Просмотр содержимого документа
«конспект урока логопедия»
Ашық ұйымдастырылған оқу-іс әрекеті
Тақырыбы: «Ш» дысы мен әріпі.
Кезең: «Ш» дыбысын буын, сөзде, сөйлем ішінде машықтандыру.
Мақсаты: «Ш» дыбысын айту кемшіліктерін түзету. Сөз қорын молайту, сөйлем құрау,ойлау,көру, есте сақтау, фонематикалық есту қабілеттерін сақтау.
Көрнеуіліктер: айна, логопедиялық альбом, турлі суреттегі карточкалар,слайд. «Ш» дыбысының профильі
Сабақтың барысы.
I. Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу
Армысың, Алтын күн
Армысың, Жер ана
Армысың , Жаңа күн
Армысың, Достарым,апай
Негізгі бөлім.
Саусақ жаттығу «Отын жарамыз»
Пеш жағу үшін қане біз
Отын жарып аламыз
Отынды біз аралаймыз, талмаймыз
Балалардың жаурамауын қалаймыз
(ара бейнесін жасау, саусақтарды біріктіру
III. Тыныс алу жаттығулары.
а) «Ыстық шәй» шәйді үрлеп ішеміз
б) «Судағы қайық» терең дем алып, жәй дем шығарып қайықты жағаға жеткіземіз
IY. Артикуляциялық жаттығулар
«Тәтті тосап», «Тіс тазалау», «Ат шауып келеді»
Буын ішінде машықтандыру
Шо-шо-шо Ше-ше-ше Ош-аш-еш
Шу-шу-шу Ши-ши-ши Уш-ош-еш
Аш-аш- аш- есікті аш
Ше-ше-ше- балға мен шеге
Сөз ішінде машықтандыру
«Ойлан,тап» ойыны. Тек «Ш» дыбысы сөз басында, ортасында, соңында кездесетін сөздерді әр конвертке саламыз.
«Орманға серуен» балалар сендер елестетіндерші біз орманға серуендеп саңырауқұлақ теруге шықтық. Әр жерде өсіп тұрған саңырауқұлақтың астында сөздер жазылған. «Ш» дыбысы кездескен сөздерді (сөз басында, ортасында,соңында) бөлек себетке салып жинаймыз
Y. Сергіту сәті
Орнымыздан тұрайық
Паровозды салайық
Пыш-пыш-пыш
Енді қолды иреңдеп
Жылан болып қалайық
Ыс-ыс-ыс
Сөйлемде машықтандыру
Қарлығаш пен Қуаныш моншаға кетті
Атам шапан киді
Балалар шахмат ойнады
«Артығын тап» ойыны
Мына суреттердің ішінен «Ш» дыбысы жоқ артық суреттерді тап.