Ұйымдастыру-іздестіру | - Сендердің сүйікті ойыншықтарың бар ма? - Қандай ойыншықты жақсы көресіңдер? - Ойыншықтарды қалай ұстау керек? Дәптермен жұмыс: Қ.Мырза Әлидің «Ойыншықтар» өлеңін сызба арқылы жаттату. Іші тола бөлменің (бөлменің суреті). Ойыншығым (ойыншықтар суреті) мол менің. Босқа тізіп қоймайық, келе ғой, дос, ойнайық. Мына тұрған арғымақ (арғымақтың суреті), Мінем оған қарғып-ақ. Мына тұрған қояным (қоянның суреті), Алдына жем (сәбіздің суреті) қоямын. Сөздік жұмысы: - Арғымақ деп жүйрік әрі әдемі атты айтамыз. - Қарғып деп атқа секіріп мінуді айтады. Сергіту сәті: Саусаққа арналған жаттығу. Добым, добым, домалақ, Тоқтамайсың домалап. Үстел үстін бұл дірдің, Тәрелкені сындырдың. Тентек болып кеттің деп, Тұрмын сені тепкім кеп. (Саусақпен, аяқпен көрсетеді). Дәптермен жұмыс: Ол туралы білетініңді айт. - Жұмбақтың шешуін тап. Бір құлағы сөйлесе, Бір құлағы тыңдайды, Білсең айтшы ендеше, Жұрт не дейді мұндайды? (Телефон). | -Балалар сұраққа толық жауап береді Дидактикалық ойын: «Жалғасын тап». Ойын шарты: Бастаушы бала сөйлемді бастап береді, балалар аяқтайды. - Менің ойыншығым ... /әдемі/. - Мен қуыршақпен ... /ойнаймын/. - Допты жоғары ... /лақтырдым/. Саусақпен, аяқпен көрсетеді). Дәптермен жұмыс: - Өзіңе ұнайтын ойыншықтың суретін сал. .
|