kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Жас ?аза?стан

Нажмите, чтобы узнать подробности

Т?уелсіздік - е? басты ??ндылы?ымыз. Т?уелсіздік к?ні елімізді? барлы? азаматтары ?шін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау ж?рекжарды ?уаныш?а толы к?нді ата-бабаларымыз ?асырлар бойы армандап, к?тумен  ?тті.
??рметті ?стаздар, о?ушылар! ?ашанда елта?бамыз е?селі, туымыз бейбіт к?нде желбіреп, ?н?ранымыз егемен елді? ашы? аспанында шары?тай берсін!

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Жас ?аза?стан»

Тәрбие сағаты.

Тақырыбы: «Жас Қазақстан».

Сыныбы: 5-сынып.

Дайындаған: 5-сыныптардың жетекшілері - Б.А.Сыздыкова, А.Қ.Рахметова.

Мақсаты: оқушыларға еліміздің тәуелсіздікке қалай қол жеткізгені туралы баяндау, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге, отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: тақырыптық плакаттар, шарлар, еліміздің рәміздері, топтардың дайындаған плакаттағы таныстырылымдар.

АҚТ: ҚР Әнұраны МР3, «Құрманғазы» халық аспаптар оркестрінің «Балбырауын» күйі, «Ұландар» әнінің минусы, компьютер.

Барысы:

1-жүргізуші:
Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және қадірменді қонақтар! Қазақстан  Республикасының Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырған «Жас Қазақстан» атты ашық  тәрбие   сағатына  қош келдіңіздер!

2-жүргізуші:

Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата-бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.
Құрметті ұстаздар, оқушылар! Қашанда елтаңбамыз еңселі, туымыз бейбіт күнде желбіреп, әнұранымыз егемен елдің ашық аспанында шарықтай берсін!

1-жүргізуші: 
Әнұраным- жан ұраным,
Айтар әнім- сөйлер сөзім.
Туған жерім – сағынарым,
Мәңгі бақи шырқалады,
Республика әнұраны. (Қ.Р-ның мем.әнұраны орындалады.)

2- жүргізуші: сұрақтарға жауап алу:

-балалар, сендер Тәуелсіздік дегенді қалай түсінесіңдер?

-Оны қалай көз алдарыңа елестетесіңдер?

-Немен байланыстыруға болады?

1-жүргізуші: Тәуелсіздік-ең алдымен қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Сондықтан да біз үшін тәуелсіздік күші-ең қадірлі күш. Еліміз тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет ретінде әлемге танылды. Бүгін Қазақстан әлем назарында, өзінің болашағынан үлкен үміт күттіретін, жері, халқы бай ел. Осы жылдар ішінде елімізде қыруар істер атқарылды.  Жеріміздің шекарасы халықаралық шарттарға сай бекітілді. Мемлекеттік рәміздеріміз, ата заңымыз, ұлттық валютамыз және Сарыарқаның кең жазық даласында барша елді өзінің тез көркейіп өсуімен таңқалдырып, жаңа астанамыз дүниеге келді. Әлемдік қауымдастық алдында «Қазақстан республикасы» деген асқақ рухты ел екенің мойындаттық. Ел экономикасы да жылдан-жылға ұлғайып мәдени, рухани даму деңгейіне көтерілуде. Өзіне тән барлық рухани, мәдени қасиеттері бар, әлемдік қауымдастықтың ықпалды мүшесі болып табылатын тәуелсіз мемлекет құрылды.  

2-жүргізуші:                                                                                          

-«Жас Қазақстан» дегенді қалай түсінесіңдер?

-Неге Жас дейміз?

-Еліміз қашан тәуелсіздігін алды?

1-жүргізуші:Ендеше сіздермен өткен тарихымызға шағын экскурсия жасайық.Сіздер мұқият болыңыздар, сабақтың соңында сұрақтар қойылады, ал сол сұрақтардың жауабы экскурсия барысында ақпараттар ішінде айтылады.

2-жүргізуші: 1991 жылы 1- желтоқсанда Республикада бүкіл халықтық президент сайлауы болып өтті. Қазақ Кеңестік Социалдық Республиканың президенті болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды. Республика тарихында халық санаулы түрде өзінің тағдырын сеніп тапсырып, өз басшысың сайлады.

Гүлден:

«Елбасына»
Ауыр күнді артымызға тастауы –
Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.
Тілім, дінім, ұлтым қайта көгерген, 
Елбасымыз Нұрағаңның бастауы
Туды ұстап тура жолға түсіріп, 
Жас Отанның өмірін де түсініп, 
«Елім, жерім» деп ұрандап тайсалмай, 
Бір керемет жасады-ау кісілік!

Елбасымыз саған мәңгі разымыз, 
Үлкен-кіші, ағайындар – бәріміз.
«Ұлтым, елім» деп қайғырған ұлы жан, 
Сіз біздердің піріміз де, әніміз.

1-жүргізуші:

1991 жылы 16- желтоқсанда «Қазақстан Республикасы - тәуелсіз, демократиялық және құқықтық мемлекет» деп жарияланды.  Бұл күні қазақ халқының ең қуанышты күні болды. Себебі бұл күнді ғасырлалр бойы аңсадық!

Аяулым:

Туған жер!

Туған елім, топырағыңа не жетер? 
Өз басыңа нелер келді, не кетер? 
Отанынсыз тірі жандар не етер, 
Отаным жоқ, жетіммін мен деп өтер. 

Таң шапағың аймалайды жүзімді, 
Сағындым мен қысың, жазың, күзіңді. 
Жүрегіме мәңгі салған ізіңді, 
Елестетіп бір тамшы жас үзілді. 

Айналайын, дархан далам, кең далам, 
Бір һзіңді арқа тұтар мен балаң. 
Сұлулықтың сырын жидың сен маған, 
Сен сияқты дархан болам, кең болам. 


Индира:
Қойнауыңда қазына, құт-береке, 
Сенде өткізген әрбір күн бұл мереке. 
Жадыратар жанымды бұл сен екен, 
Құшағыңда құлдыраған бұл мен екем. 

Тауларым бар мендей сен бол биік дер, 
Қойнауында ойнақшыған киіктер. 
Баурайында бұлақтары құйып тұр, 
Өз байлығын өзендерге жиып тұр. 

Топырағың жаратты асылдарды, 
Артқа тастап сан жылдар, ғасырларды. 
Саған деген махаббатым басылмайды, 
Мәңгілікке нұрың солай шашылғай-ды

2 -жүргізуші: 1992 жылы 4- маусымда Жоғарғы Кеңес Мемлекеттік рәміздерімізді қабылдады. Бұл- Қазақстан тарихында ұмытылмас тарихи күн.



Зарина:

“Елтаңбасы елімнің” 
Елтаңбасы елімнің, 
Неткен әйбет, әдемі! 
Тұнығындай көңілдің. 
Ортада аспан әлемі. 
Құт, береке – таңырақ, 
Орын алған ол төрден. 
Қанатты қос арғымақ 
Екі жақтан көмкерген 
Тәуелсіздік жолында 
Талай – талай тер тамған... 
Билігі - өз қолында, 
Еркіндігім – Елтаңбам.

“Қазақстан жалауы” 
Көк аспандай көкпеңбек 
Қазақстан жалауы, 
Көк емес ол тектен – тек 
Елдің ашық қабағы 
Ақ ниеті - алтын күн 
Асқақ арман қыраны 
Жалауы бұл - халқымның 
Мәртебесі, Туы, Ары 
Бұлт баспасын күнімді 
Тарылмасын өрісім 
Биік ұстау туымды 
Қасиетті борышым. 

Назгүл:

Әнұраным

Әйгілісің әуеніңмен әлемге,

Әнұраным, пәктігінді дәлелде.

Қазағыма қайсар шабыт бергендей,

Ұран болып айтыла бер әр елде.

Жүрегінен орын алып елімнің,

Шартараптан шарықтаумен көріндің.

Әсем әнді әуеніңмен тербеткен,

Белгісісің кең жазира жерімнің.

Әрлі әуенің шартарапты шайқады,

Күштілігін бүкіл халық байқады.

Шабыт берген Әнұранды әрқашан

Маңғыз елім мақтанумен айтады.



1-жүргізуші: 1993 жылы алғаш конституциямыз қабылданды және осы ата заңымызға байланысты Қазақ тілі мемлекеттік тіл болып қабылданды.

Гүлжамал:

Ана тілі



       Ей, адамдар!

Тыңда мені,

Құлақ түр:

Ана тілім - Қазақ тілі,

бір-ақ тіл!

Арғы тегім кедей-кепшік болса да,

Кедейліктің белгісі емес бірақ бұл.

Жырын тыңдап жылынсам да бесіктің,

Ана тілдің қасиетін кеш ұқтым...

Әліппеден соғыс бөліп кетті де,

Сөз қадірін бертін келе есіттім.

Айтысқанды талқан еткен - тәрік қып,

Жамбыл еді жүз жасаған - жарықтық!

Кремльде өз тілінде ән шырқап,

Қазағының кім екенін танытты.

Қасарысқан тағдырына қатал боп,

Қару кезеп тұрса да хан: "Атам!" - деп,

Өткір тілдің қанжарымен өлтірді,

Баймағанбет сұлтанды да Махамбет.

Сазды әуенді сыйла, мейлің,

сыйлама,

Жорғасынан жаңылмайтын - к үй ғана...

Домбырасын өз тілінде сөйлетті,

Құрманғазы,

Дәулеткерей,

Дина да!!!

Осы тілмен мен де өзімді таныттым,

Осы тілмен жүрек сырын ағыттым...

Осы тілмен дүниеге үн қаттым,

Өкілі боп Қазақ деген халықтың.

Осы тілмен бар әлемді шарладым,

Осы тілмен қызға да өлең арнадым.

Ақын етіп сөйлеткен де осы тіл,

Осы менің - бар бақытым, бар малым.

Ана тілім - аялайтын бір гүлім,

Ана тілім - саялайтын тірлігім.

Ана тілім - әнші құсым, бұлбұлым,

Сайрап кетсе сарқылмайтын жыр бүгін!



2-жүргізуші: Ал 15-қарашада Қазақстан Республикасының халықаралық ұлттық валютасы «теңге»айналымға енгізілді.    

4-топтың презентациясы.

1-жүргізуші: 1994 жылы 30- маусымда тәуелсіз еліміздің ғарышкері Талғат Мұсабаев аспан әлеміне айлық сапарына аттанды.              

2-жүргізуші: 1995 жылы 30- тамызда еліміздің Ата Заңы- Конституция қабылданды.         

  «Ата Заң»
Азат елдің басталған айқын жолы тәрізді, 
Ата Заң деп аталған Конституциямыз бар біздің.
Ата Заңмен бекіткен дербестігін еліміз, 
Ата-баба мұра еткен, тұтастығын жеріміз.
Халық сенген заңымыз әділдікті қолдайды, 
Жақсарсын деп халіміз адам құқын қорғайды.
Дейді заңы мемлекет үлкенге де, балаға:
“Оқу оқы, еңбек ет, кәсіп жаса қалаған!”
Әрбір бабы маңызды, әр көңілдің жыры бір, 
Бізде 30 тамыз – Ата Заңның күні бұл.

    

1-жүргізуші:  1996 жылы Алматыдағы Республика алаңында Қазақстан тәуелсіздігінің бес жыл толуы құрметіне биік обелиск түрінде тұрғызылған монументті құрылыстың авторлары: архитектор Ш.Уәлиханов (топ жетекшісі)

1-топтың презентациясы.

2-жүргізуші: 1997 жылы «2030 стратегиясы»жарияланды. 2030 жылға орай Қазақстан оратлық Азия барысында айналады және өзге дамушы елдер үшін үлгі болады.                                                              

1-жүргізуші: 1998 жылы 10- шілдеде Астананың халықаралық тұсау кесері болды. Сол жылы ЮНЕСКО-ның шешімі бойынша Астанаға «Бейбітшілік қаласы» атағы берілді.

Азамат:

Көтереді шаңырақ Астанам асқақ, 
Жаңарып қалам, жасарып далам!
Басыңнан серпі бодандық жүгін, 
Кетпейді ойдан Отандық ұғым.
Арыстан жүрек, айбынды елім, 
Таниды сені бар әлем бүгін.

2-топтың презентациясы.

2-жүргізуші: 2006 жыл сазгер Шәмші Қалдаяқовтың «Менің Қазақстаным» әні мемлекеттік әнұран болып қабылданды.    

1-жүргізуші: 2007 жыл-«Қазақ тілін қолдау жылы»

3-топтың презентациясы.

2-жүргізуші: 2008 жыл Астананың 10 жасқа толуы атап өтілді.            

1 -жүргізуші:  2012 жылы «Қазақстан 2050» даму стратегиясы қабылданды.

2-жүргізуші: 2013 жыл Абылай ханның 300 жылдығы.

1-жүргізуші: - міне, туелсіздік алғаннан бері осындай игі істерді атқарып, қаншама белестерден өттік.бір шаңырақ астында тату –тәтті өмір сүре білдік. 130-дан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған өлкеде, кендігі керемет дархан далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі мыңғырған, өндірісі өркендеген мекенде, өмір сүруші әрбір адам өз Отаның жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады. Солай емес пе?

Тапсырма: (оқушылар топпен таныстырылым дайындайды). 10 минут. «Қара жорға» күйін қосу

Сіздер елімізді – Тәуелсіз Қазақстанды көз алдарыңызға қалай елестетесіздер?

Қорытынды: (Семантикалық картамен жұмыс)

1-жүргізуші:  Біздің Отанымыз – егеменді, тәуелсіз қазақ мемлекеті. Олай болса Тәуелсіздігімізге шаң жұқтырмай оны ең қымбат бұйымымыздай сақтап, құрметтеп келер ұрпақтар қолына аманат етіп тапсыруға тиіспіз. Оны ішкі-сыртқы дұшпандардаң қорғауға міндеттіміз. Сонда ғана тәуелсіздігіміз мәңгілікке мирас болмақ. Ендеше біз бүгінгі тәрбие сағатымызды қорытындылайық. Бүгін сіздер көптеген ақпараттар дайындап келдіңіздер және тәрбие сағатынан ақпарат алдыңыздар. Сіздерге қазір семантикалық карта таратылады, сіздер алған ақпараттарға сүйеніп, осы картаны толтырыңыздар.

2-жүргізуші: «Тілек ағашы»  шарамыздың соңында сіздер біздің тәуелсіз еліміз «Жас Қазақстанға» арнаған тілектеріңізді «Тілек ағашына» апарып жапсырыңыздар.    

1-жүргізуші:   Құрметті ұстаздар, оқушылар! Тәуелсіздігіміздің басты белгілері - Мемлекеттік рәміздер белгілі бір елдің өзіндік өмір салтын, бүкіл болмыс ерекшелілігін, айрықша арман аңсарын, басқалармен байланыс мұраттарын білдіреді.

Осы бір қасиетті белгілердің мәнін әрбір азамат терең түсініп, оны қастерлей білу керек. Себебі сіздер жас ұландар – еліміздің болашағысыздар!

«Ұландар» әні.

 2-жүргізуші: осымен Туелсіздік күніне арналған «Жас Қазақстан» атты тәрбие сағатымыз өз мәресіне жетті. Қашанда елтаңбамыз еңселі, туымыз бейбіт күнде желбіреп, әнұранымыз егемен елдің ашық аспанында шарықтай берсін!  Назар қойып, белсенді қатысқандарыңызға РАХМЕТ!!!                                     



 





























Ғ.Әбдірахманұла атындағы Қима орта мектебі











5-сыныптарға арналған тәрбие сағаты









Өткізген: Б.А.Сыздыкова

А.Қ.Рахметова

















9-желтоқсан, 2013 жыл.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 5 класс

Скачать
Жас ?аза?стан

Автор: Сыздыкова Ботагоз Амангельдиевна

Дата: 13.04.2016

Номер свидетельства: 318288

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(170) "1-?ырк?йек – Білім к?ні      «?аза?стан хал?ы Ассамблеясыны?   20- жылды?ы ,Конституцияны? 20-жылды?ы» "
    ["seo_title"] => string(103) "1-k-yrkuiiek-bilim-kuni-k-azak-stan-khalk-y-assamblieiasynyn-20-zhyldyg-y-konstitutsiianyn-20-zhyldyg-y"
    ["file_id"] => string(6) "229369"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1441719859"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(15) ""А? орда" "
    ["seo_title"] => string(9) "ak-orda-1"
    ["file_id"] => string(6) "179611"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1425038116"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(55) "?аза?станны? пайдалы ?азбалары "
    ["seo_title"] => string(33) "k-azak-stannyn-paidaly-k-azbalary"
    ["file_id"] => string(6) "132188"
    ["category_seo"] => string(10) "geografiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1416306064"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(52) "«Мен т?ратын Комсомол кенті»"
    ["seo_title"] => string(29) "mien-tu-ratyn-komsomol-kienti"
    ["file_id"] => string(6) "267010"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1450282273"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(52) "«Мен т?ратын Комсомол кенті»"
    ["seo_title"] => string(31) "mien-tu-ratyn-komsomol-kienti-1"
    ["file_id"] => string(6) "267011"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1450282280"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства