kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Туган тілім, бабам тілім, өз тілім!

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Туған тілім - бабам тілі - өз тілім»

Мақсаты: Оқушыларды туған тілімізді құрметтей білуге баулу.
Міндеттері:
Баланың сөйлеу тілін дамыту арқылы сөздік қорларын молайту;
ой – өрісін кеңейту;
Жас ұрпақтың патриоттық сезімін оята отырып елін, жерін сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу.
Түрі: Әңгіме, сұрақ - жауап.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, ұлағатты сөздер.
 

1-жүргізуші:
Қайырлы күн! Ана тілін ардақ тұтар тіл жанашырлары!
2 - жүргізуші:
Армысыздар, өрлі де, асқақ рухты тәуелсіз елдің жас ұландары!
Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер күніне арналған салтанатты жиынды ашық деп жариялаймыз!

1-жүргізуші: Мектеп оқушылары Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұранына сап түзе!

2-жүргізуші: Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұраны орындалсын!

(Әнұран)
1-жүргізуші:
Қайта туды қазағымның ай – күні,
Күннен – күнге асар ма екен айбыны?
Жетпіс жылда өтті талай кешуден,                                      
Қатар көріп шаттық, табыс, қайғыны.
2 – жүргізуші:
Қазақпын мен, қазақтың бөлшегімін,
Қажеті не басқаның өлшемінің.
Қазақ деген жалғыз ұлт мен боламын,
Енді міне жетеді көпке үнім.

1-жүргізуші: Олай болса, бүгінгі ұрпақ – ертеңгі күннің иелері тіл туралы ой толғайды.
5а-сынып оқушылары өздерінің өлеңдерін оқиды.
 

Алтынай: Тіл – қасиетті, құдіретті, киелі. Бұл қасиеттер бойға ананың ақ сүтімен дариды. Тіл өшпейді, қандай қиындықта тіл өз ұрпағының қанына, жанына өз ұрығын егіп, өміршең күй кеше береді.
 

Нұрдаулет: Қазақ тіліміз – ана тіліміз. Ана тіліміз мемлекеттік тіл болып үлкен мәртебеге ие болды. Ол біздің қазақ халқы үшін зор қуаныш.

Ернар:
Туған тілім - тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сыр ойдағы
Өссе тілім мен де бірге өсемін
Өшсе тілім мен де бірге өшемін.

Аяулым:
Туған тілім - бабам тілі - өз тілім
Туған тілім –анам тілі - өз тілім.
Туған тілім - далам тілі - өз тілім
Туған тілім - адам тілі - өз тілім.
 

Ринат:
Туған тілде сыры терең жаным бар,
Туған тілде әнім менен сәнім бар.
Туған тілім тіл болудан қалса егер
Жүрегімді суырып-ақ алыңдар.
 

Нұрайым:

Қымбат маған ана тілім, бал тілім,

Қымбат маған дала тілім, ар тілім.

Ақ сүтімен бірге сіңген бойыма,

Ана тілім – ардақ тұтар алтыным.

Бинұр:
Тілім менің!
Ұлы Абай, Мұхтардай пірім менің.
Тұнығым, рухани жан азығым,
Ол бүлінсе, менің де бүлінгенім.
 

Азиза:
Ана тілім туған тілім, бал тілім,
Сен арқылы дүние танып талпындым.
Сен арқылы әлемге аян бар ісім,
Сен өмірде таусылмайтын алтыным.
 

Өркен:

Сүйемін туған тілді – анам тілін,

Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.

Шыр етіп жерге түскен сәттерімнен

Құлағыма сіңірген таныс үнім.

Мерей:

Ана тілі – асыл күні бабамның,

Қуатымсың ақ сүтіндей анамның.

Сәби шақтан бесігіме жыр тыңдап,

Туған тілді жаттап өскен баламын.

Нұрсұлу:

Ерлік, елдік, бірлік, қайрат, бақ - ардың,
Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың.
Алтын күннен бағасыз бір белгі боп,
Нұрлы жұлдыз, бабам тілі, сен қалдың.
 

Азамат: 

Қасиетің, ана тілі, аз сенің

Өзің барда ескірмес, тозбас елім.

Сен болмасаң ұлы ақын Абай болып,

Мұқағали атты өлең жазбас еді.

Өркен:

Оң жол ізде өмірде көп ойланып,

Алдыңнан атар таңың арайлап.

Азаматы бар ел деп – бұл қазақтың,

Талай жұрт құрметтесін қарай қалып.

Мәди:

Көп тіл білсең көкжиегің кең болар,

Құрметтейді кісі екен деп төрге озар.

Қай елде жүрсең де бұл дұрысы,

Мемлекеттік тілді үйренген жөн болар


Хормен: Кіршіксіз қардай сақтаңдар,
Қазақ тілін ғаламат.
Ана тіл - арым, иманым,
Аманат, саған, аманат.

1-жүргізуші: Ана тілі - әр адамның өз ұлтының жан дүниесі мен мәдениетінен ғасырлар бойы жиған рухани азығынан нәр алатын кіндік тамыры.
2 – жүргізуші:
Біздің ана тіліміз – қазақ тілі. Ол тек отбасы, ошақ қасының ғана тілі емес, мемлекеттік тіл!
1-жүргізуші: 22 – қыркүйек – Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер мерекесі. Бұл – барша елге ортақ, жалпы халықтық мереке, барлық ұлт өкілдеріне көрсетілген құрмет.
2-жүргізуші: Адам баласы ес білген кезінен бастап айналадағы жаңа ұғымдарды ана тілі арқылы қабылдап, олардың мәнін түсіне бастады.
 

Малика : 

Ана тілі – біздің туған анамыз.

Анамыздай – сыйлап бағып – қағамыз.

Ана тілін бағаласаң қалай біз.

Өзіміздің сондай болмақ бағамыз.

Ана тілін кім аялай білмесе.

Анасынан безген ұл – деп біліңіз.

Аяжан:

Тілім - арым, ол менің мақтанышым,
Ризамын жүрекке от жаққаны үшін.
Тіл – адамның қаруы, қазынасы.
Туғанбыз соны баста сақтау үшін.
Тілің барда сен барсың, жоғалмайсың,
Өз тіліңсіз бәрібір оңалмайсың.
Көп тілді біл, сүй бірақ өз тіліңді,
Өз тіліңсіз бақытты бола алмайсың.



Камила:
Сан ғасырдан сақталған асыл мұрам,
Сені қалай басқаға басындырам?!
«Тәуелсіз ел болғанда, бағың жанар»,-
Деп ойлап ем бәрінен басым тұрам.
Ана тілім – ардағым, жырымбысың,
Аспандағы ай менен күнімбісің?!
Бар сынаққа төзер ем өмірдегі,
Анам және аяулы тілім үшін.

Дарын:

Табысқан соң дүние фәнименен,
Тал бесікте жатқанда сәби денем
Ана тілі бойыма сіңдің шым-шым
Даусыменен анамның әлдилеген.

Сезім:

 «Апа» - деппін анама бір күн күліп,
«Әке» - деппін әкемді сілкіндіріп.
Өз тілімде осылай алғаш рет,
Былдыр қаға бастаппын тіл сындырып.

Аяулым
Әр сөзінен қазынаны табатын,
Менің тілім - бұлақ сынды таза - тын
Ұлылар мен шешендерім сөзінен,
Асырып кім сөз қалдырды жазатын?!
Ұлылықты ұлы тілім танытты,
Ұлы тілім ұлықтайды халықты.
Халық егер өз тілінен адасса,
Өсер елдің тірлігі емес парықты.

Аружан:

Ана тілім бойдағы зор намысым,
Тор құрсаулар жолыңда болғаны шын
Бұзып бәрін бүгінге аман жеткен
Жырым-жырым жаралы жолбарысым.

 

Бауыржан:

 Қалды артта қиямет азапты күн,
Қазақстан – Отаным азат бүгін
Қасиетті тілімнен мың айналам
Сақтап келген қазақтың қазақтығын.
 

Асылбек:

Жаяйыншы, Жаратқан, сырымды алға,
Бәрін алсаң өзің біл, тілімді алма.
Тілім барда елім бар еркелеткен
Мен де бармын санатта тілім барда.
 

            Қадыр:

Сенің әрбір тынысыңмен күн кешем,

Сен арқылы тіршілікпен тілдесем.

Ел бетіне қалай түзу қараймын,

Ана тілім,

Егер сені білмесем.

Ана тілім –

Дана тілім, бақ тілім,

Сенсіз бақыт дүниеден тапты кім?

Сенсің менің қасіретім, шаттығым,

Сенсің менің тазалығым, пәктігім.

  •  

Қазақстан – Отаным,

Қазақ тілі қазынам.

Қазақ жері – береке.

Ырыс бірлік – кені екен.

Бұзылмасын тыныштық,

Бейбіт өмір береке.

  •  

Сүйем сені, туған ел, атамекен,

Абзал анам сенсің ғой құшағы кең.

Жер мен көктің жаннаты бір өзіңсің,

Сенен артық не табам, қайда кетем?!

  •  

Ең бірінші бақытым – халқым менің,

Соған берем ойымның алтын кенін.

Ол бар болса, мен бармын қор болмаймын!

Қымбатырақ алтыннан нарқым менің!

Ал екінші бақытым – тілім менің,

Тас жүректі тіліммен тілімдедім.

Кей-кейде дүниеден түңілсем де,

Қасиетті тіліммен тілімдедім!

Бауыржан:Біз – ежелден ер деген даңқы шыққан халықпыз!
Азат:Біз - ел бірлігі жолында әрқашан намысын бермеген халықтың ұланымыз!
Дарын:Біз – алтын күн бедерленген көк байрақты әлем биіктерінде желбіреткен бейбітшіл елдің азаматымыз!
Асылбек:Біз – кең байтақ жерінде бірлігі жарасқан алуан ұлт ұлыстан тұратын бір тұтас халықпыз!
Еркебұлан:Біз – атадан мұраға қалған қасиетті тілімізді қадірлей білетін ұрпақпыз!
1-жүргізуші:Ал оқушылар ендігі кезекті сұрақ - жауап айдарына берейік. Мен сіздерге білімдеріңізді тексеру үшін сұрақтар қоямын. Сіздер сол сұрақтарға жауап беруге дайын отырыңыздар.

Барлық оқушы төмендегі өлеңді хормен айтады:

Қуан анам!

Ұзағынан сүйініп.

Сәтің де көп

Кейде кеткен түңіліп.

Ақ сүтіңнен бойға біткен тілімді

Пір тұтамын

Мен де алдыңда иіліп.

Барлық оқушы бастарын иеді

2-жүргізуші: Оқушылар бір сәт ән тартуымен көңіл көтеріп қояйық. Камиланың орындауында
1. А. Байтұрсынов кім?
2. Жүз жасаған ақын?( Жамбыл Жабаев)
3. Қазақ тілі қай жылы мемлекеттік мәртебе алды?(1989ж. 22. 09 және 1997ж. 11. 07.
4. Абайдың қанша қара сөзі бар?( 45 қара сөзі бар)
5. Ата Заң күні қашан?(30тамыз 1995 жылы)
6. Қазақтың тұңғыш алфавитін жасаған кім?(Ы. Алтынсарин)
7. Тіл туралы Заң неше баптан тұрады?(27 бап, 6 тарау)
8. Қазақ халқының батыр қыздары кімдер?(Әлия, Мәншүк)
9. Қазақстан қай жылы тәуелсіздік алды?(1991ж, 16. 12)
10. «Қазақ хрестоматиясын» жазған кім? (Ы. Алтынсарин)
11. Қазақстан жерінен өткен жол.(Жібек Жолы)
12.«Қазақ вальсінің королі» атанған композитор кім? (Ш. Қалдаяқов)
13. Әнұранның авторларын атап бер.(сөзі: Жұмекен Нәжімеденов, Н. Назарбаев. Әнін жазған Шәмші Қалдаяқов)
14. Абайдың туған жылы. (1845жылы 10. 08)
15. Абайдың қандай өлеңдері бар?(Қыс, Күз, Көзімнің қарасы т. б)
16. ҚР - ның рәміздерін ата.(әнұран, елтаңба, ту)
17. ҚР - ның астанасы қай қала?
18. Әл - Фараби өмірге келген қала. (Отырар)
19. Ұлттық киімдерді атап беріңдер. (Сәукеле, қамзол, кемешек тақия т. б)
20. Қандай туыстық атауларды білесіңдер.( Нағашы жұрт, қайын жұрт т. б)
 

1-жүргізуші:  Ендігі айдарымыз мақалдың жартысын табу. Тіл туралы мақалдар
1. Тіл тас жарады, тас жармаса..(бас жарады)
2. Бал тамған тілден.(у тамған)
3. Тауды, тасты жел бұзар, адамзатты.(сөз бұзар)
4. Жақсы сөз -.(жарым ырыс)
5. Қаһарлы сөз.(қамал бұзар)
. 6. Шебердің қолы ортақ, шешеннің.( тілі ортақ)
7. Жақсы байқап сөйлер, жаман.( шайқап сөйлер)
8. Бас кеспек болса да,. ( тіл кеспек жоқ)
9. Дәлелсіз сөз.(желмен тең)
10. Тіл қылыштан. (өткір)
11. Піл көтермегенді,.(тіл көтереді)
12. Тілден артық.(қазына жоқ)
13. Ана сүті бой өсіреді, Ана тілі.(ой өсіреді)
14. Жыланның уы тісінде, Адамның уы. ( тілінде)
15. Ең ащы да тіл, ең.(тәтті де тіл)
16. Өнер алды – ( қызыл тіл)
17. Айтылған сөз -.( атылған оқ)
18. Жылы - жылы сөйлесең, жылан.(інінен шығады)
19. Басқа пәле -.(тілден)
20. Білім кілті -. (тіл)
21. Тілге құрмет –(елге құрмет)
 

1-жүргізуші: Қадірменді ұстаздар, жас достар!
2-жүргізуші: Елдігіміз бен ерлігіміздің айнасы - Ана тіліміздің мемлекеттік мәртебесін жыр еткен салтанатты лездеме өз мәресіне жетті.
1-жүргізуші: Тілі шұрайлы да оралымды қазағымның ана тілінің мерейі үстем болсын.
2-жүргізуші: Қаймағы бұзылмаған қаймана қазағымыздың арда тілі жасасын!
1-жүргізуші: Келесі көріскенше сау болыңыздар!

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Туган тілім, бабам тілім, өз тілім!»

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Туған тілім - бабам тілі - өз тілім»

Мақсаты: Оқушыларды туған тілімізді құрметтей білуге баулу.
Міндеттері:
Баланың сөйлеу тілін дамыту арқылы сөздік қорларын молайту;
ой – өрісін кеңейту;
Жас ұрпақтың патриоттық сезімін оята отырып елін, жерін сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу.
Түрі: Әңгіме, сұрақ - жауап.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, ұлағатты сөздер.


1-жүргізуші:
Қайырлы күн! Ана тілін ардақ тұтар тіл жанашырлары!
2 - жүргізуші:
Армысыздар, өрлі де, асқақ рухты тәуелсіз елдің жас ұландары!
Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер күніне арналған салтанатты жиынды ашық деп жариялаймыз!

1-жүргізуші: Мектеп оқушылары Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұранына сап түзе!

2-жүргізуші: Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұраны орындалсын!

(Әнұран)
1-жүргізуші:
Қайта туды қазағымның ай – күні,
Күннен – күнге асар ма екен айбыны?
Жетпіс жылда өтті талай кешуден,
Қатар көріп шаттық , табыс, қайғыны.
2 – жүргізуші:
Қазақпын мен, қазақтың бөлшегімін,
Қажеті не басқаның өлшемінің.
Қазақ деген жалғыз ұлт мен боламын,
Енді міне жетеді көпке үнім.



1-жүргізуші: Олай болса, бүгінгі ұрпақ – ертеңгі күннің иелері тіл туралы ой толғайды.
5а-сынып оқушылары өздерінің өлеңдерін оқиды.


Алтынай: Тіл – қасиетті, құдіретті, киелі. Бұл қасиеттер бойға ананың ақ сүтімен дариды. Тіл өшпейді, қандай қиындықта тіл өз ұрпағының қанына, жанына өз ұрығын егіп, өміршең күй кеше береді.


Нұрдаулет: Қазақ тіліміз – ана тіліміз. Ана тіліміз мемлекеттік тіл болып үлкен мәртебеге ие болды. Ол біздің қазақ халқы үшін зор қуаныш.

Ернар:
Туған тілім - тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сыр ойдағы
Өссе тілім мен де бірге өсемін
Өшсе тілім мен де бірге өшемін.

Аяулым:
Туған тілім - бабам тілі - өз тілім
Туған тілім –анам тілі - өз тілім.
Туған тілім - далам тілі - өз тілім
Туған тілім - адам тілі - өз тілім.

Ринат:
Туған тілде сыры терең жаным бар,
Туған тілде әнім менен сәнім бар.
Туған тілім тіл болудан қалса егер
Жүрегімді суырып-ақ алыңдар.

Нұрайым:

Қымбат маған ана тілім, бал тілім,

Қымбат маған дала тілім, ар тілім.

Ақ сүтімен бірге сіңген бойыма,

Ана тілім – ардақ тұтар алтыным.


Бинұр:
Тілім менің!
Ұлы Абай, Мұхтардай пірім менің.
Тұнығым, рухани жан азығым,
Ол бүлінсе, менің де бүлінгенім.

Азиза:
Ана тілім туған тілім, бал тілім,
Сен арқылы дүние танып талпындым.
Сен арқылы әлемге аян бар ісім,
Сен өмірде таусылмайтын алтыным.

Өркен:

Сүйемін туған тілді – анам тілін,

Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.

Шыр етіп жерге түскен сәттерімнен

Құлағыма сіңірген таныс үнім.


Мерей:

Ана тілі – асыл күні бабамның,

Қуатымсың ақ сүтіндей анамның.

Сәби шақтан бесігіме жыр тыңдап,

Туған тілді жаттап өскен баламын.

Нұрсұлу:

Ерлік, елдік, бірлік, қайрат, бақ - ардың,
Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың.
Алтын күннен бағасыз бір белгі боп,
Нұрлы жұлдыз, бабам тілі , сен қалдың.


Азамат: 

Қасиетің , ана тілі , аз сенің

Өзің барда ескірмес , тозбас елім.

Сен болмасаң ұлы ақын Абай болып,

Мұқағали атты өлең жазбас еді.



Өркен:

Оң жол ізде өмірде көп ойланып,

Алдыңнан атар таңың арайлап.

Азаматы бар ел деп – бұл қазақтың,

Талай жұрт құрметтесін қарай қалып.


Мәди:

Көп тіл білсең көкжиегің кең болар,

Құрметтейді кісі екен деп төрге озар.

Қай елде жүрсең де бұл дұрысы,

Мемлекеттік тілді үйренген жөн болар


Хормен: Кіршіксіз қардай сақтаңдар,
Қазақ тілін ғаламат.
Ана тіл - арым, иманым,
Аманат, саған, аманат.

1-жүргізуші: Ана тілі - әр адамның өз ұлтының жан дүниесі мен мәдениетінен ғасырлар бойы жиған рухани азығынан нәр алатын кіндік тамыры.
2 – жүргізуші:
Біздің ана тіліміз – қазақ тілі. Ол тек отбасы , ошақ қасының ғана тілі емес, мемлекеттік тіл!
1-жүргізуші: 22 – қыркүйек – Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер мерекесі. Бұл – барша елге ортақ, жалпы халықтық мереке, барлық ұлт өкілдеріне көрсетілген құрмет.
2-жүргізуші: Адам баласы ес білген кезінен бастап айналадағы жаңа ұғымдарды ана тілі арқылы қабылдап, олардың мәнін түсіне бастады.

Малика : 

Ана тілі – біздің туған анамыз.

Анамыздай – сыйлап бағып – қағамыз.

Ана тілін бағаласаң қалай біз.

Өзіміздің сондай болмақ бағамыз.

Ана тілін кім аялай білмесе .

Анасынан безген ұл – деп біліңіз.


Аяжан:

Тілім - арым, ол менің мақтанышым,
Ризамын жүрекке от жаққаны үшін.
Тіл – адамның қаруы, қазынасы.
Туғанбыз соны баста сақтау үшін.
Тілің барда сен барсың, жоғалмайсың,
Өз тіліңсіз бәрібір оңалмайсың.
Көп тілді біл, сүй бірақ өз тіліңді,
Өз тіліңсіз бақытты бола алмайсың.



Камила:

Сан ғасырдан сақталған асыл мұрам,
Сені қалай басқаға басындырам?!
«Тәуелсіз ел болғанда, бағың жанар»,-
Деп ойлап ем бәрінен басым тұрам.
Ана тілім – ардағым, жырымбысың,
Аспандағы ай менен күнімбісің?!
Бар сынаққа төзер ем өмірдегі,
Анам және аяулы тілім үшін.

Дарын:

Табысқан соң дүние фәнименен,
Тал бесікте жатқанда сәби денем
Ана тілі бойыма сіңдің шым-шым
Даусыменен анамның әлдилеген.

Сезім:

«Апа» - деппін анама бір күн күліп,
«Әке» - деппін әкемді сілкіндіріп.
Өз тілімде осылай алғаш рет,
Былдыр қаға бастаппын тіл сындырып.

Аяулым
Әр сөзінен қазынаны табатын,
Менің тілім - бұлақ сынды таза - тын
Ұлылар мен шешендерім сөзінен,
Асырып кім сөз қалдырды жазатын?!
Ұлылықты ұлы тілім танытты,
Ұлы тілім ұлықтайды халықты.
Халық егер өз тілінен адасса,
Өсер елдің тірлігі емес парықты.

Аружан:

Ана тілім бойдағы зор намысым,
Тор құрсаулар жолыңда болғаны шын
Бұзып бәрін бүгінге аман жеткен
Жырым-жырым жаралы жолбарысым.




Бауыржан:

Қалды артта қиямет азапты күн,
Қазақстан – Отаным азат бүгін
Қасиетті тілімнен мың айналам
Сақтап келген қазақтың қазақтығын.

Асылбек:

Жаяйыншы, Жаратқан, сырымды алға,
Бәрін алсаң өзің біл, тілімді алма.
Тілім барда елім бар еркелеткен
Мен де бармын санатта тілім барда.

Қадыр:

Сенің әрбір тынысыңмен күн кешем,

Сен арқылы тіршілікпен тілдесем.

Ел бетіне қалай түзу қараймын,

Ана тілім,

Егер сені білмесем.

Ана тілім –

Дана тілім, бақ тілім,

Сенсіз бақыт дүниеден тапты кім?

Сенсің менің қасіретім, шаттығым,

Сенсің менің тазалығым, пәктігім.



Динара:

Қазақстан – Отаным,

Қазақ тілі қазынам.

Қазақ жері – береке.

Ырыс бірлік – кені екен.

Бұзылмасын тыныштық,

Бейбіт өмір береке.



Серік:

Сүйем сені, туған ел, атамекен,

Абзал анам сенсің ғой құшағы кең.

Жер мен көктің жаннаты бір өзіңсің,

Сенен артық не табам, қайда кетем?!



Арнұр:

Ең бірінші бақытым – халқым менің,

Соған берем ойымның алтын кенін.

Ол бар болса, мен бармын қор болмаймын!

Қымбатырақ алтыннан нарқым менің!

Ал екінші бақытым – тілім менің,

Тас жүректі тіліммен тілімдедім.

Кей-кейде дүниеден түңілсем де,

Қасиетті тіліммен тілімдедім!

Бауыржан:Біз – ежелден ер деген даңқы шыққан халықпыз!
Азат:Біз - ел бірлігі жолында әрқашан намысын бермеген халықтың ұланымыз!
Дарын:Біз – алтын күн бедерленген көк байрақты әлем биіктерінде желбіреткен бейбітшіл елдің азаматымыз!
Асылбек:Біз – кең байтақ жерінде бірлігі жарасқан алуан ұлт ұлыстан тұратын бір тұтас халықпыз!
Еркебұлан:Біз – атадан мұраға қалған қасиетті тілімізді қадірлей білетін ұрпақпыз!
1-жүргізуші:Ал оқушылар ендігі кезекті сұрақ - жауап айдарына берейік. Мен сіздерге білімдеріңізді тексеру үшін сұрақтар қоямын. Сіздер сол сұрақтарға жауап беруге дайын отырыңыздар.

Барлық оқушы төмендегі өлеңді хормен айтады:

Қуан анам!

Ұзағынан сүйініп.

Сәтің де көп

Кейде кеткен түңіліп.

Ақ сүтіңнен бойға біткен тілімді

Пір тұтамын

Мен де алдыңда иіліп.

Барлық оқушы бастарын иеді


2-жүргізуші: Оқушылар бір сәт ән тартуымен көңіл көтеріп қояйық. Камиланың орындауында
1. А. Байтұрсынов кім?
2. Жүз жасаған ақын?( Жамбыл Жабаев)
3. Қазақ тілі қай жылы мемлекеттік мәртебе алды?(1989ж. 22. 09 және 1997ж. 11. 07.
4. Абайдың қанша қара сөзі бар?( 45 қара сөзі бар)
5. Ата Заң күні қашан?(30тамыз 1995 жылы)
6. Қазақтың тұңғыш алфавитін жасаған кім?(Ы. Алтынсарин)
7. Тіл туралы Заң неше баптан тұрады?(27 бап, 6 тарау)
8. Қазақ халқының батыр қыздары кімдер?(Әлия, Мәншүк)
9. Қазақстан қай жылы тәуелсіздік алды?(1991ж, 16. 12)
10. «Қазақ хрестоматиясын» жазған кім? (Ы. Алтынсарин)
11. Қазақстан жерінен өткен жол.(Жібек Жолы)
12.«Қазақ вальсінің королі» атанған композитор кім? (Ш. Қалдаяқов)
13. Әнұранның авторларын атап бер.(сөзі: Жұмекен Нәжімеденов, Н. Назарбаев. Әнін жазған Шәмші Қалдаяқов)
14. Абайдың туған жылы. (1845жылы 10. 08)
15. Абайдың қандай өлеңдері бар?(Қыс, Күз, Көзімнің қарасы т. б)
16. ҚР - ның рәміздерін ата.(әнұран, елтаңба, ту)
17. ҚР - ның астанасы қай қала?
18. Әл - Фараби өмірге келген қала. (Отырар)
19. Ұлттық киімдерді атап беріңдер. (Сәукеле, қамзол, кемешек тақия т. б)
20. Қандай туыстық атауларды білесіңдер.( Нағашы жұрт, қайын жұрт т. б)

1-жүргізуші:  Ендігі айдарымыз мақалдың жартысын табу. Тіл туралы мақалдар
1. Тіл тас жарады, тас жармаса.....(бас жарады)
2. Бал тамған тілден...(у тамған)
3. Тауды, тасты жел бұзар, адамзатты...(сөз бұзар)
4. Жақсы сөз -...(жарым ырыс)
5. Қаһарлы сөз...(қамал бұзар)
. 6. Шебердің қолы ортақ, шешеннің...( тілі ортақ)
7. Жақсы байқап сөйлер, жаман...( шайқап сөйлер)
8. Бас кеспек болса да,... ( тіл кеспек жоқ)
9. Дәлелсіз сөз...(желмен тең)
10. Тіл қылыштан... (өткір)
11. Піл көтермегенді,...(тіл көтереді)
12. Тілден артық...(қазына жоқ)
13. Ана сүті бой өсіреді, Ана тілі...(ой өсіреді)
14. Жыланның уы тісінде, Адамның уы... ( тілінде)
15. Ең ащы да тіл, ең...(тәтті де тіл)
16. Өнер алды – ( қызыл тіл)
17. Айтылған сөз -...( атылған оқ)
18. Жылы - жылы сөйлесең, жылан...(інінен шығады)
19. Басқа пәле -...(тілден)
20. Білім кілті -... (тіл)
21. Тілге құрмет –(елге құрмет)

1-жүргізуші: Қадірменді ұстаздар, жас достар!
2-жүргізуші: Елдігіміз бен ерлігіміздің айнасы - Ана тіліміздің мемлекеттік мәртебесін жыр еткен салтанатты лездеме өз мәресіне жетті.
1-жүргізуші: Тілі шұрайлы да оралымды қазағымның ана тілінің мерейі үстем болсын.
2-жүргізуші: Қаймағы бұзылмаған қаймана қазағымыздың арда тілі жасасын!
1-жүргізуші: Келесі көріскенше сау болыңыздар!













Сыныбы

7 «А» сыныбы

Пәні

Қазақ тілі

Сабақтың

тақырыбы

Жіктеу есімдіктерінің түрленуі

Сабақтың мақсаты

а) оқушыларға есімдіктің ерекшелігі мен жіктеу есімдігі туралы түсінікті тілмен оқушыларды қатыстыра отырып жан-жақты мәлімет беру;

ә) есімдіктің морфологиялық заңдылықтарын түсіндіре отырып ұжымдық,деңгейлік тапсырмалар арқылы оқушылардың адамдық қасиеттерін дамыту;

б) оқушылардың белсенді ойлау қабілеттерін жандандырып, оқу дағдыларын жетілдіру.


Сілтеме

Қазақ тілі оқулығы, 7 сынып

Сабаққа қажет материалдар (интербелсенді тақта, кеспеқағаз, маркерлер, стикерлер т.б)

Оқыту

Нәтижесі

Жіктеу есімдігінің септелуі, жіктелуі туралы тапсырмалар орындау арқылы меңгереді. Сөйлемде жіктеу есімдінінің сөйлемдегі қызметін меңгереді.

Әдіс-тәсілдер

Жеке, жұптық, топтық жұмыс, Диалогтық оқыту, Блум таксаномиясы, АКТ.

Кері байланыс

Берілген тапсырмаларды орындату арқылы және бағалау түрлері арқылы байланыс жасау;

Ресурстар мен құрал-жабдықтар

Интербелсенді тақта, стикер, пламастер

Бағалау әдістері

Сөзбен бағалау /ауызшы/, критерийлер бойынша бағалау , білім ағашын отырғызу, топтық, өзін-өзі бағалау, формативті бағалау, жиынтық бағалау



Сабақ барысы

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу. Оқушыларды психологиялық дайындау, өзін-өзі реттеу

Оқушыларды жылы жүзбен қарсы алады. Математикалық ойын «Ғажайып алаң»

11,5+(-2,5)=9 -12,5х(-2)=25 -10,2+12,2=2

20,2х2+(-3,4)=37 -153:(-3)=51 -44х(-2):8=11



99 : (-9)х(-3)=33

Слайдта көрсетіледі.

Сәлемдеседі, сабаққа назар аударады.

Білу

Тақырып мазмұны бойынша Кім? Не? Қандай? Қалай? Сияқты сұрақтарға жауап беретін толық ақпарат іріктелінуі қажет.

  1. Есімдік дегеніміз не?

  2. Есімдіктер сөйлемде қалай жасалады?

  3. Есімдіктің сөйлемде маңызы бар ма?

(Әрбір дұрыс жауапқа оқушыларға жұлдызшалар таратылды)

Топтық жұмыс топтарға бөліп отырғызу

«Сиқырлы дүкен» Топқа бөлу - қатысушыларға жеміс-жидектердің суреттері ұсынылады (құлпынай, қызанақ).

Түсіну

Неге? Неліктен? Себебі? Не үшін сұрақтары оқушының жоғарыда берген жауаптарына оларды тереңдету үшін қойылады


2-тапсырма

Оқушылар берілген тапсырмаларды Астанаға саяхат жасау арқылы орындап отырады. Саяхатқа шыққан қаласын картадан көрсетіп, оның географиялық ерекшеліктері туралы айтады.

АТЫРАУҒА саяхат
1 - тапсырма: Мына сөздерді ауызша жіктеңдер
(Білімді, талапты, айбынды)

Мұқағали Мақатаевтың «Поэзия» атты өлеңінен жіктеу есімдігін тауып, талдаңыз.
Поэзия!
Менімен егіз бе едің?
Сен мені сезесің бе,
неге іздедім?
Алауыртқан таңдардан сені іздедім,
Қарауытқан таулардан сені іздедім.


Алматыға саяхат
2 - тапсырма
Мен, мен едім, мен едім
Мен Нарында жүргенде,
Еңіреп жүрген ер едім.
(Өлең қай ақынның қандай шығармасынан үзінді? Өлеңнен жіктеу есімдіктерін табыңдар.)
2 - жаттығу. Жіктеу есімдіктерінің астын сызып, мағынасын түсіндіріңдер.
Сен, оны, ол.

А. Мен, сен, ол
І. Менің, сенің, оның
Б. Маған, саған, оған
Т. Мені, сені, оны
Ж. Менде, сенде, онда
Ш. Менен, сенен, одан
К. Менімен, сенімен, онымен

ҚОСТАНАЙҒА саяхат

Жіктеу есімдігі туралы не білеміз?

Жіктеу есімдіктерін ата?

Жіктеу есімдігін септелуде қандай ерекшелік

байқалады?


СЕМЕЙГЕ саяхат

Жіктеу есімдігінің жіктелу үлгісін түсіндір?

Жіктік жалғауға зат есімді байланыстырып жіктеу қажет.

Жіктеу есімдігін етістікпен байланыстырып жіктеу қажет.


АСТАНАҒА саяхат
3 - жаттығу. Өлең шумағындағы жіктеу есімдіктерін тауып, септеңдер.
Гүлдеймін бірге, гүлдейтін болсаң сен,
Көгерем бірге, көктемде өзің көгерсең.
Сенімен бірге селге де қарсы тұрам мен,
Сенімен көремін мен де не көрсем


3 - жаттығу. Өлеңді оқып, жіктеу есімдіктерін табыңдар, жағын анықтаңдар.
Ол, сен, мен.

Оқушылар «Мадақтау сэнгвичі» бойынша бағалайды.

Қолдану

Мәтінмен жұмыс.(оқулық бойынша) .Салыстыр.

Интерактивті тақтадан ұлы тұлғалардың суреттері шығады.

Топтық жұмыс.

«Құлпанай» тобы: 77-жаттығу. Өлеңді оқып, ақынның кімді құрметте деп тұрғанын жіктеу есімдіктерін әңгімелеңдер. Олар есімдіктің қай түрі екенін айтыңдар.

Жауабы: сен,, ол,сенің.

«Қызанақ» тобы: 78-жаттығу. Батыр жазушы нені өсиет етті? Мәтіннен ашық және жасырып қолданылып тұрған есімдіктерді тауып, қандай тұлғада келгендігін атаңдар. Есімдікті табыңдар.

Оқушылар бағдаршам бойынша бағалайды.

Талдау

Қорытында жасау, анықтама беру, мазмұнды жүйелеу, картадан саяхатын көрсету.

Әр топ өз тапсырмаларын сипаттайды, баяндайды.

Сөйлемде берілген есімдіктердің қалай түрленіп тұрғанын сипаттайды, талдайды.

Сергіту сәті

Интербелсенді тақтаға «Балалар» биін қосып қояды

Оқушылар сергіту сәтін орындайды

Топтау

Өз жұмыстарына баға беру

Әр топ өз зерттеушісінің саяхатының географиялық маңызына баға береді, оның географиялық маңызын айтады.

Сабақты қорытындылау

Деңгейлік тапсырмалар орындау

Әр топқа тест парағы таратылады.

1. Есімдік қандай сөз табы?
А) Заттың сынын білдіреді Ә) Заттың санын білдіреді
Б) Заттың атын білдіреді В) Есім сөздер орнына қолданылады
2. Есімдік мағынасына қарай нешеге бөлінеді?
А) 7 Ә) 6 Б) 5 В) 4
3. Жіктеу есімдігінің қанша жағы бар?
А) 4 Ә) 2 Б) 3 В) 6
4. Сан есімдерді белгіле.
А) он бір, табиғат, сары Ә) адам, оқушы, жеті
Б) алты, он бір, екі мың екі В) сегіз, оқыды
5. Дара сын есімдерді көрсет
А) ақ, қара, ащы Ә) қызыл ала, қара шұбар
Б) қара көк, сұлу, сары В) қара торы, қып - қызыл
6. Жалқы зат есімдерді анықта
А) тау, өзен, қала Ә) қала, оқушы, сана
Б) Көксу, ой, газет В) Астана, Мұхтар, Ұлан
7. Зат есім нені білдіреді?
А) заттың атын білдіреді Ә) заттың қимылын білдіреді
Б) заттың санын білдіреді В) заттың көлемін білдіреді
8. Жинақтық сан есімдерді тап
А) төртеу, тоқсан екі, он тоғыз Ә) үшеу, сегіз, он
Б) біреу, екеу, жетеу В) екіден - бір, үштен екі
9. Туынды сын есімдерді белгіле
А) жақсы, алыс, ауыр Ә) сары, әдемі, көркем
Б) ұзын, салқын, ақ В) бойшаң, сөзшең, таулы
10. Сан есімнің сұрағын анықта
А) қанша, неше, нешінші Ә) қандай, қай, кімнің
Б) кім, не, несі В) не істеді, не қылды

Топтар бір-бірімен алмасып тексереді.

Бағдаршам бойынша бағалайды.

Бағалау

Мұғалім жинақтап қорытынды баға қояды

Әр топ басшысы бағалау парағындағы қорытынды ұпайды шығарып, сыныпқа хабарлайды

Рефлексия

Оқушылар білім ағашына өз топтарымен келісіп әр топқа бағаларын қояды.


Оқушылар сабақта қалай өткенін стикерге жазып өз ойларымен жазбаша көрсетеді.

Үйге тапсырма

Сыр толғау «Ауылым – алтын бесігім» (Шағын эссе жазу. Есімдіктерді тауып, талдап келіңіздер).

Күнделіктеріне үй тапсырмасын жазып алады



























6-сынып

Тақырыбы: Жергілікті жерді бағдарлау.

Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға жергілікті жерді бағдарлау, азимут, жер бетінде қашықтықты өлшеу жөнінде түсіндіру.

Дамыту: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік: Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру.



Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: 1. Сұрақ-жауап.

2. Әңгіме-дәріс.

3. Кестемен жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: Қосымша деректер, оқулық, кескін карта т.б.

Пән аралық байланыс: математика

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын дайындатып, зейіндерін сабаққа аударту.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1. Сұрақ-жауап.

1. Жердің өз білігінен айналуы.

2. Жердің Күнді айналуы.

3. Жыл мезгілдері не себепті ауысады?

4. «Кібісе жылы» дегеніміз не?.

5. Жердің орбита кеңістігінде орналасуы.

ІІІ.Оқушыларды жаңа матнриалды қабылдауға даярлау.

ІV. Жаңа сабақ.

1. Әңгіме-дәріс.

Жаңа сабақ әңгіме-дәріс беруден басталады.

2. Кестемен жұмыс.

Кесте арқылы көз мөлшермен анықталатын қашықтықтар түсіндіріледі.

Жер бетіндегі зат

Көрінетін қашықтық

Жеке үй

5 км

Үйдің терезесі

4 км

Шатырдағы мұржа

3 км

Жеке ағаш және жеке адам

2 км

Терезе рамасының ағаштары

500 м

Шатырдың тақтайлары

200 м

Адамның көзі, мұрны, саусақтары

60-70 м

Көздің аласы

20 м


3. Компас құрылысымен таныстыру.


С (00)




Б (2700) Ш (900)




О (180 0)



Қорытындылау.


V.Жаңа сабақты түсінгендерін тексеру.



1. Сұрақ-жауап.

1. Азимут деген не?

2. Азимут неше градустың аралығында өлшенеді?

3. Қашықтықты өлшеу тәсілдері.

4. Қадамның орта мөлшерін қалай табуға болады?

5. Көкжиек тұстарына қандай градустар сәйкес келеді?

VI.Жаңа материалды жүйелеу.


1.С СШ А 1350 , ОА 1850 , Б А 2700 , О-Б А 1500

С – Б А 500 , С А 3600 , О –Ш А 3400


2.Қымбатты жас достар, маған өздеріңнің көмектерің қажет. Менің тобым жылы жаққа аттанды. Қанатым сынып мен ілесе алмадым. Қыс болса келіп қалды. Тезірек көмектесіңдер.

А 1000 500 м. жүріп , көпірге келесіңдер, одан әрі А 500 жолмен жалғыз бұтаға дейін 2250 м.жүресіңдер , ең соңында А 800 жарға дейін 1500 м. Қашықтықты жүріп өтесіңдер , алдарыңда жар кездеседі, сонда паналап тұрмын.

Үйрек балапаны.


VІІ. Қорытындылау, бағалау.

VІІІІ. Үйге тапсырма беру.

Үйге: Жергілікті жерді бағдарлау. Азимут. Жер бетінде қашықтықты өлшеу.






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 9 класс

Скачать
Туган тілім, бабам тілім, өз тілім!

Автор: Тулебаева Роза Балкыбаевна

Дата: 29.01.2017

Номер свидетельства: 385049

Похожие файлы

object(ArrayObject)#861 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(72) "21 нче февраль – Халыкара туган тел к?не "
    ["seo_title"] => string(44) "21-nchie-fievral-khalykara-tughan-tiel-konie"
    ["file_id"] => string(6) "139493"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1417719445"
  }
}
object(ArrayObject)#883 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(169) "Конспект урока по татарской литературе по произведению Г. Баширова " Туган  ягым- яшел бишек" "
    ["seo_title"] => string(102) "konspiekt-uroka-po-tatarskoi-litieraturie-po-proizviedieniiu-g-bashirova-tughan-iaghym-iashiel-bishiek"
    ["file_id"] => string(6) "157284"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1421580531"
  }
}
object(ArrayObject)#861 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(88) "Внеклассное мероприятие "Туган телем-ирк? г?лем" "
    ["seo_title"] => string(55) "vnieklassnoie-mieropriiatiie-tughan-tieliem-irk-gholiem"
    ["file_id"] => string(6) "196363"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1428049896"
  }
}
object(ArrayObject)#883 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(71) "21 нче февраль -  Халыкара туган тел к?не "
    ["seo_title"] => string(46) "21-nchie-fievral-khalykara-tughan-tiel-konie-1"
    ["file_id"] => string(6) "231212"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1442418682"
  }
}
object(ArrayObject)#861 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(36) ""Н?селем ядкарьл?ре" "
    ["seo_title"] => string(22) "n-sieliem-iadkar-l-rie"
    ["file_id"] => string(6) "166120"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1422901392"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства