Просмотр содержимого документа
«"С" дыбысын машықтандыру»
Тақырыбы:"С" дыбысы
Білімділік: "С" дыбысының артикуляциялық ерекшеліктерін түсіндіру, айтылу ерекшеліктерін қалыптастыру. "С" дыбысын дауыстап, анық айтуға үйрету.
Дамытушылық: Фонематикалық есту қабілеттерін жетілдіру. Логикалық ойлау, таным процестерін жетілдіру, сөздік қорын молайту.
Тәрбиелік: Сұраққа толық жауап беруге, ұқыптылыққа, тапсырманы тыңдай білуге тәрбиелеу.
Көрнекі-құралдар: слайд, мультфильмнен үзінді,"Қыс" тыныс алу жаттығуына түтікшелер мен қар, Зайцев кубиктері, Зайцев таблицасы, Воскобович ойыны "Шнур-Затейник", "Волшебная восмерка"(Сиқырлы сегіздік).
Әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, түсіндіру, логоритмика
Барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Қане, балалар шеңбер жасап тұрайық! Енді барлығымыз бірге Е.Железнованың "Алақай, балақай!" логопедиялық ритмикасын орындайық!
- Балалар, қазір жылдың қай мезгілі? Жалпы неше жыл мезгілі бар?
- Қыс мезгіліне тән құбылыстарды айтыңдаршы!
Күз мезгілінен кейін қыс мезгілі түседі. Аязды күндер мен түндер басталады. Даланы қар басады. Желді күндері қар ұйытқып, боран соғады. Өзендер мен көлдердің бетін мұз басады. Адамдар қыстық киімерін киеді. Балалар қыста шаңғы, шана теуіп, қармен ойнайды.
II. Тыныспен жұмыс
- Балалар, сендер суреттен не көріп тұрсыңдар?
- Қазір біз боран сияқты ұйытқып, қарларды ұшырамыз. Ол үшін терең тыныс алуымыз керек, сосын түтікше арқылы мына қарларды үрлеп ұшырамыз.
III.Артикуляциялық жаттығу: "Көңілді тіл"
- Мынау көңілді тіл
Бізбен бірге тілді оңға бұр,
- Жаттығуды жалғаймыз
Солға қарай бұрамыз
- Аузымызды ашамыз
Тілді жоғары бағыттаймыз
- Аузымызды ашамыз
Тілді төмен бағыттаймыз
- Шаршамайды тіліміз
Созамыз оны алға біз
- Алыстағы атты көріп таң қалды
Тілімен шабысты қайталады.
IV. Тақырыпты баяндау
Балалар, бүгін біз қандай дыбыспен танысатынымызды білу үшін жұмбақты шешуіміз керек.
Түсі суық ызғарлы
Аузында айыр тілі бар. Ол не?
- Әрине, жылан.
- Жылан қалай дыбыстайды?
- ссс.
- С дыбысын бәріміз бірге айтайықшы!
- Ендеше балалар бүгін С дыбысын әдемі, дұрыс айтып үйренеміз.
V. Дыбыстың артикуляциясын анықтау.
- Айнамызды алайық. Енді, С дыбысын айтайық.
- Балалар, ерніміздің қалпы қандай?
- Ерніміз көңілденіп күліп тұр.
- Ал, енді тісіміздің қалпына қарайық.
- Үстіңгі және астыңғы тістеріміздің арасы сәл ғана ашық екен.
- Тілдің ұшы астыңғы тістердің артында тығылып жатады.
- Ал енді ауа ағымына мән берейік. Қандай жел соғып тұр?
- Суық жел соғып тұр.
- Ал С дыбысының әріптік таңбасы неге ұқсайды?
- С деген әріпті Воскобовичтің "Шнур-Затейник" ойыны арқылы таңбалап көрейікші. Ортаға бір бала шығып көмектессін. Қалғанымыз "Волшебная восмерка" арқылы орындап көрейік.
Логоритмика: Е.Железнова "Қане, қайталаймыз"
Қане қайталаймыз Са-са-са-са
Және қалыспаймыз Са-са-са-са
Мұқият тыңдасаңдар
Сонда алғыр боласыңдар
Жаңылмай қайталаңдар Су-су-су-су
Тілдік-дыбыстық жаттығу.
Са-са-са-са шағып алды маса
Су-су-су-су таудан ағар таза су
Ос-ос-ос-ос Арман мен Айжан дос
Ас-ас-ас-ас үйде пісті дәмді ас
Балалар, бүгінгі ұйымдастырылған оқу - іс-әрекетімізге аққала тапсырма дайындап қойыпты (электронды ойын).
- С дыбысы бар суретті бөлек жинап,қорапқа саламыз, ал "с" дыбысы жоқ суретті қоқыс жәшігіне саламыз : сөмке, ит, сағат, қасқыр, түлкі, мысық, автобус,аю, сиыр, маса, сәбіз.
VI. Сергіту сәті
- Балалар, сендер тапсырманы жақсы орындадыңдар. Сол себепті аққала бізге ортаға шығып, Зайцевтің таблицасын әуендетіп жіберейік деген ұсыныс айтып тұр. Өтінішін орындайық.
VII. Бекіту
Балалар, енді экранға назар аударайық. "С" дыбысы мультфильміндегі Сараның тапсырмаларын орындау арқылы бекіту.
VIII. Қорытынды.
- Балалар, бүгін біз не үйрендік?
- Қандай дыбыспен таныстық?
- Жылан қалай дыбыстайды екен?
Бағалау. Өмірлерің шаттыққа толы болсын, қыстың суығында шуағымен жылытсын деп, мен сендерге күліп тұрған күн беремін.