В данной статье представлена разработка открытого урока по художственной литературе, где учитель дает учащимся представление о характере людей, о их возможностях. Во время урока развивает логику детей и активизирует словарный запас детей. С помощью театральных игр способствует развитию творческих возможностей детей, учит ораторскому искусству.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Коррекциялық: Баланың танымдық әрекеттерін жетілдіру. Көру арқылы қабылдау түйсігін дамыту. Ойлау процестерін жетілдіру
Тәрбиелігі: Ертегіні мұқият тыңдауға, сұраққа жауап беруге үйрету.
Көрнекілік: аудиоертегі, мнемокесте, суреттер
Әдіс – тәсілі: Сұрақ – жауап, түсіндіру
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Балаларды партаға отырғызып, сабаққа психологиялық тұрғыда дайындау.
Ертегімді бастайын, Қиялдап бір тастайын, Ерте, ерте ертеде, Ешкі жүні бөртеде. Ертегі сыр шертеді, Ертегіні жақсы айтқан бала Мақсат мұратына жетеді. - Балалар, сендер қандай ертегілер білесіңдер? - Балалардың жауабы.
-Жарайсыңдар балалар, сендер көп ертегі біледі екенсіңдер.
-Бүгінгі тыңдайтын ертегіні бастамас бұрын, сендерге тақпақ оқып берейін.
Пілдің басы жалпақ,
Құлағы дәу қалпақ.
Дәу болғанмен өзі
Кіп кішкентай көзі.
Тұмсығы оның ирек
Жүреді ылғи билеп
(Б.Жылқыбекұлы)
-Балалар тақпақ не туралы айтылған?
-Дұрыс айтасыңдар піл туралы.
Піл қандай екен?
-Пілді сипаттау
-Олай болса, біз бүгін "Пілдің баласы" туралы ертегіні тыңдаймыз. Экранға назар аударайық.