 жж. - Мюнхен Университеті (18 ай)

1997-1999 жж. - Бильфельд Университеті (4ай)

1997 ж. - Ньютон институты, Кембридж, Ұлыбритания (4 ай)

1998 ж. - Гамбург Университеті (2 ай)

1998, 2001-2003 жж. - Теориялық физиканың халықаралық орталығы (9 ай)

1998-1999 жж. - Миттаг-Лефлер атындағы математика институты, Швеция (9 ай)

1999 ж. - Киото университеті, Жапония (1 ай)

2000-2003 жж. - Стокгольм Университеті, Швеция (9 ай)

2000 ж. - Оксфорд университеті, Ұлыбритания (1 ай)

2001 ж. – Салалар институты, Торонто (1 ай)

2001-2003 жж., 2005 ж. - Франция институты (1 ай)

2002 ж. – Шредингер институты, Вена (1 ай)

2005 ж. - Макс-Планк атындағы математика институты, Бонн (3 ай)

Қазірғі кезде ҚазҰУ-да, ҚБТУ-да және СДУ-да сабақ береді.

Қазақтың әлемге әйгілі математигі, Қазір Ресейдің Новосібір мемлекеттік универси-тетінің профессоры Ескендір Тайманов Ресей ғылым акаде-миясының академигі атанды. Ердің жасы елуге келген матема-тик ағамыздың математикаға бер-ер еңбегі зор.Әке жолын жалғас-тырған Ескендір Тайманов қазақ жастарына қомақты көмек көрсетуде.Е.Таймановтың негізгі еңбектері:НовиковС.П., Тайманов И. А. Современные геометрические структуры и поля. Издательство: МЦНМО. ISBN 5-94057.Тайманов И. А. Лекции по дифференциаль-ной геометрии. ISBN 5-93972-467-1.Bolsinov, Alexey V.; Taimanov, Iskander A. Integrable geodesic flows with positive topological entropy. Invent. Math. 140 (2000), no. 3, 639—650.

Taimanov, I. A. Topological obstructions to the integrability of geodesic flows on nonsimply connected manifolds. (Russian) Izv. Akad. Nauk SSSR Ser. Mat. 51 (1987), no. 2, 429—435, 448; translation in Math. USSR-Izv. 30 (1988), no. 2, 403—409).Konopelchenko, B. G.; Taimanov, I. A. Constant mean curvature surfaces via an integrable dynamical system. J. Phys. A 29 (1996), no. 6, 1261—1265.Taimanov, Iskander A. Modified Novikov-Veselov equation and differential geometry of surfaces. Solitons, geometry, and topology: on the crossroad, 133—151, Amer. Math. Soc. Transl. Ser. 2, 179, Amer. Math. Soc., Providence, RI, 1997.Taimanov, I. A. Topology of Riemannian manifolds with integrable geodesic flows. (Russian) Trudy Mat. Inst. Steklov. 205 (1994),

Уәлібай Өмірбаев Үтмағанбетұлы 1960 жылы 7 мамырда Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданы, Төрткүл ауылында дүниеге келген. 1973-1977 жылдары Алматыдағы Республикалық физика-математика мектебінде оқыған. 1977-1982 жылдары Новосібір мемлекеттік университетінің механика-математика факультетінің студенті болған. 1982-1985 жылдары Новосібір мемлекеттік университетінің аспирантурасында білім алған. 1986 жылы кандидаттық диссертациясын қорғаған. Еңбек жолын 1986-1989 жылдар аралығында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың жоғары алгебра кафедрасының ассистенті болып бастаған. 1989-1991 жылдары ҚазҰУ-дың аға оқытушысы, 1991-1995 жылдары доценті атанған, сол Новосібір қаласында математикалық логика, алгебра және сандар теориясы саласында докторлық диссертациясын ойдағыдай қорғап шығады. Қазақстанның ғылым мен техника саласындағы Мемлекеттік сыйлығының, Америкалық математикалық қоғамының «Мур» сыйлығының иегері. 2006-2008 жылдар аралығында «Пуассон алгебрасы, көпмүшелктер алгебрасы және жай алгебралық дифференциалдау» ғылыми жобасының жетекшісі болды.1995-2001 жылдары М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетіндегі информатика кафедрасының меңгерушісі болған. 2007 жылдан бері Детройттағы Уейн университетінде сабақ береді. 1993-2007 жылдар аралығында Испанияның Овиедо, Канаданың Манитоба, Бразилияның Сан-Паулу, АҚШ-тың

Вашингтон, Мичиган, Кливлен, Майами университеттерінде, Францияның Марсель-Люмини

атындағы математика орталығында, Германияның Макс Планка атындағы математика институтында дәріс оқыған. 2001 жылы жапон математигі М.Нагатаның, 2004 жылы ағылшын математигі П.Конның

есебін шешкен. Күні бүгінге дейін талантты жас ғалымдарға арналған және ғылымның дамуына зор үлес қосқаны үшін Мемлекеттік стипендияларына, ҚР «Үздік оқытушысы» грантына ие болып, «Нұр Отан» ХДП-ның «Белсенді қызметі үшін», ҚР Білім және ғылым министрлігінің «ҚР ғылымын дамытуға қосқан үлесі үшін» сондай-ақ «ҚР білім беру ісінің үздік қызметкері» төсбелгілерімен марапатталған. ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері. Қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде еркін сөйлейді. Қазір Астанадағы Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің алгебра және геометрия кафедрасының меңгерушісі, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор. Үйленген, 4 баласы бар. Ғылыми еңбектері 1) И.П. Шестаковпен бірге Нагата проблемасын шешті. 2) Атақты ағылшын математигі

П. Конаның ассоциативті алгебра саласындағы есебін шешті.

Ғылым әлемін дүр сілкіндірген

ауыл қазағы.

Әлемдік ғылымда жарылыс жасаған қазақ кім? 1972 жылы жапонның атақты ғалымы М.Нагата құрастырған есептің жауабын әлемнің «мен»деген талай математигі 30 жыл бойы іздеп, таба алмады.


«Нагата есебі шешілді!» дегенді естіген сәтте мүйізі қарағайдай шетелдік ғалымдардың біразы бұған сене қоймапты. Ал жұмбақтың жауабын қазақ ғалымы Уәлібай Өмірбаев тапты дегенде миықтарынан күлген де қойған. Тіпті, араларында: «Мұның құр әурешілік», — деп мұқатқандары да кездесіпті. Сыртынан сынағандары қаншама. Бірақ өзіне қарсы айтылған қыңыр пікірлерден қазақ ғалымының тауы әсте шағыла қойған жоқ. Қайта санасына берік бекіген шешімнің дұрыстығын жылдар өте толымды дәлелдермен түйіндей түсті. Ақыры, есептің шешімі математика әлеміндегі белді басылым «Journal of tһe Amerіcan Matһematіcal Socіety» журналында жарияланғанда, ғалымға алғаш менменси қараған әлемнің кіл мықтылары, оны амалсыз мойындады. Мойындағаны былай тұрсын, тәжірибе алмасуды өтінді. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті алгебра және геометрия кафедрасының меңгерушісі, физика-математика

ғылымдарының докторы, профессор Уәлібай Өмірбаев

математика ғылымына кездейсоқ келмесе керек. Ғалымның әкесі Үтмағанбет есепті жіліктеп шағатын мықты математик болыпты. Тіпті, өз ауылы тұрмақ, көрші ауылдың мұғалімдеріне небір қиюы келіспес деген есептердің шешімін тез-ақ тауып береді екен.

Баласының да осы ілімге деген таудай талабын байқаған Үтмағанбет әкей оны республикалық физика – математика мектеп-интернатына өзі жетектеп әкеліп

тапсырған. Бүгінде аты алты құрлыққа танылған математиктің қазіргі қол жеткізіп отырған жетістігінің негізі осы білім ордасында қаланды. Ал 1972 жылы жапонның атақты ғалымы М. Нагата құрастырған жұмбақ есептің жауабын «мен» деген математиктер 30 жыл бойы іздеді. Танымалдылыққа талпынған жас ғалымдар да олардан қалысқан жоқ. У. Өмірбаев болса, Нагата жасырған жұмбаққа шешім іздеуге 80-ші жылдардың соңында білек сыбана кірісіп, айналдырған 10 жылдың ішінде аталған есептің түйінін тарқатты. Алайда есепті шешудегі жас ғалымның алғашқы талпынысы сәтсіз аяқталып, діттеген жеріне дөп тимеді. Ол дұрыс деп тапқан есептің жауабы бұрыс болып шықты.

Ғалымның әріптестерінің айтуынша, өзінің қателескенін артынан аңғарған математик аз уақыт қиналыс үстінде жүріпті. Бұл оның «күндестеріне» қол болатын. Ел арасында: «Өмірбаевқа математиканың тыңына түрен салу қайда? Меселі қайтты-ау шамасы», – деген алып-қашпа әңгімелер етек ала бастағасын, алған бетінен біржола қайтпауға бекінді. Жүрек түкпірінде ол өзін әлем мойындауын қалайтын. Ал Нагата есебін шешудің сыры – ең алдымен еңбек пен сабырда жатқандығын сезінген ғалым

ғылыми ізденісіне қайта кірісті. Осылайша, 1999 жылғы

басынан өткерген сын сәтсіздігінен кейін, араға екі жыл салып, Нагатаның «қолды» және «жабайы» автоморфизмдер туралы есебінің нақты жауабын ақыры тапты. Зерттеулерін жалғастыра отырып, іле-шала Кон себінің шешімін шығарды (автор осы тақырып бойынша 36 ғылыми еңбек жазыпты).

Бірақ жалғыз есепті шешудің жолын табумен іс біте қойған жоқ. Бұл тек бастапқы баспалдақ еді. Ғалымды ұстазы И.Шестаковпен бірігіп шешкен есептің жауабы нақты екенін дәлелдеу үшін алда үлкен күрес күтіп тұрған. Обалы не керек, өз шешімінің дұрыстығын бірнеше бас қосуларда математик дәлелдеп-ақ бақты. Бұнысынан түк шыққан жоқ. Қиырдағы ғалымдар әлі де болса: «Нагата жұмбағының жауабын табатындай Уалбай Өмірбаев кім?», — деген мысық пиғылда тұғын. Олар бет бақтырмағасын бұлай жасаудың бекер екендігін түсінген ұстаз бен шәкірттің алдында жалғыз-ақ амал қалған еді. Ол — халықаралық ғылыми конференцияларға қатысу болатын.

Міне, Гонконгтегі айтулы математиктер бас қосқан үлкен форумда, қазақ ғалымы өзінің Нагата есебінің түйінін тарқатқанын айтып, сарнай сөйлеп тұр. Әзірге әріптестері міз бағар емес. Кейбірі мысқылдаған сыңай таныта ма, қалай? Үміт үзіліп барады. Бұл жолғы жиында айтарын айғақтай алмаса құрығаны… Жоқ, олай болмады. У. Өмірбаев ойын түйіндеп орнына жайғаса бергені сол, отырғандар арасынан біреу атып тұрып, қара тақтадағы есепке қарай жүгірді. Бұл атақты Леонид Макар-Лиманов болатын. Ғалым есепті үсті үстіне тексеріп: «Нақ жауап осы, бұдан өзге жауаптың жоқтығына мына мен куәлік беремін», — деп айғайлап жіберді. Алайда кейіннен, ғылыми ізденісіне қайта кірісті. Осылайша, 1999 жылғы

басынан өткерген сын сәтсіздігінен кейін, араға екі жыл салып, Нагатаның «қолды» және «жабайы» автоморфизмдер туралы есебінің нақты жауабын ақыры тапты. Зерттеулерін жалғастыра отырып, іле-шала Кон себінің шешімін шығарды (автор осы тақырып бойынша 36 ғылыми еңбек жазыпты).

Бірақ жалғыз есепті шешудің жолын табумен іс біте қойған жоқ. Бұл тек бастапқы баспалдақ еді. Ғалымды ұстазы И.Шестаковпен бірігіп шешкен есептің жауабы нақты екенін дәлелдеу үшін алда үлкен күрес күтіп тұрған. Обалы не керек, өз шешімінің дұрыстығын бірнеше бас қосуларда математик дәлелдеп-ақ бақты. Бұнысынан түк шыққан жоқ. Қиырдағы ғалымдар әлі де болса: «Нагата жұмбағының жауабын табатындай Уалбай Өмірбаев кім?», — деген мысық пиғылда тұғын. Олар бет бақтырмағасын бұлай жасаудың бекер екендігін түсінген ұстаз бен шәкірттің алдында жалғыз-ақ амал қалған еді. Ол — халықаралық ғылыми конференцияларға қатысу болатын.

Міне, Гонконгтегі айтулы математиктер бас қосқан үлкен форумда, қазақ ғалымы өзінің Нагата есебінің түйінін тарқатқанын айтып, сарнай сөйлеп тұр. Әзірге әріптестері міз бағар емес. Кейбірі мысқылдаған сыңай таныта ма, қалай? Үміт үзіліп барады. Бұл жолғы жиында айтарын айғақтай алмаса құрығаны… Жоқ, олай болмады. У. Өмірбаев ойын түйіндеп орнына жайғаса бергені сол, отырғандар арасынан біреу атып тұрып, қара тақтадағы есепке қарай жүгірді. Бұл атақты Леонид Макар-Лиманов болатын. Ғалым есепті үсті үстіне тексеріп: «Нақ жауап осы, бұдан өзге жауаптың жоқтығына мына мен куәлік беремін», — деп айғайлап жіберді. Алайда кейіннен, ретінде ұсынған 19 адамның 17-сі шетелдік ғалымдар болды. Бұлардың арасында Калифорния

университетінің профессоры Е.Зельманов, Ломоносов атындағы ММУ-дың проректоры А. Михалев, Швейцариядағы Базель университетінің профессоры Х. Крафт сынды марқасқа математиктер бар. Қазір қазақ ғалымы АҚШ-тың Детройт қаласындағы Уейн мемлекеттік университетінде дәріс оқып жүр. Уәлібай Өмірбаев ол жақта: «Бұл Нагата жұмбағын шешкен қазақ», — деген мақтау сөздерді жиі еститін көрінеді.

Бұл тұлға туралы әр түрлі ғалымдардың пікіріне тоқталсақ Нарғозы ДАНАЕВ әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық

университетінің Математика және механика ғылымы бойынша зерттеу институтының директоры:

— Математика ғылымының даму тарихында осы саланың корифейлері үнемі белгілі бір есептік проблемаларды талқыға қойып келген. Себебі, осы проблемаларды шешу арқылы, математика ғылымы ілгері басып, тың зерттеулерге жол ашылады. Мысалға, ХХ ғасырдың белгілі неміс математигі Давид Гильберт 17 бірдей математикалық проблеманы алға тартты. Ал оларды шешудің арқасында осы ғылымның құрылымы түбірімен өзгеріп, дифференциялды теңдеулер теориясын ары қарай дамытуға мүмкіндік туды. Мен еліміздің маңдайалды математигі Уалбай Өмірбаевтың әлемдік математика ғылымына қосқан үлесін осымен барабар дер едім.

Жан АЛЕВ франциялық профессор:

— Нагата есебін шешу арқылы У.Өмірбаев ғылымда жарылыс жасады. Өз қатесін өзі тауып, оны жөндеп, сонан соң әлемдік жаңалық жасаған ғалымның қабілет-қарымы мен табандылығына таңдай қақпау мүмкін емес. Леонид МАКАР-ЛИМАНОВ, ресейлік ғалым:

— Мен У.Өмірбаевтың ғылыми жұмысына пікір жаздым. Оның еңбегі – нағыз шедевр.

Жанспитер КРАФТ, швейцариялық профессор:

— Автоморфизммен айналысқан математиктердің арасында У.Өмірбаевпен иық тіресе алатын ғалым әлі туған жоқ.


Қ О Р Ы Т Ы Н Д Ы

Ғылыми конференциямызды қортындылай келе, егеменді елдің ертеңі қазақ жастарына ауылдан шыққан қазақ математиктерін таныстыра отырып, жас буын өкілдерінің бойына рух беру бағытында өткізілген еді. Кеңес Одағы кезінде қазақ жастарын тек ауыл шаруашылығы мен педагогикалық институттарда оқыған, еш техниканың тілін білмейтіндер қатарына жатқызған еді. Қалыптасқан бұл ойдың қате екендігін осы ғылыми конференция арқылы көрсетуге тырыстық. Ауылдан шығып, қалаға білім, оқу іздеп келген жастар ғылымды, техниканы меңгеріп қазақ елінің атын әлемге танытты. Бұл тарихи тұлғалар арқылы біз әлемге мақтана аламыз, оларды мақтан тұтамыз.

Қолданылған әдебиеттер.


www.Google.kz сайты – Қазақ математиктері.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Математика

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 11 класс

Скачать
Конференция по математике

Автор: Кыдырбаева Мендыганым Бахытовна

Дата: 01.02.2017

Номер свидетельства: 386321

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(198) "Конференция  "Математика  в  профессиях" (итог  годовой  работы  в  рамках  проекта  "Математика  в  профессиях") "
    ["seo_title"] => string(112) "konfierientsiia-matiematika-v-profiessiiakh-itogh-ghodovoi-raboty-v-ramkakh-proiekta-matiematika-v-profiessiiakh"
    ["file_id"] => string(6) "221635"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1435494563"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(86) "Ученическая конференция "Математика и красота""
    ["seo_title"] => string(49) "uchenicheskaia_konferentsiia_matematika_i_krasota"
    ["file_id"] => string(6) "539440"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1581565888"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(63) "Конференция "Математика и красота""
    ["seo_title"] => string(37) "konfierientsiia_matiematika_i_krasota"
    ["file_id"] => string(6) "354961"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1478173984"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(179) "Презентация к исследовательской работе "Математика в профессиях повара, портного и полицейского""
    ["seo_title"] => string(80) "priezientatsiia_k_issliedovatiel_skoi_rabotie_matiematika_v_profiessiiakh_povara"
    ["file_id"] => string(6) "468437"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1525451703"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(181) "Внеурочная деятельность как средство достижения метапредметных результатов обучения математике "
    ["seo_title"] => string(113) "vnieurochnaia-dieiatiel-nost-kak-sriedstvo-dostizhieniia-mietapriedmietnykh-riezul-tatov-obuchieniia-matiematikie"
    ["file_id"] => string(6) "226699"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1440425090"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства