Парламентті? жалпы отырысына ?кімет басшысы К?рім М?сімов ?атысып отырды.Аталмыш бас?осуда ?Р Парламенті М?жілісіні? т?ра?асы Орал М?хамеджанов баяндама жасады.(“Дала мен ?ала”газетінен).
Мюлгаузен дивизия командиріне хабарлас?ысы келді.Б?рын?ы командирі ембі т?біндегі ?рыста ?аза тап?ан-ды.Оны? орнына келген кісімен к?ілі жараспай ж?р.Екеуі ?лі кездескен жо?.Ал, телефонмен с?йлескен сайын теке-тіреске кеп ?ала береді.(“?.Н?рпейісов”).
3)Көркем шығармадан 5 жай сөйлем жазып келу.Сөйлем мүшесіне талдау.
ІІІ. Өткен сабақты пысықтау Сәйкестендіру әдісі (1-2 ,2-6, ...)
1.Бастауышы бар сөйлем
1.Жайылма сөйлем
2.Бастауышы мүлдем жоқ сөйлем
2.Жақты сөйлем
3.Тек тұрлаулы мүшелерден
тұратын сөйлем
3.Атаулы сөйлем
4.Тұрлаусыз мүше
қатысқан сөйлем
4.Толымды сөйлем
5.Ойға қажетті мүшелердің
бәрі қатысқан сөйлем
5.Жалаң сөйлем
6.Айтылуға тиісті мүшелердің
бірі түсіп қалған сөйлем
6.Жақсыз сөйлем
7.Іс-оқиғаның,құбылыстың
атауын ғана көрсететін сөйлем
7.Толымсыз сөйлем
IV. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
1. Жақты сөйлем – бастауышы бар немесе оны баяндауышы арқылы табуға болатын сөйлем.
Бастауышы бар сөйлемдер:
Арада сүт пісірімдей уақыт өтеді.
Абай мұны місе қылған жоқ.
Саясыз жайлаудың жан-жануарлары көлге тығылып қана сая табады.
Бастауышы жасырын тұрған сөйлемдер:
Ақылдасып барармыз. (Біз барармыз)
Ұйықтап жатқанда да қолыңды шекеңе қойып ұйықтаймысың? (Сен ұйықтап жатқанда да қолыңды шекеңе қойып ұйықтаймысың?)
Оқудан келе жатыр. (Ол оқудан келе жатыр.)
2.Жақсыз сөйлем – бастауышы мүлдем жоқ ,баяндауыштың бір өзі сөйлем жасауға ұйытқы болатын сөйлем.
1.Менің қайта тыңдағым келмеді.(баяндауышы -қы,-кі,-ғы,-гі қалау рай жұрнақтарынан)
2.Сол оқиғадан соң көңілі суып кетті.(тұрақты сөз тіркесі қатысқан сөйлем)
3.Одан көп нәрселерді үйренуге болады.(баяндауышы тұйық етістігі мен барыс септігінде тұрып бол,кел,жара сөздерімен тіркескесіп келгенде)
4.Мерзімінен бұрын келуі мүмкін.( тұйық етістікке керек,жөн,мүмкін бейтарап сөздері тіркесіп келгенде)
5.Нені айтып отырғанын түсініп болмайды.(-ып,-іп көсемше жұрнақ пен болымсыз етістіктің жұрнағы арқылы келгенде)
Тапсырма.Сөйлемдерді оқып шығып,сөйлем мүшесіне талдап, жақты және жақсыз сөйлемдерді ажыратыңдар.
Уайымшыл болғанша,өжет неге болмадым.(Ғ.М.)Қоянды рұқсат қағаз алмай аулауға болмайды.(С.М.) Бекбол әлі де аспанға көз жіберіп тұр екен.(М.Ә.) Бастауға бола ма? (Л.Л.) Торжан жиналысқа кірген жоқ.(Т.Әл.) Дереу қайтару керек.(Ғ.М.)
72-жаттығу.Берілген сөздерді бастауыш етіп,баяндауышын әртүрлі сөз табынан жасап, жақты сөйлем құрастырыңыздар.
1-топ. Өзім,олар,бұл,сіз,
2-топ. Жер,ел,оралмандар,үшеуміз.
Сергіту сәті.
«Ым мен ишара» ойыны Шарты: Оқушыларды екі топқа бөліп,берілген сөйлемдерді екі топ бір-біріне ыммен түсіндіреді.
Жайна мен Ұлпан кітап оқыды.
Мен дәптерге жаздым.Олар сыртқы шықты.Біз қуандық.Табиғат өте тамаша!8а-сыныбында 18 оқушы бар.Біз ұйымшыл сыныппыз.
Қоңырау соғылды.
101-жатьтығу. Жақты сөйлемдерді жақсызға,жақсыз сөйлемдерді жақтыға сөйлемге айналдырыңдар.
Парламенттің жалпы отырысына үкімет басшысы Кәрім Мәсімов қатысып отырды.Аталмыш басқосуда ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Орал Мұхамеджанов баяндама жасады.(“Дала мен қала”газетінен).
Мюлгаузен дивизия командиріне хабарласқысы келді.Бұрынғы командирі ембі түбіндегі ұрыста қаза тапқан-ды.Оның орнына келген кісімен көңілі жараспай жүр.Екеуі әлі кездескен жоқ...Ал, телефонмен сөйлескен сайын теке-тіреске кеп қала береді.(“Ә.Нұрпейісов”).
105- жаттығу. Қарамен жазылған сөйлемдерді сөйлем мүшелеріне талдаңдар.
Мысалы:Түсініп болмайды.
Қалайша мұны ұқпасқа?
Қатты шулауға болмайды.
Үміттен ғана сұрауға болмайды.
Бізге көбірек оқу керек.
Ұстаздың айтқанын ойға тоқу керек.
Үмітке кінә қойып болмайды.
Бізге мұны ұстаздан сұрауға тура келер?!
Сабақты қорытындылау.
Тест “иә”,”жоқ”
Жай сөйлем құрылысына қарай 7-ге бөлінеді?
Бастауышы бар сөйлем жақсыз сөйлемге жата ма?
Болат қаладан келді. Жақты сөйлем бе?
Бастауышы мүлдем жоқ сөйлем - жақты сөйлем. Дұрыс па?
Біздің кеткеніміз жөн.Жақты сөйлем?
Үйге тапсырма:
1) Жақты және жақсыз сөйлем.
2) 76-жаттығу.Берілген күрделі сөздерді баяндауыш етіп,жақсыз сөйлемдер жасап,сөйлем мүшесіне талдау.