Просмотр содержимого документа
«Баланың сөйлеу тілін қалыптастыру және дамыту.»
Баланың сөйлеу тілін қалыптастыру және дамыту.
Қазіргі таңда адамдарға өз өмірін гаджетсіз елестету мүмкін емес. Смартфондар мен гаджеттер біздің өмірімізге мықтап еніп алды. Тіпті балалар да оларды ерте жастан бастап қолдана бастады. Гаджеттер,смартфондар балалардың сөйлеу тілінің дамуына және де жалпы дамуына кері әсерін тигізуде. Сонымен қатар, отбасында екі тілде сөйлеуде баланың сөйлеу тілін бұрмалап, кешеуілдеп шығуына әсер етеді. Баланың сөйлеу тілінің дамымауы оның психикасына да әсер етеді. Өзінің қатарластарының арасында тұйықталып, аз сөйлеуге немесе мүлдем сөйлемеуге тырысады. Қоғамда өзін қолайсыз сезініп шеттеліп қала береді. Баланың мінезі өзгеріп, көп жағдайда отбасында ашушаңдық танытып, агрессияға беріле бастайды. Сондықтан баланың сөйлеу тілін ерте жастан бастап дамытып, түзеткен дұрыс. Смартфондар мен гаджеттер баланың сөйлеу тілінің дамуына ғана емес баланың психикасына және де жалпы дамуы мен жалпы моторикасына да кері әсерін тигізуде. Ұзақ уақыт телефон көріп отырған баланың қимыл-қозғалысыда ебедейсіз болып, көпшілік жерде,қоғамдық орындарда өзін дұрыс ұстай алмайды. Балалар экранның ар жағындағы қызылды-жасылды түске еліктеп, көңілді, ырғақты әуенге беріліп, айналада не болып жатқанын білгісіде келмейді. Телефонын алып алса бала ашуға беріліп, айғайлап жылап жағымсыз мінез көрсетеді. Соңғы кездің статистикасына сүйенсек, қазір аутистік спектрі бұзылған балалар өте көп. Бұның себебі осы смартфондар мен гаджеттер деп анық айтуға болады. Тіл тек ойды бейнелеу құралы ғана емес, сондай-ақ тіл оқыту құралы,тілсіз оқыту үрдісін ұйымдастыру мүмкін емес. Интеллектісі сақталған балаларға қарағанда мүмкіндігі шектеулі балаларда тіл кемістігі жиі кездеседі. Балалардың сөйлеу дағдысын қалыптастыру кезеңінде тапсырмаларды құру барысында баланың жас ерекшелігіне, интеллектісіне, қабылдауына, сөйлеу мүмкіндіктеріне назар аударған жөн. Сонымен қатар баланың сөйлеу аппаратының құрылысын,қозғалысын зерттеп аламыз. Мүмкіндігі шектеулі балаға көп жағдайда логомассаж қажет болады. Бірақ логомассаж жасау үшін невропотологтың қорытындысы және де логопедтің логомассаж жасауға рұқсаты болу керек. Егер бала 2.5-3 жаста болса және ол әлі сөйлемесе, ата-анасымен мимика,ым-ишара, жеке дыбыстар арқылы сөйлессе дереу әрекет ету қажет. 1. Баланың сау екеніне көз жеткізу керек. Бала сөйлеуінің дамымауы ерте балалық шақта ауыр инфекциялардың салдарынан,қиын жүктілік пен ауыр босану, есту қабілетінің бұзылуы, орталық жүйке жүйесінің зақымдануы және стресс салдарынан болуы мүмкін. Сондықтан ең алдымен баланың денсаулығында ешқандай проблемалар жоқ екеніне көз жеткізу өте маңызды. 2. Бала гаджеттерге тәуелді болса, баладан телефонды алып, оны басқа заттармен алмастырған жөн (қанық түсті ойыншықтар, кубиктер, құрағыштар,пазлдар,мазайкалар , қуыршақтар т.с.с). балаға ойыншықтарды жай бере салмай, бірге ойнаған абзал. Мысалы: мазайканы бірінші саусақтармен түстер бойынша сорттау,одан кейін баланың қолына қасықты беріп белгілі бір түсті мазайканы сол түстес ыдысқа қасықпен салдыру. Келесі кезекте белгілі бір түсті мазайканы қысқышпен (пинцет) сорттату, ыдысқа салдыру. Бұл ойын арқылы сіз баланың ұсақ моторикасын,ойлауын дамытасыз және де баланың зейінін тұрақтандырасыз. 3. Баламен сөйлесу. Нәресте сөйлемесе, бұл сіздің айтқан сөзіңізге қызығушылық танытпайды дегенді білдірмейді. Онымен үнемі қарым-қатынаста болу керек, әр әрекетті айтып,айналадағы заттар мен құбылыстарды атау керек (мен су ішемін, мен далаға шығамын, мынау ойыншық,мынау ағаш). Сөздерді анық, баяу,қатты айту қажет. Балаға нұсқау беру. Нұсқау қысқада нұсқа болу керек (маған бер, папаңа бер, апар, ал,сал). Бұл жағдайда баланың пассивті сөздік қоры қалыптасады. 4. Балаға менің айтқанымды қайтала деуден көрі, буындарды әндетіп айтыңыз. Ән айтыңыз, ән айтқанда қимыл-қозғалысты қосып айтыңыз. Балаға ертегі айтуды әдетке айналдырыңыз. Әр түрлі ертегі іздеп қажет емес, бір ертегіні бір апта,тіпті бір ай айту керек. Ертегіні айтқанда эмоцияны қосып,дауыс ырғаңызбен әсерлеп айтыңыз. Бала бір ертегіні ести-ести есіне сақтап сізге еліктеп қоса айтатын болады (үйде анасына сіз айтып жүрген ертегіні айтуды ұсыныңыз). Сонымен баланың есте сақтау қабілеті дамиды. 5. Жеке суреттермен жұмыс. Мысалы үй жануарлары,жабайы аңдар, жеміс-жидектер, тұмыстық заттар, ыдыстар. Мысалы: суреттегі қасықты көрсетіп,оның қасына күнде қолданып жүрген қасықты көрсету,буындап айтқызу. Үй жануарларын көрсетіп дауыстарын салу (мысық – мияу, сиыр - мууу т.с.с). Бұл жағдайда баланың сөздік қоры молая түседі. 6. Артикуляциялық жаттығулар (сағат,алтыбақан,күрекше,тіс тазалау,тәтті тосап,таңдай қағу т.с.с). Балаға қызық болу үшін бұл жаттығуларды түрлендіріп жасатқан жөн. Мысалы: қасықты жалау,тарелкаға тосапты немесе балмұздақты, балды жағып жалату,кішкене қалашты (бублики,сушки) тілге іліп,біраз уақыт ұстап тұру. Жаттығуды жасағанда дауысты қосып жасау. 7. Демге арналған жаттығулар. Мақта, қағаз үрлеу, түтікшемен стакандағы суды үрлеу, ыдысқа су құйып қағаздан қайық жасап үрлету, жеңіл теннис доптарын суға салып үрлету. Жаттығуларды логопедтің,ата-ананың фантазиясына қарай қызықты етіп,түрлендіруге болады. Жаттығулардың барлығы ойын ретінде жүрсе бала ойнап жүріп,не нәрсені тез қабылдап, сөйлеу тілі тез қалыптасады. 8. Логикалық ойындар. «Жұбын тап»(үй жағдайында қолғаптардың,носкилердің жұптарын таптыру), «Жартысын тап», «Көлеңкесін тап», «Орнын тап» (үй жағдайында мысалы ас үйдің затын ыдысты алып орнына апаруды сұрау, апасының затын апарып беруді сұрау). Түстер бойынша, геометриялық пішіндер бойынша тапсырма беру. Бұл жағдайда баланың ойлауы,логикалық ойлауы дамиды. 9. Сенсорлық қабылдауының дамуы. Күнделікті саусақ гимнастикаларын жасау, қолға массаж жасау, құм терапиясы, балаға күріш,қарақұм,ұсақ түймелер, моншақтар беру. Музыкалық аспаптар беру (ойыншық барабан, гармошка). Түстерді, пішіндерді, үлкен-кіші ұғымдарын үйрету. Түрлі тактильді,көру,есту әсерлері сөйлеуді тез бастауға сонымен қатар жоғары психикалық функцияларды дамытуға көмектеседі. 10. Баланы қарапайым сұрақтар қою арқылы сөйлеуге ынталандыру (Қалың қалай? Мама қайда? Кіммен келдің? Мысық қалай жылайды? УААААУ, көйлегің недеген әдемі,кім алып берді?). Сөздер эмоцианалды болу керек. Қуаныңыз «Ураааа!», таң қалыңыз «уааа!»,көңіліңізді білдіріңіз «Эх!, Ой!». Егер бала сізден кейін дауысты дыбысты қайталаса,оның өзі бір нәтиже. Баламен жұмыс жасау барысында ата-анамен де тығыз байланыста болу керек. Жасап жатқан жұмысыңызбен бөлісіп, үй жағдайында баламен жұмыс жасау жолдары бойынша кеңес беру қажет. Үйге берілген тапсырмаларды орындауларын талап етіңіз. Жан-жақты жұмыс жасалмаса жұмысыңыздың нәтижесін көру көп уақытқа созылып кетеді.