kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Ыбырай Алтынсарин - балалар әдебиетінің атасы"

Нажмите, чтобы узнать подробности

открытый урок по казахской литературе в 9 классе.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Ыбырай Алтынсарин - балалар әдебиетінің атасы"»

Күні: 07.02.2017

Сыныбы: 9 «а»

Сабақтың тақырыбы: «Ыбырай Алтынсарин – балалар әдебиетінің атасы» 
Мақсаты: 
Білімділік: Оқушылардың Ыбырай өмірі мен шығармашылығын қалай меңгергендігін пысықтау; әңгімелерінің тақырыбын ашу. 
Дамтушылық: Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту, ойын ашық айта білуге және өз пікірін қорғай білуге баулу. 
Тәрбиелік: Оқушыларды адалдыққа, еңбексүйгіштікке, жақсы жолдас бола білуге тәрбиелеу. 
Түрі: Жаңа сабақ 
Әдіс-тәсілдер: «Сын тұрғысынан ойлау» технологиясы 
Көрнекілігі: интерактивті тақта, окулық, хрестоматия 
Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ тілі. 
Күтілетін нәтиже: «Қазақ хрестоматиясына» енген әңгімелермен таныс бола отырып, өзіндік ой қорытып, ненің жақсы,ненің жаман екенін айыра алады. Тіршіліктің тұтқасы еңбек,білім,өнер екенін түсінеді. 
Сабақтың барысы: 

І. Ұйымдастыру бөлімі

А) Амандасу, түгендеу

Ә) Топтарға бөлу

Өлең жолдарын құрастыру арқылы 2 топқа топтасады

І топ: «Кел, балалар, оқылық!»өлеңі

Бір Аллаға сиынып,
Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге,
Ықыласпен тоқылық.
Оқысаңыз, балалар,
Шамнан шырақ жағылар,
Тілегенің алдыңнан
Іздемей-ақ табылар.


ІІ топ: «Өнер, білім бар жұрттар»

Өнер - білім бар жұрттар
Тастан сарай салғызды;
Айшылық алыс жерлерден,
Көзіңді ашып - жұмғанша,
Жылдам хабар алғызды.
Аты жоқ құр арбаны
Мың шақырым жерлерге,
Күн жарымда барғызды.

ІІ. Үй жұмысын тексеру 

1-тапсырма
«Жылдар сөйлейді», «Деректер сөйлейді» тапсырмасы.

(Рет-ретімен тұрған сандар арқылы Ыбырайдың өмірбаяны мен шығармашылығын айтып беріңдер) 
1841 – Ыбырайдың туған жылы. Қостанай обл. Затобол ауданында туды. 
1850 – Орынборда ашылған қазақ-орыс мектебіне түседі. 
1857- Мектепті үздік бітіріп шыққан жылы 
1859- Орынбордағы шекаралық комиссияға тілмаш болып орналасқан жылы. 
1860 – Орал сыртындағы қазақтарға арналып 4 сыныптық бастауыш мектеп ашу туралы шыққанда (Тройцк, Торғай, Ырғыз, Қазалы) өзі сұранып, Торғай мектебіне мұғалім болады. Торғай қаласында бірден мектеп ашу мүмкін болмай, іс көпке созылады, жиналған балаларды өз үйінде 
оқытқан жылы. 
1864 – Мектептің қаңтар айында ашылған жылы 
14 – Сол мектепке қабылданған бала саны. 
1876 – Петербург, Қазан қалаларына барған жылы 
1876 – Н.Н.Ильминскийге жазған хатында «Татар тілінде жазылған 
кітаптардан құтылу үшін, қазақ тілінде оқуға арналған бастауыш 
кітабымды кеше ғана бастадым,» – деп жазған жылы 
1876 – «Қазақ хрестоматиясын» жазуға кіріскен жылы 
1879 – Орынборда хрестоматияның басылған жылы 
1889 – қайтыс болған жылы. 

«Жылдар сөйлейді»

1841 –

1850 –
1857-
1860 –
1876 –

«Деректер сөйлейді»

- Орынбордағы шекаралық комиссияға тілмаш болып орналасқан жылы. 
– Мектептің қаңтар айында ашылған жылы 
– Петербург, Қазан қалаларына барған жылы 
– «Қазақ хрестоматиясын» жазуға кіріскен жылы 
– Орынборда хрестоматияның басылған жылы 
– қайтыс болған жылы. 


өлеңдері


аудармалары



Қазақ хрестоматиясы


Халық ауыз әдебиетінің үлгілері

Мақал-мәтелдер

әңгімелері












2-тапсырма

«Топтастыру» стратегиясы


І топ: Өлеңдері


ІІ топ: Әңгімелері


ІІІ. Жаңа сабақ

Кіріспе бөлім.

- Оқушылар, өлең не туралы және кімге арнап шығарған? 
- Оқу, білім туралы 
- Балаларға арнап шығарған 
- Ыбырайдың балаларға арналған тағы қандай шығармаларын білесіңдер? Және осы шығармалары қандай жинаққа енген? 

- «Қыпшақ Сейітқұл», «Бақша ағаштары», «Бұл кім?», «Өсиет өлеңдер» т.б...... «Қазақ хрестоматиясына» енген. 
- Дұрыс айтасыңдар, сол себепті де Ыбырайды «Қазақ балалар әдебиетінің атасы» деп атайды екен. Ендеше, бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы – Ыбырай - қазақ балалар әдебиетінің атасы. 
Оқушылар төменгі сыныпта алған білімдеріне сүйене отырып, сұраққа жауап береді 

Негізгі бөлім.

Ы. Алтынсарин – балалар әдебиетінің атасы. Бүкіл өмірін қазақ балаларын оқытуға арнаған. Сол мақсатпен алғаш рет балаларға арнап мектеп ашып, оқулық жазған. Ағартушы оқулықты жазудағы мақсатын хрестоматияның алғы сөзінде: «Бұл кітапты құрастырғанда мен, біріншіден, осы біздің ана тілімізде тұңғыш рет шыққалы отырған жалғыз кітаптың орыс-қазақ мектептерінде тәрбиеленіп жүрген қазақ балаларына оқу кітабы бола алу жағын, сонымен қабат, жалпы халықтың оқуына жарайтын кітап бола алу жағын көздедім…» деп тұжырымдаған. Өйткені хрестоматияға Ыбырай өзінің педагогтық мақсатына лайықтай жазған тәрбиелік мәні жоғары көптеген шағын әңгімелерін, өлеңдері мен ауыз әдебиеті үлгілерін, сондай – ақ, орыс педагогтері мен айтулы орыс қаламгерлерінен аударған шығармаларды енгізген болатын. 

ІV. Бекіту

1-тапсырма

Өлеңдерін құрылысына талдау


І топ: Ананың сүюі

Кім сендерді, балалар, сүйе-тұғын, 
Куанышыңа қуанып, қайғыңа күйе-тұғын? 
Түн ұйқысын төрт бөліп, кірпік қақпай,
Шешең байғұс дамылсыз жүре-тұғын.

Кім сендерді, балалар, тербететін, 
Еркелетіп, ойнатып, сергітетін? 
Жалқау болсаң, балалар, жаман болсаң, 
Камқор анаң көз жасын көлдететін.

Кім сендерді сағынар шетке кетсең, 
Ғылым іздеп, тез қайтпай, көпке кетсең? 
Ұмытпа, ең кемінде жұлдыз сайын, 
Хат жазып тұр, төбесі көкке жетсін.

Кім сағынар сендерді келгеніңше, 
Кұлындарын көзімен көргенінше? 
Сендер қайтып келгенде адам болып, 
Еш арманым болмас дер өле-өлгенше.



ІІ топ: Жаз

Сөуірде көтерілер рахмет туы,
Көрінер көк жүзінде қаз бен қуы.
Көктен жаңбыр, таулардан сулар жүріп,
Жайылар жер жүзіне қардың суы...
Үшпақтың бір сәулесі жерге түсіп,
Өсірер жерден шөпті нүрдың буы.
Жақындар Қүдайымның көктен күні,
Тең болар жарлықпенен күн мен түні.
Аспаннан рақымменен күн тонгенде,
Қуанып қыбырлайды ыныс-жыны.
Үйқыдан козін ашқан жас балаша,
Жайқалып шыға келер жердің гүлі.
Шапақтан бүлты шығар мүнарланып,
Жаңбырлы күндер түсер түманданып.
Адамзат нәр ауасын судай жүтар,
Шол тартқан айуандарша қүмарланып.
Жетпеген үлкендікке жас балалар
Жүгірер ойдан-қырға жүмарланып...
Сөуірде алуан-алуан жауар носер,
Носердің қуатымен жер шобі осер.
Кокорай дүние жүзі шалғын болып...
Жан, айуан, адамизат бауырын тосер.
Жан-жәндік рахат тауып түру үшін
Үшпақтан хош иісті желдер есер.
Сәуірдің әрбір күні дертке дәрмен,
Қүдайым дәрмен бол деп етер пәрмен.
Бір малы шаруаның екеу болып,
Қыстаудан ел шығады алуан-алуан.
Күлісіп, қүшақтасып әзіл етер,
Әйелдер кош жонелтіп кейін қалған...
Жүгірер киік, қүлан тау мен қырда,
Қуанып ықыласпен келген жылға.
Алыстан мүнарланған сағымдары
Шақырып түрар күліп кел деп мүнда.


2-тапсырма

«Рөлдік ойын» әдісі

І топқа: «Әке мен бала» әңгімесін сахналау 
Жоғары – төмен дәрежелі сұрақтар: 
1. Әңгіме кімдердің арасында өрбіген? 
2. «Аз жұмысты қиынсынсаң, көп жұмысқа тап боласың; азға қанағат ете білмесең, көптен де құры боласың»,-деген жолдардың мәнін қалай түсінесің? 

«Әке мен бала»

Бір адам он жасар баласын ертіп, егіннен жаяу келе жатса, жолда қалған аттың бір ескі тағасын көріп, баласына айтты:

—Анау тағаны, балам, ала жүр, — деп.

Бала әкесіне:

— Сынып қалған ескі тағаны алып неғылайын, — деді.

Әкесі үндемеді, тағаны өзі иіліп алды да, жүре берді.

Қаланың шетінде темірші ұсталар бар екен, соған жеткен соң, әкесі қайырылып, манағы тағаны соларға үш тиынға сатты. Одан біраз жер өткен соң, шие сатып отырғандардан ол үш тиынға бірталай шие сатып алды. Сонымен, шиені орамалына түйіп, шетінен өзі бірем - бірем алып жеп, баласына қарамай, аяңдап жүре берді. Біраз жер өткен соң, әкесінің қолынан бір шие жерге түседі. Артында келе жатқан бала да тым - ақ қызығып келеді екен, жерге түскен шиені жалма-жан жерден алып, аузына салды. Бітегенеден соң және бір шие, онан біраз өткен соң және бір шие, сонымен әр жерде бір әкесінің қолынан түскен шиені он шақты рет иіліп, жерден алып жеді. Ең соңында әкесі тоқтап тұрып айтты:

— Көрдің бе, мана тағаны жамансынып жерден бір ғана иіліп көтеріп алуға еріндің, енді сол тағаға алған шиенің жерге түскенін аламын деп бір еңкеюдің орнына он еңкейдің. Мұнан былай есінде болсын: аз жұмысты қиынсынсаң — көп жұмысқа тап боласың, азға қанағат ете білмесең — көптен де құр боласың, — деді.


ІІ топқа: 
«Таза бұлақ» әңгімесін сахналау


Жоғары – төмен дәрежелі сұрақтар: 
1. Неліктен әңгіме таза бұлақ деп аталған? 
2. «Болсаң осы бұлақтай бол» жазуының мәні неде? 

«Таза бұлақ»

Үш жолаушы бір бұлақтың басында бір-біріне кез болыпты. Бұлақ бір тастақ жерден шыққан, айналасы қалың біткен ағаш жапырақтары бұлақтың үстіне төгіліп, суы мұздай, салқын, шыныдай жылтылдап тұрған сонша әдемі, таза бұлақ екен. Су шыққан жеріне бір қазандай тасты біреу ойып қорғаныш кылып, тастың суағар жеріне жазу жазыпты:
— Әй, жолаушы, болсаң осы бұлақтай бол, — деп. Манағы үш жолаушы бұлақтан ішіп қанған соң жазуды оқып, біреуі саудагер екен, ол айтты:
— Бұл жазылған ақыл сөз екен, бұлақ күн-түн тынбай ағып, алыс жерлерге барады, бара-бара кеңейіп, үлкейеді, бұған бөтен бұлақтар құйып, сөйте бара үлкен өзен болып кетеді. Мұнан мұрат сол: сен де, адам, тынбай қызмет қыл, ешуақытта жалқауланып тоқтап қалма, сөйтсең, ақырында, сен де зорайып мұратыңа жетесің дегені ме деп білемін, — деді.
Екінші жолаушы мүсәпір молда екен, басын шайқап:
— Жоқ мен олай ойламаймын, бұл жазудың мағнасы сіздің ойлағаннан гөрі жоғарырақ соқса керек, бұл бұлақ: кім-кімге болса да даяр, ыстықтағанды салқындатып, жанын рақаттандырады, сусағанның сусынын қандырады, оның үшін ешкімнен ақы дәметпейді; бұлай болса адамға да әбірет сол: біреуге жақсылық етсең, ол жақсылығыңды ешкімге міндет етпе дегені болса керек, — деді.
Үшінші жолаушы көркем келген бір әдемі жігіт екен, бұл үндемей тұрды. Жолдастары: «Сен не ойлайсын?» — деп сұрады.
Жігіт айтты:
— Менің ойыма бөтен бір нәрсе келеді: бұл бұлақтың суы бір орында тынып тұрып, шөп-шалам түсіп, лай-қоқым болса, бұған адам мен айуан мұнша ынтық болмас еді; бұлақ күні-түні тынбай ағып тазаланып тұрғаны үшін ынтық болады. Олай болса, жазудың мағнасы: көңіліңді, бойыңды осы бұлақтай таза сақта, нешік бұлаққа қарасақ күн түссе күннің, шөп түссе шөптің сәулесін көреміз, көңілің сол реуішті сыртқа ашық көрініп тұрсын дегені ме деймін, — деді.





3-тапсырма

І топ: Зияткерлік тест

  

Шашылған сөздерден сөйлем құра.Қай шығармадан алынған?

А) ауырды,жәшігім,салдым, мен, ішіне, жеңілдететін,бір, шөп. 

     (Мен жәшігім ішіне ауырды жеңілдететін бір шөп салдым.)

Ә) барында, жоқ, бағу-қағуда, шек, көп, шырағым, мағына.

     (Бағу-қағуда көп мағына барында шек жоқ, шырағым.)

Б) тап,көп, жұмысты, аз, қиынсынсаң, боласың, жұмысқа.

     (Аз жұмысты қиынсынсаң, көп жұмысқа тап боласың.)



ІІ топ: Сәйкестендіру тесті

 

Шығарма аты мен шығармадан алынған үзіндіні сәйкестендір.

 

Сәтемір хан

Мына сүрлеу, бүгін жүрген көштің сүрлеуі екен-малдың жас тезегі бар.

Бір уыс мақта

Мынау ағаш неліктен тіп-тік, ана біреуі неге қисық біткен?

Шеше мен бала

Бір аяғы ақсақ құмырсқа тамның төбесіне қарай өрмелеп барады,орта шеніне барғанда құлап түседі,үшінші рет бар күшін салып қисая-мисая барып тамның төбесіне шығады.

Бай баласы мен жарлы баласы

Әже, осы қиқымның ешнәрсеге керегі бола қалмас;

Бақша ағаштары

Мен балаға ақша беріп сатып алып, құсты ұшырып қоя бердім.Менің бұл ісім сауап емес пе?


V.Қорытындылау


Эссе «Ыбырай Алтынсарин шығармалары – балалар әдебиетінің бастау көзі»


VІ. Үйге тапсырма

Бір мақалды негізге ала отырып әңгіме құрастыру


VІІ. Бағалау


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 9 класс

Скачать
"Ыбырай Алтынсарин - балалар әдебиетінің атасы"

Автор: Жубандыкова Жанар Мухамбетовна

Дата: 21.10.2017

Номер свидетельства: 433613

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(92) "Ыбырай  Алтынсарин  ?аза? ?дебиеті тарихында?ы орны "
    ["seo_title"] => string(53) "ybyrai-altynsarin-k-azak-diebiieti-tarikhyndag-y-orny"
    ["file_id"] => string(6) "154697"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1421179460"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(93) "Ыбырай Алтынсарин-балалар жазба әдебиетінің атасы"
    ["seo_title"] => string(51) "ybyrai_altynsarin_balalar_zhazba_diebiietinin_atasy"
    ["file_id"] => string(6) "359516"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1479312493"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(76) "Ы. Алтынсарин – балалар ?дебиетіні? атасы "
    ["seo_title"] => string(39) "y-altynsarin-balalar-diebiietinin-atasy"
    ["file_id"] => string(6) "170011"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1423493231"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(75) "Ыбырай Алтынсарин. "?ке мен бала" ??гімесі. "
    ["seo_title"] => string(42) "ybyrai-altynsarin-kie-mien-bala-n-ghimiesi"
    ["file_id"] => string(6) "164555"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1422645689"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(162) "Ыбырай Алтынсариннің өмірбаяны мен «Бай баласы мен жарлы баласы» әңгімесімен таныстыру"
    ["seo_title"] => string(80) "ybyrai_altynsarinnin_omirbaiany_mien_bai_balasy_mien_zharly_balasy_n_ghimiesimie"
    ["file_id"] => string(6) "446598"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1514223975"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства