kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Серии уроков по казахской литературе для 7 класса с казахским языком обучения

Нажмите, чтобы узнать подробности

Конспекты уроков составлены  в соответствии требованиям государственного общеобразовательного стандарта образования 2013 года, рекомендованным МОН РК  для 7 классов с казахским языком обучения общеобразовательной средней школ. Автор Роза Маней, учитель казахского языка и литературы, образование учителя высшее, категория высшая.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Серии уроков по казахской литературе для 7 класса с казахским языком обучения »

7-сынып



Сабақтың тақырыбы: А.Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығы

Сабақтың мақсаты: ақын шығармашылығымен кеңірек танысу;

суреткерлік шеберін анықтау; ұлы тұлғаларды

құрметтей білуге тәрбиелеу; оқушылардың тіл

мәдениетін дамыту


Сабақтың типі: жаңа материялды меңгерту.

Сабақтың түрі: зерттеушілік сабақ (топтық)

Әдіс-тәсілдер: сөз әдісі, ойландыру, жинақтау, дәлелдеу, модульге түсіру

Ұйымдастыру формасы: дербес оқыту, жаппай оқыту

Пәнаралық байланыс: тарих, музыка


Мотивация: А.Құнанбаевтың әнін орындату (оқушы қалауымен)

Сабақтың жабдығы: Абай энциклопедиясы, таңдамалы шығармалары


Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі:

- амандасу;

- оқушылар назарын сабаққа аударту.


II. Үй жұмысына шолу жасау

III. Жаңа материалды меңгерту

Сабақты оқушылардың әнді орындауымен бастау.

Оқушылардың үйде жинастырып келген материялдарын ортаға салып, ой бөлісу, энциклопедияны қолдану. Модельге түсіру (топпен жұмыс)


өмірбаяны 3Б шығармашылығы

Абай кім? Абай 4Б ұрпақ сабақтастығы


оқушы пікірі 6Б 5Б ақындар үндестігі (М.Жұмабаев,

І.Жансүгіровтармен салыстыруға болады)


ақын ойшыл аудармашы

данышпан Абай кім? композитор


ұстаз шежіреші

домбырашы,

дана күйші



Ақын шығармасын мәнерлеп, жатқа оқып беру.

Оқушылар топтасып орындаған жобаларын әр қырынан таныту.

Сынып оқушыларын төмендегідей мамандықтарға бөліп, жұмыстарын

(жобаларын) қорғаулары қажет.

1. Зерттеуші, филология ғылымдарының докторы (ПМУ);

2. Оқушы (мектеп оқушысы);

3. Мектеп мұғалімі;

4. Мұражай қызметкері;

5. Абай ұрпағы.

Жоғарыдағы маман иелері «дөңгелек үстелде» жобаларының әр бағыты

бойынша жан-жақты зерттеп шығулары қажет.


IV. Сабаққа анализ жасату (ауызша)


V. Бағалау: оқушы+мұғалім


VI. Үйге тапсырма: 1) топтық жұмыс ретінде буклет жасаулары қажет және

оны топ болып қорғайды;

2) Абайдың қара сөзін жаттау;

3) Кез келген өлеңіне тілдік талдау жасау



Сабақтың тақырыбы: (М.Әуезов) «Көксерек» шығармасы

Сабақтың мақсаты: Адамның табиғатқа жасаған әрекетін, қасқырдың

мінез-құлқын, өмірін суреттеудегі жазушы шеберлігін

меңгерту; сұлулықты сүйе білу, эстетикалық тәрбие

беру; өз беттерінше меңгеруге дағдыландыру


Сабақтың типі: бекіту сабағы

Әдіс-тәсілдер: сөз әдісі, топтастыру, өзіндік шығармашылық

жұмыс, салыстыру

Ұйымдастыру формасы: дербес оқыту, жаппай оқыту

Сабақтың жабдығы: М.Әуезов шығармашылығы

Пәнаралық байланыс: жаратылыстану


Сабақтың барысы

I. Оқушыларды ұйымдастыру

II. Үй жұмысына шолу жасау, өткен тақырыппен байланыстыру.

III. Жаңа материялды меңгерту

1) Қасқыр туралы мағлұматтарын ортаға салу.

- Қасқырлар туралы не білесіңдер?

2) М.Әуезовтің ұлы суреткерлігін дәлелдету, әңгіменің тәрбиелік мәнін

аша отырып, өмірде қолдана білу.

3) Венн диаграммаға түсіру (дербес оқыту)


Адамзат

Ортақ белгісі

Қасқыр

Сапалы, білімді, игі қасиеттер бойынан табылады, қатыгез болуға тәрбиелейді, тәрбиеленеді т.б.

Жаны бар, ұрпақ жалғастырушы, тамақ үшін күреседі, тіршілік етуде еңбектенеді, т.б

Қатал, ызалы, долы; негізінен көздегені –тамақ


4) Дебат өткізу

Адам мен табиғат арасындағы байланыс пен бірлік туралы сөз кезегін

пікір-сайыс түрінде жүргізу

5) Сабақты қорытындылау. М.Әуезовтің ұлы суреткерлігін дәлелдеу. Әлемдегі табиғат суретін (портреттерді) анықтату, дәптерге жазу.


IV. Бағалау (оқушы мен мұғалімнің ортақ қорытынды бағасы шығарылады)


V. Үйге: 1) Автор тіліне талдау жасау;

2) «Табиғат және адам» тақырыбына сурет салу немесе эссе жазу сияқты

шығармашылық түрін орындау.



Сабақтың тақырыбы: Қ.Аманжолов «Ақын өлімі туралы аңыз»

Сабақтың мақсаты: шығарма мазмұнымен таныса отырып, батыр тұлғасын

ашқызу; оқушыларды патриоттыққа тәрбиелеу;

шапшаңдық қабілетін дамыту


Сабақтың типі: жаңа тақырыпты меңгерту. Сабақтың түрі: аралас

Әдіс-тәсілдер: мәнерлеп оқу, талдау, ойландыру, Қ.Жүсіпов технологиясы

Ұйымдастыру формасы: дербес оқыту, жаппай оқыту

Сабақтың жабыды: интерактивті тақта, қанатты сөз


Сабақтың барысы

I. Оқушыларды ұйымдастыру II. Үйге берілген тапсырманы тексеру (жаттығуларын тексеру) III. Жаңа материялдың мақсатын оқушыларға анықтата отырып, өткен

тақырыппен байланыстыру.


Сабақты интерактивті тақтада жазылған қанатты сөзбен бастаймын.

Маған айтып берсең, ұмытып қалармын, жазып көрсетсе, есіме

сақтармын өзіме жасатсаң, үйреніп алармын.

Шығыс нақылы

Орындалатын тапсырмалар тізімі:

(Бұл тапсырмалар интерактивті тақтада жазулы тұрады)

Тапсырмалар:

    1. Поэманы мәнерлеп оқы.

    2. Тақырыбы неде (ауызша)? Идеясын анықта

    3. Абдолла өлімі - өмірді жеңген өлім бе, өлімді жеңген өмір ме?

(ауызша пікірталас)

    1. Бөлдесіп орындау (мәтіннің белгілі бір бөліктері оқушыларға

бөлініп беріледі): автор тіліне талдау жаса.

4.1 Ауыспалы мағыналы сөзді жаз.

4.2 Батыр өзіне-өзі қайрат беріп, жан ашуын шақыратын жолдарды жаз.

(Қасиет күші Ұлы Отанның,

Қанатын бір қыран құстың,

Ашуын бнр арыстанның,

Жүрегін бер жолбарыстың)

    1. 4.3 Батырдың жауға қарсылық, қайсарлық көрсетіп тұрған

тұсын көрсет.

(Ала алмайсың! – деді ұлан ...)

    1. 4.4 Табиғаттың өзі батырды өлімге қимай тұрған тұстарын көрсет.


(... Ұшты құстар шартарапқа,

Хабарлауға ер өлімін.

Бұлтын жиып көкірегіне

Күрсінді бір аспан ауыр;

Қос қанатын соғып жерге,

Азаланып жетті дауыл.)

    1. Абдолла ақынға мінездеме беріп, мәтіннен мінез-құлқын білдіріп тұрған жолдарды теріп жазу.

ақын батыр

батыл


қайсар, өр Абдолла өз жерін сүйеді


намысшыл патриот


  1. Дербес жұмыс

Қасым Аманжоловқа мінездеме беру

(Ол төмендегідей болуы мүмкін)


қажырлы

өршіл қайратты


Қасым тік мінезді

қайсар жаны нәзік

ұшқыр ойлы



IV. Қорытындылау.

Тақырып бойынша сабақтан алған әсерін айтқызу.


V. Өз-өздерін бағалату және өзімнің бағалауыммен ортақ баға шығарамын.

VI. Үйге: 1) Соғысқа байланысты ойтолғау немесе өлең шығарып келу.

2) Соғысқа қатысқан жерлес батырлар жайында мағлұмат жинау.


Сабақтың тақырыбы: Қ.Аманжоловтың өмірі мен өнер жолы, ақын әлеміне «Өзім туралы» өлеңі арқылы шолу

Сабақтың мақсаты:

1. а) Ақынның өз жайын жасқанбай айта білуін негіз болғыза отырып, өмір жолы, шығарма ларымен кең көлемде таныстыру,талдаулар жасату; ә) Қасымның адалдығы мен шыншылдығының өсіп ер жетуіне тигізген әсерін анықтап, оның бүгінгі өмірге байланысы жайында дәлелдермен түсіндіру; 2. Оқушылардың ойлау белсенділігін арттыра отырып,өз ойын еркін жеткізетін, ақын туралы жан – жақты ғылыми тұрғыдан іздене білуге жетектеу; 3. Ақынның отаншыл жырларының ішкі мәнін аша отырып,елін сүюге, адалдыққа, адамгершілікке,табандылыққа,білімді,көзі ашық,көкірегі ояу азамат болуға баулу; Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту, түрі: өзіндік ізденіс сабағы. Сабақтың көрнекілігі: 1. Қ. Аманжоловтың фото суреті, шығармалар жинағы төрт томдық, «Дариға, сол қыз», «Дауыл». 2.Ақынның туғанына жүз жыл толуына байланысты шыққан мақалалар жиынтығы. 3.Қарқаралыда өткен думанды той жазбаларынан кассеталар. 4.Ақынның қыздарына ақын үшін көрсетілген сый-құрметтер жайлы фотолар, есте сақталған ойлар. Сабақты өткізу әдісі: Мәнерлеп оқу, болжамдар жасау, проблемалық сұрақ, дамыта оқыту, пікір алмасу, топтық жұмыс, шағын шығармашылық жұмысы, сын тұрғысынан ойлау әдісі. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. а) Оқушыларды тізімдеу, оқу құралдарын әзірлеу. ә)Үй жұмысын тексеру, (Ғ.Мүсіреповтың «Ана тақырыбын» қысқаша баяндау 5 минут) «Ашынған ана», «Ананың анасы», «Ана – сарқылмайтын күш», «Менің атым – әйел» тақырыптары бойынша қысқаша ой қозғайды).

«Батыр – анадан туады» деген мағынаға байланысты жаңа ойларды әркім өзінше түсіндіреді.Оқушылардың айтқан құнды идеяларын арқау ету арқылы жаңа сабақтың тақырыбы ашылады. Осылай жетелеу арқылы жаңа сабақтың тақырыбы анықталады.

Жаңа сабақ: Өкінбен мен де бір күн өлемін деп,

Өкінем ұқсата алмай келемін деп.

Күніне жүз ойланып, мың толғанам,

Өзіммен бірге өлмесін өлеңім деп, –деген шумақты интербелсенді тақтадан оқиды. Осы бір шумақ өлеңде үлкен арманның бар екендігін сезінеміз. Яғни, ақын шығармашылығының басынан аяғына дейін тартылып жатқан өрнегі Отанды, туған жерді сүюге, қастерлеуге шақырады, оқырман қауымды қаһармандыққа,табандылыққа баулиды. Ақынның өмірге, келешекке артатын үміті, сенімі мол болғаны сезіледі. Ол – өткір тілді, өмірді сүйіп өткен, тік мінезді, қайталанбас бейне, нағыз – қазақ!

Оқушылар төрт топқа бөлініп отырғызылады, топпен жұмыс жүргізіледі. Әр топтың басшысы тағайындалып, арнайы жасалған топ атаулары «Қиял», «Арман», «Тілек», «Қайрат» деген эмблемасы беріледі. Топ басшыларына «Бағалау парағы» және « «Нені білгім келеді?» парақтары таратылып беріледі. (Нені білгім келеді? Парағы әрбір оқушыға беріледі). Әрбір топ ақынның өмір жолына «Өзім туралы» өлеңін оқып,берілген тақырып бойынша өздерінше қорытынды жасап, басқа топтарға ақын туралы қызықты, танымдық сұрақтар қоюға әзірленеді. (Ақынның жоқшылық, жетімдікті сәби кезінен басынан өткізіп, мал бағып,тезек тергені,үлкен азамат болған соң да баспанаға жарымай,үйсіз өткені,ұлтшылдығы, Отан қорғауға қатысқаны жайлы, оқулықтың 136-бетінен оқиды ).

1 – « Қиял» тобы ақынның өзінің бойындағы адами қасиеттері мен ерекшелігі жайында. 2 – « Арман» тобы ақын неге «Жасық өлең емес, асыл өлең» жазуға құштар болғандығын, 3 – «Тілек» тобы «Ақынның адал, шыншыл мінездері өзімен өлген жоқ, тамаша өлеңдерінде жүр» - деп Т.Ахтанов айтқан ойды дәлелдейді. 4 – «Қайрат» тобы Қасым өмірді мейлінше сүйген ақын екендігін дәлелдейді.Әр топ өздеріне берілген топ атауын шағын шығармасының тақырыбы деп түсінеді.

Біз, енді алға қойған мақсатымыздың қалай орындалғанына көз жеткіземіз. Ол үшін, әр топтан бір оқушы шығып өздері жазған шығармаларын ортаға салады. Басқалары толтырады. Төрт топ өз ойларын ортаға салған соң, қарама-қарсы сұрақтар қойылады. Сыныптағы жақсы, өте жақсы оқушылар басқа достарын Қасым өлеңдеріндегі фразеологиялық тіркестер, метафоралық сөз тіркестері, эпитеттерді қалай қолданғанына назар аудартып, іздене білуге әр кез жетектеуді мақсат санап, жұппен жұмыстар жасайды. Бұл – тапсырма, бір жағынан, оқушыны ізденіске, шығармашылық серпіліске жетектейді.

Сергіту. Үн таспаға жазылған ақынның өлеңіне оқушылар ілесіп жеңіл гимнастикалар жасайды,еркін қозғалыспен айналысады.

Әр топ ақынның бір шумақ өлеңін өз қалауымен алып,толық талдау жасайды және ол шумағы өз аттарына сай болса, нұр үстіне нұр болар еді.

Сабақты бекіту кезеңі. Әр топ бір шумақ өлеңін алып, сол өлең жолдарында айтылған ой арқылы сабақты нақтылайды. Қасым Аманжоловтың кім екендігін басқаларға әркім өзінше таныстырып, дәлелдейді. ( Мұғалім жетеші міндет қана атқарады).

Топ басшылары бағалау парағын тапсырады.Оқушылар әр қайсысы «Нені білгім келеді?», «Нені білдім?», «Ұсыныс- пікірім» парағын мұғалімге тапсырады.

Қорытынды. Жалпы сабақ барысы,оқушылардың сабаққа белсенділігі,нені ескеруіміз керек екендігі туралы, қорытынды жасалады.

Үйге тапсырма. Оқушылар мәтінмен жұмыс жасап, шағын шығарма жазу туралы мұғалімнің пікіріне келісті.

Оқушылар тарапынан мұғалімге айтар өтініш, тілегі, сұрап алары болса, оған еркіндік беріледі, уақыт қарастырылады.


Сабақтың тақырыбы: Қ.Аманжоловтың «Өзім туралы» өлеңі

Сабақтың мақсаты:білімділік:-өмірі мен шығармашылығын таныстыру, қазақ поэзиясына асыл өлең жазуды мақсат еткен өлеңдерінің идеялық мазмұнын ұғындыру:

Дамытушылық:-әр оқушының өзіндік ой-қиялына ерік бере отырып өзінше ой түюге баулу, шығармашылық жұмысқа жұмылдыру арқылы таным-түсініктерін дамыту;

Тәрбиелік:-ақын қаламынан туған өлеңдері арқылы оқушыларды адами қасиеттерге баулу, автор көтерген тағылымдар арқылы ақынның азаматтық бейнесін аша отырып, оқушылардың адамгершілік қасиеттерін арттыру, үлгі-өнеге алуға шақыру.

Сабақтың түрі:жаңа білім қалыптастыру сабағы.

Сабақтың әдісі:дамыта оқыту технологиясы (әр түрлі сатыдағы деңгейлік тапсырмалар, шығармашылық жұмыс),сұрақ-жауаптар, түсіндіру.

Сабақтың көрнекілігі:ақын портреті; өміріне байланысты буклет, тірек сызбалар, деңгейлік тапсырмалар сызбасы,

Мұқағали өлеңінің бір шумағы;Серік Қиррабаевтың ақын туралы сөзі; кеспе қағаздар.


Жаңа сабақтың жүру барысы:

Сабақтың эпиграфы:Дейсіңдер-ау Қасымның несі басым?

Қасым солай болмаса несі Қасым?

Ақынмын деп қопаңдап жүргендердің

Әммесінен Қасымның десі басым.

(М.Мақатаев)

Қасым жоқшылықты, жетімдікті сәби кезінен басынан өткізеді.Қой-қозы бағады, тезек те тереді, кісі есігінде де телміреді.

Ол жалт еткен найзағайдай өткір тілді, қажырлы, қайратты, тік мінезді.Өзі айтқандай «жасық өлең емес, асыл өлең» жазуды өмірінің бар мақсаты етті.

Қасым поэзиясы Отанды, туған жерді сүюге, қастерлеуге үндейді, қайсарлыққа, табандылыққа, қаһармандыққа баулиды.

Ақынның өмірге, келешекке артатын сенімі, үміті мол.

Қасым өмірді мейлінше сүйген ақын.

Өздеріңе ұсынылып отырған , Қасым «Сыр» деп атаған екен.Шыншыл, бүкпесіз ақын ұрпағымен ашық сөйлесіп, мақсат-мүддесін, қуаныш-сүйінішін, сенімі мен дудәмәлін жайып салады.

Ақынның қайтыс болғаннан кейінгі жарияланған өлеңі «Өзім туралы».

Өлең тақырыбы:өз өмірін өлеңмен өрнектейді;өмір мен өлім туралы, өлеңнің құдіреті, ақындықты дәріптейді;туған ел, жер қасиетін жырлайды;болашақ ұрпаққа өсиет қалдырады.

Өлеңнің идеясы:өмірді, туған жерді, Отанды қастерлеуге шақырады; «Берейін өмірінен өлең жасап» деп өзі жырлағандай өлеңді, ақындықты құрметтеуге үндейді.

Осы өмірбаяндық өлеңінде ақын өмірінің қайғы-мұңы, қуанышы, асқақ арманы, өршіл мақсаты көрінеді.Ақын болашақ жастарға үлкен сенім артады, олардан үміт күтеді.

Өлең жоспары тақтаға жазылады.

1.Өзі жайлы

2.Өмір мен өлім туралы

3.Ақындық, оның мақсаты

4.Болашаққа өсиет

5.Туған ел, туған жер туралы.

Осы жоспар бойынша оқушылар тарауларға бөліп, мәнерлеп оқиды.Дамыта оқыту технологиясы бойынша оқушылар деңгейлік тапсырмалар орындайды.

1.саты:оқушы деңгейі (мұғалім көмегімен)

Өлеңде қанша шумақ бар? (25шумақ бар)

2.Неше тармақ бар? (100тармақ бар)

3.Неше бунақ бар? (3бунақ бар)

4.Неше буын бар? (11 буын бар)

5.11буынды қара өлең ұйқасы.

Ақынның поэтикалық тіліне талдау

1.Өлеңнің метафорасы......................

2.Эпитеті.............................................

3.Теңдеуді табыңдар.

Сабақты бекіту сұрақтары мен тапсырмалары

ІІ саты:алгоритмдік.1.Ақынның өмір жолы, шығармашылығы (тірек сызба сызу).2.Қасым қандай ақын? (тор құру керек)3.Ақын шығармалары (тор құру крек).

4.Өлең «өзім туралы» деп аталса да, ақын тек өзі туралы ғана толғанған ба?5.Өлең жолдарындағы «Берейін өмірімнен өлең жасап» дегенінен ақынның айтайын деген оын қалай түсінесіңдер?6.Ақын болашаққа қандай өсиет айтады?


ІІІ саты:эвристикалық.Ақынның өлеңдегі көңіл-күйін талдау.

1)қайғы, мұң; 2)шаттық, қуану;3)берік, сенім,үміт;4)асқақ арман, өршіл мақсат;5)өсиет, өнеге.

Осы тірек сөздерге байланысты ақын көңіл-күйін білдіретін өлең жолдарын тауып оқу, түсінік беру.


ІV саты:шығармашылық (тақырыптар беріледі).

1.Өлді деуге бола ма, ойлаңдаршы.....

2.Қасым ақынға хат жазу.

3.Біз неткен бақытты едік, бүгінгі ұрпақ.


Қорытынды.Қасым идеологияның құлы болып қалған жоқ.Заманның тар қалыбына сыймай, құлашын еркін жая алмай бұлқынған ақынның көңіл күйі, ойы сезімі оның шығармаларынан анық байқалады.Соның өзінде Қасым –үлкен ақын, ұлы ақын.Ол ешкімге еліктемей, жалтақтамай, «Жамау-жасқау жинамай, өз сөзін өзі болып айтады!, Өлең мен күйден» жаралған ерекше бір тұлға еді.Ол қазақ өлеңінің рухын көтереді.Өлең сөзге қанат бітіріп, ерлік дарытты, өлең формаларын жетілдірді.

Бағалау.

Үй тапсырмасы:

1.Өлеңді мәнерлеп оқу (үзінді жаттау).

2.Кесте үлгісі беріледі (жоспар бойынша жұмыс).

3.Шығармашылық жұмыс.






Сабақтың тақырыбы: С.Мұратбаев «Жусан иісі»

С

абақтың мақсаты:

а) Әңгіменің тақырыбы мен негізгі идеясын, ойын ұғыну, аша білу; ә) Әңгімені талда, салыстыру, арқылы оқушы қиялын дамыту;

б) Бірлесе отырып, өз пікірін, ойын білдіруге үйрету.

Сабақтың жабдығы:Ән жолдары жазылған қима парақтар, әр топқа берілетін рольдері оқушылар аты, кері әсер парғы, кесте, тірек сөздер, жусан суреті.

Сабақтың түрі: Сын тұрғысынан ойлау.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңінің қатынасында оқушыларды ән шумағымен топқа бөліп алу;

2.Үй тапсырмасын сұрау.

3.Жаңа сабақ.

1. «Бір айналым сөйлесу» стратегиясы.

2. Мағынаны тану «Рөлдегі оқушы».

3.Ой толғаныс.

Әңгіме кестесі. Кері әсер парағы Үйге тапсырма Бағалау.

1.Қызығушылықты ояту.

«Бір айналым сөйлесім» әдісі бойынша мынадай тірек сөздер беріледі (мұңаю, төзімділік, мейірімділік, қатыгездік, аяушылық.) Әр топтың бір мүшесі осы сөздердің бірін таңдап алады.

Таңдап алынған сөздермен оқушы мынадай әрекеттер жасайды.

1-оқушы тірек сөзге 2 сөйлем жазады.

2-оқушы оны 2 сөйлеммен байланыстырады.

3-оқушы оны 2 сөйлеммен дамытады.

4-оқушы оны 2 сөйлеммен қорытады.

(оқушылар жазған парағын жылжытып, келесі оқушыға беріп отырады, әр топтан бір оқушы шығып пікірлерін қорайды.)

2.Мағынаны тану «Рөлдегі оқушылар» әдісі.

(Бұл әдіс бойынша әр топқа рольдер бөлініп беріледі).

1.Баяндаушы – әңгіменің мазмұнын баяндайды.

2.Сұрақ қоюшы – сұрақ қояды.

3. Із қуушы – кейіпкерлердің ізін қуалайды.

4.Сөз тапқыш - әңгімедегі көркемдегіш сөздерді табады.

5.Бейнелеуші – сурет салады.

6.Дәнекер- өмірімен байланыстырады.

7.Ізденуші – мәтінге қатысты кез келген ақпараттар жинайды.

8.Кейіпкерлерді сипаттаушы:Әр кейіпкер туралы мұқият ойлап, олардың кім екендігін, мінез-құлқы, түр-сипаты туралы басқа оқушыларға айтып береді.

3.Ой-толғаныс. РАФТ.

Р- роль– Жетім бала

А – аудитория - Аян

Ф – форма – хат

Т – тақырып - мейірімділік

Сабақты қорытындылау.

«Әңгіме кестесі» стратегиясы бойынша алдын – ала дайындалған кестені толтыру.

1.Авторы. 2.Әңгіменің аты. 3.Оқиға болған жыл. 4.Әңгіменің негізгі кейіпкері.

5.Әңгіменің тақырыбы. 6.Кейіпкерлері қандай?

7.Әңгіме бізге не үйретті? 8.Әңгіменің аяқталуы.

9.Осы әңгімеден кейін көз алдына не елестеді?

10.Бұл кітапты досыңа ұсынар ма едің?

Әсер еткен жері

Неліктен?

Пікіріңіз





Бағалау.

Үйге тапсырма: Мәтінді оқып, мазмұнын айтып беру.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 7 класс

Скачать
Серии уроков по казахской литературе для 7 класса с казахским языком обучения

Автор: Маней?ызы Роза

Дата: 21.05.2015

Номер свидетельства: 214031

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(94) "Новые подходы в преподавании. Диалоговое обучение. "
    ["seo_title"] => string(56) "novyie-podkhody-v-priepodavanii-dialoghovoie-obuchieniie"
    ["file_id"] => string(6) "171474"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1423673666"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(38) "Диалоговое обучение "
    ["seo_title"] => string(24) "dialoghovoie-obuchieniie"
    ["file_id"] => string(6) "179880"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1425094445"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(107) "Среднесрочное планирование по казахскому языку в 5 классе "
    ["seo_title"] => string(65) "sriedniesrochnoie-planirovaniie-po-kazakhskomu-iazyku-v-5-klassie"
    ["file_id"] => string(6) "215771"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1432794572"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(202) "Эффективность использования модуля "Новые подходы в преподавании и обучении" в серии последовательных уроков"
    ["seo_title"] => string(80) "effiektivnost_ispol_zovaniia_modulia_novyie_podkhody_v_priepodavanii_i_obuchieni"
    ["file_id"] => string(6) "372837"
    ["category_seo"] => string(12) "russkiyYazik"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1482513671"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(155) "Мастер-класс:"Создание коллаборативной среды на уроках русского языка и литературы" "
    ["seo_title"] => string(88) "mastier-klass-sozdaniie-kollaborativnoi-sriedy-na-urokakh-russkogho-iazyka-i-litieratury"
    ["file_id"] => string(6) "107505"
    ["category_seo"] => string(12) "russkiyYazik"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1403277549"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства