Просмотр содержимого документа
«Сөзжасамнан өткенді қайталау»
Березов мектеп – балабақша кешені
Ашық сабақ тақырыбы:
«Сөзжасамнан өткені қайталау»
Өткізген: Р.А.Мустажапова
2016-2017 оқу жылы
Сабақтың мақсаты: Білімділік: оқушылардың сөзжасам тарауынан алған білімдерін пысықтап, теориялық білімдерін практика жүзінде қолдану, ауызша, жазбаша талдау жұмыстарын жүргізе отырып, білімдерін бекіту. Дамытушылық: оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын дамытып, ой шақыра білуге, жеке жұптасып, шағын топта жұмыс істеуге дағдыландыру, шығармашылық қабілетін, ойлау қабілетін, қиялдарын дамыту, ой қорытып, нақты шешім жасауға үйретіп, өздеріне сенімдерін арттыру; Тәрбиелік: оқушыларды ізденімпаздыққа, өз ойын айта білуге, сауатты жазуға, ұқыптылыққа баулу, топпен жұмыс жасап, бірін - бірі тыңдай білуге үйрету, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру; Сабақтың түрі: Дәстүрден тыс бекіту сабағы, Сабақтың әдісі: сын тұрғысынан ойлау стратегиялары Сабақтың көрнекілігі: жетондар, үлестермелі қағаздар, топқа бөлінетін белгілер, плакат, кестелер, слайд. Пәнаралық байланыс: әдебиет,хореграфия,халқытық педагогика Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі. - Сәлеметсіздер ме!
Кел , балалар, оқылық
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық!– деп Ыбырай атамыз айтқандай ,
бүгінгі сабақта біз көңілге қаншалықты білім тоқығанымызды сарапқа саламыз.Олай болса:
Жүйріктен жүйрік озар шабысқанда,
Күштіден күшті озады алысқанда
Білімді шәкірттер де көзге түсер
Саралап білімдерін жарысқанда , - деп сабағымызды бастаймыз.
Үй жұмысын тексеру
377,391-жаттығуларды тексеру
2. Қызығушылықты ояту сатысы.
Оқушыларды екі топқа бөліп алу
Ой шақыру стратегиясы. «Адам – өз өмірінің суретшісі. Ол өмірді сырлап бояуға, оған ажар, түр беруге, оны әшекейлеп өрнектеуге еңбек етеді.» Баубек Бұлқышев М: - Ал, балалар, Баубек Бұлқышевтың бұл сөзін қалай түсінесіңдер? (оқушыларды сөйлету) Балалар жауап береді....... М: - Ал, еңбек ету үшін, адамның ажарлы өмір сүруі үшін не керек деп ойлайсыңдар? (ой қозғау) М: - Ендеше, бүгінгі сабағымызда ойлау сатыларына «Адам керуен, өмір жол» дегендей жолға шығамыз. 3. Мағынаны ашу сатысы. М: - Сонымен, жолға шықтық. Жолдағы ережелерді сақтап, бағыт сілтеуші не? (бағдаршам). Олай болса, бағыт сілтеушілерің мен, ал сиқырлы бағдаршам түстерді сендерді ойлау сатыларына шақырады. Әр бағдаршамның түсі бойынша тапсырмалар беріледі. Ақ түс: - Балалар, қандай өзгерісті байқадыңдар? Ақ түсті көрген кезде қандай ой келеді? Жалпы, ақ түс шексіздік ұғымына сай келетін сияқты. Адам баласының алар ұғымы өте шексіз. Соның бірі өздерің танысып шыққан – «Сөзжасам» тарауы. - Енді, ойлаудың алғашқы сатысы – дерек мағлұматқа тоқтаймыз. (Ойлан,тап)
1.Оқушылар біз қандай тараумен таныс болдық?
2.Сөзжасам деген не?
3.Жаңа сөздің жасалуының неше тәсілі бар?
4.Лексикалық жолмен жаңа сөздер қалай жасалады?
5.Бірігу жолмен жасалынған жаңа сөздерге мысал келтір
6.Жұрнақ жалғану арқылы жаңа сөздер қалай жасалады?
7.Жан-жануар,ит-құс,ата-ана қандай жолмен жасалынған сөздер?
8.Бірігу жолмен жаңа сөздердің жасалу жолы қандай?
М: - Жасыл түс. Ал балалар, келесі түс «Жасылда» қандай ой келеді? Олай болса, бағдаршамның жасыл түсінде не істетін едік? «Жол ашық» Ендеше келесі ойлау сатысында алған мағлұматтарымызды салыстыра отырып зерттейміз. 5. Венн диаграммасы (зерттеу) Сөздік қор Ортақ белгісі Сөзжасам М: - сары түс – ал, балалар, келесі түс «Сары». Сары түсті көргенде қандай ой келеді? Олай болса, бағдаршамның сары түсінде не істейміз? «Дайындал» ендеше, келесі ойлау сатысы алған мағлұматтарды іс - әрекетте тиімді пайдалана білу. 6. «Кім шапшаң?»ойыны
1)Біріккен сөздердің адасқан сыңарларын табу
1-топқа
Халық..... бала
Боз.... дидар
Мерей... құтан
Теле... аралық
Көк... той
2-топқа
Бой..... шам
Тіл.... сүйек
Бағдар.... торғай
Ақ... жеткен
Қара... ашар
2) Берілген сөздерден 1 - топ дара сөздерді, 2 - топ күрделі сөздерді теріп жазыңдар. Әке, ауыл, жолдас, аялдама, ауыл - аймақ, бозторғай, қара торы, көк ала, Баянауыл, ағаш, гүл, отыз, отыз - қырық.
Дара сөздер: әке,ауыл,аялдама,ағаш,гүл,отыз.
Күрделі сөздер: ауыл-аймақ,бозторғай,қара торы,көк ала,Баянауыл,отыз-қырық.
3) мына сһздерден қос сөз жасап жазыңдар
1-топқа
Азды
Құрт
Кәрі
Ауыл
азық
Керек сөздер:Түлік,көпті,жас,аймақ,құмырсқа
2-топқа
Қазы
Үлкен
Ойын
Ине
Ата
Керек сөздер: ана,жіп,сауық,кіші,қарта,
Сергіту сәті. (халықтық педогогикамен байланыстыру). Балаларға мақалдың бастапқы бөлігін айтып, ары қарай жалғастыру ойынын өткіземін. М: - қара түс – Ал, балалар, келесі түс - қара. «қарада» қандай ой келеді? Олай болса, қара түстен «Сақ болуымыз»керек. Ендеше, келесі ойлау сатысы – алған мағлұмат бойынша өзіміздің әлсіз жағымызды танып білейік. 7. Үлестірмелі қағазбен жұмыс. Әр топқа мәтін беріледі. Сол мәтінді оқып шығып, ішінен күрделі сөздерді тауып, семантикалық картаны толтырамыз. №1 мәтін. Үй ішіне еркек - әйел, ауыл адамдары сыймай кетті. Шашу шашқан әйел −Сақыш. Сақыш − Дінасылдың өзі әперген Әуездің екінші әйелі. Арынбек, Қасымбек, Ағзам, Ахметтің шешесі. Сақыш − орта бойлы қара сұр әйел.. Жасы қырықтың жуан ортасынан асып қалғанымен, жүріс - тұрысы жинақы, келін - балаларына қысқа - қысқа әмір ете жүріп, үйдегі бар жұмысты басқаруға кірісті. Шашу шашылып, ду - дүрмек молайған кезде де Мұхтар момын, сылбырлау күйінен өзгере қойған жоқ. Тек шашу шашылып болған соң өзін ұшықтаған әжесіне: −Әже, мен ауырған жоқпын ғой, неге ұшықтайсың? −Ой, шіркін, сен не білесің?! Абай атаңды аузыңнан тастамасаң, ол жебеп, демеп жүреді. Қасымбектің осы сапарда қаладан алып келген сөмкесін қолына ұстап, әжесінің үйретуі бойынша оң аяғымен табалдырықтан аттады. Осы бір сәтті қадағалап тұрған әжесі: −Бісміллә! − деп баласының соңынан ілесе шықты. (Қ. Оразалин)
№2 мәтін
Жәндіктердің ең улысы және қауіптісі – қарақұрт. Ол шөл және шөлейт жерлерде, сай - жыраларда, адырлы жоталарда, жусанды жерлерде көп болады. Қарақұрт үйге кіріп, төсек - орынға тығылады да, жанасқанды шағып алады. Шаққаны бірден сезілмейді, еш жерің ауырмайды. Біраз уақыт өткеннен кейін денеге уы жайылады да, адам есінен танады. Қарақұрт шаққанын білген заматта, шаққан жерді сіріңкемен күйдіру керек. Уы тістеген жерден 0, 5 миллиметрден әрі сіңбейді. Егер жиырма - отыз минуттай кешіксе, у адамның денесіне тарап кетеді де, бұл әдістің әсері болмайды. Қарақұрттың уы – май тәрізді еритін сұйықтық. Оны алпыс градусқа дейін қыздырса, уытын жояды. («Жыл он екі ай» кітабынан)
Семантикалық карта
Біріккен сөздер
Қос сөз
Тіркесті сөздер
Жұрнақ арқылы
4. А)Кітаппен жұмыс
1-топ 385 - жаттығу. Мәтіндегі қос сөзерді теріп жазып, олардың жасалу жолдарын айтыңдар.
2-топқа
388-жаттығуБіріккен сөздерді табыңдар.Мәтіннен өсімдік атауларын теріп жазыңдар.
Ә)Көру диктанты Арасында құлын - тай Айнала шауып бұлтылдап Жоғары - төмен үйрек – қаз Ұшып тұрса сымпылдап, Қыз – келіншек үй тігер Бұрала басып былқылдап. Абай 5.Ой - толғаныс сатысы(Суретпен жұмыс)
1-топқа Бидің суреті
2-топқаАт жарыс
6. Қорытындылау Қызыл түс: - Ал, балалар, соңғы түс -.... - Ия, жарайсыңдар қызыл түс. Қызыл түсте не істейміз? «Тоқтаймыз.» - Ендеше, келесі ойлау сатысы - - Сабақ бойынша алған білімдеріңді жүйелеп, тест рақылы дәлелдеу.
Тест
1.Біріккен сөзді тап
А)ұзынды-қысқалы ә)итмұрын б)демеуші
2.Күрделі сөзді көрсет
А)білім ә)жаздай б)жолбарыс
3.Қос сөздің жасалу жолын табыңыз
А)шылау арқылы ә)сөздің тіркесу арқылы б)сөздің қайталануы арқылы