kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

П?ні: ?зін-?зі тану. 3 сынып Та?ырыбы: «?нерлі бала-с?йкімді» сайыс саба?ы.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Логикалы? тапсырмалар ар?ылы жеке т?л?аны? ?зіндік ойлау ?абілетін дамыта отырып, бай?а?ышты?ын, шапша?ды??а, ойын еркін д?лелдеуге, ізденімпазды??а ?йрету. Есте са?тауды? т?рлерін, ?иял мен зейінді ?алыптастыру ж?не дамыту. Жа?а шешімдер іздеу ж?не ?ажетті н?тжеге жетуды? ерекше т?сілдерін табу?а ?йретеді. С?здермен, с?з тіркестерімен ж?не с?йлеммен ж?мыс істеу барысында дамыту. О?ушыларды? п?нге деген ?ызы?ушылы?тарын арттыру. Танымды? белсенділіктерін, шы?армашылы? ?абілеттерін дамыту. Логикалы? ой-?рістерін ке?ейте отырып, практикалы? іскерліктерін ?алыптастыру. Ойын ар?ылы пайымдау?а, шы?армашылы? т?р?ысынан ойлау?а, ?з беттерінше шешім ?абылдау?а ж?не ?орытынды жасау?а ?йрету.

  1. Баланы? саба??а деген ?ызы?ушылы?ын артады.
  2. К?здеген ма?сата? жету ?шін ?з бетінше іздену ?рекеттері ?алыптасады.
  3. Негізгі ойлау операцияларын саналы т?рде ?олдана білуге ?йрету. Я?ни, а?паратты сауатты ?олдана білуін ?алыптастыру.
  4. ?иялдау, елестету ж?не шы?армашылы? ойлауын дамыту.
  5. ?з пікірін айту ж?не д?лелдеу, д?рыс с?йлеу да?дыларын ?алыптастыру.
  6. Ал?ан білімдерін к?нделікті ?мірде ?олдана білуге ?йрету ж?не т?рбиелеу.
  7. ?ойыл?ан ма?сат?а жету ?шін ?ажетті ерік-жігерлерін дамыту.

 

       Бастауыш білім – жалпы орта білім алуды? негізгі базасы. «Логикалы? математика»  балаларды? бастауыш сыныптарда о?ытылатын негізгі п?ндерден ал?ан білімдерін тере?дету, ?орша?ан ортамен таныстырып, танымды? ж?не шы?армашылы? ?абілеттерін дамытуды к?здейді. Танымды? ?ызы?ушылы?ын дамыту?а жа?дай жасай отырып, балаларды ізденімпазды??а ж?не ?зіні? даму де?гейіне сенімді болу?а т?рбиелейді. Сана-сезімін ж?не ?зін-?зі ба?ылай білуін ?алыптыстырады. Ойын т?рінде берілген тапсырмалар ар?ылы пайымдау?а, шы?армашылы? т?р?ысынан ойлау?а, ?з м?мкіндіктерінше шешім ?абылдау?а ж?не ?орытында жасау?а ?йретеді.

      ?шінші сынып?а келгенде бала бойында зеректік пен тап?ырлы? ра?ылы ?тілетін д?ст?рден тыс ?ызы?ты тапсырмалар?а деген с?раныс туындайды. Обстрактілі ойлау де?гейі оларды? ой ?орытып, логикалы? ойлау ?абілетін ?алыптастыру?а м?мкіндік береді. 3-сынып?а арнал?ан «Математикалы? логика»  ба?дарламасында о?ушылар?а математика ?леміні? ?азы?ты екендігіне к?здерін жеткізе отырып, логикалы? ж?не ойлау ?аб?леттерін дамыту?а, жан-жа?ты ойлануына, ізденуіне м?мкіндік беру. Б?л ба?дарламада т?рлі к??ілді жатты?улар, геометриялы? сипатта?ы ке?істікті дамыту?а арнал?ан тапсырмалар, алгебралы? сипатта?ы тапсырмалар, санды? за?дылы?тар?а арнал?ан тапсырмалар, математикалы? бас?атыр?ыштар, логикалы? ?орытында, к?бейту мен б?луді? тиімді т?сілдері енгізілген. Интелектуалды? де?гейі жо?ары, жан-жа?ты дамы?ан дарынды т?л?а ?алыптастыру. О?ушыларды математикалы? олимпиадалар?а ?атыстыру.

 

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«П?ні: ?зін-?зі тану. 3 сынып Та?ырыбы: «?нерлі бала-с?йкімді» сайыс саба?ы.»

№ 14 орта мектеп-гимназиясы







ТӘРБИЕ САҒАТЫ




Тақырыбы: «Өнерлі бала-сүйкімді»

сайыс сабағы




Пәні: Өзін-өзі тану

Сынып: 3 «а, г»

Бастауыш сынып мұғалімдері: Аппасова Е. Ж

Бекбосынова С. К.









Талдықорған 2016 жыл






ТӘРБИЕ САҒАТЫ 3 сынып


Тақырыбы: «Өнерлі бала-сүйкімді» сайыс сабағы.

Мақсаты: оқушыларға «өнер» ұғымын түсіндіру, өнерге құштарлық сезімдерін ояту, өнерлі адамдардың жетістіктері арқылы қызығушылықтарын қалыптастыру және эстетикалық тұрғыда тәрбиелеу; «Өнер» ұғымының құндылық ретіндегі мәнін ашу. Өнердің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру. Оқушылардың өнерге қызығушылықтарын, сүйіспеншіліктерін арттыру.

Әдіс–тәсілі: жекелей, топтық жұмыс.

Көрнекілік, құрал-жабдықтар: слайдтық көрсетілім, буклет, «Чупа – чупс» кәмпиттері, оқушылар әзірлеген қолөнер бұйымдар.
Тыныштық сәті: жағымды көңіл күйге келу.
Армысың, шапағатты күніміз,
Армысың, мейірімді жеріміз
Армысың, табиғат – анамыз
Келді Сізге өзіңіздің балаңыз.

Тапсырма: ребусты дұрыс шешсеңдер, өнер туралы халық даналығын оқи аласыңдар. (шешуі:«Өнерлі бала сүйкімді»). 

Сынып жетекші:
- Бүгінгі «Өнерлі бала сүйкімді» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
«Блиц-турнир» ширату сауалдары:

1) Балалар қандай адамдарды өнерлі деп санайды екенбіз?

2) «Өнерлі өрге жүзер » деген мақалды қалай түсінесіңдер?

3) Өнерлі адамның бойында қандай қасиеттер болады екен?
4) Өнердің түрлері бар ма?
5) Қаламызда өнер адамдары бар ма?
Сынып жетекші:
- Рахмет, ал, енді біз бүгін саяхатқа шығамыз. Саяхатымызды бастамас бұрын мына менің сөздерімнен не туралы айтқанымды табуларыңыз керек.

1) Онда ертедегі көне заттар бар. Біз сол заттар арқылы өткен тарихымызды білетін боламыз. Сендер қызықты көп нәрселерді көре аласыңдар. Қане кім айтады? Мен қандай мәдени орын туралы айтып тұрмын?» (Жауап: мұражай)
- Иә, балалар дұрыс таптыңдар мұражай біз үшін өте құнды мәдени орын.

- Қандай саз аспаптарын білеміз? (жауап:домбыра, жетіген, қобыз, сыбызғы, сазсырнай, асатаяқ т.б)
«Жалғасын тап» ойыны.
8 балаға (2 топ) чупа – чупстың басына жапсырылған мақал – мәтелдердің жартысы ғана жазылған қызыл, жасыл түсті қималар таратады, қызыл алғандар бір топ, жасыл алғандар бір топ болып тұра қалады да мақалдарды жалғастырып айтып береді/
1. Өнерлі... /өрге жүзер/
2. Өнер алды... /қызыл тіл/
3. Өнерлінің... /өрісі кең/
4. Шебердің қолы ортақ... /шешеннің сөзі ортақ/
5. Өнер... /киелі/



6. Жігітке жеті... /өнер де аз/

7. Білім көкке жеткізер... /Өнер көпке жеткізер/
8. Кітап – білім бұлағы... /Білім - өнер шырағы/
Сынып жетекші:
Ішінде әншілер, ақындар, бишілер, күйшілер, т. б өнерпаздар және өнер көрсететін сахнасы бар үлкен үй. Онда жақсы - жақсы мерекелер, концерттер өткізіледі. Ол қандай мәдени орын? (жауап:мәдениет сарайы)
- Дұрыс айтасыңдар. Біздің қаламызда мәдениет сарайы бар ма? (балалар жауап береді, мәдениет үйлерінің суреттерінен тұратын буклет көрсетіледі).
- Осы мәдениет сарайының үлкен сахнасында өнер көрсететін өнерпаздың күй, ән, сырнай, сыбызғы, қобыз, терме айтады, би билейді. (жауап:сахна – киелі орын).

- Өнер дегеніміз – адам бойындағы атаның қанымен, ананың сүтімен дарыған ерекше қасиет. Ән айту, күй шерту, сурет салу.

-Қолөнер дегеніміз, яғни тоқыма тоқу, құрақ тігу, ағаштан, темірден бұйымдар жасау, ою ою, тігін тігу т. б.

1-оқушы:
Ән мен күйді төгілтіп
Інжу - маржан шашайық!
Қонақтарды тамсандырып.
Өнерден шашу шашайық.
Сынып жетекші:
- Ал, кәнеки, біздің концертіміз бүгінгі білімдеріңізді байқау болып табылады!

(үй тапсырмасы:қолөнер бұйымдарын әкелу).

2-оқушы:

Талай – талай баспалдақты аттармыз,
Ата – ананың үмітін де ақтармыз.
Ұстаздардан алған өнер, білімді,
Жадымызда өмір – бақи сақтаймыз.
Бұл өмірдің лаулаған жалындары,
Бойында өнер оты жалындады.
Үлкен өнерпаз боп болашақта.
Болыңдар еліміздің дарындары.
Тәртіпті, білімді болайық!
Өнермен бал – бұл жанайық!

Сынып жетекші:

Енді балалар өз өнерлеріңді ортаға салыңыздар.
Сабақты бекіту.

-Балалар өнер адамы деп кімдерді атаймыз? 
- Жарайсыңдар, балалар! Өнерлі деп тек қана бір өнер түрін игерген адамды айтпаймыз. Сол өнерін, білімін, ақылына сай етіп өмірде қолдана алатын адамды да өнерлі деп айтамыз. 

-Келесі тәрбие сағатымызға дейін аман – сау болайық!!!






Сайыс сабағының фотосуреттері


Қосымша №1

«Блиц-турнир» ширату сауалдары


Қосымша №2

«Жалғасын тап» ойыны

Қосымша №3



«Өнерлі бала сүйкімді» оқушылардың өнерлері



Қосымша №4

Біз өнерліміз, біз доспыз.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 3 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
П?ні: ?зін-?зі тану. 3 сынып Та?ырыбы: «?нерлі бала-с?йкімді» сайыс саба?ы.

Автор: Аппасова Еркежан Жиенбаевна

Дата: 12.02.2016

Номер свидетельства: 292540


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства