Түзетушілік: Құстар туралы жалпы түсініктерін жетілдіру. Байланыстырып сөйлеу тілін қалыптастыру. Сөйлеу кезінде дұрыс тыныс алуын дамыту.
Тәрбиелік: Құстарға деген сүйіспеншілігін арттыру.
Сабақтың көрнекілігі: құстардың суреті бейнеленген заттық суреттер, шар, жапырақ, көбелек,
Сабақ барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі:
-Лексикалық тақырып бойынша құстармен таныстыру.
ІІ. Кеңістікте бағдарлауын дамыту.
Оң жағыңда қай құс?
Сол жағыңда қай құс?
Алдыңда қай құс?
Артыңда қай құс?
Орындықтың астында қай құс жасырынған?
ІІІ. Артик уляциялық жаттығулар.
Мимикалық жаттығу:
-Жылы жаққа ұшып бара жатқан қарлығаш сияқты көңілсіз боламыз.
-Ал сен күлімдеп көңілін көтер.
Ерінге арналған жаттығулар:
«Балапандар аузын кең ашып, тамақ сұрап жатыр».
-Балапандар қарындары ашқанда ауыздарын ашып шиқылдайды. Олар анасы әкелген тамақты жеу үшін тұмсықтарын ашады. Ауызды [ а] дыбысын айтқандай, кең ашамыз.Тілді ауыз қуысынан сыртқа шығарамыз. Осы қалыпта 3 -4 сек. Қстап тұрамыз, кейін ауызды жабамыз.
Тілге арналған жаттығулар:
«Кеме»
«Серуен»
«Алтыбақан»
«Жоғарғы, төменгі тістерді тазалау»
ІҮ. Тыныс алу жаттығуы.
Ауа ағымын дұрыс қалыптпстыруға арналған ойындар.
«Шар үрлеу»
«Жапырақ үрлеу»
«Көбелекті ұшыру»
Ү. Фонематикалық есту қабілетін дамыту.
«Дыбысты ұста» ойыны.
ҮІ. Логикалық ойлау қабілетін дамытуға арналған тапсырма.
«Құстардың балапандарын табуға көмектес» ойыны.
-Балалар суретке қарап, әр бір құстың жанына сәйкес балапандарды сызықпен қосады.