| Қазақ тілі | 25.11 | Сынып: 7 |
Сабақ тақырыбы: | Жіктеу есімдігінің түрленуі |
Жалпы мақсат: | Жіктеу есімдіктерінің түрленуін оқушылардың оқу әрекеті арқылы меңгерту |
Сілтеме: | Мұғалімдерге арналған нұсқаулық Қазақ тілі мен әдебиеті оқыту әдістемесі 7-сыныпқа арналған қазақ тілі оқулығы Үлестірме материалдары |
Оқу нәтижесі: | Әр оқушының өзіндік ой-қиялына ерік бере отырып, оқушыларды шығармашылықпен жұмыс істеуіне жағдай жасау |
Сабақта қолданылатын материалдар: | Интерактивті тақта, ватман, маркерлер, кестелер, мәтіндер т.б. |
Оқыту әдістері: | Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер, оқытуда АКТ-ны пай-далану, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау. |
Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті |
Оқушылар назарына «Табиғат тамашалары» видеоролигін ұсынады. | Шарлар арқылы топтарға бөлу. |
Қызығушы- лықты ояту | «Кім жылдам?» тапсырмасы арқылы оқушыларға ұяшықтардың біреуін таңдатады. 1. Зат есім қандай сөз табы? 2. Құрамына қарай нешеге бөлінеді? 3. Жалпы, жалқы зат есімдер дегеніміз не? 4. Сын есім қандай сөз табы? 5. Мағынасына қарай нешеге бөлінеді? 6. Туынды сын есімдер қалай жасалады? 7. Құрамына қарай сын есім нешеге бөлінеді? 8. Сан есім қандай сөз табы? 9. Мағынасына қарай нешеге бөлінеді? 10. Құрамына қарай қалай талданады? Жауап берген оқушыларға жұлдызша беріп отырамын. «Бес жолды өлең» әдісі 1 – топ: Мұғалім 2 – топ: Оқушы 3 – топ: Кітап ІІІ. Сынап көр (есім сөздермен жұмыс) «Тілдік тренажер» арқылы сын есім, зат есім, сан есімдерге талдау. 1.Оқулық 2. Сары 3. Он алты 4. Балқаш 5. Әдемі 6. Ұзын бойлы 7. Бес 8. Оқушы 9. Майлы 10. Сексен тоғыз 11. Қызылорда 12. Қызыл ала 13. Екі 14. Ауыл 15. Шуақты | Талдау, жинақтау, қорыту |
Жаңа тақырып | Жаңа сабақпен оқып, танысуға 10 минут уақыт беремін. Мәтінмен жұмыс. Түртіп алу немесе Инсерт. Оқулықта берілген материалдармен өздері танысып шығу тапсырылады. Мәтінді оқи отырып, бұрыннан білетін және жаңалықтармен таныса отырып, өзіне күдікті дәлелдей алмайтын және түсініксіз, әлі де тереңірек білгісі келетін белгілерді қояды. Бұрыннан таныс мәлімет, «√» | Білмейтін ойы, «–» | Жаңа танылған мәлімет, «+» | Таңқалдырып сұрақтар тудырған ой, «?» | | | | | Осыдан кейін әр топ өздерінің ойларын біріктіре отырып талдау жасайды. Бір-біріне сұрақтар қояды. Түсінбеген жерлерін бір-біріне түсіндіреді. Не түсінгендерін қағаз бетіне түсіріп, таныстырып шығады. Таныстырмас бұрын мынадай сұрақтарға жауап аламын: 1. Есімдік дегеніміз қандай сөз табы? 2. Қай есім сөздердің орнына қолданылады? 3. Мағынсына қарай нешеге бөлінеді? Жеті түрге: жіктеу, сілтеу, сұрау, өздік, жалпылау, болымсыздық, белгісіздік. 4. Жіктеу есімдігі нені білдіреді? Белгілі бір заттық ұғыммен байланыста қолданылатын есімдіктің түрі жіктеу есімдігі деп аталады. 5. Жіктеу есімдігі қалай түрленеді? (Олар септеледі, жақпен байланысты қолданылып жіктеледі) Жекеше, көпше. І. Мен ІІ. Сен Сіз ІІІ. Ол І. Біз (айтушы, тыңдаушы жақ) ІІ. Сендер Сіздер (тыңдаушы жақ) ІІІ. Олар (бөгде жақ) Жіктеу есімдіктерін септеу, жіктеу. 1- топ – мен 1- топ – біз 2- топ – сен 2-топ – сендер сіз сіздер 3- топ – ол 3-топ – олар Мысалы: Септелу үлгісі Жіктеу есімдіктерінің жіктелу үлгісі: І ж | менмін бізбіз | ІІ ж | сенсің сендерсіңдер, | | сізсіз, сіздерсіздер; | ІІІ ж | ол, олар. | А.с | мен | І.с | менің | Б.с | маған | Т.с | мені | Ж.с | менде | Ш.с | менен | К.с | менімен | |
Сергіту сәті | Күнде аспанға қараймыз, Қайтқан құсты санаймыз. Үшбұрыш боп тырналар, Көк жүзінде сырғанар. Боран соғар оң жақтан, Боран соғар сол жақтан Қар лақтырып ойнасақ, Суық өтер қолғаптан. | Оқушылар сергіп, демалады |
Шығармашылық жұмыс
| І топқа Әкем- менің тәңірім, пайғамбарым Ұмтылатын биігім,сайран бағым. Ол білмейтін дүниеде құпия жоқ, Біліп алған, япыр-ай,қайдан бәрін?! ІІ топқа Ол тұрғанда сезінбей қатер демін, Хандардың да қалпағын әпермедім. Әділ шешім ататын барлық істе Біздің үйде бас қазы — әкем менің. ІІІ топқа Әкем барда,арқам кең,жоқ алаңым, Сұлу мүсін, бір мін жоқ келбетінде! Батыр,дана сол ғана. Асығамын әкеме ұқсап тезірек ер жетуге. |
Оқушылар сұрақтарға жауап береді Білу, түсіну, қолдану. Әр топ- тың спикері шығып қорғайды |
Үйге тапсырмасын беру | Оқулықтағы тапсырмаларды орындау | Үй тапсырмасын білу, түртіп алу |
Бағалау | Формативті бағалау | Топтардың бірін-бірі бағалауы |
Рефлексия | Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстары туралы қысқаша жаздыру | «Екі жұлдыз, бір тілек » |