Просмотр содержимого документа
«"Р" дыбысын машықтандыру»
Сабақтың тақырыбы: «Р» дыбысын дұрыс айтуға машықтандыру. Сабақтың мақсаты: «Р» дыбысын жеке, буында, сөзде, сөз тіркесінде, сөйлемде анық айтуға машықтандыру. Түзете-дамытушылық: ұсақ моторикасын, тыныс алуын, сөйлеу мүшелерінің қимыл - қозғалысын дамыту, фонематикалық естуін арттыру.
Тәрбиелік: Балаларды ұқыптылыққа,шыдамдылыққа, достыққа және әдептілік сақтауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жеке Көрнекілігі: «Р» дыбысының артикуляциясы, артикуляциялық жаттығулар, слайд, түрлі суреттер, тапсырмалар. І Ұйымдастыру бөлімі:
Сәлеметсіңдер ме, балалар! Бүгінгі сабағымызды бастамас бұрын мына өлеңді айтайық.
Біз қандаймыз, қандаймыз,
Шұғылалы таңдаймыз.
Дыбыстарды анықтап,
Ойымызды жинақтап
Ережені ескеріп,
Күлімдеген күндейміз
Ренжуді білмейміз.
Жарайсыңдар, балалар! Олай болса, бүгінгі сабақта дыбыстарды анық, сұрақтарға толық, терең тыныс алып, ойымызды жинақтап айтамыз.
Аутотренинг:
Мен бәрінде білемін, менің қолымнан бәрі де келеді.
Мен сөйлеу ережесін сақтаймын.
Мен асықпай, саспай, тынысымды дұрыс алып, анық сөйлеймін.
Мен сабағымды жақсы өткізуге тырысамын.
Мен жақсы оқимын.
Мен де саған сабақта табыс тілеймін. Сенде бәрі жақсы болсын, бүгінгі күнді сәтті өткізейік!
ІІІ. Тыныс алу жаттығулары «Боранды орман» (қолдан жасалған ойыншық арқылы үрлеп, орманда боран тұрғызады).
«Алақанымызды жылытамыз» (Бір деммен жылы ауаны үрлеу.) VІ. Негізгі бөлім Райханда өлең жаттады Раушан да өлең жаттады Қай әріптен басталады Екеуінің аттары «Р» «Р дыбысының артикуляциясы»
Алдымен ”Р” дыбысының артикуляциясына назар аударамыз. - ерін аздап дөңгелентіп тұрады. - жоғарғы төменгі тістер арасы алшақ келеді - тілдің ұшы қатты таңдайға көтеріледі - тіл мен таңдай арасында ауа толқыны еркін өтеді. - тілдің шет жақтары азу тістерге жабысып тұрады. - жұмсақ таңдай көтеріңкі жұтқыншақтың артқы қабырғасына жабысып, ауаның мұрын қуысына өту жағын жауып тұрады. - дауыс шымылдықтары қатайып, бір - біріне жақындап, діріл арқылы дыбыс шығады. - ауа ағысы дем шығару сәтте ауыз қуысына толып, қатайып тұрған тіл ұшын қозғалтып дірілдетеді.
Дидактикалық ойын: Р әрпі бар сөздерді айтқанда қол шапалақтау, р әрпі жоқ сөздерді айтқанда қолын тығу.
«Р» дыбысын дұрыс айту.
Мына суретте нені көріп тұрсың?
Трактор қалай жүреді? ЫР – ЫР - ЫР - ЫР - ЫР «Р» дыбысын дұрыс айт, анық айт. Ра – ра – ра Ра – ра – ра Сара Ры – ры – ры Ры – ры – ры Тары Ру - ру – ру Ру - ру – ру Сору
V. Дәптермен жұмыс. Тапсырма: Буындардан сөз құра. Қа, ра, да, за, ра, ты, ар, па, са, ры, ра, зы.
Артық суретті көрсет
[Р] дыбысы бар суреттерді көрсетіп, буынға бөл.
Қол саусақтарына арналған жаттығулар: а)/ қағазды жаймалау - алақанмен, жұдырықпен, сұқ саусақпен/ б)/ саусақтармен қоян, қайшы, ит, көзілдірік./
Қорытынды: Бүгінгі өткен сабағымызды қорытындылаймыз. Алфавиттік жұмбақтарды шешіңдер. Қарда бар, Мұзда жоқ Жарда бар, Құзда жоқ. «Р»
Дәптерде бар, Кітапта жоқ. Пәтерде бар, Үйде жоқ. «Р»
Қырқада бар, қырда бар, Айранда бар, сүтте жоқ. «Р» Біз бүгін қандай әріпті айттық? Қандай жаттығулар жасадық?