kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Дауыссыз «Б» мен «П»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сөз соңында "Б" мен "П" дыбыстарын жазуда ажырата білуді меңгерту 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Дауыссыз «Б» мен «П»»



Қостанай облысы.Амангелді ауданы. «Амангелді ауданының психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Логопед Әбілқайырова Ақан Серікбайқызы

Сабақтың тақырыбы: Дауыссыз «Б» мен «П».

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: Сөз соңында «Б» мен «П» дыбыстарын жазуда ажырата білуді меңгерту. Сұрақтарға толық жауап бере білуге және өз ойын тез әрі жүйелі жеткізуге дағдыландыру

2.Дамытушылық: Ауызша және жазбаша байланыстырып сөйлеу тілдерін, зейінін, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Сауатты көркем жазу дағдыларын, дұрыс сөйлеу, қатесіз, түсініп оқу дағдыларын дамыту. Логикалық ойлауын, сурет бойынша сөйлем құрап айту дағдыларын жетілдіру.

3.Тәрбиелік:Ұқыптылыққа және ұғымдылыққа тәрбиелеу.

4. Көрнекілік: Суреттер, карточкалар,

5. Сабақтың барысы: 1. Психологиялық жаттығу.

Біз бәрін де білеміз, біздің қолымыздан бәрі де келеді .

Біз сөйлеу ережесін сақтаймыз. Біз сұрақтарға ойланып, толық жауап береміз.

Біз бір-бірімізді сыйлаймыз. Біз сабағымызды жақсы өткізуге тырысамыз.

а) .Тыныс алу жаттығулары (мұрын және ауыз арқылы тыныс алуды ажырату)

- терең тыныс алып, ұзақ «ббббб...» дыбысын сыбырлап айтқандай дем шығару;

- терең тыныс алып, ұзақ « ппппп...» дыбысын айтып отырып, дем шығару.

ә). «Көбелек ұшыру» (көбелекті үрлеу арқылы қозғаклту).

б). «Шар» ( шарға жел толтыру).

Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

  • Көктем мезгілі.

  • Көктем мезгіліне жататын айларынды атаңдар.

  • Наурыз, сәуір, мамыр.

  • Көктемде қандай ерекшеліктер бар?

  • Күн жылынады. Қар ериді. Құстар келеді. Жылғалардан су ағады.

  • Күн жылынса, біздің жүрегіміз де жылы.

  • Жылуымызды жан – жағымызға береміз.

  • Біз дос, тату боламыз.

  • Жарайсыңдар, балалар.

  • Біз бүгінгі сабағымызда ойындар арқылы түрлі тапсырмалар орындау барысында білімімізді сынаймыз.

Дауысқа арналған жаттығулар жасау арқылы дауысымызды қалыпқа келтіріп алайық (күші, ұзақтығы, ұзындығы бойынша әртүрлі дыбыстарды айту біліктерін дамыту).



Дауыстап: по-по-пойыз, са-са-сағат, кі-кі- кілт;

Жай дауыспен: до-до-доп, ба-ба-бала, ба-ба-бақа;

Сыбырлап: ша- ша- шана, та-та-на, ке-ке-кесе;

Балалар, жаңа сабағымыздың тақырыбын білу үшін мен сендерге жұмбақ жасырамын,сол жұмбақтың шешсеңіздер, бүгінгі сабақтың тақырыбы шығады.

Мен –ақ қалам, ақ қалам, Жазған сайын жоқ болам. (бор).

Бірінші дыбыс қандай дыбыс?

  • «Б» дыбысы.

Қабат- қабат қаптама. Ақылың болса, аттама. ( кітап)

Соңғы дыбыс қандай дыбыс?

  • «П» дыбысы.

Осы дыбыстар бүгінгі сабағымыздың тақырыбы.

Енді, осы дыбыстарды айналарына қарап, айтып көрейік:

«Б» дыбысын айтқанда еріндеріміз бір-біріне тиіп, түйіседі.

«П» дыбысын айтқанда тілдің ұшы төменгі тіске тіреліп, үсті қатаң таңдайға көтеріліп, иіліп тұрады.

Сонымен «б», «п» дыбыстары қандай дыбыстар?

  • Дауыссыз дыбыстар.

  • Қандай текшемен белгіленеді.

  • Көк текшемен белгіленеді.

1- тапсырма. Төмендегі сөздерге «ы», «і» әріптерінің тиістісін қосып жаз:

Мектеп, тәртіп, қолғап, қорап, топ, көп, шөп, талап.

  • Бұл сөздердегі (п) дыбысының (б) –ға айналуы қай дыбыстың әсерінен деп ойлайсың?

  • Дауысты «ы», «і» дыбыстарының әсерінен.

  • Балалар, сендер тапсырманы дұрыс орындадыңдар.. Олай болса, балалар, сөз соңында «п» естілгенімен, дауысты дыбыстардың әсернен «б» әрпі жазылу керектігін есте сақтайық.

2-тапсырма: «Біліміңді мықта» ойыны. Шарты: көп нүктенің орнына тиісті б, п әріптерін қойып, сөздерді оқы.

Жі... (п), до...(п), тала...(п), клу..(б), та...(п), қа...(п), жа..(т), шта...(б).

П,б дыбыстары дауыссыздың қай түріне жатады?



б). Артикуляциялық тіл жаттығулары (сөйлеу аппаратының қимыл- қозғалысын дамыту) :

«Арықша», «Сағат», «Ат шауып келеді», «Тәтті тосап», «Ине».

3- тапсырма: «Тездет, бірақ қателеспе»: Орны ауысқан сөздерден берілген сызба бойынша сөйлем құра.

а). Балалар, аулады, балық.--------------- ----------------- ------------- .

ә). Арпа, шашты, Айгүл, балапандарға. ---------- ------------ ----------- ---------------.

б). Тәртіпті, оқушы, Бану. -------------- ------------------ -----------------.

4- тапсырма: «Кім зейінді?» Шарты:

«Б» әрпінен аяқталып тұрған сөздерді бір бөлек жаз.

«П» әрпінен аяқталып тұрған сөздердерді бір бөлек жаз.

Топ, штаб, шалап, қап, клуб, кәуап, қалып, куб, араб, қолғап, сап.

5- тапсырма: «Тапқыр болсаң, талас жоқ». Шарты: Көп нүктенің орнына п,б, әрпінің тиістісін қойып, сөйлемді оқы:

1.Темір төрт сұраққа жауа...(п) жазды. Бір сұрағының жауа...(б)ы дұрыс болмады.

2. Жарысқа алты то...(п) қатысты. Алмастың то...(б)ы жеңімпіз атанды.

3.Биыл шө...(п) бітік. Біз шө...(б)і шүйгін жерді шаптық.

3.Сергіту сәті: Суретке қарап сөздерді буынға бөлейік:

Ба-лық, пар-та, ба- нан, пе-нал, ас-қа- бақ, дәп-тер.

6- тапсырма. Сурет бойынша әңгіме құрастыру. «Б,П» дыбыстары кездесетін сөздерді ата.

Суреттегі өлеңді бәріміз хормен оқиық:

Партада жатқан кітапты

Піл парақтап кітапты

Кітаптан алған білімі

Пайдасына жарапты.

4.Сабақты қорыту.

- Біз қандай ойындар ойнадық?

- Сөз соңында «б» естілгенмен қандай әріп жазылады?

П әріпі жазылады. М. кітап, талап, доп,т.б

- П дыбысының соңынан кейін дауысты дыбыс келсе, қандай дыбысқа өзгереді?

- Б дыбысына өзгереді. М: доп- добы, жіп- жібі, қап- қабы, тап- табы.

5. Бағалау.

Бағалау парағы:

Сабақтағы көңіл күйің----

Жазбаша жұмыс орындауың---

Сұрақтарға жауап беруің----

Сурет бойынша сөйлем құрауың –

Сендер, бүгінгі сабаққа белсенділік танытып, асықпай сөйлеп, сұрақтарға жақсы жауап бердіңдер және жаттығуларды дұрыс орындауға тырыстыңдар. Сондықтан, сендерге рахмет айтып, мына шарларды сыйлыққа ұсынамын. Сау болыңдар!

Үй тапсырмасы: «п» дыбысының «б» дыбысына айналуына сөздер құрастыру.





















Сабақтың Тақырыбы: Ң-н дыбыстарының дұрыс айтылуы.

Мақсаты: Дыбыстардың айтылу мен жазылу ерекшелігімен таныстыру.фонематикалық есту,ойлау қабілетімен дамыту.Дыбысты дұрыс анық айтуға үйрету.таным белсенділігін дамыту.Тілдің дыбыстық мәдениетін тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Айна ,слайдтар, дыбыстардың айтылу схемасы.

Әдіс-тәсіл:Сұрақ-жауап,түсіндіру

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі: Шаттық шеңбері.

Мейірімді жүрекпен,

ақпейілді тілекпен,

Амандасып алайық,

Бір жадырап қалайық!

Дайындық кезінде қолданатын жаттығуларды жасату.

ІІ .Ң дыбысының артикуяциясын еске түсіру.

Ң

Ң- дыбысын айтқан кезде ,тілдің артқы жағы жұмсақ таңдайға тығыз тиеді.Тіл ұшы төмен түседі. Дыбыс мұрын арқылы шығады.

Ң –дыбысы дауыссыз,үнді

Н

Н дыбысының артикуляциясы

Тілдің ұшы астынғы тіске тіреледі.Тілдің орта кезі дөңгеленіп жоғарғы тістің артында тұрады.Дыбыс мұрын арқылы шығады.

Н–дыбысы дауыссыз,үнді

Венн диаграммасы арқылы салыстыру

Ң дыбысы сөздің ортасында,аяғында келеді,ал Н дыбысы сөздің басында, ортасында,аяғында да кездеседі. Ұқсатығы:екеуіде дауыссыз дыбыс,үнді .


1. тапсырма

«Сөз ойла,тез ойла»

Ң-н дыстарынан келетін сөз ойлау.

Саусақтарға арналған жаттығулар

2тапсырма«Естіп ал да, есте сақта»

тон-тоң шын-шың тын-тың

сен-сең жен-жең сон-соң

дін-дің ін-ің сін-сің

3тапсырма «Жануарлар әлемінде»

Сурет бойынша н әрпінен аяқталатын жануарларды жазу.тт

4 тапсыра «Ң» әрпінен аяқталатын сөзді жаз.Д

ы 5 тапсырма

Жұмбақ шещ

Қолыңмен тиме-

Үсті толған ине. (кірпі)

Қорытынды: Сабақ несімен ұнады?
















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Логопедия

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Дауыссыз «Б» мен «П»

Автор: Абилкайырова Акан Серикбаевна

Дата: 21.04.2017

Номер свидетельства: 410737

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(29) ""Дауыссыз ? мен ?""
    ["seo_title"] => string(14) "dauyssyzkmieng"
    ["file_id"] => string(6) "292065"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1455210694"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(51) "Қазақ тілі "Дауыссыз қ мен ғ""
    ["seo_title"] => string(29) "k_azak_tili_dauyssyz_k_mien_g"
    ["file_id"] => string(6) "454621"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1517740654"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(85) "Қазақ тілінен «Дауыссыз қ мен ғ» сабақ жоспары"
    ["seo_title"] => string(48) "k_azak_tilinien_dauyssyz_k_mien_g_sabak_zhospary"
    ["file_id"] => string(6) "359856"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1479396361"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(56) "К мен Г әріптерінің дыбысталуы"
    ["seo_title"] => string(31) "k_mien_g_riptierinin_dybystaluy"
    ["file_id"] => string(6) "449353"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1515686192"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(47) "Дауыссыз к мен ? дыбыстары"
    ["seo_title"] => string(24) "dauyssyzkmiengdybystary1"
    ["file_id"] => string(6) "278432"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1453091815"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства