Армысыздар,ардақты ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі Жамбыл атамыздың 170 жылдық мерей тойына арналған ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер!
Жүзге кеп бақыт тапқан ақын Жамбыл,
Дүниеге түгел кеткен атың Жамбыл.
Тілекке көп аңсаған бүгін жеттің,
Далада жасасаң да ғасыр Жамбыл.
Халық үшін төрге төсеп төсек етер,
Ағарған сақалы мен шашын Жамбыл.
Көтерген көкке төбе тірелгенше,
Иеді көпшілікке басын Жамбыл.
1-жүргізуші: «ХХ ғасырдың Гомері»,жыр дүлділі,ғасыр ақыны,Жыр алыбы – Жамбыл Жабаевтың туғанына 170 жыл толуына арналған тәрбие сағатына қош келдіңіздер! Бүгінгі біздің тәрбие сағатымызда қара өлеңнің алыбы,даланың дархан данасы Жамбыл ата, өзіңнің үміт күткен ұрпақтарың сіз туралы ой толғап сыр шертеді.
2-жүргізуші: Өз тарихымызбен таныстыра кетсек,біздің туған ауылымызда,білім нәрін алып жатқан мектебімізде ұлы атамыз- Жамбыл Жабаевтың атымен аталады.Осы Жамбыл ауылында алғашқы мектеп 1929 жылы ашылды.1966 жылы мектепке Жамбыл атамыздың аты берілді. Содан бері Жамбыл атындағы орта мектеп болды.Мектептің осы күнгі ғимараты 1982 жылы пайдалануға берілді.
1-жүргізуші:Халық поэзиясының алыбы атанған Жамбылдың есімі дүниежүзі халықтарына кеңінен мәлім.Жамбыл медресе-мектептің есігін ашып,қолына қалам ұстап,жазу-сызуды білмесе де, жастайынан домбыра тартып,жыр жаттады,қазақ халқының сөз өнерін үйренді,кейін ақындығымен елге әйгілі жыршы атанды.Ол «Көрұғлы», «Мұңлық-Зарлық», «Шахнама» сияқты үлкен дастандарды бірнеше апта бойы жырлаған.
2-жүргізуші:Жамбыл екі заман тұсында өмір сүрді.Екі дәуірдің куәсі болған ақын өз көзімен көрген өмірдің бар шындығын жырлады.
1-жүргізуші:Жамбыл Жабаев қазіргі Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы,Жамбыл тауының етегінде 1846 жылы 28 ақпанда көшпелі кедей отбасында туған.Жастайынан өлеңді қолма-қол жанынан шығарып айтатын болған.Қаршадай баланың өнеріне сүйінген атақты Сүйінбай ақын оған ақ батасын берген.
Көрініс: Бала Жамбылдың Сүйінбай ақыннан бата алуы.
Бала: Ассалаумағалейкум,Сүйінбай ата! Сіздің жолыңызды қуып,қолыма домбыра ұстадым.Молдадан сабақ алмадым,мал да баққым келмейді.Құдай маған жуан дауыс берді,жүрегіме өлең ұялатты.Түсімде бір ақсақалды қария келіп: «Өлең аласың ба,көген аласың ба?» - деді. Мен «Өлең» дедім.Оянып кетсем түсім екен. Аузы дуалы Сүйінбай ата! Ақ батаңызды беріңіз!
Сүйінбай: Тұр балам! Қолыңды жай! «Жолың болсын,бақытың ашылсын,балам!Өз өлеңіңді шығар,өлеңді тыңдаушының көкейінен кетпейтіндей етіп айт. Сенің өлеңдерің жеке адамдардың емес,бүкіл халқымыздың игілігіне айналатын болсын.Көмеймен емес,жүрекпен жырла.Әрқашан әділ сөйлеп,адал бол! Сенің көңілің патшаның қазынасынан да байырақ болсын»,Аумин! - деп ақ батасын берген.
2-жүргізуші:Ақын өлеңдерінен үзінді оқуға сынып оқушыларын шақырамыз.
1-оқушы: Балаларға.
Балалар, аманбысың, шырақтарым,
Майысып көлге біткен құрақтарым!
Жүрмесем есендесіп,тұра алмаймын,
Ішінен асып кетсе,бір аптаның.
Қонаққа келді,міне, Жамбыл атаң,
Сан жылдар жүк көтерген бүкір жотам,
Қарт бабаң дәуіріне мейіріне қанған,
Қуанып жастығына сендей, ботам.
Білемін өмірлерің тұрған жайнап,
Күндіз-түн жастық үшін жарық сайлап
Ай,жұлдыз,күннің көзі,жел менен
Бәрі де сендердікі әлемге айғақ.
2-оқушы: «Халық- менің шын атым»
Жамбыл деген - жай атым,
Халық – менің шын атым,
Жал- құйрығым,қанатым,
Қазақстан – Отаным!
Қалаған бақыт мұрасын,
Кеңес –менің мыңдап жыл,
Аңсап тапқан мұратым.
Жаңқамды жауға бермеске,
Отанға берген бар атым.
Миллион-миллион барлық жан,
Арыстан жүрек ер балам,
Сарқылғанша тамшы қан.
Қорған,шебін құратын,
Жау мойнынан жұлатын-
Атым осы болатын...
3-оқушы:Жаныс ақынға: Менің пірім Сүйінбай, Сөз сөйлемен сыйынбай!
Сырлы,сұлу сөздері,
Маған тартқан сыйындай!
Сүйінбай деп сөйлесем
Сөз келеді бұрқырап,
Қара дауыл құйындай!
Екпініме кезіккен
Кетер ме екен жығылмай!
Құлаштап бір кетейін,
Көбен құсап тығылмай
4-оқушы: Шындық туралы
Осынау жалпақ жалғанда,
Жамбыл қартың талмады.
Іздеуден шындық жүрегі,
Бір уақыт та тынбады.
Жетпіс бес жыл өткенше,
Дауылда ұшқан кептерше,
Көз ұшында бұлдырап,
Қуған шындық зарлады.
Ұшқыр ойым ұмтылды,
Сонда да оған жетем деп,
Кешусіз теңіз,асусыз.
Таудан да зырлап өтем деп,
Бөгеттен бірақ өте алмай,
Шындыққа қуған жете алмай,
Ұзақ жүрдім тепеңдеп.
Әнді сүйсең менше сүй, деп Абай атамыз айтқандай сыныбымыздың күміс көмей әнші қызы Марат Айымның орындауында «Қазақ елі осындай!»
5-оқушы: Мұғалімдерге сәлем. 7-8 оқушы: Алатау.
Кәрі,жасын елімнің, Тізілген таулары бар Жетісудың
Тұнығына білімнің Ішінде орман,тоғай біткен нудың.
Жүздірген тау бұлақтай, Дариядай сол таулардан тулап тасып,
1-жүргізуші: .. «Менің қой баққым келмеді.Домбыра тартып,ән салу мені қатты қызықтырады.Табиғат маған күшті,жуан дауыс берді.Мен далада ән шырқағанда дауысым бүкіл даланы күңіренткендей сезінетін едім»,-деп Жамбыл атамыз молдадан дәріс алуды қаламаған екен. «бала келсе сабаққа ,жем аңдыған дорбадан», «айтқаны ішке қонбаған» деген сөзімен алғашқы «Шағым» өлеңі туындаған екен.
Шып-шып етіп молданың
Қолындағы тобылғы,
Қозғалтпайды жонымды,
Талай дүре соғылды.
Торсылдатып танадай,
Жыртар болды тонымды.
Тілің ащы бала деп,
Қайнатты әбден сорымды.
Оқымай-ақ кетейін,
Байламаңыз жолымды.
Алдыңыздан өтейін;
Не жазып ем сол ғұрлы?!
2-жүргізуші: Жамбыл атамыз туралы естеліктер өте көп. «Адамдықты айт,ерлікті айт,батырлықты айт,Ел бірлігін сақтаған татулықты айт», -деп атамыз айтып кеткендей келесі көріністі тарту етеміз.Бұл көрініс қазақ халқының батыр ұлы Мәлік Ғабдуллинмен кездесуі.
«Батырды ауыртып алсаңдар қайтесіңдер?»
Мәлік Жәкеңнің үйіне кештетіп жетеді.Келіп, сізге сәлем береді деген хабарды естіген Жамбыл атамыз үйге кірмей далада күтіп отырады.Ол кісіні есік алдында көрген батыр; Жәке неге далада отырсыз? Дала тым салқын ауырып қаласыз ғой,үйде отырып қарсы алсаңыз қайтеді, - дейді. Оған күлімсіреп қараған атамыз «Сөз бе екен сол? Бұрын батыр дегенді құлақ естіп,шіркін соларды көрмеген екенбіз деп өкінетін едік,сол батыр енді үйге келсе,оны үйде отырып қарсы алу кісілік бола ма?» Әттең шөгіп отырған күнім,әйтпесе шауып алдыңнан шығар ем, - деді.Үйге кір балам,шәй ішейік.Отыр батырым,әңгіме айта отыр.Майданда не жаңалық?
Бірақ біз жеңеміз,Жәке! Сізге сәлем беру үшін әдейі келдім.Ертең азанмен қайтадан майданға аттанам.
Онда жатып демал,батырым!
Сыртқа шығып кеткен Жамбыл ата біраздан соң үйге оралып,сыртта жатқан батырды көріп,-Оларың қалай?. – Жыланы бар жер бұл,қапыда жылан шақса қайтесіңдер,батырды? Көрпесі ашылып қап салқын тисе қайтесіңдер?Ай жарықта шыбын-шіркей болады,олар да маза бермей жатқан болар.Безгектің масасы бар деп жүр ғой осы жақта,маса шағып ауыртып алсаңдар қайтесіңдер?...Батырды үйге жатқызыңдар. Жүр балам,мен сені тамға алып барайын.-деген екен.
1-жүргізуші: Бата берген Сүйінбай,Жырдың тіккен туындай.
Айттың маған ақылды,Жырла деген батырды,
Есімде мәңгі сол қалған,Ақындардың ақыны. –демекші келесі кезекті ақынның өлеңдерін оқуға мектеп оқушыларын шақырамыз.
9-оқушы: Менің өмірім. Қақаған қар аралас соғып боран,
2-жүргізуші: Жамбыл атамыздың ағасы Тәйті мен Абай атамыздың әкесі Құнанбай Меккеге бірнеше рет бірге барған дос екен.Қазақтың ұлы ақындары бірін-бірі естісе,бармай,кездеспей қоймаған екен. Жәкең бір өлеңінде: Семейге де барғанмын,
Көп жақсы адамның,
Ортасында болғанмын.
Талай жақсы адаммен,
Бірге отырып сайрадым.-деген екен.
Бірде М.Әуезов «Жәке Абайды қандай ақын деп білесіз?» деген екен.Сонда Жәкең ойланыңқырап отырып: «Абай-қазақ ақындарының пайғамбары емес пе?!» - деп жауап беріпті.
13-оқушы: Абайдың суретіне Мынау тұрған Абайдың суреті ме?
Өлең сөздің ұқсаған құдіретіне.
Ақыл,қайрат,білімді тең ұстаған,
Өр Абайдың төтеген кім бетіне?....
14-оқушы: Мен бір биік бәйтерек Мен бір биік бәйтерек,
Көкке бойым бойлаған,
Қармақты терең тамырым,
Жайылып жерді шарлаған.....
1-жүргізуші: Жамбыл атамыз ақындықпен бірге айтысқа да түсіп жеңімпаз атанған кісі.мектеп оқушыларының орындауында Жамбыл атамыздың Құлманбет ақынмен айтысын тарту етеміз.
Құлманбет: Құлманбет менің атым құлан аян,
Менің құлан екенім тәңірге аян.
Албан,Дулат жиылып бата берсе,
Кеңес етіп жырлайын етіп баян.
Қара күңнің баласы Ысты бақыр,
Кім өлсе,соған түсер заман ақыр.
Жамбыл деген бар дейді бір немесі,
Ақын болса ол неме қайда жатыр?.....
Жамбыл: Құлманбет,сен жақсы да мен жаман ба,
Ақында сен жүйрік те мен шабан ба?
Қарасайлап,қосылсам бір бүйірден,
Ақырында кетерсің бас аманға!
Ұша алмас қара бүркіт қалықтамай,
Құлманбет сөз сөйлейсің анықтамай.
Айтатұғын кісінің өзіне айтқын,
Делбе кезек кісідей шалықтамай!.....
2-жүргізуші: Жазушы Ғали Ормановтың Жамбыл өмірінен жүргізген күнделігінен естелік.
«Мен халықтың сөзін айттым....»
( Күнделік беттерінен үзінді)
1-оқушы: Ертеңгі сағат 8 –де РахимовКүрішбай Алматыдағы екінші балалар үйінің 13 жасар бір баласын шақырып алып,Жамбылға: «Мынау жетім бала»,- деді.Жамбыл оған ақша беріп: «Жетімдіктің ісі қиын,бұл қиындықтан оқысаң құтыласың,оқы, балам!» - деп ақыл айтып,машинасына мінгізіп,Ұзынағашқа алып кетті.
2-оқушы: 30 мамыр,1939 жыл.Жамбыл машинасымен Алматыға барып,31- күні қайтып келді.Келген күні Шаштай ,Сағымбек,Сәрсенбек т.б ауылдың адамдары келіп,әңгіме сұрады.Шаштай: «Сәтіна қызбен күй тартысқаныңызды айтып беріңізші», - деді.Жамбыл Сәтіна қызбен айтысқанын,соңынан күй тартысқанын айтып берді. «Өтеді –ау дәурен» деген күй тартты.Бұл күйлерді қайта-қайта тартқызып,Шаштай үйреніп отырды.
3-оқушы: 20 маусым,1939 жыл.Қопабай және бір-екі туысы келді.Қопабайға айтты Жамбыл «Екеуміз ертеде Арысқа,Түркістанға барғанымыз есіңде ме? Майлықожа,Құлыншақ ақындардан «Шора батыр», «Қыз Жібек», «Мұңлық-Зарлық» қиссаларын тыңдап,қайтарда атымызды ұрлатып жаяу қалғанбыз,ел болып ат мінгізіп қайтарып еді.Ой,ол да қызық күндер екен ғой»,-деп жпс кезін еске алды.
4-оқушы: 14 ақпан,1940 жыл. Жамбыл бізге қарап былай деді: «Асып тұрған ақылым жоқ.Жер тесіп кеткендей шешендігім жоқ.Біліп тұрған білімім жоқ,оқымаған кісімін. Әйтсе де байқаймын,халық көп біледі. Менің білімім –сол халықтың білгендері.Мен халықтың сөзін айттым».
5-оқушы: 20 мамыр,1940 жыл.Жәкеңнің сүйікті адамдарының бірі Кенен Әзірбаев ауруханаға келді.Жәкең дереу басын көтеріп,амандасуға аузы келмей,еңкілдеп жылап жіберді.
Өліп тірілдім,шырағым.Сол науқастың қатаң күнінде де сен есімнен кетпедің.Көрмеймін ғой деп едім.Көрдім,шырағым.Бәріңе рақмет!
1-жүргізуші: 1941-1945 жылдар.Ел басына төнген ауыр күндер.Зұламат соғыс.Қазақ жерінен майданға аттанған азаматтар.Сол азаматтардың бірі болып Отан қорғауға Жамбыл атамыздың ұлы Алғадай да майданға аттанды.Атамыздың сүйікті ұлы Алғадайға арнаған өлеңдерінен үзінді.
«Аттандыру»
1-оқушы: Атаңнан бата ал, балам, Абыройға ие бол,
Арғымақ атқа мін,балам. Ағат баспа бір қадам.
Ақсақалым желбіреп, Атақ берген атаңа,
Артыңнан қарап мен қалам. Ел қадірін біл,балам!
Құлағыңда,құлыным, Ел ерлігі,бірлігі
Даусым жүрсін жырлаған. Сынға түскен бұ заман!
Алғадайым, арлы едің, Саған айтқан сөзімнен,
Ата сөзін сыйлаған Сабақ алсын тыңдаған
Перзентімнің алды едің, Айтылған сөз деп ұқсын,
Көңілімді қимаған. Аңғарлы жан «бұл маған»
Аттандырдым майданға, Хош,хош,балам! Хош айттым,
Аман-есен,жүр балам! Қолымды,міне,шошайттым!
2-оқушы: Балама хат.
Хатыңды балам, оқыдым,
Халіңді білдім сапардан.
Қуанып саған отырмын,
Гвардеец атанған.
Сұраншы,Саурық секілді,
Болыпсың,балам қаһарман.
Қайтармай жаудан бетіңді,
Қаптаған қолға қасарған.
3-оқушы: Алғадай туралы.
Түне күні кеткеннен,
Ғали,жаңа келдің бе?
Алғадайдың мүрдесін
Жол-жөнекей көрдің бе?
«Топырағың торқа боп,
Тыныш ұйықта дедің бе?»
Қалай қиып қалдырдың
Қарт әкеңді еліңде?....
2-жүргізуші: Атамыздың өлең-жырларымен бірге көптеген дастандары бар.Қоқан хандығының үстемдігіне қарсы көтерілісте ерен батырлығымен көзге түскен «Сұраншы батыр» жайлы дастанынан үзінді.
« Сұраншы батыр»
Ақ домбыра қолға алып,
Ай мен апта толғанып,
Жылғалар құйған теңіздей,
Жырдың селі тасқындап,
Ақ семсердей жалтылдап,
Шағылысқан күн шалып,
Құрағындай айдынның
Жел шайқаған ырғалып.....
«Патша әмірі тарылды»
1-жүргізуші: Жамбыл атамыздың 1941 жылғы ұрыс майданындағы табандылық пен қаһармандық,совет адамдарының Отанды жанқиярлықпен қорғағаны,шексіз ерліктері туралы тебірене жырлады.
Асқар таудай еліме,
Байтақ жатқан жеріме,
Шапты фашист дегенде-
Ашуменен аралас,
Жыр да келді көмейге!-деп, майдан шебінде,құрсауда қалған Ленинград қаласының тұрғындарына,жан беріп-жан алысқан жауынгерлерге күш-қуат, рух бере отырып, оларды жеңіске жігерлендірген «Ленинградтық өренім» атты жыры газетке жарияланған кезде неміс қоршауында қалған Ленинград қаласының тұрғындары төбеден жауған бомбаларға қарамастан,Жамбылдың өлеңі басылған газетті алуға көшеде кезекте тұрған екен.Бұл жыр жарияланған кезде немістің қоршауында қалған Ленинград қаласында азық өте аз болды....Үйлеріне кіретін су тоқтатылды,канализация істемеді,отын атымен болмады.Жау атқан снаряд пен бомбалардың салдарынан шынысы қирап,терезе біткен аңырайып ашық тұрды,электр жарығы да нашар жанды,тіпті қаладағы үйлердің көбісінде жарық болмады.Қалаға жаудың оғы үздіксіз жауып тұрды.Осындай халде Жамбылдың «Ленинградтық өренім» жыры қорғаушыларға рухани күш беріп,дұшпанға қарсы күресте қуатты құрал болды.
1-оқушы: Ұлы Ленин дананың, 2-оқушы: Осынша жасқа келгенде,
Атындағы қаланың, Осынша өмір сүргенде,
Бесігінде тел өскен, Осынау күнге жеткенде,
Балаларым,жараным, Жырдан нөсер төккенде,
Сәулетім,сәнім,айбарым!.... Осындай гүлді қаланы.....
3-оқушы: Елестейді көзіме 4-оқушы: Жауларға елдің мұрасын,
Атылған оқтың жалыны. Таптатпаймыз,бермейміз
Отанның байтақ жерінен Гүлденген бақша,ағашын
Майданның жеңіс дабылы.... Қаласына Лениннің,...
2-жүргізуші: Жамбыл атамыз халықтың төменгі тобынан шығып,өнер қуған ақынның мектебі-елінің өмірі мен шындығы болды. Ол еңбекші елдің кемтар тірлігін,ел басшыларының әділетсіздігін,таптық қайшылықты жырлаған.Сонымен қатар өмір есігін жаңа ашқан сәбилерге арнаған «Бесік жыры».
1-оқушы:Ұйықтасын деп бөбегін, 2-оқушы: Өмірің кең шалқыған
Домбыраның қос шегін Жолың ашық аңдаған,
Жамбыл бабаң қағады, Сен үшін бақша-бұлбұлы
Қаққан сайын өлеңі Сұлу әнін сайраған.
Бұлақтайын ағады... Сайдың сұлу гүлдері...
1-жүргізуші: Иә, Жамбыл атамыздың поэзиясы ғасырлар бойы жасайды,әрқашан да өлмейді,-дей келе « Соңғы сөз» өлеңімен ашық тәрбие –сағатымыз аяқталды.
Сөндің бе,жарқыраған шам-шырағым, Қалыппын ие болмай өзіме-өзім,
Қалдың ба тас бітеліп қос құлағым. Әлім жоқ,күш –қайратты, өтті кезім
Жатсам да төсек тартып дәрменім жоқ, Балалар,өлгенімше болысыңдар,
Сеп болып,сөйлетесің жалғыз жағым. Сендерге,сол-ақ айтар,соңғы сөзім.
Құрметті оқушылар,ұлағатты ұстаздар! Жамбыл Жабаевтың 170 жылдық мерей тойы барлығымызға құтты болсын! Жамбылдың жыр алыбы атануы халықтың жүрегінен орын алды,сөз өнерін өрге бастырды,қазақтың маңдай алды тұлғаларының бірі болды.Осы ашық тәрбие сағатын атамыздың « Өсиет» жырымен аяқтаймын.
Ой-хой,дүние –серуен!
Адам бір көшкен керуен.
Дүниені қызық қалдырып,
Асамыз өмір белінен.
Кірсе,лебіз.Шықса жоқ,
Қауіп етіңдер өлімнен.
Дос-жаранға,кемтарға,
Қайырлы бол делінген!
Қылған қайыр болмаса,
Не әкетесің өмірден?
Мінеки,балалар,жыр алыбы Жамбыл атамыздың өз еліне,жеріне деген еңбектері өте зор екендігін білдік.Атамыздың өлеңдерін жатқа білуге, мәнерлеп оқуға ұмтылайық.Ашық-тәрбие сағатына қатысқандарыңыз үшін көп-көп рақмет!