kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Сандар ?леміне саяхат" . Кластан тыс шара

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сандар ?леміне саяхат атты кластан тыс шара. 5-6 класс о?ушылары ал?ырлар ж?не тап?ырлар тобы болып сайыс?а т?седі. Ойын элементтері ар?ылы о?ушыларды? математика п?нінен деген ?ызы?ушылы?тарын арттыру. Логикалы? ойлау?а ?абілеттерін дамыту. Бір -біріне деген к?з?арастарын ояту. Патриотты азамат т?рбиелеу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Сандар ?леміне саяхат" . Кластан тыс шара »



«САНДАР ӘЛЕМІНЕ САЯХАТ»
Кластан тыс шара(5а, 6а сыныптар)

Мақсаты: Математика сабақтарында дидактикалық ойын есептерін қолдану арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, ой өрісін дамыту, алған білімдерін пысықтау.

Типі: Білім дағдыларын жетілдіру сабағы;

Түрі: Сайыс сабақ;

Көрнекілігі: Қанатты сөздер , сіріңке талшықтары т.б.

1. Арифметика математиканың, ал математика ғылымдардың патшасы. (К.Гаусс)

2. Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін математика. (М.В.Ломоносов)

3. Математика – барлық ғылымдардың тұңғышы және оларға пайдалы да, қажет те. (Р.Бэкон)

Барысы:

  1. Сәлемдесу

  2. Викториналық сұрақтар

  3. Сандардан тұратын жұмбақтар

  4. Шырпылар шытырманы

  5. Математикалық мақал-мәтелдер

  6. Ребус шешу

  7. Біліктілік сайысы

  1. «Сәлемдесу» сайысы

«Алғырлар - тобы.(5а класс)

Ұраны. Жарыс десе жанымыз

Бүгінгі күн жарыста

Алғырлықпен аламыз

Сәлемі: Кластас ерігіп жүрме бос

Қол ұстас , бірігіп тізе қос,

Жеңіспен мәреге барайық

Жеңістің ұранын салайық.

«Тапқырлар» тобы.(6а класс)

Ұраны: Қандай сынақ болсадағы беріспе

Әрқашанда үміткерміз женіске.

Сәлемі: Біз дайынбыз бұл сайысқа достарым

Көрсетеміз бізде қандай күш барын

Алға қойған мақсатымыз бір екен,

Сәтті болсын сапарымыз әрдайым!

  1. Викториналық сұрақтар :

  1. Қазақ халық мақалында қанша құмалақ бір қарын майды бүлдіреді? (бір)
    2. Атасы 56 жаста, ал немересі 14 жаста. Неше жылдан кейін атасының жасы немересінен екі есе үлкен болады (28 жылдан кейін )
    3. Қос жегілген аттар 40 км шауып өтті. Әр ат неше км шауып өтеді? (40)
    4.. Қояндар бөренені арамен бөліп жатыр. Олар14 жерден кесті. Неше бөлік пайда болды? (15)
    5.. Айболитке көрінуге аңдар келді. Бәрі, тек 2 иттен басқалары. Бәрі, тек 2 мысықтан басқалары. Бәрі, тек 2 қояннан басқалары. Айболитке көрінуге неше аң келген? (3)
    6. Үстелдің бір бұрышы кесіп алынды. Үстелде енді неше бұрыш қалды? (5)
    7. Алмұрт алмадан ауыр, ал алма өріктен ауыр. Алмұрт ауыр ма, әлде өрік ауыр ма? (алмұрт)
    8. Еменде үш бұтақ, ал әр бұтақта үш алмадан бар. Барлығы неше алма? (еменде алма өспейді)
    9. Нөлге және жұп цифрға аяқталатын сандар қалай аталады? (жұп сандар)



10. Қандай сандар жай сандар деп аталады? Мысал келтір (өзіне және 1 - ге ғана бөлінетін сандарға)
11. Бөлшек сызығының үстіне жазылған сан қалай аталады? Бөлшек сызығының астына жазылған сан қалай аталады? (Алым. Бөлім)
12. Бүтін бөліктен және бөлшек бөліктен тұратын сан қалай аталады?(аралас сан)
13. Қандай бөлшек дұрыс деп аталады? Мысал келтір. (Алымы бөлімінен кіші бөлшек дұрыс деп аталады. Мысалы. 1/2 )
14. Бөлшектің негізгі қасиеті қалай айтылады? (Бөлшектің алымын да, бөлімін де бірдей натурал санға көбейткеннен бөлшектің мәні өзгермейді.)

  1. Сандардан тұратын жұмбақтар:

  1. Қабат-қабат қаптама

Ақылын болса аттама

(кітап)

  1. Жоқ өзінде бас та, қас та, мойында

Ұзындығы жазулы тұр бойынды

(сызғыш)

  1. Бір тонна мақта ауыр ма?

Бір тонна темір ауыр ма?

(бірдей)

  1. Бес ін, бес іннің айызы бір ін

(қолғап)

  1. Аяғы біреу, қолы жоқ, шиыр жолы көп

(қалам)

  1. Елу тісті, екі қолды

(екі кісілік ара)


  1. Мектепке келе жатқан бес балаға,

Қарсы жолда тағы төрт бала жолықты.

Мектепкем неше бала барды?

(5бала)

  1. Жанұяда екі ұл және ір ұлдың екі әпкесі,

Бір әкесі бар. Әр қыздың бір анасы бар.

Жанұяда барлығы қанша адам бар?

(2 ұл, 2қыз, 1әке, 1анасы – 6адам)

9.Бұлбұлдың 2 құлақ, 1 басы бар
Салдыраған 8 жерден таңбасы бар.
Бұлбұлды жолға салып айдағанда,
Салатын неше түрлі жорғасы бар.
(Домбыра)
10.Екі айнасы бар, екі найзасы бар,
Төрт сылдырмағы бар,
Бір шыбыртқысы бар.
(Сиыр)

3.Сіріңке шырпысы қолданылатын ойындар

Шырпыны қолдану арқылы түрлі фигуралар құрастыруға,бір немесе екі шырпының орнын ауыстыру арқылы басқа фигура алуға тиісті есептерді шешу –бұл ойынның шарты. Бұл ойын арқылы оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға .математикаға қызығушылығын арттыруға болады.







Есептер:

№1. 5 шырпыдан бесбұрыш құрастырылған. Шырпылардың орнын ауыстыру арқылы бір мезгілде үшбұрыш, төртбұрыш, және бесбұрыштан құралған фигура алу керек.

Жауабы:

І топ: «Алғырлар » тобына. 5а кл. Теңдік дұрыс емес. Бір шырпыны орнын ауыстыру арқылы дұрыс теңдік алыңдар





Жауабы:






ІІ топ: «Тапқырлар» тобына.6а кл. Берілген теңдік дұрыс емес.Екі шырпының орнын қозғау арқылы дұрыс теңдік алу керек

VII

------------- = I I

ХІ

Жауабы :

ХII

------------- = I I

VІ

  1. Математикалық мақал – мәтелдер.

  1. Екі жақсы қас болмас, екі жаман дос болмас

  2. Бес бармақ жиналса, жұдырық болады

  3. Отыз тістен шыққан сөз, отыз рулы елге тарайды

  4. Бір кіс қазған құдықтан, мың кісі су ішеді

  5. Жеті жұрттын тілін біл, жеті түрлі білім біл

  6. Досыңды үш кін сынама, үш жыл сына

  7. Бір түйір дәнде, бір тамшы тері бар

  8. Алтау ала болса, ауыздағы кетеді

Төртеу түгел болса, төбедегі келеді.



  1. Алты аға бірігіп әкең болмас, жеті жеңге бірігіп шеше болмас

  2. Ер бір рет өледі, қорқақ мың рет өледі

  3. Жалқаудың екі досы бар:

Бірі – ұйқы, бірі – күлкі.

  1. Қырық кісі бір жақ, қыңыр кісі бір жақ.

  1. Ребусты шешіп, жасырылған мақал-мәтелді табыңдар!

6. «Біліктілік» сайысы. Қорытынды бөлім (екі топқа тапсырма беріледі)

«Алғырлар» тобына.

Әсет пен Азатқа 5 тәтті тоқаштан әперді.Әсет өзінің тоқаштарын 6 минутта жеп қойды да, әр тоқашын 4 минутта жеп жатқан Азатқа қарап қызғаныштан жыдана жаздады.Әсет әлі неше минут қызғаныштан жынданатын болды? 14 минут

«Тапқырлар» тобына.

Бір бала ас үйде тарақандарды ұстап жүріп,5-ін өлтірді, ал 3 есе көбін жаралады.3 тарақанды өте ауыр жаралады және олар жарақаттарынан өліп қалды, ал қалғандары тіріліп кетті,бірақ балаға ренжіп көршілеріне мүлдем кетіп қалды.Көршілеріне неше тарақан кетіп қалды? 12 тарақан

Әділ қазылар алқасы қорытындылайды.
Осымен бүгінгі тапқырлар сайысы өз мәресіне жетті. Назар аударғандарыңызға рахмет

























Талдысай орта мектебі





САНДАР ӘЛЕМІНЕ САЯХАТ

Кластан тыс шара

5 а-6а кластар





Өткізген : Ф.Е.Кушкимбаева

Математика пәнінің мұғалімі











2014-2015 оқу жылы


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Математика

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 6 класс

Скачать
"Сандар ?леміне саяхат" . Кластан тыс шара

Автор: Кушкимбаева Фарида Ерахметкызы

Дата: 02.04.2015

Номер свидетельства: 195769


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства