Просмотр содержимого документа
«Интегрированные занятия »
Сабақтың тақырыбы: Көңілді сары түс әлеміне саяхат.
Сабақтың мақсаты:
Түзету-білімділік мақсаты:Аспаптармен сүйемелдей отырып дыбыстап, буындап ән салуға үйрету. Артикуляциялық жаттығуларды дұрыс, толық орындауын, ауаны дұрыс бағыттауын қалыптастыру. Сары түс туралы түсінігін кеңейту.
Түзету-дамытушылық мақсаты: Тіл байлығын, сөйлеу тілін дамыту. Музыка арқылы балалардың көңіл күйін көтеру. Саусақтарының бұлшық еттерін, қимыл қозғаластарын жақсарту. Балалардың ойлау ,еліктеу,есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Түзету-тәрбиелік мақсаты:Балаларды ойын ойната отырып , ұйымшылдыққа , тапқырлыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілік:сары түсті орамал,түрлі түсті кубиктар,жолақшалар, сиқырлы сандық,сенсорлы колба, музыкалық аспап маракас, магнитофон.
Логопед : Балалар , қараңдаршы қандай әдемі сандық.Бұл жай сандық емес,сиқырлы сандық. Қане, ашайықшы.(сандықты ашамыз)
Ішінде не бар қараңдаршы.(балалар орамалдың шетінен ұстап тартып шығарады). Орамалды ұстап,сипап,сезінеді.
Логопед: Бұл орамалдың түсі сары, ашық. Өзі әдемі ,жеңіл, жылтыр. Енді, осы сары түсті, әдемі орамалымызбен жасырынбақ ойынын ойнайық.
Ойын: «Жасырынбақ»
Ойын барысы: Балалар орамалды қолдарына ұстап,желбіретіп жел соқтырады.Желдің дыбысын салып ! « Ууу» дыбысын созып айтады.
Логопед:Жел соғады у-у-у-у-уіл-деп,қатты-қатты соғады –гу,гу,гу,гу-деп.Балалар жел қатты –қатты соқты,тездетіп тығылайық-тығылайық.
Балалар орамалдың астына тығылады .Ойын 3-4 рет қайталанады.
Логопед: Балалар, ойын қандай қызықты болды. Балалар,енді біз көңілді түс әлеміне серуенге барайық, ол серуен үш аялдамадан тұрады.Әр аялдаманың өз тапсырмалары бар, сол тапсырмаларды жақсылап орындауға тиіспіз. Бірақта, біз серуенге немен барамыз ?
Сырттан ұшақ дыбысы естіледі.
Логопед: Балалар,тыңдаңдаршы ненің дыбысы естіліп жатыр? Мұқият тыңдайықшы . Ұшақтың дауысына ұқсайды. Қараңдар,ұшақ ұшып келеді.
-Өте жақсы келдің достым ,сенің бізге көмегің қатты керек болып тұр,сен бізді көңілді сары түстер әлеміне жеткізіп тастауға қарсы емессің бе?
Ұшақ: Әрине қарсы емеспін, қане, менің ұшағыма отырыңдар мен сендерді жеткізіп салайын.
Логопед:Балалар , ұшақ ұшқанда қандай дыбыс шығарады? Қане, бәріміз бірге ұшақтың дыбысын салайық. Л-л-л -деп барлығы қайталайды. (ұшақтың соңынан жүріп балалар дыбыстайды)Балалар рахметін айтып шығарып салады.
«Көпіршік аялдамасы»
Педагог муз :Балалар, сендер көпіршік аялдамасына келдіңдер. Қазір біз сары түсті бақылап музыка әуенімен дем аламыз.
(Жарық өшіріліп ,музыка әуенімен сары түсті көпіршік бақылап, тынығу)
Логопед: Балалар, айнаға қарап тілімізді жаттықтырып алайық. Артикуляциялық жаттығулар: (айнаға қарап жасау)
1.«Күрекше»Ауызды кең ашып,жалпақ тіл астыңғы ерінде 10-15 секундұстаймыз.
2.«Бақа-тұмсық»
Бір – «Бақа» ерін жымиып тұрады.
Екі- «Тұмсық»ерінді дөңгелетеміз.8-10 рет қайталау.
3. «Тыңдамайтын тілді жазалау»
Ауызды ашып,тілді астыңғы ерінге қойып,шығарып ұстап пя-пя-пя-деп
8-10 рет қайталау .
Балалар,сендерге ұнадыма? Ендеше серуенімізді әрі қарай жалғастырайық. Ұшақ кетіп қалды ғой ! Келесі аялдамамызға қалай барамыз ?
Сырртан поездың дауысы естіледі.
Логопед: Балалар, бұл ненің дауысы , тыңдаңдаршы!
( бөлмеге поезд келеді)
Логопед:Сенің бізге көмегін керек болып тұр.Келгенің қандай жақсы болды.
Поезд:Әрине , мен сендерге көмектесемін. Балалар, вагонға мініңдер .
Логопед: Балалар поездың дыбысы қандай ?Қане,бәріміз бірге айтайық.(балалар поезд болып, чук,чук-деп дыбыстап жүреді)
«Әуенді бақ» аялдамасы
(Құстарың дауыстары естіледі).
Педагог муз:Бұл « әуенді бақ» аялдамасы. Балалар, сендерге құстардың дауысы ұнады ма? Олар қандай керемет ән салады.Сендердің деән айтқыларынкелеме?
Логопед: Балалар, қараңдаршы , қандай әдемі көбелектер. «Көбелектер» үрлеу. Мына қараңдар, қандай әдемі таяқшы, бұл сиқырлы таяқша.Таяқшаларды үрлеу. Мынау, қандай әдемі гүл, қане, балалар бір-бір гүлді алып иіскейікші.
Тыныс алу жаттығулары:(Көбелектерді үрлеу,таяқшаны үрлеу, гүлді иіскеу)
Педагог муз: Біздің балалар ән салуға дайын ба?
Педагог: Ия, Алтын апай. Тілімізді жаттықтырдық, тыныс алып, дауыс ырғағымызды жақсартып алдық, енді біз дайынбыз.
Логопед: Енді келесі аялдамаға қарай жылжиық, оған немен барамыз?
(машинаның дыбысы естіледі)
Логопед: Балалар, қараңдаршы машина келе жатыр бізді жеткізіп салар ма екен?
Машина: Сәлеметсіңдер ме, балалар !? Қайда бара жатырсыңдар,мүмкін мен сендерді жеткізіп тастармын.
(балалар машинаға отырады)
Логопед:Рахмет саған! Балалар, машинаны оталдырайық, қанекей бірге қайталайық.(дрын-дрын). Ал,енді машинаның дауысын салып жүрейік. (Ввв,Ввв,Вввв)
«Қуырмаш» аялдамасы
Педагог муз:«Қуырмаш» аялдамасына қош келдіңдер! Қане жайғасайық. Бұл аялдамада біз саусақтарымызбен ырғақты ойындар ойнаймыз.
Ұсақ моторикасына арналған жаттығулар.
«Қуырмаш» музыкалық жаттығу.
Педагог муз:Шулы музыкалық аспаптармен ойын ойнауға қалай қарайсыңдар?
(шулы аспаптар ойыны)
Педагог муз:Балалар, біз ән айттық, аспаптармен ойнадық, енді бірге би билейік.
Сары түсті жолақшалармен би
Логопед:Ал, балалар біз би билеп,ән айтып ,жаттығу жасадық. Енді ойын ойнап, серігіп алайық.
Ойын «Үй тұрғызайық»
Мақсаты: белгілі бір түсті айыруға үйрету. (Қызыл және сары түсті кубиктер еденге шашылады.
Тапсырма: тек қана сары түсті кубикті алып үй тұрғызу. Балаға әкелген кубигін салыстыру арқылы түсіндіру және көмектесу)
Қорытынды:Балалар, сендер сабаққа өте жақсы қатыстыңдар, тапсырмаларды жақсы орындадыңдар. Серуеннен жақсы әсер алдыңдар , көңіл-күйлерін жақсы сияқты. Қазыр мынау сары дөңгелекке мына қысқыштарды лектіріп ,күн шуған жасаймыз.
Рефлексия. Күннің көзін құрастыру
Логопед: Көңіліміз осы күн нұрындай жарқырай берсін.Бүгінгі сабаққа барлықтарың жақсы қатыстыңдар, сендерге көп Рахмет.