Дін қоғамның рухани өмірінің маңызды саласы.Ол құдай мен адамның байланысы арқылы адам өмірінің мәніне айналған сана формасы.
Дінтану — адамдар тіршілігінің сөзсіз аяқталатындығы және онын тіршіліктегі шын мәнінде болып өтетіндігі жөніндегі адамдардың ой - санасы айқындалатын гуманитарлық пән. Бұл анықтамада қамтылған дінилік деп танылуы қиын діндер мен рухани үдерістердің жалпы мақсаты - жеке тұлғаны трансценденциялау, қарапайым тәжірибеден тысқары кең ауқымды мәселелер. Егер адам өлімін жеңу проблемаларына индиферентті көзқараспен карайтын діндер барын ескерсек, онда дінтануды адамзаттың діни сенімдік практикасын зерттейтін пән ретінде қарастыруға болады. Дінтанудың қысқа мерзімдегі даму тарихында мынадай ағымдар бөлініп шықты, олар: дін философиясы, дін феноменологиясы, дін тарихы, дін социологиясы, дін психологиясы.
