Ма?саты: Киімдерді шешу ретін есте са?тап ?алу, оларды ??ыпты жинап ж?не б?ктеуге ?йрету, киімдерді? аттарын с?йлемдерде ?олдану?а ?йрету.
Ойын барысы: Т?рбиеші ?уырша?ты б?лмеге алып кіріп «?уырша? серуеннен келді,?азір ол шешінеді» дейді. Балалар т?рбиешімен бірге ?уырша??а д?рыс шешінуге ?йретеді.
«Бізге кім келгені? тауып ал»
Ма?саты: Айтылу мен есту жа?ынанан бірдей с?здерді айыра білуге, дауыс ыр?а?ын ?ада?алай білуге да?дыландыру. Кебір заттарды? аттарын бекіту.
Ойын барысы: « М?-м?-м?, б?л не м??іреп жат?ан Аслан?» дейді т?рбиеші. «Мяу, мяу Айгерім са?ан кіліп т?р?ан не?» «Айдын?а біреу келді де пи-пи деді. Ол не?» «Ал, ?азір Н?рай одан не ты?ылып т?р?анынын айтады.» Т?рбиеші ?з дауыс ыр?а?ын ?зертіп, ?лкен ?лде кішкентай тыш?анны? даусы шы?та ма деп с?райды. Ойын осылайшы жал?аса береді.
Ойын барысы: Балаларды? ішінен ж?ргізушіні та?айындайды. Балалар ше?бер бойымен отырады, ж?ргізуші орта?а шы?ып к?зін ж?мады. Т?рбиеші бір бала?а ?о?ыраушаны береді, бала к?зін ашпай ?ай жа?тан шы??анын ?олымен н??сайды.Егер бала д?рыс таппаса,онда екінші рет ойнап отырады. Сосын келесі бала шы?ады.
«??стар фабрикасы»
Ма?саты: Бір тыныс ал?анда ?ш-т?рт с?з айта білу.
Ойын барысы: Т?рбиеші 3-4 рет ойыншы?тарды к?рсетіп, оларды? шы?аратын даусын клтіреді,кеін ойыншы?тарды алып ?ояды. «Балалар ??стар фабрикасына барайы?. Алдымыздан тауы? шы?ты, ол бізбен ?алай амандасады:ко-ко-ко. ?рі ?арай барайы? алдымыздан ?аз шы?ты, ол ?алай амандасады:га-га-га»Кейін т?рбиеші ?ал?ан ойыншы?тарды к?рсетеді, ал балалар дауыстайды.
Ойын барысы: Балаларды? назарын т?рбиеші ?тешті? ашы? т?сті ?лпілдек ??йры?ына аударады да т?сіндіреді: екінші ?теш те ?демі ??йры?ты ?алайтынын ж?не оны сый?а тартуын ?тінеді. Балаларды т?стерді атап, ?р т?рлі ?тешке сыйлайды. Егер д?рыс болмаса ?теш «Ку-ка-ре-ку! Мен бас?а ?ауырсынды ?алаймын » дейді.
«Алыста ма жа?ында ма?»
Ма?сыты: зат?а дейінгі аралы?ты ?лшеу, жа?ын ба, алыс па. ?ажет с?здерді ?олдана білу.
Ойын барысы: «Балалар ?арандар, бізді? иттер біреулерді к?ріп ?алыпты. Балаларды? назары пингвинге (?йрекке, ба?а?а, т. Ба ойыншы??а ауады.) »
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«"Дидактикалы? ойындар" »
Дидактикалық ойындар.
«Айсұлу қуыршағын шешінуге үйретейік»
Мақсаты: Киімдерді шешу ретін есте сақтап қалу, оларды ұқыпты жинап және бүктеуге үйрету, киімдердің аттарын сөйлемдерде қолдануға үйрету.
Ойын барысы: Тәрбиеші қуыршақты бөлмеге алып кіріп «Қуыршақ серуеннен келді,қазір ол шешінеді» дейді. Балалар тәрбиешімен бірге қуыршаққа дұрыс шешінуге үйретеді.
«Бізге кім келгенің тауып ал»
Мақсаты: Айтылу мен есту жағынанан бірдей сөздерді айыра білуге, дауыс ырғағын қадағалай білуге дағдыландыру. Кебір заттардың аттарын бекіту.
Ойын барысы: « Мө-мө-мө, бұл не мөңіреп жатқан Аслан?» дейді тәрбиеші. «Мяу, мяу Айгерім саған кіліп тұрған не?» «Айдынға біреу келді де пи-пи деді. Ол не?» «Ал, қазір Нұрай одан не тығылып тұрғанынын айтады.» Тәрбиеші өз дауыс ырғағын өзертіп , үлкен әлде кішкентай тышқанның даусы шықта ма деп сұрайды. Ойын осылайшы жалғаса береді.
«Қай жерде шырылдады?»
Мақсаты: Дыбыстың қай жерден шыққанын анықтау. Алдын-ала дайындық жұмысы: қоңыраушаны дайындайды.
Ойын барысы: Балалардың ішінен жүргізушіні тағайындайды. Балалар шеңбер бойымен отырады, жүргізуші ортаға шығып көзін жұмады. Тәрбиеші бір балаға қоңыраушаны береді, бала көзін ашпай қай жақтан шыққанын қолымен нұқсайды.Егер бала дұрыс таппаса,онда екінші рет ойнап отырады. Сосын келесі бала шығады.
«Құстар фабрикасы»
Мақсаты: Бір тыныс алғанда үш-төрт сөз айта білу.
Ойын барысы: Тәрбиеші 3-4 рет ойыншықтарды көрсетіп, олардың шығаратын даусын клтіреді,кеін ойыншықтарды алып қояды. «Балалар құстар фабрикасына барайық. Алдымыздан тауық шықты, ол бізбен қалай амандасады:ко-ко-ко. Әрі қарай барайық алдымыздан қаз шықты, ол қалай амандасады:га-га-га»Кейін тәрбиеші қалған ойыншықтарды көрсетеді, ал балалар дауыстайды.
Ойын барысы: «Бақа аюдың үйіне секіріп келіп терезенің алдында тұрып бақылдайды бақ-бақ мен саған қонаққа келдім. Тышқан жүгіріп келіп пи-пи-пи тәтті иіс шығып жатыр.Қаз га-га-га дән шоқуға келдім. Сиыр мө-мө-мө сум ішуге келдім.Бір кезде аю үйден шығып р-р-р деп ырылдағанда, барлығы қашып кетеді.Қорқақтар неге қашып кеттіңдер мен сендерге қош келдіндер деп айтқым келді ғой! Кіріңіздер, төрлетіндер!»
«Қауырсынды тауып ал!»
Мақсаты: Балаларды қызыл, жасыл,сары түстерді дұрыс атауға және ажыратуға үйрету, жай және құрмалас сөйлемдерді қайталауға баулу.
Ойын барысы: Балалардың назарын тәрбиеші әтештің ашық түсті үлпілдек құйрығына аударады да түсіндіреді: екінші әтеш те әдемі құйрықты қалайтынын және оны сыйға тартуын өтінеді. Балаларды түстерді атап, әр түрлі әтешке сыйлайды. Егер дұрыс болмаса әтеш «Ку-ка-ре-ку! Мен басқа қауырсынды қалаймын » дейді.
«Алыста ма жақында ма?»
Мақсыты: затқа дейінгі аралықты өлшеу, жақын ба, алыс па. Қажет сөздерді қолдана білу.
Ойын барысы: «Балалар қарандар, біздің иттер біреулерді көріп қалыпты. Балалардың назары пингвинге (үйрекке, бақаға, т. Ба ойыншыққа ауады.) »
Бір пингвин келе жатыр. Өзінің кеудесі ақ, денесі қара көргілерін келе ме? Онда жақынырақ келсін деп айтындар. «Жақынырақ келші»Пингвин келе жатып тоқтап қалады. Енді пингвинді орындықтарында отырып алып көріндерші. Ала-алдындар ма? Неге? Өйткені алыста тұр. Онда алыста тұрсын деп айтындар! т.с.с.
«Сиқырлы қап»
Мақсаты:Балаларға дыбыстарды дұрыс айтуға үйрету, заттарды тануға баулу.
Ойын барысы: Тәрбиеші балаларға таныс ойыншықтар мен заттарды жәшікке жинайды. Балаларға менде бір сиқырлы дорба бар онда не бар екен дейді.Кәне көрейік! Бір ойыншықты алып шығып, мынау не дейді? Балалар заттың атын атайды. Кейін жұмбақтарды шешуге болады.
Саусақтар ойындары.
Еріншектер:
Тық-тық, тық-тық,
Тұр орыннан бас бармақ,
Балаң үйрек сен де тұр,
Ортан терек, сен де тұр,
Шылдыр шүмек сен де тұр,
Титтей бөбек қане тұр,
Саусақтарым, ал жүгір.
Үстел үстінде жасалатын жаттығу . Саусақтар үстел үстінде жатады. Айтылатын сөзге байланысты, саусақтарды кезек-кезек көтеріп, үстел үстіне «жүгіртеміз.»
Туған күн.
Туған күнге, туған күнге
Қонақтарды шақырдым,
Мерекенің құрметіне ,
Бас май шам мен жақтым.
Күшті салып, үрлеп едім.
Біреуің әрен сөндірдім,
Дем шығарып үрлеп қалдым,
Екіншіс ін сөндірдім,
Дем шығарып үрлеп қалдым,
Екіншісін сөндірдім,
Дем шығараып үрлеп қалдым,
Екіншісін сөндірдім мен
Кішісін де сөндірдім,
Кезек-кезек,кезек-кезек, Шамдарды мен өшірдім.
Шамның шамның бәрі сөніп қалды.
Міне, мен беске келдім.
Тасбақа.
Тасбақаға қарандаршы
Тас жидесін киіп ап,
Тауға мінді, суға жүзді ,
Балықтарды ұстады.
Дәмді тамақ ішіп алып,
Қарнын ол тойдырды.
Енді қайда барады.
Жата қалып демлады.
Саусақтарын жұдырыққа түйіп алып, тасбақаға еліктеу. Саусақтарды үстел үстіне жүргізу. Басбармақпен ортаңғы саусақтарды ұштастыру. Саусақтарды қайтадан жұдырыққа түю.
Орманда.
Саусақтар-ау , саусақтар!
Сендер қайда бардындар?
Орманға бардық!
Кімді онда кезіктірдіңдер?
-Аюды, қасқырды,қоянды,түлкіні,тиынды!
Бәріне сәлем бердік!
Бәріне сыйлық бердік!
Бәрі де алғыс айтты.
Алақанды еркін ашып-жұму. Басбармақты басқа саусақтармен түйістіру.
Секіргіштер.
Күні бойы, күні бойы,
Күні бойы, күні бойы,
Біздің қыздар секірді,
Оң аяқпен секірді,
Сол аяқпен секірді,
Алға қарай секірді,
Артқа қарай секірді,
Айналдыра секірді,
Айналдыра секіргішті
Биікке де секірді.
Екі саусақпен кезек-кезек алға-артқа, солға-оңға секіріп, үстел үстінде орындалатын жаттығу.
Мысық пен тышқан.
Мына қолым тышқан болсын,
Мына қолым мысық болсын,
Саусақтарды жаттықтырып,
Мысық-тышқан ойыны болсын.
Тышқан жерді тырнайды.
Мысықты алдайды,
Құйрығымен мысықты.
Тышқан түртіп, зып етті,
Мысық оны күтіп отыр,
Тышқан інде күліп отыр.
Балалар саусақтарын біріктіріп, қарама қарсы ұстайды, оң қолы тышқан, сол қолы мысық. Саусақтармен мысық пен тышқанның бейнесін жасайды. Сөзіне сәйкес қимыл жасау. Кіші шармен жаттығу.
Мынау менің оң қолым,
Мынау менің сол қолым,
Кіші шарды аламын,
Жаттығу жасаймын,
Оң қолым мықты болсын!
Сол қолым мықты болсын,
Қолдырым менің күшті болсын!
Екі шарды алақанға салып, уысқа қысу, оң, сол қолды көрсетіп , жаттығу жасау.