kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Сценарий на тему "Жамбыл ата"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тақырыбы:  «Жамбыл ата»

Мақсаты: Жыр алыбы  Жамбылдың ақындық талантын шәкірт жүрегіне  ұялату арқылы поэзияны сүю, оны бағалай  білуге  ұғындыру.

Оқушылардың сөйлеу  мәдениетін  дамыту,  сөз  өнерін  қадірлеп, қастерлей білуге  дағдыландыру, ақын өлеңдерін, поэзиясын сүйе  білуге  үйрету.

Ақын  шығармалары  арқылы  ұлтжандылық сезімін оятып,  адамгершілікке, елінінің  өнерін  сүюге  тәбиелеу.

Көрнекілігі: ақын портреті, ақын туралы буклет, кітап көрмесі,  Жамбыл әлемі  слайд.

«Майтөбе» әні орындалып, балалар залға кіреді.

Жүргізуші:

Жүзге  кеп бақыт тапқан  ақын  Жамбыл,

Дүниеге  түгел  кеткен  атың  Жамбыл.

Тілекке  көл  аңсаған  бүгін  жеттің,

Далада жасасаң  да  ғасыр  Жамбыл.

Халық  үшін  төрге  төсеп  төсек етер,

Ағарған  сақалы  мен  шашы  Жамбыл.

Көтерген көкке төбе тірелгенше,

Иеді көпшілікке  басын  Жамбыл.

Қайырлы күн, құрметті көрермендер!

Армысыздар, ардақты  ұстаздар, қонақтар мен балалар!

Заманына  «ХХ  ғасырдың  Гомері»,  жыр  дүлділі,  ғасыр  ақыны,  Жыр алыбы - Жамбыл  Жабаевтың  172  жылдығына  арналған  тәрбие  кешіне  қош  келдіңіздер!  Бүгінгі  біздің  тақырыптық  іс-шара   қара  өлеңнің  алыбы,  даланың  дархан  данасы  Жамбыл  ата өзіңнің  үміт  күткен  ұрпақтарың  сіз туралы  ой  толғап  сыр  шертеді.

      Қазақтың  қара өлеңін  кие тұтқан,  жүрегінің түбінен қайнап шыққан асыл жырларымен  қалың  жұртшылықтың махаббатына бөленген  Жамбыл Жабаев 172 жасқа толып отыр.

Жүргізуші:  «Балауса»  балабақшасының  меңгерушісі  Меруерт Сламқызына сөз беріледі.

Жүргізуші: Халық поэзиясының алыбы атанған Жамбылдың есімі дүние жүзі халықтарына кеңінен мәлім. Жамбыл медресе- мектептің есігін ашып, қолына  қалам  ұстап,  жазу- сызуды  білмесе  де, жастайынан домбыра тартып, жыр жаттады, қазақ халқының  сөз өнерін үйренді, кейін ақындығымен  елге  әйгілі жыршы атанды. Ол «Көрұғлы», «Мұңлық- Зарлық»,  «Шаһнама»,  «Қыз Жібек»  сияқты үлкен дастандарды бірнеше апта бойы жырлаған.

Жүргізуші:  Музыка жетекшісі Нұртай  Есболаттың орындауында «Жамбыл ауданы» әнін қабыл алыңыздар. 

Слайд. «Жамбыл әлемі»  Фотосуреттер.

Жамбыл екі заман тұсында өмір сүрді. Екі дәуірдің куәсі болған ақын өз көзімен көрген өмірдің  бар шындығын жырлады.

Жамбыл Жабаев қазіргі Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы, Жамбыл тауының етегінде 1846 жылы 28 ақпанда көшпелі кедей отбасында туған. Жастайынан өлеңді қолма- қол жанынан шығарып айтатын болған. Қаршадай  баланың  өнеріне  сүйсінген  атақты Сүйінбай  ақын  оған ақ батасын берген.

Жүргізуші: Қыздардың  орындауында  «Асатаяқ»  биі.

   Екі ғасырдың  куәсі, жыршы- жырау,  халық ақыны, ірі  айтыскер ақын, «Халық поэзиясының алыбы»,  «ХХғасырдың Гомері»,  «Жамбыл – менің жай атым, халық- менің шын атым» деген ұлы тұлға. 1938 жылы «Ленин» орденімен, 1939 жылы  «Құрмет белгісі» орденімен марапатталды. 1941 жылы  КСРО Мемлекеттік сыйлығы берілді. Алғашқы өлеңдері Бақтыбай,  Сары, Сарбас,  Досмағамбет,  Құлмамбет,  Шашубаймен айтысқан, әсіресе 1881 жылы Құлмамбетті жеңіп, Жетісудың атақты ақыны аталды. Жамбылдың бізге қалдырған өлеңдері, дастандары бар.

Жүргізуші:

«Халық – менің  шын  атым,

Жамбыл деген – жай атым,

Жамбыл мен Айкүмістің айтысы:

Жамбыл/Алихан:

Алыстан ат шаршатып келдім тойға,

Айкүміс әуелден ақ болдың ойда.

Әуірі басылмаған албырт едім,

Асығыс айтқаныма кінә қойма.

Айкүміс/Зерде:

Аптығып «Ә» дегеннен амандаспай,

Әдепті үйренбепсің Жамбыл жастай.

Асылға арсыдағы-ай қол жетпей ме?

Ақылмен қимылдасаң аспай-саспай.

Жамбыл/Алихан:

Айкүміс асықпауға шамам бар ма,

Жасшылық ұрып тынар талай жанға.

Өзің деп жатсам-тұрсам арманым көп,

Қор болып кетер ме деп жамандарға.

Айкүміс/Зерде:

Білер ме пенде шіркін өз кемісін,

Ел кезіп есер мінез сен де жүрсің.

Жаралған қыз жат жұртыққа,

Жарқыным өкінбеші Сен мен үшін.

Жүргізуші: Бисен  Әуелханның  орындауында  «Тойбастар»  күйі.

А.Назым: «Бұрымға»

Сен лашын болғанда, мен- сұңқар, 

Бір көріп дидарыңа болдым іңкәр.

Көркің бар көрген адам таң қалғандай,

Шыққандай жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар.

Інжу: «Отан»

Одағым десем ойымша,

Шалқыған шалқар көк түсер.

Көк жиегі бал-құрақ,

Көк орай шалғын жер түсер.

Іңкәр: «Жаныс ақынға»

Менің пірім  Сүйінбай,

Сөз сөйлемен Сыйынбай!

Сырлы, сұлу сөздері,

Маған тартқан сыйындай!

Балауса: «Камшат қызға»

Кермиық кәмшат қыздың  көрдің көркін,

Қондырған шекесіне құндыз бөркін.

Секілді алтайы түлкі сылақ қағып,

Шеніне келтірмейді-ау емін-еркін.

Аяла: «Өсиет»

Ой-хой дүние серуен,

Адам бір көшкен керуен.

Дүниені қызық калдырып,

Асамыз өмір белінен.

Айдана: «Жаратылыс сыры»

Асқар тау ғаріп емес пе,

Айдынды көлі болмаса.

Ер жігіт ғаріп емес пе,

Белгілі ел болмаса.

Ел де ғаріп емес пе,

Белгілі жерге қонбаса.

Зерде:  «Жаратылыс сыры»

Шебер ғаріп емес пе?

Ағашты дұрыс жонбаса.

Заманның сыры мес пе?

Заманға қайғы жемес пе?

Домбырасын қолға алып,

Жамбыл ата жырласа.

Айнат: «Алғыс»

Дос-жараным, өренім,

Сүйенішпен келіпті.

Бәрін билеп денемнің,

Бір қуаныш ерітті.

Бухари: «Сүйінбайға»

Сүйеке, сүйенішім, өренім,

Әйгілі ақылгөй желді сөзің.

Әкежан, сен де тіле, бата берсін

Балаңа өлең қонып, атақ берсін.

Е.Назым: «Абайға»

Сәлем айт, барсаң Абайға,

Кеңесі кеткен талайға.

Жапанға біткен бәйтерек,

Жалғызбын деп жүрмесін.

Әлихан: «Сыздық сұлтанға»

Сәлем бердім, алдияр,

Орын бердің қасыңнан.

Сен бір қалған көз едің,

Кенесары асылдан.

Бектемір: «Бата»

«Әумин»- деп қолыңды жай,

Қабат тусын күн менен ай,

Алғаның болсын сайма-сай,

Қапалық болмай  кезінде,

Ылғи  болсын  мамыражай. Әумин!                              

Жүргізуші:

Сиынып аруағына бабамыздың,

Киесін ұққандаймын даламыздың.

Жырлары-шежіресі еліміздің,

Сырлары-сағынышы санамыздың.

Жүргізуші:  Бейсенбай  Бухари мен  Дүйсенбек Зерденің  орындауында  ән шашуды  қабыл алыңыздар.

Жүргізуші:  Бисен Әуелханның орындауында  «Жамбыл  ата»  әні.

Осымен  Жыр алыбы- Жамбылдың  172  жылдығына  арналған  тақырыптық іс-шарамыз аяқталды. Ынта қойып, тыңдағандарыңызға  көп-көп  рахмет.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Сценарий на тему "Жамбыл ата"»

Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Сценарий на тему "Жамбыл ата"

Автор: Абишева Жанар Айтбаевна

Дата: 10.09.2018

Номер свидетельства: 477424

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(188) "16 желто?сан-Т?уелсіздік к?ніне  "Ар намысым,?асіретім,ма?танышым Желто?сан" та?ырыбында ашы? т?рбие са?аты "
    ["seo_title"] => string(120) "16-zhieltok-san-t-uielsizdik-kuninie-ar-namysym-k-asirietim-mak-tanyshym-zhieltok-san-tak-yrybynda-ashyk-t-rbiie-sag-aty"
    ["file_id"] => string(6) "142926"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1418392999"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(74) "?деби ертегілер. ?бділд? Т?жібаев. Тола?ай "
    ["seo_title"] => string(45) "diebi-iertieghilier-bdild-t-zhibaiev-tolag-ai"
    ["file_id"] => string(6) "128170"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1415451250"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(44) "?лы отан со?ысы ?аза?стан "
    ["seo_title"] => string(29) "u-ly-otan-sog-ysy-k-azak-stan"
    ["file_id"] => string(6) "183992"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1425984039"
  }
}

Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства