Көрнекті ақын, асқан ойшыл, бүкіл түркі жұртының рухани атасы, сопылық әдебиеттің өкілі Ахмет Иассауидің өмірі жайлы мағұлмат беру. "Даналық кітабы " туралы мағұлмат беру.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Тақырыбы: Ахмет Иассауи "Даналық кітабы"»
Сабақтың тақырыбы:
Ахмет Йасауи «Диуани хикмет» кітабы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты: «Диуани хикмет» кітабындағы негізгі ойды түсіну арқылы, Ахмет Йасауиді тарихи тұлға , қазақ әдебиеті тарихындағы пәлсафалық сипаттағы ақын ретінде таныту.
Дамытушылық мақсаты: Жеке тұлға ретінде оқушылардың ізденімпаздық қасиеттерін дамыту.
Тәрбиелік мақсаты: Хикметтерінің поэтикалық тіліне, ақыл-нақылдарына қазақ ғұламаларының шығармаларымен салыстырмалы талдау жасай отырып, оқушыларды имандылыққа, мейірімділікке, ождан тазалығына баулу.
Сабақтың көрнекілігі: оқулық,хикметтер, суреттер,дайындалған рефераттар,слайдтар, интерактивті тақта, оn- Iine жүйесі бойынша сабақ өткізу.
Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту сабағы.
Сабақ типі: іздендіру сабағы.
Сабақтың әдісі: баяндау, түсіндіру, проблемалық сұрақтар төңірегінде әдеби талдау, іздендіру, салыстыру, мәнерлеп оқу, ой қорыту. Қ.Бітібаеваның жобалау технологиясы.
Пәнаралық байланыс: тіл, тарих, география.
Пайдаланылған әдебиеттер:
А.Қыраубайқызы «Ежелгі дәуір әдебиеті», Алматы «Мектеп» 2002 ж.;
Қ.Бітібаева «Әдебиетті тереңдете оқыту», Алматы «Мектеп» 2003 ж.;
Тоғысбаев Б.,Сужикова А «Тарихи тұлғалар», Алматы, 2006;
Н.Келімбетов «Ежелгі дәуір әдебиеті» Алматы, 1991 жыл.
Мұғалімнің кіріспе сөзі: Құрметті оқушылар, ұстаздар!
Біздің бүгінгі сабағымыз- ақын, ойшыл,мұсылман дінінің атақты қайраткері, философ, ғұлама ғалым, Ахмет Йасауидің «Диуани хикмет» («Даналық кітабы») кітабының тәрбиелік мәнін ашуға арналған іздендіру сабағы. Сондықтан, ең әуелі оқушылардың өз беттерімен іздену нәтижесінде тапқан материалдарымен танысып көрейік.
1.Ахмет Йасауидің өмірінен мәлімет.
2. Йасауидің ұстазы Арыстанбабқа сипаттама беру.
3. Йасауи кесенесінің тарихы жайлы не айтар едіңдер?
Мұғалім сөзі: Ендеше оқушылар қылуетте өмір кешіп, бабамыздың мәңгі өшпес асыл мұрасы - «Диуани хикмет» («Даналық кітабы») қыпшақ диалектілерімен көне түркі тілінде жазылған. Яғни, Ахмет Йасауи сопылық-философиялық дүниетанымдарын өзінің «Даналық кітабы» еңбегінде баян етеді. Түп нұсқасы сақталмаған. Бізге жеткені ХҮ-ХҮІ ғасырлардағы көшірмесі ғана.
Диуан-жинақ, хикмет-алланың құдірет күші, яғни «алланың ақ жолын баяндайтын кітап» деген мағынаны білдіреді.
Йасауидің кітабын тақырыбы жағынан екі топта жіктеп қарастыруға болады.
1. Сопылық ілімінің мазмұнын өлең түрінде жырлаған хикметтер тобы. Бұған үгіт, насихат, өсиет үлгісінде жазылған тәлім-тәрбие сипатындағы хикметтер жатады.
2. Ақынның өз кезіндегі дәуір, қоғам бейнесін жасайтын лирикалық шығармалары.
Құл Қожа Ахмет, әрбір сөзің дертке дәрмен,
Тәліптерге (шәкірттерге) баян етсем қалмас арман.
Төрт мың төрт жүз хикмет айт хақ пәрменімен,
Пәрмен болса өлгенше жырласам мен,-
деп, даналық сөздерінің 4 мың 400 жол екендігін ескерткен.
Абай айтқан асыл сөз бар: «Мұны жазған білген құл, атын білме, сөзін біл». Ұлықтекті ұлы Өситенамасындай «Диуани хикмет» турасында түркістандық ғұлама:
Ескерткіш қалдырдым мен ежеттіге,
Қастерлеп, аруағымнан медет тіле,- депті. Яғни бізге бағыштаған аманатындай.
Сабақ барысында оқушыларға берілетініздендіру сұрақ:
Тамұқ- діни ұғым бойынша, күнәһар адамға о дүниеде азап көрсететін жер, тозақ.
Нақақ- бостан-бос, жазықсыз.
Ахмет Йасауидің талданған хикметтері оқушылар пікірінше хикметтер ирархиясы
Ғалымдардың пікірі
1. Ерлан Арын (ҚР білім, экономика ғылымының докторы)
Түркістандық ғұламаның «Даналық кітабын» тек әдеби шығарма деу аздық етеді. Иманжүзділік оқулығы әділетті болар. Ол тұтқиыл тығырықтар тұсында тұйықтан шығарар жол көрсетіп, инабатшыл көңілге Иланым ұялатады».
2. А.Қыраубаева. «Суфизм көзқарасындағы ақындық дәстүрдің қазақ поэзиясындағы қалыптасуына түркілік әдебиет даму кезеңіндегі шығармаларда негізгі қаланған мәселелердің кейінгі ақындар арқылы жалғасатындығы табиғи заңдылық. Аллаға ғашықтық Йасауи және оның дәстүріндегі ақындар поэзиясында орныққан құбылыс. Жаратушыға арналған махаббат, ғашықтық ұғымдардың әлеуметтік сырлары жалпы азаматтық, гуманистік ойлармен де ұштасады »
«Ғасырлар мұрасы» А., 1987, 360-б
Мұғалім сөзі: Ғалымдардың пікірі мен оқушылар пікірін салыстыра келе Ахмет Йасауидың «Даналық кітабындағы» хикметтерінің болашақ ұрпаққа айтар насихаты:
Мұғалімнің қорытынды сөзі: Демек, Иманды адам күн секілді. Күн бойынан жылу мен жарық бөліп, жер бетін нұрландырып, жан бітіреді. Кемеңгер бабамыз өз заманының шындығымен қоса, өз өмірінің бүкіл болмысын, ғұмырлық тәжірибесін, ізденістері мен құлшыныстарын, Алланың ақ жолын Ақиқат жолын табу мен тану үшін не істеу керек екендігін өлеңдік өрнекпен, ғұламалық тереңдікпен, шын мұсылмандық ұғыммен айтып отырған.
«Диуани Хикмет» атты кітабы діни-сопылық қағидалармен қатар оқу, білім алу, адалдық, имандылық, ізгі қасиетті болу, ақыл-парасатқа жету, жақсылық, жамандық, төзімді болу, достық пен махабатты қастерлеу, әділетті болу, адал жолмен жүру сияқты адамгершілік құндылықтарды насихаттайды.Түркістандық ғұламаның «Даналық кітабын» тек әдеби шығарма деу аздық етеді. Сірә, Абай «бес асыл» атаған: Талап, Еңбек, Терең Ой, Қанағат, Рахым, бір сөзбен, Иманжүзділік оқулығы дегеніміз әділетті болар.
Үйге тапсырма: Ахмет Йасауидің хикметтерін оқу, талдау.