kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Эссе "Менің мамандығым"

Нажмите, чтобы узнать подробности

 Қазіргі таңда заман талабына сай тұлға болып қалыптасып, мақсат – арманыңа жету үлкен өнерді, өмір сүру өнерін меңгеруді қажет етеді. Әрбір адам өзін-өзі дамыта алу үшін білім алып, сол біліміне сай мамандыққа машықтану керек.  Осы логопед мамаңдығына келгенше  бірінші тәрбиеші болып қызмет атқардым, сосын  екінші мамңдық алдым ол психолог мамаңдығы.Психолог болып жұмыс жасау өте қиында қызықты мамаңдық адамдармен өте тығыз байланысты болып, олардың жан-күйзелісін, қуанышын, барлық жағынан өз көмегінді аямай бір нәтижеге қол жеткізгенде бірге қуанып, сол адамға жылу сыйлағандай, тығырықтан жол ашып бергендей жақсы сезімде боласын. «Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла …» деп Абай Құнанбаев айтқандай, әрбір адам жеке тұлға, олардың әрбіреуінің шешілмеген жұмбағы бар, сол жұмбақтың кілтін тауып аша білу, әрбір жүректің құпия сырын оқи білу біздердің,  психолог мамандардың міндеті болып саналады.

Қазіргі мамаңдығым өте қажет, өйткені көптеген адамдар кейбір дыбыстарды дұрыс айта алмайды, ал логопед оларға дұрыс сөйлеуге көмектеседі. Логопедтің жұмысы асқан шыдамдылықты 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Эссе "Менің мамандығым"»

Ісім оңсын десеңіз,

Сол істің маманы болыңыз.

Даңқым шықсын десеңіз,

Көпшіліктің адамы болыңыз.

(Әл – Фараби)


Қазіргі таңда заман талабына сай тұлға болып қалыптасып, мақсат – арманыңа жету үлкен өнерді, өмір сүру өнерін меңгеруді қажет етеді. Әрбір адам өзін-өзі дамыта алу үшін білім алып, сол біліміне сай мамандыққа машықтану керек. Осы логопед мамаңдығына келгенше бірінші тәрбиеші болып қызмет атқардым, сосын екінші мамңдық алдым ол психолог мамаңдығы .Психолог болып жұмыс жасау өте қиында қызықты мамаңдық адамдармен өте тығыз байланысты болып, олардың жан-күйзелісін, қуанышын, барлық жағынан өз көмегінді аямай бір нәтижеге қол жеткізгенде бірге қуанып, сол адамға жылу сыйлағандай, тығырықтан жол ашып бергендей жақсы сезімде боласын. «Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла …» деп Абай Құнанбаев айтқандай, әрбір адам жеке тұлға, олардың әрбіреуінің шешілмеген жұмбағы бар, сол жұмбақтың кілтін тауып аша білу, әрбір жүректің құпия сырын оқи білу біздердің, психолог мамандардың міндеті болып саналады.

Қазіргі мамаңдығым өте қажет, өйткені көптеген адамдар кейбір дыбыстарды дұрыс айта алмайды, ал логопед оларға дұрыс сөйлеуге көмектеседі. Логопедтің жұмысы асқан шыдамдылықты талап етеді — сенімсіз пациенттерге күн санап жаттығу жасату тек өз дегенінен қайтпайтын, табанды маманның ғана қолынан келеді. Емдеу процесі кем дегенде 5 ай уақытты алады; кейде қиын пациенттермен жұмыс жасау бір жылға және одан да көп уақытқа созылады. Жұмыс бір қарағанда оңай болып көрінгенімен, күшті теориялық дайындықты, бірінші кезекте сөйлеу дыбысын келтіру тетігін және сөйлеу патофизиологиясын білуді талап етеді. Логопедтер тіл кемістігі бар (белгілі бір дыбысты дұрыс айта алмау, тұтығу және т.с.с.) балалармен де, ересектермен де жұмыс істейді. Алдымен, маман тіл кемістігінің себебін анықтайды. Бұл үшін ауыз қуысындағы сөйлеу аппаратының қалай орналасуын, дыбыстардың қалай шығатынын, дауысы қалай шығып тұрғанын білуі керек. Бұдан әрі логопед пациентке толық сабақ оқыту курсын өткізеді. Оларға жаттығуларды маман өз бетінше таңдап алады. Осы жұмыстың барлығына жарты жыл немесе одан да көп уақыт кетеді.

Логопед өзінің сөйлеген сөзінде тіл кемістігі бар болса, «етікші етікке жарымайдының» кебін киеді. Ол пациентке сөйлеу кемістігінің себебін анықтап, туындаған жағдаяттарды шешуге көмек беруі үшін шебер психолог болуы тиіс. Логопедке балалармен жиі жұмыс істеуге тура келетіндіктен, олармен ортақ тіл табыса білуі маңызды. Мұндай маманға есте сақтау қабілетінің жақсы болуы да қажет: ол барлық жаңылтпаштарды, сөйлеу машықтарына арналған жаттығуларды жақсы есте сақтауы тиіс. Шыдамды, байсалды болуға машықтану қажет, себебі адамды қысқа уақытта дұрыс сөйлеуге үйрету мүмкін емес.

Сөйлеу ақауын жою үшін логопед оның пайда болу себебін анықтауы тиіс. Бұл ретте оған адамның даму деңгейіне: ол қаншалықты сауатты, оның сөздік қоры қандай дәрежеде бай екендігіне тағы да көңіл бөлу керек. Жақсы логопед адам сөйлегенде ерін мен тілдің дұрыс орналасқандығы туралы бәрін біледі, оған сөйлетуге арналған жаттығулар мен жаңылтпаштар да белгілі – пациентпен жұмыс жасаған кезде ол өз дағдыларын белсене қолданады. Логопед жүргізетін сабақ жеке (бір адаммен) де, топпен де өткізілуі мүмкін.

Мамандық әр адамның мақсаты. «Армансыз адам, қанатсыз құспен тең», дейді халық. Барлық адамның арманы болады. Арманшыл адам болашақта арманына жете алады. Мамандықпен өнерді ол өз қалауымен таңдап алады.Мамандықтың түрі өте көп. Мысалы: әнші халық алдына шығып ән салады. Дәрігер адам өмірінің арашасы. Ұстаз шәкірттерді білімге

Ең алдымен адамға тәрбие берілуі керектігін, тәрбиесіз білімнің болашағы қараң екендігін түсінген кезде, өмірімнің қиын кезеңдеріне тап болғанымда, мен өзімнің осы мамандықты таңдағаныма қуандым.

Мамандық таңдауда адамның психологиялық ерекшеліктері мен болашақ жұмысының мазмұны арасындағы байланыс маңызды рол атқарады. Кез-келген мамандық адамның бойындағы сол мамандыққа сәйкес келетін «кәсіби маңызды қасиеттердің» болуын талап етеді. Осы кәсіби маңызды қасиеттерді өз бойымнан көре алмадым ба деген ойда туындаған болатын, бірақ ол кәсібиліктің өмір мектебі мен психологияны, логопед қызметін ұштастыра отырып келетіндігін ұғындым.

Логопед мамандығы қарапайым жаттап алып бере салатын нәрсе емес, ол үшін көпті өмірден алған тәжірибең, айнала адамдарға деген шынайы көзқарасың, адалдық, кеңпейілділік қажет деп ойлаймын. Себебі сенің алдында әртүрлі диагноздағы балалар отырады, сол балалармен өзінді калай ұстау қажет, қандай әдіс -тәсіл қолдану керек екенін,оның ата-анасымен тіл табыса білуге керек. Бұл жерде сен тек бір дыбысты үйрете қоймайсын сонымен қатар образға еніп әнші де актерда болу қажет. Себебі ойын ойнатасын,ән айтасын, суретті саламыз, өрнектіде кестелейсін.

Сондықтан логопед кім?- десек, Ол- ең ғажап мамандық иесі- дер едім. Себебі:

— ол- адам жанын емдеуші, өзінің тіл мүкістігі бар шарасыз жандардың көзі мен көңілінен жанын ұғушы;

— ол, алдымен, зерттеуші.

— ол- бақылаушы, балаларды үнемі назарда ұстап, жандарына қамқорлық арқылы алақан жылуын беруші;

— ол- әр адамның мінезі мен ерекшелігін зерттеп, танып, олармен жұмыс жасаудың әдіс-тәсілдеріне жол тауып беруші;

— ол- қарым-қатынас мәдениетіне үйретуші, ата-аналар мен оқушылар арасында ойындар мен тренингтері арқылы позитивті көңіл-күй мен қуаныш сыйлаушы;

— ол- дамытушы, даму мүмкіндігі шектеулі немесе түрлі санаттағы балалармен тіл табысып, оларға өмірдің бағытын нұсқаушы.

Әр адам өзінше қызықты. Барлығымыз бірдей құтқарушы, мұғалім, ұшқыш бола алмаймыз. Әр адам өз қалауы бойынша мамандық таңдайды. Біздің таңдауымызда әртүрлі. Біреуің ертең ақын, екіншісі инженер, үшіншісі құрылысшы болады . Жаман мамандық жоқ. Мамандықтың бәрі жақсы.

Қорыта айтсам, мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез-келгеніне икемділік қажет, ол үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін еңбек. Кімде -кім өзінің мамандығын сүйіп, жүрек қалауымен қызмет етсе, өз басына да, қоғамға да үлкен пайда келтірмек. Мамандығымыз- мақсатымыз, мақтанышымыз және болашағымыз болсын дегім келеді.










Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Логопедия

Категория: Планирование

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Эссе "Менің мамандығым"

Автор: Сарсекенова Гулзар Жанесовна

Дата: 27.02.2017

Номер свидетельства: 396359

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(66) "Эссе "Мені? педагогикалы? маманды?ым""
    ["seo_title"] => string(41) "essie-mienin-piedaghoghikalyk-mamandyg-ym"
    ["file_id"] => string(6) "259801"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1448821302"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(56) "Эссе Мен және менің мамандығым"
    ["seo_title"] => string(36) "essie_mien_zh_nie_mienin_mamandyg_ym"
    ["file_id"] => string(6) "353575"
    ["category_seo"] => string(9) "psihologu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1477850485"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(54) "Эссе МЕН Ж?НЕ МЕНІ? МАМАНДЫ?ЫМ "
    ["seo_title"] => string(36) "essie-mien-zh-nie-mienin-mamandyg-ym"
    ["file_id"] => string(6) "204334"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1429634710"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(64) "Эссе. Тақырыбы: «Менің мамандығым.»"
    ["seo_title"] => string(34) "essie_tak_yryby_mienin_mamandyg_ym"
    ["file_id"] => string(6) "405403"
    ["category_seo"] => string(15) "angliiskiyYazik"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1490953907"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(52) ""Маманды?ым- ма?танышым" эссе "
    ["seo_title"] => string(30) "mamandyg-ym-mak-tanyshym-essie"
    ["file_id"] => string(6) "191876"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1427378274"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства