kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Абайды о?ы та?ыр?а!" Кластан тыс шара

Нажмите, чтобы узнать подробности

"Абайды о?ы та?ыр?а!" атты 9-11 кластар аралы?ында кластан тыс шара ?тті. Абай атамызды? ?мірінен видео ролик к?рсетілді. О?ушылар атамызды? ?ле?дерін, аудармаларын жат?а айтып жарысты. Сонымен с?ра? жауап ар?ылы ?з білімдерін орта?а салды. Кеш со?ында атамыз?а арнау жазып автор орынды?ында орындады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Абайды о?ы та?ыр?а!" Кластан тыс шара »



Тақырыбы: «Абайды оқы - таңырқа»

МАҚСАТЫ: Ұлы ақын, сазгер, аудармашы, ойшыл, дүниетанушы, дана Абайдың өмірі мен шығармашылығын қалай меңгергендерін бақылау, пысықтау. Тіл байлықтарын, оқу қабілеттерін дамыту. Абай оқуын жалғастыра отырып, оны терең білуге шақыру. Абай мұрасын өнеге тұтуға, Абайды оқыған сайын таңырқай отырып, терең білуге, қазақтың жерін Абайша сүюге шақыру.

Сабақтың түрі: дөңгелек үстел

Әдіс –тәсілдер:ойлану,өлең оқу, сұрақ – жауап, әнін орындау, арнау жазу т.б.

Көрнекілігі: плакат, ақын шығармаларына арналған кітап көрмесі., слайдтар

Қатысатындар: 9а,10а,11а класс оқушылары

Барысы:

Сәлеметсіңдерме оқушылар, ұстаздар! Бүгінгі дөңгелек үстеліміздің тақырыбын, айтпай өздеріңіз білетін, қазақтың ұлы данасы, біртуар үлы ойшыл ұстазы туралы болмақ. Тақырыбын өздеріңіз сөзжұмбақтың сұрақтарына жауап беру арқылы табасыздар.

1-бөлім: Сөзжұмбақ: «Құнанбаев»

Сұрақтары:

  1. Абай өлеңіндегі бес асыл істің бірі?(қанағат)

  2. Абайдың анасы кім?(Ұлжан)

  3. Абайдың әні.(Көзімнің қарасы)

  4. Абайдың ұлы.(Әбдірахман)

  5. Абай оқыған шығыс ғұламасы кім?(Науаи)

  6. Абайдың руы (Тобықты)

  7. Абай өлеңі (Жазғұтұрым)

  8. Абайды әлемге танытқан жазушы? (Әуезов)

  9. Абай кімнің шығармаларын аударған? (Лермонтов)

Мұғалімнің кіріспе сөзі:

Өлсе өлер табиғат, адам өлмес.

Ол бірақ қайтіп келіп ойнап – күлмес.

Мені мен, менікінің айырылғанын,

“Өлді” деп ат қойыпты өңкей білмес.

Көп адам дүниеге бой алдырған,

Бой алдырып, аяғын көп шалдырған.

Өлді деуге сыя ма, айтыңдаршы.

Өлмейтұғын артына сөз қалдырған.






Қазақ елінің тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев:

«Абайдың сөзі – қазақтың бойтұмары

«Абайдың мұрасы – қазақтың ең қасиетті қазынасы. Замандар ауысып,дүние дидары өзгерсе де халқымыздың Абайға көңілі айнымайды,қайта уақыт өткен сайын оның ұлылығының тың қырларын ашып, жаңа сырларына қаныға түседі. Абай өзінің туған халқымен мәңгі бақи бірге жасайды,ғасырлар бойы қалың елін,қазағын жаңа биіктерге ,асқар асуларға шақыра береді.

Абайдай данышпан перзентті дүниеге әкелген қазақ халқы ата – бабаларының арманы болып келген ел тәуелсіздігін көзінің қарашығындай сақтайтынына, қорғайтынына сенемін.Ылайым,халқымыз Абай армандаған өмірге жетсін деп тілеймін» деген.Міне, өздеріңіз куәсі болып отырғандай данышпан Абайдың ұлылығын Елбасымыз да өз сөздерімен дәлелдеп берді. Абайдың ұлылығын паш ете отырып, шығармашылығын, тағылымын келешек ұрпақ санасына сіңіру мақсатында бүгінгі дөңгелек үстелді ұйымдастырған болатынмын.Олай болса, Абай атамыз туралы мына видео роликке назар аударайық.

2. Видео ролик көрсетіледі(3-4минут)

3. - Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы,

Қиыннан қиыстырар ,ер данасы.

Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,

Теп тегіс, жұмыр келсін айналасы, - деп жырлағандай,сайысымыздың келесі бөлімі Абай өлеңдерін жатқа оқуға кезек берейік.

4. Құлақтан кіріп бойды алар,

Әсем ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең, менше сүй,-деп білдірген. Келесі кезекте Абай атамыздың «Желсіз түнде жарық ай » әнін тыңдайық.(ән тыңдау) 9а класс оқушылары Хасенова Аида мен Ғалым Ақнұрды «Көзімнің қарасы » әнімен қарсы алыңыздар. Барлығымызда қосыла шырқайық.




5. Аудармаларынан үзінді.

Абай – аудармашы. Абайдың аудармаларына жалпы шолу жасасақ, ол үнемі таңдап, талғап аударған. Абайдың Лермонтовтан аударған өлеңдері не адамгершілік тақырыбына байланысты жаман мінез-құлықты шенеу, жақсылыққа үндеу, патриоттық үлкен идеяны көксеген өлеңдер. Олай болса Абай атамыздың аудармаларынан үзінді оқу. (әр кластан бір оқушы оқиды)

6. «Абайды тану». (Сұрақ – жауап)

1. Абай кім ?(ақын)

2.Ахмет Байтұрсынов 1913 жылы "Қазақ" газетінде жарияланған мақаласында Абайды қалай бағалады?

(«Қазақтың бас ақыны » деп бағалады.)

3.Қай жазушы Абайды:

"Қазақтың классик әдебиетінің атасы, қазақ поэзиясының күн шуақты асқар биігі", – деп бағалады.

(Мұхтар Әуезов)

4.Шыр етіп түскен сәбиді етегіне орап, көтеріп алған мейірбан жүзді қарт әйел, әне, сол қадірлі бидің бәйбішесі, яғни мына сәбидің туған әжесі ... болатын. (Зере)

5.Шешесі мінезге бай, ауылға жайлы, сонысымен аса сыйлы қай бәйбіше еді?

(Ұлжан)

6. Абайдың қанша қарасөзі бар ?(45)

7. Абай қай жерде туды ? (Семей қаласында)

8. «Абай жолы» романын кім жазды ?(М.Әуезов)

7. Абай атаға арнау.

Арнау өлең — түркі халықтары поэзиясына тән жанр. Арнау өлең қазақ ауыз әдебиетінде, жазба әдебиетінде ерекше орын алған. Арнау өлеңді қазақ әдебиеттану ғылымында алғаш енгізіп, ішкі жанрлық түрге жіктеген А.Байтұрсынов: “Арнаудың өзі үш түрлі болады: жарлай арнау, сұрай арнау, зарлай арнау”. Арнау өлең іштей жанрлық түрге жіктелгенімен белгілі бір ортаға, қауымға, жеке адамға т.б. арналып айтылатындықтан онда ортақ үндестік, бір жанрға тән ерекшелік айқын байқалады. Арнау өлеңнің жіктелуі негізінен тақырыптық сипатына, яғни кімге, қалай арналуына байланысты.(өлең арнау немесе эссе жазып автор орындығында орындау)

8. Қорытынды:

Абай – туған халқының, болашақ ұрпақтың өнегелі тәрбиешісі, ана тілінің бастауы, қамқоры. Ұлы Абай бабамыздың өмірі мен шығармашылығын, әсем әндерін кейінгі ұрпақтары жақсы біледі. Біз солардың ізбасарларымыз.




Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзімен айтсақ:

« Абайды тану арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз,қазақ халқын танытамыз. Абай әрқашан біздің ұранымыз болуы тиіс».

Абай сөзі – адамның жанына азық,

Ақылдың таразысы, алтын қазық,

Абайдың өсиетін түсінгендер,

Кетпейді деп сенемін дүниеге азып.

Сенбе жұртқа тұрса да қанша мақтап,

Әуре етеді ішіне қулық сақтап,

Өіңе сен ,өзіңді алып шығар,

Еңбегің мен ақылың екі жақтан.

Абай атамыздың



Ғылым-білімге неғұрлым ертерек, бала кезден ден қойсаңдар – кейін өкінбейсіңдер



Балғын шақтарыңда оқыған кітап, алған білім тасқа басылғандай мәңгі-бақи естеріңде қалмақ дегенді меңзейді-деген өсиет сөздерімен қорытындылағым келеді.













Талдысай орта мектебі




«Абайды оқы – таңырқа!»

( ашық тәрбие сағаты)

9а,10а,11а кл






Өткізген: Ф.Е.Кушкимбаева

Математика пәнінің мұғалімі






2014-2015 оқу жылы













Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 11 класс

Скачать
"Абайды о?ы та?ыр?а!" Кластан тыс шара

Автор: Кушкимбаева Фарида Ерахметкызы

Дата: 02.04.2015

Номер свидетельства: 195913


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства