kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Жіктеу есімдігіні? т?рленуі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Жіктеу есімдігіні? т?рлену                                                                                                                                                          

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Жіктеу есімдігіні? т?рленуі »

Сабақтың тақырыбы: Жіктеу есімдіктерінің түрленуі.

Сабақтың мақсаты: білімділік: оқушыларға есімдіктен алған білімін, іскерлігін, дағдысын жетілдіру, бағалау, жіктеу есімдіктерінің түрленуін түсіндіру;

дамытушылық: оқушылардың ой - өрісін дамыту, шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру.

тәрбиелік: оқушылардың қызығушылығын арттыру, ақыл - ой, парасат тәрбиесін беру.
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, топтық жұмыс
Сабақтың түрі: аралас.
Сабақтың типі: жаңа білім беру сабағы.
Көрнекілігі: оқулық, интербелсенді тақта арқылы слайдтар, кестелер.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, музыка

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі: оқушыларды топқа бөлу
ІІ. Үй тапсырмасы: Есімдіктерді қатыстырып сөйлем жазу.
Пысықтау сұрақтары:
1. Есімдік дегеніміз не?
2. Есімдік мағынасына қарай қандай түрлерге бөлінеді?

ІІІ. Жаңа сабақ.
«Ассициативті қатар» әдісі. І топтың тапсырмасы. Есімдіктің мағыналық түрлері, олардың түрленуі туралы ойларын жазу. Әр топтан бір оқушыдан тақтаға шығып қорғау. Жазған ойларын кітаптағы ережемен байланыстыру.

ІІ топ. Жіктеу есімдігінің септелу ерекшеліктері туралы сызба құрастыру

ІІІ топ. Жіктеу есімдіктерінің жіктелу ерекшеліктері , сызба құрастыру

Жауаптарын төмендегідей кестеден көреміз.

І топ. Жіктеу есімдігі.
Белгілі бір заттық ұғыммен
байланысты қолданылады.
Жекеше -----Көпше
Мен --------- Біз, біздер
Сен ---------- Сендер
Сіз ----------- Сіздер
Ол ------------ Олар
ІІ топ. Жіктеу есімдіктері зат есімнің орнына жүріп, зат есімдерше септеледі және жіктеледі.
Жіктеу есімдіктерінің септелу үлгісін тақтада орындау, ерекшеліктерін түсіндіру.
Жіктеу есімдіктері өз жағында ғана жіктеледі, яғни жіктеу есімдігі қай жақты білдірсе, оған сол жақтың жіктік жалғауы жалғанып жіктеледі.
ІІІ топ. Мен, сен, ол деген жіктеу есімдіктерінің септелуінде мынадай ерекшеліктер байқалады:
1. ілік барыс, табыс, шығыс септіктерінде түбірдегі л, н дыбыстары түсіп қалады;
2. жатыс септікте ол есімдігіндегі л дыбысы н - ға айналады;
3. көмектес септікте түбір мен жалғаудың арасында – ы, - і дәнекері пайда болады;
4. барыс септік жалғауы жуанданып, л, н түсіп қалған түбірге – ған түрінде жалғанады.
ІҮ. Білімді бекіту. 77 - жаттығу орындалады. Сен құрметте оны. Есімдіктерді теріп жазу, олардың түрленуін талдау.
Поэзия минуты.

«Тұлғаны танып біл» ойыны.

Шарты: оқушыларға ақындардың портреттері таратылады, олар ақындардың өмірі мен шығармашылығы туралы білімдерін естеріне түсіріп, бір өлеңдерін мәнерлеп оқып береді.

Тақтада бір оқушы сол өлеңдерден жіктеу есімдіктерін теріп жазып, талдайды.

І топ. М.Мақатаев.

ІІ топ. М.Өтемісұлы.

ІІІ топ. А.Құнанбаев.
«Музыкалық тапсырма» ойыны. Шарты: берілген өлеңдерден жіктеу есімдіктерін теріп жазу.

Ү. Сабақты қорыту.

«Даналық ағашы» ойыны. Оқушылар тақырып бойынша сұрақтар дайындап, сандықшаға салады. Әр топтан оқушылар кез келген сұраққа жауап береді.

ҮІ. Бағалу.

ҮІІ. Үйге тапсырма: 79 - жаттығу











Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 7 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Жіктеу есімдігіні? т?рленуі

Автор: Дюсембекова Айман Карабаевна

Дата: 29.01.2015

Номер свидетельства: 163557


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства