Сабақтың тақырыбы: Ң-Н дыбыстарының дұрыс айтылуы.
Білімділік мақсаты:1. Дыбыстардың айтылу мен жазылу ерекшелігімен таныстыру
Дамытушылық: 2.Фонематикалық есту,ойлау қабілетімен дамыту.
Дыбысты дұрыс анық айтуға үйрету,таным белсенділігін дамыту
Тәрбиелік: 3.Ұыптылыққа, сауаттылыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Айна ,суреттер, дыбыстардың айтылу схемасы.
Әдіс-тәсіл:Сұрақ-жауап,түсіндіру
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі: Шаттық шеңбері.
Мейірімді жүрекпен,
Ақпейілді тілекпен,
Амандасып алайық,
Бір жадырап қалайық!
Дайындық кезінде қолданатын жаттығуларды жасату.
ІІ .Ң дыбысының артикуяциясын еске түсіру.
Ң
Ң- дыбысын айтқан кезде ,тілдің артқы жағы жұмсақ таңдайға тығыз тиеді.Тіл ұшы төмен түседі. Дыбыс мұрын арқылы шығады. Ң- дыбысы дауыссыз үнді.
Н
Н дыбысының артикуляциясы
Тілдің ұшы астынғы тіске тіреледі.Тілдің орта кезі дөңгеленіп жоғарғы тістің артында тұрады.Дыбыс мұрын арқылы шығады.
Н–дыбысы дауыссыз,үнді
Венн диаграммасы арқылы салыстыру
«Ң» сөздің ортасында, аяғында келеді
«н» дыбысы сөздің басында, ортасында ,аяғында келеді
Екеуіде дауыссыз дыбыс, үнді
Ң дыбысы сөздің ортасында,аяғында келеді,ал Н дыбысы сөздің басында, ортасында,аяғында да кездеседі. Ұқсатығы:екеуіде дауыссыз дыбыс,үнді .
1- тапсырма
«Сөз ойла,тез ойла»
Ң-н дыстарынан келетін сөздерді ойлап айту:
Нан,шаң, сең, қоңыз, қоңырау, аң,сан;
Саусақтарға арналған жаттығулар
«Кірпі»: Үстінде көп инесі.
Басында бар түймесі,
Жатса доптай домалақ,
Жүре берер домлап.
«Қоян»: Қара құлақ, ақ қоян,
Қарда,қар боп шап қоян.
«Қайшы»: Көрсең жұмыс кезінде,
Тісін қайрап жүреді,
Тек керегін өзіне,
Қиып ала біледі.
2-тапсырма«Естіп ал да, есте сақта»
тон-тоң шын-шың тын-тың
сен-сең жен-жең сон-соң
дін-дің ін-ің сін-сің
3-тапсырма Дәптермен жұмыс: «Жануарлар әлемінде»
сурет бойынша « н» әріпінен аяқталатын жануарларды жазу:
Арыстан,қоян, сілеусін, тиін;тт
4- тапсырма: «Ң» әрпінен аяқталатын сөзді жаз:
Аң, кең,тең,оң,шаң;Д
5- тапсырма «Жұмбақтар шешу»:
А).Қолыңмен тиме-
Үсті толған ине. (кірпі)
Ә).Сөз басында келмейді, Елдің бәрі «эң» дейді,
Дауыссыз дыбыс соңынан .Тұрғанды теріс көрмейді.(Ң) әрпі.
Б). Нан да бар, майда жоқ,
Ұн да бар, етте жоқ,қандай дыбыс? (Н) әрпі.
6-тапсырма «Тіл жаттықтырғыш»:
А).Ой ойласаң,тең ойла.
Тең ойласаң, кең ойла.
Ә). Қоңыр қоңыз,
Қоңыр жерге,
Қонды қоңыз.
Б). Нан илеуді үйретті анам,
Жасағандай алғашқы қадам,
Бірнеше сыры бар екен илеудің
Анама алғыс, көп нәрсені үйреттің.
Қорытынды:Сабақта не істедік?
Сабақ несімен ұнады?