Математика п?нінен "Эрудиттер" атты кластан тыс шара. 5,6,7 кластар аралы?ында.
Ма?саты: о?ушыларды? бойында азаматты? ?асиетті ?алыптастыру, білімге деген ??штарлы?ын арттыру.Сонымен ?атар к?пшіл болу?а ?йрету, ?зара к?мегін ?алыптастыра отырып, ?з білімін ?ана емес бас?а о?ушыны? да білімін жауапкершілікпен ?арау?а да?дыландыру.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«кластан тыс шара »
Сайыстың мақсаты:
Білімділік:Оқушылардың бойында азаматтық қасиетті қалыптастыру, олардың белсенділігін арттыру, білімге ұмтылдыру. Дамытушылық: Оқушыларды ұқыпты тыңдауға, сұрақтарға нақтылы жауап беруге, олардың математикалық тілін, логикалық ойлау қабілетін дамыту. Тәрбиелік:Оқушыларды көпшіл болуға үйрету, өзара көмегін қалыптастыра отырып, өз білімін ғана емес басқа оқушының да білімін жауапкершілікпен қарауға дағдыландыру.
Сайыстың ұраны:
2030-дың біз барысымыз,
Болашаққа бастайды әр ісіміз.
Егемен елімізді көркейтетін,
Білім шыңына шығу парызымыз.
Сайыстың барысы:
“Білім” сайысы
Мақал-сөз мәйегі
“Есепке кім жүйрік?”сайысы
“Кім көп біледі?”сайысы
Математикалық жұмбақтар
“Сөзжұмбақ шешу”
Логикалық есептер
«Білім » сайысы: «Үшбұрыш» тобына 5а кл
Қандай сан барлық сандарға қалдықсыз бөлінеді?(натурал)
Әкемнің 7 ұлы бар, оның әрбір ұлының қарындасы бар. Сонда әкемнің неше баласы бар?(8 баласы)
Қандай санның атының жазылуында қанша әріп болса, соншалық цифр бар?
Тәрелкедегі 4 бауырсақты 4 балаға бір- бірден және тәрелкеде бір бауырсақ қалатындай етіп қалай бөліп беруге болады?.
«Шаршы » тобына 6а кл
1. Егер тырна бір аяғымен тұрса 3 кг болады, ал екі аяғымен тұрса оның салмағы қанша?
2. Үстел беті төртбұрышты. Оның бір бұрышын арамен кесіп алсақ, неше бұрыш қалады?
3. Төрт қойдың неше аяғы бар?
4. Ағаш үстінде 100 торғай отырады. Аңшы оның 10 торғайын атып алды. Торғайдың қаншасы қалды?
«Дөңгелек» тобына 7а кл
1.Бөлменің 4 бұрышында бір- бір мысықтан отыр. Әр мысықтың алдында үш мысықтан отыр. Барлығы бөлмеде неше мысық бар?
2. Үш пар ат 30 км –ге шапса, әр ат қанша км шабады?
4. Екі адам 4 сағат шахмат ойнады. Олардың әр қайсысы неше сағат ойнады?
«Мақал- сөз мәйегі» бөлімі (мақалдың жалғасын табу)
Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім іл
Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар
3. Екі жақсы қас болмас, екі жаман дос болмас
4. Досыңды үш күн сынама, үш жыл сына
5. Бір елі ауызға – екі елі қақпақ
6. Жүз сомың болғанша, жүз досың болсын
7. Отыз тістен шыққан сөз, отыз елге тарайды
8. Білгенің бір тоғыз, білмегенің тоқсан тоғыз
9. Бір кісі қазған құдықтан, мың кісі су ішеді
«Есепке кім жүйрік?»сайысы
1. Жұлдызшаның орнына сан қойып, көбейтуді орында:
* 2 *
2 7
3 6 * 8
+ * * * *
* * * * *
2 . 0, 1, 2, 3 цифрларынан бірдей цифр қайталанбайтын барлық мүмкін төрт таңбалы сандарды жазыңдар. Мысалы 3 201 санын және т. б. құрастыруға болады. Алынған ең үлкен және ең кіші сандардың айырмасы неге тең? 3 210 – 1023= 2 187
Әрбір сақинадағы сандардың қосындысы 55-ке тең болса, А қаншаға тең? 10
«Кім көп біледі?» сайысы
5-сыныпқа
1. Санауда қолданылатын сандар? (натурал)
2. Санның ең үлкен бөлгіші неге тең? (санның өзіне)
3. 2-ге бөлінбейтін сандар не деп аталады? (Тақ сандар)
Қандай сандар 5-ке бөлінеді? ( 0 мен 5- ке аяқталатын сандар)
5. Жай сандардың кестесін жасаған грек ғалымы кім?(Эратосфен)
6. 1/2- ге кері сан? (2)
7. Ғасырдың жартысы неше жыл? ( 50жыл)
5-сыныпқа
1. Неше цифр бар? (он)
2. Кез келген натурал санның бөлгіші? (1)
3. 2-ге бөлінетін сандар не деп атлады ? (Жұп сандар)
4. Қандай сандар 10-ға бөлінеді? ( 0 - ге аяқталатын сандар)
5. Ең кіші натурал сан, (1)
6. Санды қандай санға бөлуге болмайды? (0-ге)
7. 3 ке кері сан? ( 1/3)
6-сынып
1. Шеңбердің екі нүктесін центр арқылы қосатын кесінді? (диаметр)
2. Өзара кері сандардың көбейтіндісі неге тең? (1)
3. Оң санға да теріс санға да жатпайтын сан (нөл)
4. 9-ға қарама қарсы сан (-9)
5. -99,9 бен 1 қайсысы үлкен? ( 1)
6. 0-ден үлкен сандар ( оң сандар )
7. Таңбалары әр түрлі сандардың көбейтіндісі (теріс сан)
6-сынып
1. Қандай сан барлық сандарға қалдықсыз бөлінеді? (нөл)
1.Бұл зат сендерде жуырда пайда болды. Жоғарғы сынып оқушыларына ол өте қажет. Көбінесе оны уақытты үнемдеу үшін қолданады, ал кейде бірдеңені білмей қалған жағдайда соның көмегімен іздегеніңді оп-оңай тауып алуға болады. Бұл не?
2.Бұл зат әр оқушыда болады. Мектепке әлі бара қоймаған бүлдіршіндер де оны болғанын ұнатады. Жоғарғы сынып оқушыларында олар көп болады, өздері қалың-қалың. Кейбір мұғалімдер оларды әрі-бері тасып әлек. Бұл не? 3.Бұл негізгі сандардың бір түрі. Олармен сен бастауыш сыныпта танысып келгенсің. Сенің үйіңнің нөмірін, жолдастарыңның санын, оқып жатқан сабақтарыңның ретін тек қана осы сандармен белгілеуге болады. Бұл қандай сандар?
4.Кейбіреулер «ол» тезірек бітсе екен деп асығады. Өйткені, ол бітсе, ойнауға, асыр салып жүгіруге болады. Бірақ ол бітер емес... Біреулер оны жақсы көреді, ал кейбіреулер ұнатпайды, өйткені «онда» көп ойлау керек, есептеу, жазу, ауап беру қажет. Кейде бірдеңелерді орындайсың-орындайсың, ал тексергенде «2» қояды. Мүмкін, тапсырмаларды дұрыс орындамағансың, әлде уақытың жетпей қалды ма екен? Өйткені «ол» 45 минутқа ғана созылады ғой. Бұл не? 5.Бұл сенің ең негізгі құралың. Басқа құралдарыңды кейде ауыстырып әкеліп отырсаң, бұл құрал жыл басынан соңына дейін сөмкеңнен түспейді. Оны мұғалімге бергенде кейде қуанасың, ал кейде жылағың келеді. Бірақ ол өзіңе байланысты.. Егер қатты қуансаң оны сен мамаң мен папаңа өзің көрсетіп мәз боласың, ал кейде ешкім сұрамаса екен деп ойлайсың. Өйткені онда сенің бар құпияларың жасырынған ғой... Бұл не?