Как тратить минимум сил на подготовку и
проведение уроков?
Как быстро и объективно проверять
знания учащихся?
Как сделать изучение нового материала
максимально понятным?
Как избавить себя от подбора заданий и
их проверки после уроков?
Как наладить дисциплину на своих
уроках?
Как получить возможность работать
творчески?
Просмотр содержимого документа
«Сиыр»
Сабақтың тақырыбы:Сиыр.
Сабақтың мақсаты: Төрт түлік жайлы, оның төлдері жайлы мағлұмат беру. Жырларға тоқталу. Адамгершілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Суреттер,оқулық.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап,көрнекілік.
Сабақтың мазмұны:
I.Ұйымдастыру кезеңі:
Психологиялық дайындық:
Нұрға толы бар аймақ,
Күн шыққанда арайлап.
Ұйқымыздан тұрғанда,
«Қайырлы таң» ботам деп,
Күлімдейді жан анам.
Қайырлы күн ұстазым!
Қайырлы күн достарым!
Қайырлы күн қонақтар!
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру:
1.Торы құлын. Жырды жаттау. Сипаттау.
2. Жылқы малының пайдасы туралы әңгімелеу.
ІІІ.Білімдерін тексеру.
1.Төрт түлік малды атайық.
2.Төрт түлік төлдері қалай аталады?
3. Төрт түлік пірлерін қалай атаймыз?
ІҮ. Жаңа сабақ
Жұмбақ.
Екі айнасы бар,
Екі найзасы бар.
Төрт жылтырмағы бар,
Бір шыбыртқысы бар.
(Сиыр)
Енді балалар мына суреттегі ребусты шешейік.
, , , , ,, Ребус ,,,, ,,,
Сағат Ине Қайшы Қияр
Төрт түлік малдың бірі- сиыр. Оны көбінесе сүті үшін ұстайды. Сиырдың сүтінен қаймақ, май, ірімшік,айран,құрт, сүзбе дайындайды.Сиыр етінен ет тағамдары жасалады.Сиырдың иленген терісінен аяқ киім тігіледі.