Сабақ жоспары
№ 6 КППК әдіскері: _____________
Маман: - Нурбалаева С.К
Күні: 27.03.2019ж
Баланың аты- жөні:
Сабақтың тақырыбы: «Ойлап отырып, ойнайық»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Балаға артикуляциялық жаттығуларды үлгі бойынша жасату. «Ойлап отырып, ойнайық» тақырыбында тапсырмалар беру.
Дамытушлық: Артикуляциялық жаттығуларды орындауға үйрету барысында тілдің бұлшықет қозғалысын арттыру, ұсақ моторикасын дамыту
Ауызша сөйлеу барысындағы қателіктерді жою, фонематикалық есту дағдысын дамыту
Тәрбиелік:Сабаққа қызығушылығын арттыру, еңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа суретті бояу барысында тәрбиелеу
Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі.
-Сәлемдесу
- Баланың қал-жағдайын сұрау
-Шаттық шеңбері
Дайындық кезең.
- Қарандашты үрлеу
- Мақтаны үрлеу
Негізгі тапсырмалар
Ұсақ моториканы дамыту.
«Үтік» жаттығуы
Сол қолдың алақанын жоғары қаратып үстел үстіне қоямыз. Оң қолымен сол қолды сипалаймыз, уқалаймыз. Содан кейін қолды ауыстырып жасаймыз.
«Мысық» жаттығуы
Баланың шынтағы үстел үстінде. Сұқ саусақпен шынашақ алдыға қарай сәл бүгілген түрде болады, ортаңғы және аты жоқ саусақ алақанға жабысқан. Созылған саусақтар қозғалады-мысықтың құлақтары жыбырлайды.
- Ұсақ моториканы дамыту
Қоңыздың бауын өткізу
Артикуляциялық гимнастика.
А) мимикалық жаттығу
«жылауық» -көзді тарс жұму.
«біз таңғалдық» - қасты көтеріп түсіру
- заттық суреттермен жұмыс
Суретте бейнеленген заттарды атау
Жаттығу 1
Баяу ырғақпен қол шапалақтау:
- па-папу-папапу-папа-папа-папапапа
Жаттығу 2
Сөздермен сөйлемдерді айтып отырып, ырғақпен қол шапалақтау. Алақаннның әр ұрғаны дауысты дыбысқа келеді.
- доп – доптар, гүл-гүлдер.
- шар – шарлар, карандаш – карандаштар.
Сергіту сәті
Сағаттың тіліндей
Иіліп оңға бір.
Сағаттың тіліндей
Иіліп солға бір.
Сағатқа қарап-ап,
Жаттығу оңай-ақ.
V. Бекіту
«Бұл ненің дыбысы?» ойыны
Ойынның шарты:
Үстел үстінде тұрған сылдырмақ ойыншықтарды балаға көрсетіп, содан соң оған ары қарап отыруын ұсыну. Осы кезде бір ойыншықты сылдыратып, қайсы екенін тапқызу
Үйге тапсырма
Сабақты қортындылау.
- Бүгінгі сабақ ұнады ма?
- Бүгін біз қандай жаттығулар орындадық?
Сабақты аяқтау.
- Сабағымыз осымен аяқталды!
- Саған көп рахмет!
-Сау бол!