Мақсаты: дарынды оқушыларды табу; олардың қабілеттерін ашу; алған білімдерін өмірмен байланыстыра білуге үйрету; логикалық ойлау дағдыларын қалыптастыру, қазақ математиктері туралы білімдерін кеңейту.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
««Қызықты математика сағаты»»
«Қызықты математика сағаты»
(сыныптан тыс шара, 6-сыныптар)
Мақсаты: дарынды оқушыларды табу; олардың қабілеттерін ашу; алған білімдерін өмірмен байланыстыра білуге үйрету; логикалық ойлау дағдыларын қалыптастыру, қазақ математиктері туралы білімдерін кеңейту.
Түрі: сайыс
Көрнекілігі: слайдтар, плакаттар, маркерлер
Барысы:
1-тур. Өзіңізді тексеріңіз: Бұл мәлімет шындық па немесе жалған ба?
2-тур. «Бізді қоршаған әлемдегі – математика» тақырыбында постер құрастыру.
Саламатсыздар ма, ұстаздар, оқушылар және сайысқа қатысушылар! Математика апталығы барысында ұйымдастырылған «Қызықты математика сағаты» атты білім сайысына қош келдіңіздер!
1-тур. Өзіңізді тексеріңіз: Бұл мәлімет шындық па немесе жалған ба? Әр топқа сұрақ қойылады, ол топ ия немесе жоқ деп жауап береді. 4 минут ішінде жауап беру керек. Дұрыс жауап 1 балл. Сұрақтар:
1-топқа:
Кері сандардың көбейтіндісі 1-ме? (ия)
Теріс сандар 0-ден кіші ме? (ия)
Шеңбердің бұрыштары бар ма? (жоқ)
Тәуелсіздік мерекесі күнін 2-ге бөлгенде шығатын сан 10-ба? (жоқ)
Екі теріс санның көбейтіндісі оң сан ба? (ия)
Математика пәнін жақсы қөресің бе?
2-топқа:
Араб сандарының көбейтіндісі 0-ге тең бе? (ия)
-9 саны -8 санынан үлкен бе? (жоқ)
Наурыз мейрамы күнін 2-ге бөлгенде 11 шыға ма? (ия)
Теріс сандарды сандарды қосқанда оң сан шығады ма? (жоқ)
Ең кіші жай сан 2 ма? (ия)
Мектепті аяқтаған соң математика пәнінің негізгі формулаларын ұмытпайсың ба?
3-топқа:
Алымы бөлімінен кіші бөлшек бұрыс бөлшек пе? (жоқ)
Шеңбердің ең үлкен хордасы диаметр ме? (ия)
31 саны құрама сан ба? (жоқ)
Минуттың алпыстан бір бөлігі секунд па? (ия)
Әлемде 6 материк, 4 мұхит бар екені белгілі.Материк санын мұхит санына бөлгенде дұрыс бөлшек шыға ма? (жоқ)
Бүгінгі сайыста жеңіске жетуді қалайсың ба?
4-топқа:
Дұрыс бөлшек аралас санға айнала ма? (жоқ)
Бүтін және бөлшек бөліктен тұратын санды аралас сан деп атай ма? (ия)
«Алгебра» сөзіндегі әріптер санын 8-ге бөлгенде 8-ден 7 шыға ма? (ия)
Теріс санның модулі теріс сан ба? (жоқ)
Ең үлкен теріс сан -1 ма? (ия)
Өз сыныбың ұйымшыл сынып па?
2-тур. «Бізді қоршаған әлемдегі – математика» тақырыбында постер құрастыру. Топтарға постер құрастыруға 8-10 минут уақыт беріледі. Топтар постер құрастырғанша көрермендерге тапсырма беріледі. Қай топтың жанкүйерлері сұрақтарға дұрыс жауап берсе сол топқа 2 балл қосылады.
4-тур. «Блиц-кездесу». Қатысушы тақтаға, ал қалған топ мүшелері қарама-қарсы жақта отырады. Қатысушы конвертте жазылған сөзді немесе суретті 3 минуттың ішінде көмекшілеріне сол сөзді пайдаланбай түсіндіру керек. 4-конверт оқушы таңдап, сол конверттің ішіндегі сөзді немесе суретті тапқырлықпен көмекшілеріне түсіндіре білулері керек. Егер түсіндіре алса - 5 балл. Коверттегі сөздер мен суреттер:
1) Координаталық түзу (сурет)
2) Математика
3) Шеңбер (сурет)
4) Теңдеу.
5-тур. Өлең құрау. «Ақынжанды болмаған адам математик те бола алмайды» деген екен С.Ковалевская. Сондықтан да бүгінгі сабағымызда сендердің өлең құра білу тапқырлықтарыңа да бір кезек көз жеткізіп көрейік. 3 минут уақыт беріледі. Өлең шумақтарыңдағы соңғы сөздері беріледі, соған қатысты өлең құрау:
. . . . . . . . . . . . . . алады,
. . . . . . . . . . . . . . болады.
. . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . . . қалады.
Құралған өлең мысалы:
Ақыл ойды математикадан алады,
Ойлағаннан математик болады.
Егер математиканы дұрыс меңгермесе,
Ол оқушы сол орнында қалады.
Қорытынды: Әділ-қазылар шешімі бойынша жарыс жеңімпазы анықталады.